ExVolv2 – Екілік Options көрсеткіштері

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Компьютерлік графиканың түрлері

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.

Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.

Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).

Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.

Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

Векторлық кескіндер, бұл – сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз – осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы – векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
Салыстыру критерийлері Растрлық графика Векторлық графика
Кескіндерді ұсыну әдісі Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады. Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады. Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады. Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

Тақырып № 13.Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын бағалау – 2сағат

Мақсаты:тағам өнімдерінің құныдылғын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізелетін шаралар кешенімен танысу. Ет пен сүтті органолептикалық бағалауды үйрену.

Оқытудың мақсаты:

Студент білуі тиіс:

1.Сүттің, сүт өнімдерінің, еттің химиялық құрамын, тамақтық және биологиялық құндылығын

2.Тағам өнімдерін санитарлық сараптаудың мақсатын, міндеттерін, әдістерін, жүргізу тәртібін.

3. Тағам өнімдері сапа санаттарын

4. Сүт және сүт өнімдерінен, ет және ет өнімдері берілетін инфекциялық және паразитарлық ауруларды, оларды алдын алу жөніндегі шараларды

5 Банкідегі консервілердің эпидемиологиялық қауіптілігі.

6 Ет, сүт, банкідегі консервілердің санитарлық сараптаудың әдістері.

7 Тез бүлінетін азықтардың таратылуы мен сақталыну мерзімін

Студент істей алуы тиіс:

1. Сүттің, еттің залалсыздығына органолептикалық бағалау жүргізу

1. Негізгі тағамдық өнімдердің (ет,сүт, консерв) сапасына баға беру және органолептикалық, физико-химиялық, гельминтологиялық және басқа да зерттеу түрлерінің мәліметтеріне сүйене отырып, қолдану мүмкіндігі туралы қорытынды беру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Сүт, ет, банкідегі консервілердің тамақтық және биологиялық құндылығы

2. Сүт, сүт өнімдерінің ет және банкідегі консервілердің эпидемиологиялық қауіптілігі, химиялық ластанумен болған аурулар.

2. Жарамсыз тамақты қабылдаумен байланысты аурулардың алдын алу Тағам өнімдерін санитарлық сараптау.

3. Ет, сүт және банкідегі консервілерді сараптау

Оқыту және сабақ беру әдістері:жағдайлық есептерді шешу.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық./Ү.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2020. – 297 б.

2. Торғаутов Б.К.,Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена:Оқулық–Шымкент, 2009. – 167-180 б.

3. Гигиена /Под ред. Акад. РАМН Г.И.Румянцева.-М.:ГЭОТАР Медицина,2000. – С.272-283.

4. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Д: «Феникс»,2002. –243-279.

5. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. – М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ. 2001.- С.96- 130.

6. Гурова А.И., Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене. М.: Изд. Университета дружбы народов, 1991,- С. 84-101.

Қосымша:

1. Королев А.А. Гигиена питания. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – С. 157-219, 245-255.

2. Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учеб. Пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – С. 101-111, 152-173.

3. Румянцев Г.И. и др. Общая гигиена, М.: Медицина, 1985.- С. 53-70.

4. Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. М.: Медицина, 1983.- С. 21-35.

5. Принципы оценки безопасности пищевых добавок и контаминатов в продуктах питания: Совместное издательство. Программа ООН по окружающей среде, Международной организации труда, ВОЗ. (Пер. с англ.- М.: Медицина, 1991.- С. 159.

6. Санитарно-гигиенические методы исследования пищевых продуктов и воды: (справочное пособие). /под ред. Г.С. Яцулы- Киев: Здоровье, 1991. – 286 с.

7. СанПиН 4.01.071.03 РК «Гигиенические требования к безопасности и пищевой ценности пищевых продуктов».

8. Справочник ПДК вредных веществ в пищевых продуктах и среде обитания. – М., 1993.- 139 с.

9. СанПиН № 4.01.060.02 РК «Санитарно-гигиенические требования к условиям хранения и срокам реализации скоропортящихся пищевых продуктов».

10. СанПиН № 4.01.069.03 «Санитарно-гигиенические требования к объектам общественного питания»

1. Сұрақтар бойынша бастапқы білім деңгейлерін бақылау:

1. Тағам өнімдерінің санитарлық сараптамасы, жүргізу мақсаты, міндеттері, әдістері тәртібі. ҚР 4.01.071.03 СанЕменН «Гигиенические требования к безопасности и пищевой ценности пищевых продуктов».

