Volume JMA OptionZeroCheck1 – Екілік Options көрсеткіштері

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Windows операциялық жүйесі

Windows операциялық жүйесі – графикалық интерфейсті қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық жүйе.Windows операциялық жүйесін тышқан меңзері (курсор) көмегімен басқаруға болады. Меңзер(курсор) – экранда тиісті операциялар жүргізілетін активті орынды көрсету үшін пайдаланылатын, жанып-сөніп тұратын жылжымалы белгі. Экранда тышқан меңзері және жұмыс аймағында жол меңзері болады.Жұмыс үстелі – әртүрлі объектілер орналасатын Windows операциялық жүйесі экраны.Әртүрлі программалар орындайтын экранның төртбұрышты қоршаулы аумағын терезе деп атайды. Терезені үлкейтуге, кішірейтуге, бүктеуге және бір мезетте экранға бірнеше терезені шығаруға болады. Олар үстелде әртүрлі орналасуы немесе бірін-бірі жауып тұруы, үстелде орындарын ауыстыруы, тіпті мөлшерін өзгертуі де мүмкін. Жұмыстың сипатына байланысты сіз жұмыс үстеліне жарасымды ретпен бірнеше терезе орналастыруыңызға немесе, керісінше, бірінің үстіне бірін орналастыруыңызға да болады.Стандартты терезе элементтері: тақырып жолы, мәзір жолы, аспаптар тақтасы, сырғыту сызғышы,үлкейту-кішірейту пернесі және т.б.

Windows интерфейсін пайданушылар туралы мағлұматты компьютер қосылғаннан кейін монитор экранында пайда болатын жұмыс үстелі мен тапсырмалар тақтасы береді. Пайдаланушы бір түсті бетті немесе кейбір суреті бар графикалық объектілер орналасқан бетті көреді – осы бет жұмыс үстелі болып саналады.

Жұмыс үстелінің терезесі – Windows қолданбалы программаларының терезелері үшін негізгі болып саналатын, экран бетін толық жауып тұратын жүйелік терезе.Windows операцялық жүйесінде жарлық, пиктограмма, таңбаша ұғымдары кеңінен қолданылады. Белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файлды жарлық (ярлык) деп атайды. Басқаша айтқанда, жарлық – файлға сілтеме. Ол өзі көрсетіп тұрған файлды іздемей-ақ жылдам іске қосып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.Пиктограмма – программаны, мәліметтер файлын және компьютерге қатысты басқа да кейбір функцияны көрсететін экрандық символ. Таңбаша – жұмыс үстелінде экрандағы белгілі бір құжаттың, программаның, жарлықтың графикалық түрдегі шағын суреті, таңбаша түріндегі кескіні. Пайдаланушы өзінің талғамына қарай таңбашалардың қүрамын, олардың сыртқы түрін, орналасуын, мөлшерін, түсін өзгертуіне болады.

Жұмыс үстелінің негізгі компоненттері: менің компьютерім, менің құжаттарым, желілік орта, қоржын(корзина), тапсырмалар тақтасы және т.б. Менің компьютерім – Windows операциялық жүйесінің жүйелік бумасы. Ол дискілердегі мәліметтермен жұмыс жасауды жүзеге асырады, компьютер құрылғыларын орнату және тағайындау қызметін атқарады. «Менің компьютерім» программасының терезесі арқылы дискілер мазмұнын көруге, ішкі

бумаларды ашуға, файлдар мен бумаларды көшіруге, жоюға, атын өзгертуге және т.с.с. әрекеттерді орындауға болады. Пайдаланушының барлық құжаттары әдетте «Менің құжаттарым» бумасында сақталады. Желілік орта компьютердің желіде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Қоржын (Корзина) д\з компьютер дискілерінен өшірілген мәліметтерді уақытша сақтайтын арнайы бума. Қоржынды кейбір оқулықтарда себет деп атайды. Қоржын программасының терезесі арқылы ондағы файлдардың мазмұнын көруге және оларды қайтадан қалпына келтіруге болады. Егер қоржындағы мәліметтер қажет емес болса, онда қоржынды тазалап, мәліметтерді біржолата жоюға болады.

Тапсырмалар тақтасы – Windows операциялық жүйесінде жұмыс үстелінің төменгі жағында орналасқан ұзынша жолақ тақша. Тапсырмалар тақтасы жұмыс үстелінде әртүрлі жағдайда орналасуы мүмкін немесе тышқанның меңзерін экранның сөйкес шекарасына жақындатқанда ғана пайда болуы мүмкін. Онда Іске қосу (Пуск) батырмасы, алфавит индикаторы, уақыт, жұмыс істеп тұрған программалар мен файлдар белгішелері орналасады.

Windows операциялық жүйесі интерфейсінің жетістіктерінің бірі – оны өзгерту мен баптау мүмкіндіктерінің мол болуы. Баптау – жұмыс уақытында операциялық жүйенің ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу процесі.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Дата добавления: 2020-01-05 ; просмотров: 18 | Нарушение авторских прав

Лекция №8. Windows операциялық жүйесі

Читайте также:
  1. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  2. Cd WINDOWS
  3. Link /DLL /SUBSYSTEM:WINDOWS /DEF:%1.def
  4. Lt;сұрақ>Ондық жүйеде берілген 2 санының екілік санау жүйесіндегі жазылуы
  5. Microsoft Access.Мәліметтер қорын басқару жүйесі
  6. Microsoft припинила підтримку Windows XP
  7. MS-DOS, Unix, Windows.
  8. Need help in updating drivers for windows 7?
  9. WINDOWS
  10. Windows 98

Дәрістің мақсаты: Windows операциялық жүйесінің элементтері мен негізгі қызметімен таныстыру.

Жоспар:

1. Windows операциялық жүйесінің тұжырымдамасы.

2. Windows-тың объектілі бағытталған платформасы.

3. Мәліметтер алмасуды ұйымдастыру.

4. Windows-тың программалық құралдары.

Кілттік сөздер:Windows, терезе, бума, жарлық, объект, пиктограмма.

Иллюстрациялық материал: слайд.

Windows— бұл негізгі объектілері терезе және белгі түрінде бейнеленетін графикалық операциялық жүйе. Windows жүйесінің негізгі түсініктері терезе, жұмыс үстелі, шарт белгілер, жарлықтар, бумалар болып табылады.

Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда бағдарламалар орындалады, мәліметтер өңделіп, түзетіледі және басқару әрекеттері жүреді. Жұмыс үстелі – әр түрлі объектілер орналасатын Windows -тың әкраны. Шартбелгі – қысқаша сөз таңбасы бар кішкене графикалық бейне. Жарлық — белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Бумада каталогтар мен бағдарламалар тобы орналасады.

Windows объектілерін басқаруды әртүрлі құрылғылармен, оның ішіндегі негізгісі тышқанмен ұйымдастыруға болады. Тышқан көмегімен Windows объектілерімен: тасымалдау, созу, қосу, белгілеу, ашу, жабу әрекеттерін орыңдауға болады. Тышқанның сол жақ батырмасы негізгі, ал оң жағы – қосымша болып табылады.

Қандай да бір объектіге тышқанды апарып, оның оң жақ батырмасын «бассақ, экранға динамикалық немесе контекстік /жанама/ деп аталатын бағыңышты мәзір командалары шығады.

Сұхбаттық терезе – бұп қосымша ақпараттар енгізілетін арнайы терезе. Онда Windows және оның косымшаларын баптау және басқару үшін қажет басқару әлементтері орналасады. Анықтама терезесі – Windows жүйесімен және оның қосымшаларымен жұмыс істеу жайлы анықтамалық хабарларды шығару үшін қолданылады. Шекаралар – терезенің төрт жағынан қоршап тұрған жақтау.

Тақырып жолы (тақырып) – терезенің ең жоғарғы шекарасының астынан терезенің тақырыбы көрсетілген төртбұрыш. Жүйелік мәзір бепгісі – тақырып жолының сол жағында орналасады. Олардың көмегімен терезені жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады. Жабу батырмасы – тақырып жолының оң жақ шекарасында икс (х) батырмасы. Кішірейту батырмасын шерткенде терезе жұмыс орнынан алынады да, тапсырма тақтасында тек қана батырмасы қалады. Аlt+ТаЬ-ты қолмен басу арқылы терезені қайтадан үлкейтуге болады. Үлкейту батырмасы – терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді. Қалпына келтіру батырмасы – терезені аралық-бейтарап жағдайына келтіреді, яғни терезе экранда болады, бірақ оның өлшемі экран өлшемінен кіші болады. Мәзір жолы – тақырыптың төменгі жағында орналасқан жатық жолда командалар аты жазылған жол. Мәзір дегеніміз -берілген терезедегі орындауға болатын командалардың тізімі. Жұмыс аймагы – бұл объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы.

Windows – операциялық жүйесінде файлдармен жұмыс істеу. Сілтеу терезесі.

Файлды көшіру – жаңа бумада оның тағы бір көшірмесін алу, ал файлды жылжыту – оның бір бумадан екінші бумаға көшірмесін алып, ескі орнынан өшіріп тастау. Қатар орналасқан бірнеше файлды белгілеу үшін бірінші файлды белгілеп алып, Shrift пернесін басып ұстап тұру қажет және соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп белгілеу керек.

Әр жерде орналасқан файпдарды белгілеу үшін, бірінші файлды белгілеп, Ctrl пернесін басып ұcтап тұру керек және керекті файл аттарына тышқан курсорын алып барып, оны біртіндеп белгілеп отыру керек. Белгілеуді алып тастау үшін курсорды сол файлдардан тысқары жерге алып барып, тышқанды бір рет басу қажет. Белгіленген файлдарды көшіру үшін курсорды сол белгіленген объектінің бір шетіне алып барып, тышқан батырмасын басу керек және сол басулы күйінде ұстап тұрып, файл көшірілуге тиіс бума белгісіне жеткізіп батырманы қоя береміз. Сонымен қатар, файлды белгілеп алып контекстік мәзір арқылы да көшіруге және өшіруге болады. Файпдар мен каталогтарды өшіру үшін оларды белгілеп алып, Delete пернесін басу қажет немесе Файл—Өшіру командасын орындау қажет. Файлдармен орындалатын басқа операциялар файлды дискетке көшіру үшін контекстік мәзірден Жіберу командаларын орындау. Файлдың атын өзгерту үшін, файлды белгілеп алып, Файл-Атын өзгерту командаларын орындау керек.

Алмастыру буфер арқылы мәліметтердің көшірмесін алу және жылжыту үшін Сілтеу бағдарламасы аркылы керекті файлды тауып, тышқанның оң жақ батырмасын басу керек, файлды алмастыру буферіне көшіру үшін – шыққан контекстік мәзірден Көшірме алу (Копироватъ) командасын, ал файлды жаңа орынға жылжыту мақсатында оны буферге қиып алу үшін –Қиып алу (Вырезать) командасын орындау. Сілтеу терезесінің сол жақтағы бөлігінде мәлімет тасымалданатын буманы ашып қойып, бос орынға тышқанның оң жақ батырмасын басу керек және шыққан контекстік мәзірден Енгізу (Вставить) командасын орындау қажет.

Wi Сілтеу –файлдық жүйенің кез келген объектісін қолданушы іздеп табуға көмек жасайтын және олармен қажетті әрекеттер орындайтын программа. Сілтеу программасын жүктеу тәсілдері:

· Негізгі менюде тышқан батырмасының оң жағын басып, жанама менюде Проводникті таңдау;

· Мой компьютер программасында жанама менюді шақырып, онда Проводникті таңдау

Сілтеуіш программасы екі бөлікке бөлінген. Сол жақ бөлікте жинақтауыштар атаулары және бумалар бейнеленеді. Бума атауындағы + белгі буманың ішкі бумаларды қамтитынын білдіреді. Ал оң жақ бөлік таңдалынып алынған буманың мазмұнын қамтиды.

Дата добавления: 2020-02-10 ; просмотров: 46 ; Нарушение авторских прав

Тапсырма №1. Көпөлшемді массивтер

1. N * m өлшемiнiң нақты матрицасын жолма-жол енгiзiңдер, бағаналар бойынша шығарыңдар.

2. Егер aij = sin(i+j/2 ) болса, онда n * m өлшемiнiң матрицасында неше оң элементтерді анықтауға болады.

3. N өлшемiнiң квадраттық нақты матрицасы берілген. Бас диагональға қатысты матрица симметриялық болып табылады.

4. N өлшемiнiң квадраттық нақты матрицасы берілген. Матрицаны тасымалдау.

5. N өлшемiнiң квадраттық нақты матрицасы берілген. Бас және қосымша диагональдерде матрицаның элементтерiнiң сомасын салыстыру.

6. N өлшемiнiң квадраттық нақты матрицасы берілген. Нөлдік элементтердің санын табу:
– бас диагональдан жоғары;
– бас диагональдан төмен.

7. N * m өлшемiнiң нақты матрицасы берілген. Матрица бойынша логикалық вектордың k элементіне True мәнiн беру, егер көрcетiлген шарт False мәнiн орындаса керісінше.

– k элементтер матрицасының жолы кему бойынша реттеген;

8. N * m өлшемiнiң нақты матрицасы берілген. Элементтерде бағанадағы бiрiншi терiс элементтердiң мәндерi сияқты есептелетiн b векторын құрастыру.

9. N * m өлшемiнiң нақты матрицасы берілген. Тек қана терiс элемент болатын бағаналардың нөмiрiн шығару.

10. N * m өлшемiнiң нақты матрицасы ,берілген. Терiске қарағанда көбiрек оң элемент болатын жолдың нөмiрлерiн шығару.

11. N * m өлшемiнiң нақты матрицасы берілген.Ең болмаса бір нөлдік элементтері бар бағаналарының ортақ элементтерінің сомасын табыңдар.

12. N * m өлшемiнiң нақты матрицасы берілген. Максимал және ең төменгi элементтерi бар жолдың орындарымен алмастыру.

13. M * n өлшемiнiң нақты матрицасы берілген. Өсу бойынша әрбiр жұп жолдың элементтерiн ретке келтіру.

14. M * n өлшемiнiң нақты матрицасы берілген. Кему бойынша матрицаның барлық элементтерiн орналастыру. Матрицаны аралап шығу жолдары бойынша жүзеге асырылады.

15. M * n өлшемiнiң нақты матрицасы берілген. Бiрiншi нөлдiк матрица элементiнiң индекстерiн анықтау. Матрицаны аралап шығу бағаналар бойынша жүзеге асырылады.

16. n * 9 өлшемнiң нақты матрицасы берілген. Әрбiр жолдың жұп нөмiр болатындай элементтерiнiң арифметикалық ортасын табыңдар.

Дата публикования: 2020-10-09 ; Прочитано: 486 | Нарушение авторского права страницы

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Читайте также:
  1. Microsoft Windows Embedded
  2. MS Excel для Windows.
  3. MS-DOS, Unix, Windows.
  4. RTX для Windows NT
  5. Ақпараттанудың ғылым жүйесінде алатын орны.
  6. Азақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы
  7. Азақстан Республикасының қаржы жүйесі
  8. Ас қорыту жүйесі
  9. Главное меню Windows
  10. Денежные потоки предприятия как объект управления. Методы их оценки. (по лекциям Глаголевой)