WoodiesCCI2 – Екілік Options көрсеткіштері

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Шикізаттың түрлері және құрылымы бойынша сыныптамасын беріңіздер?

5. Материал сыйымдылығы қалай анықталады? Ол нені білдіреді?

6. Капитал сыйымдылығы қалай анықталады? Ол нені сипаттайтын көрсеткіш?

7. Қор сыйымдылығы қалай анықталады? Ол нені сипаттайтын көрсеткіш?

8. Экономикалық тиімділік дегеніміз не?

9. Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін атаңыз

10. Әлеуметтік тиімділік көрсеткіштеріне қандай көрсеткіштер жатады?

11. Рентабельділік дегеніміз не? Ол нені сипаттайтын көрсеткіш?

4 Тарау.Кәсіпорынның негізгі капиталы

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.

2. Негізгі қорлардың тозуы

3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері

4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері

5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі

1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.

Негізгі өндірістік қорлар дегеніміз өндірістік процесске ұзақ уақыт қатыса, өз заттық түрін сақтап, ал өз құнын өндірілетін бұйымға бөліктермен, пайдалану шамасымен біртіндеп (по частям, постепенно) аударатын өндірістік қорлардың бөлігі. Олар күрделі қаражаттар арқылы орнын толтырады. Өндіріс процессіне қатысуына байланысты негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі өндірістік қорлардың жіктелуі:

– машиналар мен құрылғылар;

– өндірістік және шаруашылықтық құрал-сайман

Негізгі қорлар активті және пассивті бөлігінен тұрады. Активті бөлігі өндірістің маңызды бөліктеріне қызмет етеді және кәсіпорынның өнім өндіру бойынша өндірістік мүмкіндіктерін сипаттайды. Негізгі қорлардың активті элементтерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ғимараттар, құрлыстар, құрал-саймандар пассивті бөлікке жатады.

Негізгі қорларды есепке алу және жоспарлау заттай және ақшалай түрде жүргізіледі. Заттай түрдегі есеп кәсіпорынның өндірісітік қуатын, өндірістік бағдарламаны жоспарлау үшін, құрылғының балансын құру үшін арналған. Осы мақсатпен құрылғының түгендеуі және құжаттауы, оның келіп түсуінің және шығуының есебі жүргізіледі.

Ақшалай бағалау негізгі қорлардың ұдайы өндірісін жоспарлау, тозуды және амортизациялық аударымдар мөлшерін анықтау үшін қажет.

Негізгі қорларды бағалаудың келесі түрлері бар:

Бастапқы құн – НҚ сатып алу немесе жасауға кеткен барлық шығындар.

Ағымдағы құн – нақты күнге нарықтық бағасы.

Баланстық құн – батапқы құннан жинақталған тозу сомасы шегерілген құн.

Жою құны – қызмет ету мерзімі аяқталғанда НҚ жойғандағы саймандардың, темір қалдықтарының бағасы.

Экономикалық көрсеткіштерді есептеуде негізгі қордың орташа жылдық құны анықталады. Бұл есептеу бастапқы құн негізінде оларды енгізу және шығару арқылы есептеледі және мына формуламен анықталады:

мұндағы, НҚор.жыл. – негізгі қордың орташа жылдық құны;

НҚб.қ. – негізгі қордың жыл басындағы (баланстық) құны;

НҚен. – негізгі қордың енгізілген құны;

НҚшек. – қордың ликвидтік құны;

n1 – негізгі қорды енгізген бастап ай саны;

n2 – негізгі қордың шығуынан бастап ай саны.

Дата добавления: 2020-11-10 ; просмотров: 1640 . Нарушение авторских прав

Нердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері

Қамтылатын мәселелер:

-типтілік ұғымы жайлы жалпы түсініктер

– көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі;

– өнер және қоғамдық шындық;

– суреткердің қоғамдық өмірге қарым-қатынасы;

-типтік бейне ерекшеліктері

-типтілік және даралық

Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы типтендіру болып табылады.

Демек, типтендіру-мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формулаға» көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды.

Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, тек оның өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп түсіну керек.

Мінез-адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.

…Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр.

«талантты жазушының әр образы-тип» дейді Белинксий.

Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Мысал, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына жинақтап, тұтастыра танытқан десек, осындай С.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті, Ғ.Мұстафиннің мейрамы-адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі елеулі ерекшеліктерін тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің Қайрошы-адам рухының соғыс жылдарындағы лап еткен айрықша бір көрінісі секілді.

Бұлардың әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, өзгеге ұқсамайтын тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Десек те осыларда рухани ұқсастық, парасат тұтастығы бар. Бұл-адамдық рух тұтастығы, қоғамдық, даму толассыздығы.

Көркем әдебиеттегі жинақтау типке әкелсе, даралау-мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Демек, мінез—адамның ішкі бітімі болса, тип-сом тұлғасы.

Әдебиетте адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болса, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді.

Оқырман өзі оқыған белгілі бір көркем шығармадағы геройлардың мінезінбіліп, сөзін ести тұра оның сырт пішінін, кескін кейпін де көргісі келеді. Міне, осыдан барып портреттік тәсілдің қажеттілігі пайда болады.