2. Тағам өнімдерінің сапа категориялары. Азық-түлік тауарларын таңбалау олардың сапасын бақылауды қамтамасыз ететін құрал ретінде.

3. Сүттің эпидемиологиялық рөлі. Сүт және сүт өнімдері арқылы берілетін аурулардың алдын алу.

4. Ет арқылы берілетін жануарлардың жұқпалы және инвазивтік аурулары, олардың алдын алу.

5. Сүт пен сүт өнімдерін органолептикалық және физикалық-химиялық зерттеу. Сүт құрамы бұзылмағандығының, жаңалығының және фальсификаттануының, химиялық, биологиялық және радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері.

6. Еттің санитарлық сараптамасының әдістемесі: органолептикалық зерттеу, физикалық-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу. Еттің химиялық, биологиялық және радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері.

7. Консервілердің эпидемиологиялық қауіпсіздігі. Консервілерді органолептикалық зерттеу әдістері. Шын және жалған бомб. Консервілердің химиялық, биологиялық және радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері.

8. Тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтау және тарату мерзімдері. Тағам өнімдерін стандарттау және сертификаттау, олардың тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағам құндылығының қамтамасыз етудегі рөлі.

Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау бойынша білім деңгейлерін соңғы рет бақылау:

Тапсырма 1: Тағам құндылығын сақтау бойынша негізгі алдын алу шаралармен танысу.

Тапсырма 2: Сүт пен еттің санитарлық сараптау әдістерімен танысу.

Тапсырма3: Тағам өнімдерінің залалсыздығын бағалау бойынша және қолдану мүмкіндігі жөнінде ситуациялық есептерді шешу.

Дата публикования: 2020-04-06 ; Прочитано: 1632 | Нарушение авторского права страницы

Тақырып№10: Эквиваленттіктің деңгейлері мен түрлері

Мазмұны:

1.Семантикалық және прагматикалық эквиваленттілікті қарсы қойып салыстыру.

2.Аударма варианттарының көп түрлілігі.

3.Эквиваленттілік деңгейін таңдауды анықтайтын факторлар.

Ой мазмұнының функциональды-ситуациялық аспектілері ондағы барлық хабарды құрамайды. Екі ойдың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, тіпті олар бірдей қарым-қатынас мақсатын білдірсе де, сонымен бірге бірдей жалпы ұғымдар көмегімен бірдей ситуацияны сипаттасады. Олардың мазмұндарының толықтай бірдей болуы үшін оларды құрайтын лексикалық бірліктер (сөздер) мен олардың арасындағы синтактикалық қатынас толық тура келу керек. Кез-келген хабар әрқайсысы өзінің жеке мағынасы бар, белгілі-бір хабарды жеткізетін тілдік бірліктерден тұрады.Ой мазмұны тілдік бірліктердің мағынасынсыз өмір сүре алмайды.Cонымен бірге тілдік бірліктер ойды жеткізуде ой мазмұнының функциональды-ситутивті аспектілерін білдіреді сонымен бірге берілетін хабарды жеткізуде қосымша мағына береді.Қарым-қатнастың әртүрлі жағдайларында бірінші кезекте ойды жеткізудің кейбір мағыналық элементтері тұру мүмкін, (онда) сол кезде сөзді таңдау немесе синтактикалық структураны таңдау бүкіл хабар мазмұнының жеткізуде маңызды ролге ие болады.

Егер эквиваленттіліктің бірінші 3 типінде әңгіме оригинал мен аударма мағыналарының элементтерін тілдік құралдар біраз сәйкес келмесе де сақтап аудару болса, мұнда яғни тілдік бірліктердің семантикасын беруде, бастапқы тілдің тілдік бірліктерінің мағыналарына эквиваленттілік табу талап етіледі.Әртүрлі тілдердің бірліктерінің мағыналарына толықтай сәйкес келмейтіндіктен, оригинал мен аудармада бірін-бірі алмастыратын элементтер әдетте мағыналары жағынан бірдей болмайды. Соған қарамастан,көп жағдайларда оригиналдың тілдік құралдарындағы хабардың көп бөлігін аудармада беруге болады. Эквиваленттіліктің келесі 2 типінде оригинал мен аударманың мағыналық ортақтығы қарым-қатнас мақсатын сақтау, ситуацияны оны сипаттау тәсілін көрсету ғана емес сонымен бірге синтактикалық және лексикалық бірліктердің мағыналық сәйкес келушіліктерінің жақындығын қамтамасыз ету.