Бейнелеу өнеріндегі портрет өзгермейді де қозғалмайды, қашан көрсең де бір қалыпта тұрады.

Ал сөз өнеріндегі портрет, керісінше, бір қалыпта тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. Сонымен, тпортрет дегеніміз-(франц. Рогtrait-бейнеленген)-кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің де үлкен мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әр түрлі жағдайда, күрес тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы, өзінің әрекет-қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттауға да көңіл бөледі. Жазушы негізгі қаһармандардың келбетін, бой-тұлғасын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп, әсерлі бейнелеуге мән береді. Мыс: «Абай жолы» романында Тоғжанның портреті былай суреттеледі: «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кететепін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшәт бөрік, білек толы неше білезіктері-баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабатын жетдеттей.

Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсына, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді. Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қояды».

Жазушы іс жүзінде кейіпкер мінезін әр түрлі тәсілмен жасайды. Соның бірі тура мінездеу. Мысалы: Ә.Нұршайықовтың «Қан мен терінде» Ақбаланың әкесі Сүйеуді былай суреттейді: «Сүйеу-ел ішіне сыйымсыз, тікбақай, тентек шал. Өз үйінде да жыландай ысқырып отырады… Бір ғажабы, осы қытымыр, қатал шал дегенде Еламанның жаны жоқ. Еламанға Сүйеу қарттың да ықыласы басқа. Күйеу баласын «балықшы» деп атап, оған айтқан бар сөзін әзілге шаптырып, осқырынып күліп отырады. Жақсы көріп, әлде шыныменен жек көріп, кекетіп отырғанын айту қиын». Бұл-тура мінездеу, Сүйеудің осы мінез-құлқы шығарманың өн-бойында бұлжымай, айрқша сипатта қалады.

Тағы бір тәсіл-жанама мінездеу. Мұнда жоғарыдағыдай төтеден сипаттау болмайды. Жазушы мінез-құлқын, әдет-ғұрпын анықтағысы келген жеке адамның немесе бір топ адамның өзі емес, соның қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы әлнігің өз құлқын не ғұрпын айқындайды. Мысалы: Ғ.Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінде» ең қадірлі қонақ қабылдайтын үлкен үйінің сиқын суреттеу арқылы Жаңбыршы аулындағы бір рудың мінезін аңғартады. Мұндай мінездеу жанама мінездеу деп аталады. Әдебиетте адамның көркем бейнесін суреттегенде, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді анық байқалатындай етіп көрсетеді. Бұған суреткер кейіпкерді сөйлету арқылы қол жеткізеді. Кейіпкер тілі арқылы оның психологиялық ерекшелігі, өзіндік бет-бейнесі ашылады. Оның сөйлеген сөзінен өзінің қандай екені байқалып тұрады.

Көркем бейнені жасауда психологиялық параллелизм тәсілі де жиі қолданылады. Мұнда адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беріледі, екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелейді. Екі түрлі ұғыды білдіретін тіл элементтері бір-біріне әсер етіп, тұтас поэтикалық бейне тудырады.

Көкала бұлт сөгіліп,

Күн жауады кей шақта

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта.

Жауған күнмен жаңғыртып,

Жер көгеріп, күш алар.

Аққан жасқа қаңғырып

Бас ауырып, іш жанар. (Абай)

Ақынның адамның көз жасы мен жаңбырды айта отырып ой түйген. Өлеңдегі егіз суреттемелердің әсері күшті.

Диалог-(грекше-dialogos)-әдеби шығармада екi кейiпкердiң, немесе бiрнеше түгелдей дерлiк диалогқа сөйлестiруге құралады.

Диалог кейіпкерді жай бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол сөйлесетін адамдардың қарым-қатынасының қалай шиеленісіп, қалай өзгеріп, өрістеп отыранытына сәйкес беріледі. Және бір кейіпкердің айтатын сөзі түрткі болып, келесі сөйлеуші жауап қайыра сөйлейді. Әрбір мағынасы жағынан тиянақты диалог кейіпкердің мінез-құлқын тағы да бір қырынан ашып көрсетіп, олардың қарым-қатынасының бұрынғы қалпынан өзгеріп, жаңа сатыға бір көтерілгенін танытады. Сөйлескен кейіпкерлердің сөздері шығармадағы тартыс-қақтығыстардың шиеленісіп-өрістеумен осылай тығыз ьайланысты болып келмесе, онда диалог ширақ, тартымды болмайды. Әсіресе кейіпкердің қиын, қысталаң жағдайда, қандай әрекет жасайтынын көрету үшін диалогтың, яғни олардың қайсысын қалай сөйлетудің мәні зор. Диалог арқылы кейіпкерлердің ішкі сыры аңғарылады. Яғни, әр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой-толғанысынан, сөйлеу өзгешелігінен жан дүнеисі айқын елес береді. Жазушының шеберлігі де оның әр кейіпкерді мінез-бітіміне, ой-өрісіне орай сөйлетуінен көрінеді. Сондықтан мағыналы диалог, кейіпкерлерді сөйлестіре білу шеберлігі әдеби шығармада халықтың тіл байлығын мол пайдаланып, орнымен қолданудың ұтымды тәсілдерінің бірі Б.Майлиннің «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңі сұрақ-жауап түріндегі диалогқа құрылған.