Эквиваленттіліктің 4 типінде 3 типке сақталынатын мазмұнының 3 компонентімен бірге, аудармада оригиналдық синтактикалық структура мағыналарының көп бөлігі беріледі. Оригиналдың структуралық ұйымдастырылуы аударылған текстің жалпы мазмұнына енетін белгілі хабарды таныстырады. Ойды жеткізудің синтактикалық құрылыс мазмұнының бірінші кезекте қарым-қатнас әрекеті ретінде бөлігін анықтайды және ондағы белгілі бір типтегі сөздердің белгілі тәртіппен және сөздер арасындағы белгілі бір байланыстармен қолданылу мүмкіндігін жасайды.

Сондықтын аудармада оригиналдың синтактикалық ұйымдастырылуын барынша сақтау мүмкіндігі оригинал мазмұнының толығырақ берілуіне мүмкіндік жасайды. Онда басқа (сонымен бірге) оригинал мен аударманың синтактикалық параллелдігі бұл текістердің кейбір элементтерінің сәйкес келушілігіне негіз береді.

Оригиналға қатысты синтактикалық ұйымдастырудың параллелизмі болады.

Эквиваленттіліктің 4 типінде оригинал мен аударма арсындағы қатынас мынандай ерекшеліктермен белгіленеді:

Лексикалық құрамына едәуір параллелдігі-оригиналдың көпшілік сөздер үшін аудармада мазмұны жақын сәйкес келетін сөздерді табуға болады;

Аудармада оригинал структурасына ұқсас синтактикалық структураларды қолдану аудармада оригиналдың синтактикалық структураларының мағыналарын мүмкіндігінше барынша беру;

Аудармада оригинал мазмұнының барлық 3 бөлігін сақтау – эквивалеттіліктің 3 типі қарым – қатынас мақсаты,ситуацияны көрсету және оны сипктту тәсілдері;

Синтактикалық параллелизмді толдықтай сақтау мүмкіндігі болмаған жағдай синтактикалық мағыналардың біраз деңгейде болса да өзгермеуі (ұқсастығы) аудармада ұқсас әртүрлі синтактикалық структураларды қолданумен іске асады.Эквиваленттіліктің 4 типінде әртүрліліліктің негізгі 3 түрі анықталады:

Тікелей немесе кері ауыстырумен байланысты синонимдік структураларды қолдану;

Сөздердің орнын ауыстыру арқылы болатын ұқсас структураларды қолдану;

Структуралардың арасындағы байланыс типтерін өзгерту арқылы ұқсас труктураларды қолдану;

Әрбір тілде бастапқы структурадан шығаруға (жасауға) болатын немесе керісінше белгілі бір қайта жасалынған структурамен қайта жасалынатын синонимдік структуралар болады.Мысалы:берілген немесе бастапқы негізгі мағынадағы структурадан осы негізгі мағынаны сақтайтын бірақ турадан осы негізгі мағынаны сақтайтын,бірақ қосымша синтактикалық мағыналарымен ажыратылатын бірнеше структура шығаруға болады: «мальчик читает – бала оқып отыр», «чтение мальчика – баланың оқуы», «читающий мальчик – оқып отырған бала», «прочитанное мальчиком – бала оқыған» т.б.Осындай барлық жағдайларда айтар ойдың мазмұны едәуір ортақ болады.

Көп жағдайларда синонимдік қатарлардың бір мүшесін басқамен ауыстыру ойдың жалпы мазмұнын соншама өзгерте қоймайды.Сондықтан аудармада сисомдік қатарларды эквивалаенттіліктің 4 типі шеңберінде қолдану оригиналдағы синтактикалық структуралық мағынасын жеткілікті мөлшерде толық сақтайды.I told him what I thought of her.- Я сказал ему свое мнение о ней.He was never tired of old songs.- Старые песни ему никогда не надоедали.It is very strange this domination of our intellect by our digestive argans.Странно,до какой степени пищеварительные органы властвуют над нашим рассудком.