Осы шағын диалогтан қоғамдық өмірдің үлкен шындығын, әлеуметтік жағдайдың, адам тіршілігінің зор өзгерісін анық байқауға болады. Сонымен бірге өлеңдегі кейіпкердің әр кезеңдегі хал-ахуалын, жай-күйін, бай кезіндегі бұрынғы астамшылығы мен бүніггі жаңа өмір орнағанда басынан дәурені өткенін, яғни мүсәпір халін көреміз.

Монолог-(грекше-monologos, mono-,сөз logos-бір) драмалық шығармадағы, сондай-ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: кейіпкерді сөйлету тәсілі.

Монолог кейіпкердің өзімен-өзі сырласқандай, ойланып-толғанғандай болып айтатын сөзі. Басқа біреу ол сөзді естімейтіндей болса, жауап қайыру деген болмайды, бірыңғай бір кейіпкердің сөзі ғана беріледі. Монологтың мағыналылығы-сол адамның ішкі сырын, көңіл-күйін, психологиясын терең ашып көрсетуге өте ыңғайлы. Монологта кейіпкердің түйінді ой-тұжырымдары айтылып, оның тағдырына бай маңызды кезеңдегі жай-күйі, айқын аңғаылады. Мысалы: А.С.Пушкиннің «Борис Годунов» атты трагедиясындағы Годуновтың монологтары осындай.

Лирикалық шығармадағы монологтың тамаша үлгісі ретінде Абайдың «Болыс болдым, мінеки» атты өлеңін арнайы айтуға болады. Ал көркем қара сөзден М.О.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың монологтары ауыз толтырып айтарлықтай.

Адамның әлдебір күйініш-сүйінішін, кескін-кейпін, қимыл-әрекетін суреттеу оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, тіпті түрліше табиғат көріністерін суреттеу..-осылардың бәрі, сайып келгенде, әдебиеттегі адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін, яғни көркем бейнені жан-жақты сомдау үшін керек тәсілдер .

Бақылау сұрақтары:

1.Әдебиет туралы ғылымның ең негізгі мәселесі не?

2. Көркем әдебиеттің оқырманға әсер ету күші қандай және оның негізі не?

3. Әдебиеттегі деталь мәселесін қалай түсінесің?

4. Суреткердің адамның ішкі болмысын таныту жолдары қандай?

5. Жасалу жолдары мен тәсілдеріне қарай образ қандай түрлерге бөлінеді?

6.Тип және типтендіру дегеніміз не?

7.Әдебиетте адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері қандай?

8. Көркем бейненің оқырманға ықпалы жөнінде не айта аласың?

Дата добавления: 2020-01-29 ; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав

Дәріс №4. Тақырып:Карданды беріліс. Жетекші белдіктер. Гидромеханикалық трансмиссия

Карданды берілістердің түрі.Карданды берілістер автомобиль қозғалысы кезінде айналу моментін беруге және трансмиссия агрегаттарын жалғауға арналған, мүнда соөсты емес немесе бір-біріне шамалы бұрышта жатқан біліктер.Карданды біліктерге келесі талаптар қойылады: айналу мементін артық майысу, айналу, дірілдік және өстік жүктемелерсіз беру; жалғанушы біліктер арасындағы бұрышқа тәуелсіз теле-тең бұрыштық жылдамдықтар беру,жоғары п.ә.к. және шуылсыз жұмыс. Карданды берілістің негізгі элементтері ( 4.1 сур ): шарнирлер 1,біліктер 2,4,6 және аралық тіреніштер 3. Аралық тіреніштердің көп болған кезінде карданды беріліс 2 біліктен тұрады: аралық 2 және басты 4.Карданды берілістер жазық болуы мүмкін: жазық, егер жетекші және жетеленуші білік бір жазықтықта жатса; кеңістіктік, егер осы шарттар орындалмаса ;бір және көп шарнирлі.

Сур.4.1. Карданды берілістер;

а- бір жетекші белдігі бар автомобилде; б- екі жетекші белдігі бар автомобилде; в- қатты карданды шарнирдің элементтері: 1- карданды шарнир; 2- аралық карданды шарнир; 3- аралық тіреніш ; 4- басты карданды білік; 5- жетекші белдік; 6- ортаңғы белдіктің карданды білігі; 7- ортаңғы жетекші белдік; 8- артқы белдіктің карданды білігі; 9- артқы жетекші белдік; 10- мойынтірек; 11- масленка; 12- сақтандырушы клапан; 13,15- вилка; 14- крестовина; 16- балансирлі пластина.

Карданды берілістің жұмыс жағдайы біліктердің орнату бұрыштармен анықталады: бұрыштары көп болған сайын пайдалану жағдайы қиынырақ.. Егер карданды берілістер автомобиль рамасына немесе шанағына бекітілген агрегаттарды жалғаған жағдайда білік арасындағы бұрыш 3 о -тан аспайды. Егер автомобиль қозғалысы кезінде жалғанған агрегаттардың біреуісі немесе екеуісі доңғалақпен бірге айналса, онда біліктер арасындағы бұрыш 20 о дейін ұлғаяды,ал өткіштігі жоғары автомобилдерде –45 о дейін. Карданды шарнирлерді ( ары қарай кардандар ) кинематика бойынша кардандарды теңсіз және тең бұрыштық жылдамдықтарға бөледі. Теңсіз бұрыштық жылдамдық кардандары ( асинхронды ) жетекші және жетеленуші біліктердің бұрыштық жылдамдықтарының теңсіздігімен сипатталады.Қарапайым асинхронды кардандар ( 4.2, а сур ) тек қана бұрыштық қозғалысты қамтамассыз етеді, әмбебам ( 12.2, б сур )- бұрыштық , өстік. Асинхронды кардандар

Сур.4.2. Карданды шарнирлер: а- қарапайым; б- әмбебап; 1-жетекші вилка; 2-жетеленуші вилка; 3-крестовина; 4-ине тәрізді мойын тірек; 5-қозғалмалы шлицалы беріліс; 6-карданды біліктіқ

Асинхронды кардандар құбыры шарнирлердің үздікті беріліс қатынасы трансмиссияда айналу тербелісін болдырады, әсіресе карданды беріліс білігінің жоғарғы бұрыштық жылдамдығында. Айналу тербелісінің амплитудасын түсіру мақсатында орнату бұрышын және шарнир біліктерінің қаттылығын жаңдайды.

Сур.4.3. Синхронды шарнирлер: а- алты шарнирлі; б- алты және төрт шарикті; в- трехшиповые роликпен; г- дискілі; 1-корпус; 2-сеператор; 3-обойма; 4-шарик; 5-трехшиповая кресовина; 6-ролик; 7-ине; 8-чашка; 9-шип; 10- орталықталық тандырушы құрылғы; 11-вилка; 12-диск

Тең бұрыштық жылдамдықтағы ( синхронды ) кардандар жалғастырушы біліктердің кез-келген бұрыштық қозғалысында бірдей бұрыштық жылдамдықпен қамтамассыз етеді.Синхронды шарнирлер (қарапайым, әмбебабы ) жұмыстық элементіне қарай кардан крестовинасымен еселенген және ине тәрізді мойынтіректі, алты шарик ( 4.3, а сур ),бес және төрт шарикті ( 4.3, б сур ), трехшиповые роликпен ( 4.3, в сур ) және дискілі ( 12.3, г сур ).

Жетекші және басқарушы доңғалақтарға айналу моментін беру кезінде тең бұрыштық жылдамдықтағы карданды шарнирлерді көбірек қолданады. Бұл жағдайда біліктер арасындағы үлкен өзгеруші бұрыш кезінде доңғалақтардың бірдей қозғалуын қамтамассыз етеді. Өткізгіштігі жоғары автомобилдерде көбінесе бөлгіш канавкасы және бөлгіне иінтірегі бар тең бұрыштық жылдамдықтағы шарикті карданды шарнирлерді орнтады. 4.4-суретте “Вейс” типіндегі бөлгіш канавкасы бар шарикті кардан көрсетілген. Бір вилканы келесісіне күштерді беретіншариктер әрқашанда биссекторлы жазықтықта жатады. Күш вилкадан вилкіге шарик арқылы беріледі, ал қисық сызықты канавкаларымен 2 және 4 қозғалады. Өзара перпендикуляр жазықтықта жатқан вилкаларға 1 және 5 канавкалар симетриялы орналасқан.О1 және О2 центрлерінен жүргізілген канавкалардың орта сызығы бірдей радиустағы шеңбер бөлігін көрсетеді. Осы центрлердің араса кардан центріне дейігі аралықа бірдей. Канавкалардың өсі айналу кезінде пп шеңберінде өзара қиылысатын екі сфералық бетті құрайды, бұл шариктердің қозғалыс траекториясы болып табылады 3. Біліктердің µ бұрышына орын ауыстыруы кезінде, жалпы вилкадағы канавкалардың симметриялы орналасуының салдарынан шариктердің центрі, әр қашанда биссекторлы жазықтықтан табылады.Сағат тілінің жүрісімен айналған кезде күш шариктердің бір жұбы арқылы беріледі, ал кері бағытта, келесі жұп арқылы беріледі.

Сур.4.4. Бөлгіш канавкасы бар «Вейс» түріндегі тең бұрыштық жылдамдықтағы кардан: а- сұлба;б- бөлшектер; в- алдыңғы доңғалақ жетегіне карданды орнату; 1,5- вилкалар; 2,4- қисық сызықты канавкалар; 3,6- шариктер; 8,7-шпилькалар; 9- орнатылатын сақиналар; 10- шариктегі лыска.

Осы кардандағы бір вилканың келесі вилкаға қатысты өстік орын ауыстыруы пп шеңберінің өстік ауытқуына әкеледі. Сондықта вилкалар бір- біріне қатысты дәл реттелуі керек. Ол үшін вилкалар арасындағы қапталға тұрақтағыш шариктер қояды 6. Шпилька 1 шарик ішіне кіреді 6 және оны реттелді, ал шпилька 8 шпильканы 7 вилкаға бекітеді. Шариктегі лыска А карданды жинау және бұзу кезінде шариктердің өтуі үшін қажет. Орнату сақиналары 9 карданды өстік реттеу үшін және өстік жүктемелерді қабылдауға қызмет етеді.

Карданды берілістің құрылымдық элементтері.Теңсіз бұрыштық жылдамдықтағы кардан вилкаларын құрауға және бұзуға ыңғайлы болу үшін фланецпен бірге жасайды.2 ( 4.5. Сур ), оған кардан фланеці бекиді. Ине тәрізді мойынтіректің стаканы проушинасына қояды. Ине тәрізді мойынтіректің стаканын вилкаға стопорлы сақиналармен 4 немесе арнайы қақпақпен 5 бекітеді. Қалындығы бойынша ажыратылатын бірнеше сақиналардың реттеу, қақпақ реттегенге қарағанда карданды шарнир бөлшектерінің өздігінен орын ауыстыруын қатта шектеуге мүмкіндік береді. Майдың аңуын ескерту үшін серіппесі бар өздігінен жүретін резиналы сальниктер салады, ал мойынтірек жазықтығын шаңнан қорғау үшін екі ұнтақты резіңкелі қапталдық сальниктер орнатады.

Сур.4.5. Теңсіз бұрыштық жылдамдықтағы ине тәрізді кардандардың вилкалары: а- ине тәрізді кардан; б- стаканды бекіту және ине тәрізді мойынтіректің уплотнения варианттары; 1- вилка прушинасы; 2,3- фланцы; 4- стопорное сақина; 5- қақпақ; 6- өздігінен қозалатын сальник; 7-резиналы қапталдық сальник..

12.3. Жетекші белдіктер.Жетекші белдік айналу моментін карданды біліктен автомобильдің жетекші доңғалақтарына беруге және тіреніш бетімен рама немесе автомобиль шанағының арасындағы вертикаль, бойлық және көлденең күштері қабылдауға арналған. Вертикаль күштер аспаның қатты элементтерімен, бойлық күштер (итеруші немесе тежеуіш) және көлденең күштер, мысалы: бойлық рессормен беріледі.Аспаның қатты элементтері бойлық және көлденең күштерді береді, сондықтан соңғылары аспаның бағыттаушы құрылғыларымен немесе арнайы штангалар қабылдайды.

Сур. 4.6. Автомобильдің басқарылатын алдынғы жетегі: 1- басты беріліс; 2- дифференциал; 3-синхронды шарнир; 4- ступица; 5- белдік балкасы.

Жетекші белдік қуыс балка 5 сияқты (4.6. Сур), оның ішіне басты берілісті 1, дифференциял 2 және доңғалақ жетегін орнатады. Балканың шеттеріне доңғалақ ступицаларының мойынтіректерін орнатады. Балканы тежеуіш механизмдерінің суппортов жалғау үшін фланецпен бірге және рессорды немесе кронштейндарды (басқа типтегі аспа орнатқан жағдайда) орнату үшін жазықтығымен бірге дайындайды. Жетекші белдікке қойылаиын негізгі талаптар: басиы берілісті қажетті беріліс санымен қамтамассыз ету; шуылсыз жұмыс; айналу моментін жетекші доңғалақтарға кульсациясыз беру; аспасыз бөліктердің кіші массасы. Жетекші белдіктер басқарылатын және басқарылмайтын болуы мүмкін. Егер жетекші белдік басқарылатын болса, онда оның құрамына беріліс біліктерініңар арасындағы өзгеруші бұрышта доңғалақ жетегінің мүмкіндігін қамтамассы ететін карданды шарнирлер кіреді.

Басты берілістер.Басты берілістер айналу моментін ұлғайтуға және оны жетекші доңғалақтарға беругі арналған. Басты берілістің негізгі классификациялық белгілері беріліс, тісті берілістердің өзара орналасуы және типі болып табылады. Жалаң қабат, қос қабат, қос қабат таратылған және шапшаң басты берілістер деп ажыратады.

Сур. 4.7. ГАЗ-53-12 автомобилінің одинарлы басты берілісі: 1- тіреу; 2- май қабылдағыш құбыр; 3- реттегіш төсемдер; 4- мойынтірек муфталары; 5- фланец; 6- жетекші тегеріш; 7,15- қақпақтар; 8- реттегіш сақиналар; 9- құршы тесіктердің тығыны 10-сателит; 11- картер; 12- бұрандама; 13- жарты өс; 14- дифференциял қорабының оң жақ чашкасы; 16- жартылай өстік тегеріш; 17- крестовина;18- жетеленуші; 19- дифференциял қорабының сол жақ чашкасы; 20- май ұстағыш.

Конусты немесе гипойдты тісті доңғалағы бар одинарлы басты берілістер (4.7. Сур) кеңінен таралған. Одинарлы басты берілістің беріліс саны 5. 3. 6 аралығында жатады. Ары қарай беріліс санының ұлғары жетеленуші тісті доңғалақтың диаметрінің ұлғарына әкеледі, бұл өз кезегінде термо-өңдеуді қиындатады және дорожный просвет төмендетеді. Шеңбер доғасы бойынша жасалатын конусты берілістердің тісті доңғалақтары қисық тісті (глисон, элоид, эрликон немесе эвольвента, клингельнберг типінде). Мұндай берілістерлің артықшылығы: тістер доңғалағының өзара орналасуының дәлсіздігіне сезімталдығы аз және тістерді жоғары өнімділіктегі жабдықта өңдеу мүмкіншілігі бар. Гипойдты берілістер қисық сызықты конусты беріліспен червякті тістердің арасында орналасады. Олар конусты берілістен жетеленуші тісті доңғалақ өсіне қатысты жетекші тісті доңғалақтардың өсінің орын ауыстыруымен ерекшеленеді: жеңіл автомобильдерде төмен ( бұл шанақ еденін төмен түсіруге мүмкіндік береді ), ал жүктік автомобильдерде жоғары ( дорожный просвет үлкейту үшін ). Бұл орын ауыстыру әдепте жүктік автомобильдер үшін жетеленуші доңғалақтың бөлгіш диаметрінің 0,12 құрайды, жеңіл автомобильдер үшін 0,2.

Сур.4.8. Зил-431410 автомобилінің қос басты берілісі: 1- конусты тегеріш: 2- білігінің алдыңғы конусты тегеріштің мойынтірегі; 3- реттеуші шайбалар; 4- артқы конусты, роликті мойынтірек; 5- конусты тісті доңғалақтардың ілінісуін реттеуге арналған төсем; 6- конусты тегеріш;7- конусты тісті доңғалақ; 8- реттеуші төсемдер; 9- цилиндрлі тегеріштердің конустық роликті мойынтіректері; 10,19- оң және сол жақ мойынтіректерге сәйкес қақпақтар; 11- цилиндрлі тегеріш; 12- басты берілістің картері; 13- цилиндрлі тісті доңғалақ; 14- жарты өсті тегеріш; 15- дифференциялдың роликті мойынтірегі; 16- дифференциял мойынтірегін реттейтін бұрандама; 17- жартылай өсі; 18- белдік картері; 20-таянышты төлке.

Гипойдты тегеріштің тістерін, конустікі сияқты элоидты немесе эльвовента шеңберінің доғасы бойынша жасайды. Гипойдты берілісті конусты беріліспен салыстырғанда бірдей беріктікте габаритті өлшемі және шу деңгейі аз болады.

Қос басты берілісті жүк көтергіштігі орташа және үлкен жүктік автомобильдерде және автобустарда қолданады; мұндай беріліс тісті доңғалақтың екі жұбынан тұрады: конусты және цилиндрлі, сонда үлкен беріліс саны цилиндрлі жұпта болады ( 4.8. Сур ).

4.8 суретінде Зил-431410 автомобилінің қос басты берілісі көрсетілген. Кіші конусты тегеріш білікпен бірге, екі конустық роликті мойынтіректің 1 және 4 стаканында 2 орнатылған. Мойынтіректің ішкі сақиналарының арасында распорная төлке 20 және екі реттегіш шайба болады. Шайба қалыңдығын талап етілген бастапқы бекітуді қамтамассыз ететіндей етіп таңдайды. Конусты доңғалақ 7 білікке баспақталған, оның фланецтеріне заклепкамен бекітеді және екі роликті мойынтіректерде 9 орнатылған. Қақпақ 10 және 19 болат реттегіш астарлары орналасқан.Картер қапталының 12 және тегеріш білігіндегі мойынтірек стаканының қапталында орналасқан.Болат төсемдер ілінсуді ретеу үшін жұмыс істейды. Жетеленуші тісті доңғалақ 13 дифференциял қорабымен қатты бекіген және екі конустық роликті мойынтіректерде 15 сонымен бірге айналады. Өстік орын ауыстырудан мойынтіректер бұрандамамен 16 бекітеледі.

Дифференциалдар.Дифференциял- оған келетін шығушы біліктер арасындағы айналдыру моментін үлестіретін және олардың әр түрлі бұоыштық жылдамдықта айналуын қамтамассыз ететін автомобиль механизімінің трансмиссиясы. Дифференциял құрылысына келесі талаптар қонылады: доңғалақтардың немесе өстердің арасындағы айналдырушы моменттерді пропорционалды үлестіру; жетекші доңғалақтарды әр түрлі айналдыру жиілігімен қамтамассы ету; габаритті өлшемдері мен массасы аз болуы керек. Түзу жүрген кезде автомобильдің барлық доңғалақтары бір уақытта бірдей жол жүреді. Жолдың қисық сызықты аудандарында сыртқы доңғалақтар, ішкі доңғалақтарға қарағанда жолдың үлкен қимасынан өтеді. Ішкі доңғалақтың өте жай айналуыоның айналып кетуіне әкеледі, бұл шинаның интенсивті тозуына, қуат шығынының ұлғарына, автомобиль бұрылысының қиындатуына әкелкді. Бұдан құтылу үшін басты беріліспен бірге дифференциялды орнатады, сонда бұл сол және оң жетекші доңғалақтардың әр түрлі айналу жиілігінде айналуды қамтамассыз етеді. Автомобиль өтімділігін жақсарту үшін жеке доңғалақтарға және белдіктерге моменттердің үлестірілуі олардың вертикальды харакеттерімен жүзеге асуы керек. Құрылымы бойынша дифференциялдарды доңғалақ аралық, өс аралық және борт аралық болып бөлінеді. Доңғалақ аралық дифференциялды автомобильдің бір өсінің оң және сол жақ жетекші доңғалақтарының арасына орнатады, өс аралықты- авиомобильдің жетекші белдіктерінің аралығына, ал борт аралықты- авиомобильдің оң және сол жақ жетекші доңғалақтарының аралығына орнатады.

4.9 Суретте тегерішті доңғалақ аралық дифференциялдың сұлбасы көрсетілген. Дифференциял корпусында 6 басты берілістің жетеленуші тегеріші 5 қозғалмайтындай етіп орнатылған,ал жетекші тегерішпен 1 ілініседі. Корпуста 6 конусты тегеріш – сателитті еркі орналасқан крестовина 7 орныққан. Олар бірден төртке дейін болады. Сателиттер жетекші доңғалақтардың жарты өстеріне қатты бекітілген жарты өстердің конусты тегеріштерімен тұрақты ілініседі.

Сур.4.9. Тегерішті дифференциялдың сұлбасы: а- тұйықталатын; б- өздігінен тұйықталатын; 1- басты берілістің жетекші тегеріші; 2- жарты өсті тегеріш; 3- жарты өс; 4- сателит: 5- басты берілістің жетекші тегеріші; 6- дифференциял корпусы; 7- крестовина; 8- корпус тістері; 9- тісті муфта; 10,11- сәйкес жетекші және жетеленуші дискілер.

Қарапайым автомобильдерде әдетте конустық дифференциял тегеріштері немесе жоғарғы үлкелістегі жұдырықшалы дифференциялдар қолданылады. Конустың тегерішті ( 4.7 сұретті қара ) планетарлы механизм тәрізді. Басты берілістің жетеленуші тегеріші екі чашкадан 14 және 19 тұратын дифференциял қорабымен мықты бекіген. Қораптағы крестовинада 17 оң және сол жақ доңғалақтың тегеріштерімен ілінісетін сателит тегеріштері еркін айналады. Сателит өздігінен орналасуы үшін, оның қапталы сфералық етіп жасайды.Дифференциялда сондай-ақ сәйкес сфералық тіреніш беті болады, оның центрі дифференциялдың конустық тісті доңғалақтың үстінгі бетімен сәйкеседі. Жарты 13 өстер дифференциял қорабындағы тесіктерден еркін өтеді. Дифференциялдық қызметтін мәрзімін жоғарылату үшін сателиттердің және жарты өстің беттерінің арасына қола шайбалар орнатылған. Жетеленуші тегеріштің айналуы кезінде, онымен бірге дифференциял қорабы айналады, осыған байланысты крестовина сателитпен айналады. Автомобильдің түзу жолда тура жүреуі кезінде, автомобиль доңғалақтары бірдей кедергіге жолығады, нәтижесінде екі жарты өстердің тістерінде бірдей күш болады. Мұндай жағдайда сателиттер тепе- теңдіқ жағдайында болып, өз өсінен айналмайды. Соңдықтан дифференциялдың барлық бөлшектері бір дене болып айналады және жарты өстің тегеріштерінің екеуінде де бірдей айналу жиілігі болады, бұл өз кезегінде жарты өстердің доңғалақтарында да бірдей деген сөз. Бұрылыс кезінде автомобильдің ішкі доңғалақтары сыртқысына қарағанда көп кедергіге жолығады және ішкі доңғалақтармен байланысқан жарты өстердегі күш көбейеді. Осының нәтижесінде сателиттердің тепе- теңдегі бұзылады, осының салдарынан өз өсіне қатысты айналады және екінші жарты өстің тегерішін ұлғайтылған жылдамдықпен айналып, ішкі доңғалақпен байланысқан жарты өспен домалайды. Нәтижесінде автомобильдің ішкі доңғалағының айналу жиілігі төмендейді, ал сыртқысында жоғарылайды және автомобиль бұрылысы сырғанаусыз және айналып кетусіз іске асады. Жұдырықшалы дифференциял жоғарылатылған үикелісте оң 1 және 5 сол жақ чашкалардан және сепаратордан 6 жұрады, олар басты берілестің жетеленуші тегерішімен жалғанған. Сепаратор тесіктеріне сухари еркін орналасқан 2, олар сыртқы 4 және ішкі обоймалардың қапталдарымен бекітіліп шахмат тәртібінде екі қатармен жатыр. Сухарлармен жанасқан беті жүдырықша тәрізді шығыңқы болады.

Сур.4.10.Жоғарылатылған үикелістегі жұдырықшалы дифференциял: 1-дифференциял қорабының сол жақ чашкасы; 2-сухарлар; 3-ішкі обойма; 4-сыртқы обойма; 5-дифференциял қорабының оң чашкасы.

Чашканың орталық тесігіне жарты өс кіреді, соның біреуісі шлицалардың көмегімен ішкісімен, ал екіншісі- сыртқы обоймалар жалғанған. Басты берілістің жетіленуші тегеріші сепаратормен бірге айналған жағдайда, сухарлар қос обойманың жұдырықшаларына бірдей қысым түсіреді және оларды айналдырады. Егер автомобильдің бір доңғалағы үлкен кедергі келтірсе, онда онымен байланысқан обойма, сепаратордан баяу айналады. Сухарлар келесі обоймаға көп қысым түсіре отырып оны итереді және осы обойманың айналуын үдетеді. Бірақта сухар және обоймалар арасындағы үйкелістің жоғарылауы бр обойманың екіншісіне қатысты айтарлықтай күшті қажет етеді, бұл оң және сол жақ доңғалақтардың қабылдайтын кедергілерінің үлкен айырмашылығынды ғана жүзеге асады. Еркін жүрестің роликті дифференциялы ( 4.11 сур) дифференциял корпусын жарты өспен косатын еркін журесті ек жрты муфтадан тұрады.

Сур.4.11. Еркін жүрісті роликті дифференциял: 1-дифференциял корпусы; 2-роликтер; 3,6-жұдырықшалар, 4,5-сепараторлар; 7-жетеленуші конусты тегеріш.

Дифференциялдың ішкі бетінде профилденген бойлық канавкалар жасалған, онда роликтер қатары 2 орналасқан. Роликтер сепараторда орналасқан 4 және 5. Цилиндрлі жұдырықшалар 6 жарты өстермен шлицалардың көмегімен орналасқан.

Өс аралық дифференциялды көп өсті автомобильдер орнатады, осыған байланысты жетекші белдіктердің доңғалақтары әр түрлі жылдамдықта айналады. Бұл автомобил өтімділігі жоғарылатады. Өс аралық дифференциялдың сұлбасы 4.12. суретте келтірілген. Тасушы сателит – тегеріштің крестовинасы үлестіруші қораб білігінің жалғасы болатын білікте орнатылған. Сателит- тегеріштер бүиірлік конусты тегерішпен ілініседі. Оң жақ конусты тегеріш цилиндрлі тегерішпен 2, ал сол жағы тегерішпен 7 бір дене болып жасалған. Тегеріш 7 ортаңғы белдіктің білігінде 5 орналасқан тегерішпен 4 ілініседі. Тегеріш 7 тегеріш 8 арқылы артқы белдіктің жетегінің білігін 9 айналдырады.

Егер қозғалыс кезінде автомобильддің ортаңғы және артқы белдіктерінің доңғалақтар бірдей жылдамдықпен айналса, онда аралық дифференциялдың конустық тегерішімен сателит крестовинасы бірге айналады. Айналу моменті екі жетекші белдікке тең таралады.

Сур.4.12.Өс аралық дифференциял: 1-крестовина; 2,4,7, тегеріш; 3-муфта; 5-ортаңғы жетек белдігінің білігі; 6-өс аралық дифференциялдың жетекші білігі; 9-артқы белдіктің жетегінің білігі; 10-корпус.

Дифференциялды тұйықтау механизмін екі жетекші доңғалақ сырғанаң топыраққа түскенде және айналып кету болғанда автомобиль өтімділігін жақсыртуға пайдаланады . Бұл жағдайда дифференциял екі доңғалақты бірдей бұрыштықжылдамдықта айналдыруға мүмкіндік береді және жетекші белдікке келетін салмақты толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Жетеленуші звенолардың қатыста айналуын болдырмау үшін, тұйықталатын дифференциялда шығушы звеномен қатты байланы орнатады, мысалы тісті муфтаның 9 көмегімен (4.9, а-суретті қара).

өздігінен тұнықталатын дифференциялды жетеленуші звенолардың айналуына қарсы құрылғы автоматты түрде әсер етеді. Мұндай дифференциялдарға фрикционды дискілі немесе тұтқыр үйкеліс муфтасымени жасалған червякты және дискілі муфталр жатады, оларда силиконды сұиық пайдаланады. Фрикционды муфтасы бар үйкелісі жоғарылатылған тұйықталғыш дифференциялдың сұлбасы 4.9, б суретте көрсетілген. Фрикционды муфталардың жетекші дискілері 10 дифференциял корпусымен, ал жетеленуші дискілер 11 жарты өстермен 3 байланысқан.

Сур. 4.13. а- жартылай жүктелген және б- толық жүктелген жартылай өстер; 1-доңғалақ ступицасы; 2,3- мойынтіректер; 4- жарты өс; 5- жарты өстік тегеріш; 6- жарты өстік жең.

Тегерішінің жұмысына пайда болатын өстік күштердің әсерінен дискілер қысылады. Қысылған дискі кезінде момент муфталармен сателиттермен беріледі және дифференциялдың шамалы тұнықталуы болады. Жетекші доңғалақтарда кедергі моменті көп болған сайын муфта дискілерін қысу моменті көбейеді және тұйықталу сатысы да көбейеді.

Дата добавления: 2020-05-05 ; просмотров: 7258 ; ЗАКАЗАТЬ НАПИСАНИЕ РАБОТЫ

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Читайте также:
  1. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  2. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар.
  3. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  4. Азақ ақын-жазушыларынан қиял түрлерін (қайта жасау, творчестволық қиял, арман) көрсететін нақты мысалдар келтіріңіз.
  5. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
  6. Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
  7. Аржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
  8. Аржылық жоспарлаудың негізгі түрлері мен оның сипаты
  9. Асыл металдарды циандық ерітінділерден сорбциалық әдістермен бөліп алу, түрлері, қыскаша сипаттама беру.
  10. Аударманың түрлері