Ағылшын тілінде сөздердің тұрақты орын тәртібі болғандықтан,басқалармен салыстырғанда инверсие (сөздердің тура орын тәртібінен алшақтау) сирек ойды жеткізудің эмоционалдық жақтарын көрсетудің тиімді тәсілі ретінде қолданылады.Ал орыс тілінде инверсия (кері орын тәртібі) жиі хабардың коммуникативті орталығын көрсету үшін қолданылады.Инверсия орыс тілінде ойдың эмоционалдығын көрсету үшін қолданылмайды.Сондықтан бұндай жағдайларда оригиналдағы «кері» орын тәртібі аудармада болмауы мүмкін,ал эмоционалдықты білдіру үшін басқа тәсілдер қолданылуы мүмкін,сонымен бірге лексика – фразиологиялық тәсілдер де қолданылуы мүмкін.Mine is long and a sad tale.- Повесть моя длинна и печальна.Open flew the gate and in came the coach. – Ворота распахнули настежь,и карета уже была во дворе.Him I have never seen.- Я его никогда не видел.

Аудармада оригиналдағы ұқсас структураларды қолдану ең ірі синтактикалық бүтін бірлік шеңберінде структуралапрдың арасындағы байланыс типтерін өзгертумен де болуы мүмкін.

Мұнда жай сөйлемдер мен,сабақтас ,салалас құрмалас сөйлемдер арасында әртүрлілік болуы мүмкін .Сөйлем типтері арасындағы айырмашылықтың белгілі-бір қарым-қатынастың мәні бар. Мысалы мынадай сөйлемдер мағыналарымен айырмашылығы «Начался дождь».Мы пошли домой .Начался дождь и мы пошли домой. Мы пошли домой потому что начался дождь. Олардың екі оқиға арасындағы байланыстың себептерінің бірдей еместігінде .Әртүрлі тілдегі бір типтегі сөйлемдердің мағыналық ,стилистикалық қызметтері сәйкес келмеуі мүмкін , соның нәтижесінде аудармада эквиваленттілікішкі құрылыстары ұқсас бірақ әртүрлі типті сөйлемдермен болуы мүмкін. Басқаша айтқанда ,аудармада жек сөйлемдердің саны , типі өзгеруі мүмкін.

Эквиваленттіліктің 4-ші типінде сөйлем санының және типінің өзгеруі аудармада керісінше ,яғни жеке сөйлемдердіңкішіреюімен болуы мүмкін.Despite all opposition these sections have organised a powerfull trade –union movement The mass of the Civil Servants have successfully established important political rightsfor themselves –Қарсы шығушылыққа қарамастан ,мемлекеттік қызметкерлердің бұл тобы үлкен кәсіподақтық қозғалыс ұйымдастырды және ,мемлекеттік қызметкерлердің көп бөлігін едәір дәрежеде өздерінің саяси құқықтарына жетті.

Эквиваленттіліктің 5-ші типі

Соңғы эквиваленттіліктің 5-ші типінде әртүрлі тілдер мәтіндерінің арасында болатын түпнұсқа мен аударма мазмұндарының барынша жақын деңгейіне жетеді .Эквиваленттіліктің бұл типін мына мысалдардан көруге болады:Isaw him at the theatre –Мен оны театрда көрдім.The houae was sold for ten thousand dollars-Үй 10 мың долларға сатылды. He was sure we shold bothfall ill-Ол екуміздің де ауыратындығымызға сенімді болды.

Бұл типтің түпнұсқа мен аударма арасындағы қатысына тән нәрселер мыналар:

1)Мәтінді структуралық жағынан ұйымдастыруда параллелизмнің жоғары деңгейі ;

2)Лексикалық құрамның барынша сәйкес келуі ;

3)Аудармада түпнұсқа мазмұнының барлық негізгі бөліктерін сақтау.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Эквиваленттіліктің қандай түрлері мен деңгейлері бар?

2 Семантикалық және прагматикалық эквиваленттілікті қарсы қойып салыстырудың мәні неде ?

3 Аударма варианттарының көптүрлілігі неге байланысты ?

4 Эквиваленттілік деңгейін анықтайтын факторлар қандай?

Дата публикования: 2020-06-12 ; Прочитано: 2379 | Нарушение авторского права страницы

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: