EMAPredictive3 Binary Options Indicator – Екілік Options көрсеткіштері

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Екіншілік мерез

Екіншілік мерез (вторчиный сифилис – syphilis secundaria, LuesII) орта есеппен алғанда 3-4 жылға созылады. Осы уақыт ішінде патологиялық үрдіс организмге кең жайылады, тері және кілекей қабықтар жарақаттанып, ауруға тән бөрткендер шығады. Аурудың жалпы жағдайы өзгереді (бас ауруы, әлсіздік пен дымкәстік билеу, дене қызуы көтерілуі), ішкі ағзалар, сүйек және жүйке жүйелері де жарақаттануы мүмкін. Мерездің бұл кезеңі «екіншілік жаңа (жас) мерез» («вторичный свежый сифилис»-Lues secundaria recens) деп аталады, бар болғаны 2-3 аптаға созылады және өз бетімен жоғалып кетеді. Бұл белсенді кезең жасырын мүлгіген инфекция кезеңіне (Lues II latens) ауысады және ауық-ауық өршіп немесе қайталанып отырады. Аурудың қайталану кезеңі «екіншілік қайталамалы мерез» («вторичный рецидивный сифилис»- Lues II recidiva) деп аталады.

Екіншілік мерез барысында жасырын және қайталамалы кезеңдер бірнеше рет (3-4 немесе одан көп) ауысып отырады. Бұл мерезге байланысты инфекциялық иммунитеттің дербестік ерекшелігінен, және бозғылт трепонеманың инцисттелген белсенділігі азайған және L-формаларының пайда болуынан туындайды.

Екіншілік қайталамалы мерез кезіндегі бөрткендер екіншілік жас мерез кезіндегі бөрткендерден ерекшелеу болады: розеолалы-папулезді элементтердің саны аздау, бозғылт түстеу келеді, әртүрлі пішіндер жасап немесе өрілген өрнектерге ұқсас топтаса, көбірек үйкеліске ұшырайтын аймақтарда орналасады. Екіншілік мерездің барлық кезеңінде Вассерман және басқа да серологиялық реакциялар оң болады. Бірнеше қайталаудан кейін (емдеу шаралары жүргізілмесе) екіншілік мерез кезеңі ұзақ уақыт белгілі симптомсыз кезеңге немесе кеш дамыған мерез кезеңіне (үшіншілік мерез) ауысады.

Екіншілік мерез аурудың ең жұқпалы кезеңі, тері мен кілегей қабықтарды жиі жарақаттайды және көбінесе екі түрде кездеседі: дақты (макулезді) мерез (пятнистый сифилис) және папулезді мерез (папулезный сифилис).

Дақты мерез жұмсақ таңдайда, таңдай имектерінде және бадамша бездерде жиі орналасады. Бұл кезде ашық қызыл түсті, диаметрі 1-1,5 см, анық шектелген розеолалы бөрткендер шығады және бір-бірімен қосыла отырып, өзгермеген кілегей қабық бетінен анық бөлініп тұрады. Емделмеген жағдайда бір айдан соң өз бетімен жоғалып кетеді.

Эритемалы мерез баспасын (ангинасын) кәдімгі тұрпайы катаралды баспадан, ауыздың дәріден катаралды қабынуынан ажырата білу керек.

Папулезді мерез екіншілік жас және қайталамалы мерез кезінде де ауызда жиі кездеседі. Папулалы бөрткендер ауыз ішінің кез-келген аймағына, оның ішінде жұмсақ таңдайға, бадамша бездерге,таңдай имектеріне жиі шығады. Мерез папулалары домалақ пішінді, тығыз, диаметрі 1-1,5 мм инфильтративті бөртпелер. Көп үйкеліске ұшыраудың және жалқықтану үрдісінің нәтижесінде папулалар ақшыл-сұр түстенеді және шеткейлік өсуге ұшырай отырып, бір-бірімен қосылып, табақшаға (бляшкаға) айналады, кілегей қабық бетінен біраз көтеріңкі орналасады. Қалақшамен қырған кезде папула бетіндегі қақ оңай алынып, етке ұқсас қызыл түсті эрозия беті ашылады. Папуланың төңірегі ашық-қызыл түсті қабыну жолағымен қоршалған, бетінен көп мөлшерде бозғылт трепонемалар бөлінеді.

Тілдің үстінде мерез папулалары шыққан аймақта жіпке және саңырауқұлаққа ұқсас бүртіктер жойылып, папула беттері ерте түлеген ошақтарға ұқсас тегіс және жылтыр болып келеді және төңірегіндегі тіндерден төмендеу тұрады. Мұндай көріністі «ойдым-ойдым шабылған шабындық белгісі» («симптом скошенного луга» – сурет) деп атайды. Ауыз күтімі нашар жағдайлар папулалар жараларға айналып кетуі немесе фузоспирохетозбен асқынуы мүмкін. Бұл кезде аурудың белгілері Венсан стоматитіне ұқсайды, папулалар аймағында ауыру сезімі пайда болып, төңірегіндегі тіндерде қабына қызару белгілері қосылады. Егер папулалар езу аймағында орналасса, тұрақты жарақааттану әсерінен жайыла өсіп, теріге ауысады. Ауызды жиі-жиі ашудың нәтижесінде қалың және тығыз инфильтраттанған езу терісі мен кілегей қабығы жырылып, терең оңай қанағыш және ауырғыш тіліктер пайда болады, беттері кешікпей қанды қабықшалармен жабылады.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Екіншілік мерездің барлық кезеңдерінде аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз-элкастикалы консистенциялы болады, бір-біріне жабыспаған және сипап байқағанда ауырмайды. Барлық серологиялық реакциялар 100% оң болады.

Теріде аталған мерезбен қатар пустулезді мерез орын алуы мүмкін. Мерез папулалары бас терісіне шыққан кезде ошақты немесе жайыла шаш түсуі байқалады (очаговое или диффузное выпадение волос – alapecio areolaris).

Ауыз ішіндегі мерез папулаларын лейкоплакия ошағынан, қызыл жалпақ теміреткі папулаларынан, ауыз кандидозынан ажырату керек.

Кейбір жағдайларда ақшыл-сұр түсті папулезді мерез ошақтары көптүрлі жалқықты эритема, ауыздың дәріден аллергиялық қабынуларына тән жарақат ошақтарын еске түсіреді.

Бұл аурулар кезінде эрозиялы ошақтардың астында тығыз инфильтрат байқалмайды, кілегей қабықтың қатты қызарып ісінуі, науқастың жалпы жағдайының өзгеруі, ауызда қатты ауыру сезімінің болуы сияқты белгілер байқалады.

Тілдің үстінде орналасқан мерез папулаларын тілдің тілей қабынуы кезіндегі ошақтардан ажырата білу керек.

Кейде беті эрозияланған мерез папулаларын ауыздың қайталамалы афтозды қабынуы кезінде дамитын афталардан ажыратуға тура келеді. Афталардың консистенциялары жұмсақ болады және қатты ауыру сезімі тән, аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймауы да мүмкін.

Екіншілік мерездің қорытынды диагнозы клиникалық белгілеріне, папула беттерінен алынған қырмада бозғылт трепонемаларды анықтау, серологиялық реакциялардың (шөгу, Вассерман және бозғылт трепонемаларды иммобилизациялау реакциялары) оң болу нәтижесіне сүйену негізінде қойылады.

Үшіншілік мерез (третичный сифилис – syphilis tertaria, Lues III) немесе гуммозды мерез ауру басталғаннан 4-6 жыл өткен соң дамиды. Аурудың бұл кезеңінде ауыз кілегей қабығында және теріде бұдырмақтар (бугорки) мен түйіндер (узлы или гуммы) шығып, ауру ондаған жылдарға созылуы мүмкін.

Гуммозды ауыз кілегей қабығының кез келген аймағын жарақаттауы мүмкін, дегенмен гумма – жұмсақ және қатты таңдайға, тілге шығады, саны біреу-ақ болады ( сурет). Кілегей қабықтың терең қабатында ауырмайтын түйін пайда болып, біртіндеп көлемі үлкейе береді (3 см аса, кейде грек жаңғағының көлеміндей). Біраз уақыттан кейін орта бөлігі өліеттеніп, гумма жарылуы нәтижесінде терең, ортасында өліетті өзегі бар кратерге (шұңқырға) ұқсас терең жара пайда болады.

Пайда болған жара ауырғыш келеді, тығыз инфильтратпен қоршалған, жиегі тегіс және қаттылау, табаны ашық-қызыл түсті, ұсақ грануляциялық тінмен жабылған. Жара жазылған кезде орнында жұлдызға ұқсас тыртық пайда болады және бұл үрдіс 3-4 айға созылады, науқасты ауыру белгілерімен аса көп мазаламайды. Сирек жағдайда гумма толығымен сорылып кетеді немесе тығыз фиброзды тінмен алмасады. Гумманың мұндай ағымы ол жұмсақ таңдайда және тілде орналасқан кезде байқалады. Тілде жеке түіндер шығуы мүмкін (тілдің түінде қабынуы – узловатый глоссит) немесе жайыла склерозданып қабыну (диффузный склерозирующий глоссит) орын алуы мүмкін. Жарақаттанудың соңғы түрінде тілдің терең қабаттарында плазматикалық клеткалармен жайыла инфильтраттану байқалады, тілдің көлемі ұлғайып, тығызданады, барлық бүртіктері жойылады. Кейіннен клеткалы инфильтрат тыртықтану үрдісімен алмасады, тілдің көлемі кішірейіп және жиырлып, қозғау қиынға соғады. Тілдің үстінде ауыру тұдыратын терең сайлар, тіліктер және трофикалық жаралар пайда болады және кейде олар қатерлі ісікке де ауысуы мүмкін.

Гумма қатты таңдайдың кілегей қабығында орналасқан жағдайда іркілген-қызыл түсті тығыз инфильтрат ошағы пайда болып, аз уақыт ішінде сүйек қабы мен сүйек тіні өзгеріске ұшырауы нәтижесінде өліеттеніп, ыдырай бастайды. Мұның өзі таңдай сүйегінің тесіліп, мұрын және ауыз қуыстарының қосылуына әкеп соғады.

Мерез гуммасын қатерлі және қатерсіз ісіктерден, мишарлы-жаралы туберкулезден ажырата білу керек.

Бұдырмақты мерез (бугорковый сифилис) ауыздың кілегей қабығында сирегірек кездеседі және кез-келген аймағында топтаса шығады. Көбінесе ерін кілегей қабығында, альвеола өсіндісінде және таңдайда орналасады.

Мерез бұдырмақтары – көкшіл-қызыл түсті, ауырмайтын, диаметрлері бірнеше миллиметр, бірігуге бейімсіз, инфильтративті бөртпелер. Жарақат ошағындағы бөртпелер саны оншақты немесе одан көбірек болуы мүмкін. Бұдырмақтар ыдыраған кезде аздап қана ауыратын, кейде тіптен ауырмайтын, көлемдері әртүрлі (жасымық-чечевица көлемінен тасбұршақ көлеміне дейін) жаралар пайда болады. Олардың жиектері тығыз және тегіс, тыртықпен атрофиялаушы, бір рет бұдырмақ шыққан аймақта екінші рет бұдырмақ шықпайды. Ал туберкулез жегісі кезінде бұдырмақтар тыртық аймағына қайта шыға береді.

Бұдырмақты мерезді туберкулез жегісінен ажырата білу керек. Туберкулез жегісінің ағымы ұзақ (бірнеше жылға созылады) және бұдырмақтары жұмсақ болады. Туберкулез жегісі бұдырмақтарының ыдырауынан пайда болған жаралардың жиегі тегіс емес және жұмсақ болып келеді.

Үшіншілік мерез кезінде гумма мен бұдырмақтардан бозғылт трепонемаларды бөліп алу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан бұл кезде шешуші рөл атқаратын иммунофлюореценциялау (РИФ) және бозғылт трепонемаларды иммобилизациялау (РИБТ) реакциялары (100% жағдайда оң болады), Вассерман және тұндыру реакциялары науқастардың 50-80% оң болады.

Мерезбен ауырған адамдар арнаулы венералогиялық емдеу мекемелерде емделеді. Дәрігер-стоматолог аурудың ауыздағы белгілерімен келген науқасқа дер кезінде арнаулы зерттеулерге немесе емдеу мекемелеріне жолдама беруге міндетті.

Дата публикования: 2020-09-18 ; Прочитано: 4098 | Нарушение авторского права страницы

indicator ne demek?

indikatör

  1. Gösterge.
  2. Bk. göstergeç
  3. Gösterge
  4. Bk. gösterge
  5. Bir kimyasal titrasyonun dönüm noktasına yaklaşıldığında veya dönüm noktasında, renk değişimi gibi fiziksel görünümü değişen madde.
  6. Belirteç.
  7. Belirteç.
  8. Indicator.
  9. Indicateur

indicator amber

  1. Gösterge Kehribar Rengi

indicator board

  1. Ilan tahtası

Türetilmiş Kelimeler (bis)

© Nedir Ne Demek (NND Sözlük)
Türkçe-Türkçe, Türkçe-İngilizce,
İngilizce-Türkçe, İngilizce-İngilizce Sözlük

Тақырып: Логикалық элементтер

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Негізгі логикалық элементтер.

2. «НЕМЕСЕ – ЕМЕC» және «ЖӘНЕ –ЕМЕС» логикалық элементтер.

Дәрістің қысқаша жазбасы:

Электронды есептеу машиналарының, цифрлы өлшеуіш аспаптарының, өндірістік автоматты қондырғылардың негізінде логикалық элементтер деп аталатын қарапайым тізбектер жатады. Бұл тізбектерде ескерілетін шама — олардың кірмесі мен шықпасындағы кернеулердің бары не жоғы немесе олардың потенциалдық деңгейлері. Кернеудің бары немесе жоғарғы деңгейі «I» деп, ал оның жоғы немесе төменгі деңгейі «0» деп алынады. Осы себепті де жоғарыда аталған құрылғыларда екілік санау жүйесі қолданылады. Екілік санау жүйесін қолдану «ЕМЕС», «ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ» деп аталатын қарапайым үш түрлі тізбекті барлық логикалық және цифрлық құрылғылардың негізіне алуға мүмкіндік береді.

«ЕМЕС» логикалық элементі пайымдалған тұжырымды теріске шығару операциясын орындайды. Мұны логикалық алгебрада А= деп жазады да, «А деген В емес» деп оқиды. Ендеше нөлді бірлік теріске шығарады ( ) да, ал бірлікті нөл теріске шығарады ( ). 11.1, а-суретте «ЕМЕС» логикалық элементін транзистордың көмегімен орындау сұлбасы келтірілген. Егер кірмеге кернеу берілсе (А=1), онда транзистор ашылады да қорек көзінің кернеуі түгел дерлік Rк резисторына түседі. Сондықтан шықпада кернеу нелге тең деп алуға болады, яғни . Кірмелік сигнал жоқ кезде (А=0) транзистордың кедергісі Rк резисторының кедергісінен әлдеқайда көп болатындықтан шықпаның кернеуі шамамен қорек көзінің кернеуіне тең болады, яғни . Былайша айтқанда «А бар болса В жоқ», «А жоқ болса В бар».

«ЖӘНЕ»элементі (11.2, а-сурет) С=А×В логикалық көбейту амалын орындайды. Бұл «С айтымы дұрыс, егер А және В айтымдары дұрыс болса» деген ұғымды білдіреді. Басқаша айтқанда «С бар, егер А да жене В да бар болса». Шықпалык кернеу Rк резисторынан алынатындықтан, ондағы кернеу VТ1 және VТ2 транзисторлары анық болғанда ғана пайда болады. Ал траңзисторлардың екеуі де ашық болуы үшін А және В кірмелерінің екеуіне де сигнал беру керек. Күй кестесінен көрініп тұрғандай, С=1, егер А=1 және В=1 болса. Басқа жағдайлардың барлығында да С=0.

«НЕМЕСЕ» элементі С=А+Влогикалық қосу амалын орындайды. Бұл «С айтымы дұрыс, егер А айтымы дұрыс болса немесе В айтымы дұрыс болса» деген ұғымды білдіреді. Басқаша айтқанда «С бар, егер А бар болса немесе В бар болса». «НЕМЕСЕ» элементін диодтардың көмегімен құрған тізбекте (11.3, а-сурет) шықпалық кернеу кірмелердің біреуіне кемесе екеуіне де кернеу берген жағдайда пайда болады.

Тізбектің күй кестесінен көрініп тұрғандай С=1, егер А=1 де В=1 немесе А=1 де В=0 немесе А=0 де В=1, ал С=0, егер А=0 және В=0 болса.

11.1-сурет. «ЕМЕС» логикалық элементінің сұлбасы (а) мен күй кестесі (б) және шартты белгісі (в).

11.2-сурет. «ЖӘНЕ» элементінің электрлік сұлбасы (а) мен күй кестесі (б) жәнешартты белгісі (в).

Қарастырылған логикалық элементтерден басқа екі немесе одан да көп амалдарды орындайтын «НЕМЕСЕ—ЕМЕС» һәм «ЖӘНЕ—ЕМЕС» деп аталатын элементтер де кеңінен қолданылады.

«НЕМЕСЕ—ЕМЕС» элементінің электрлік сұлбасы, күй кестесі және шартты белгісі 11.4-суретте келтірілген. Кірмелерінде сигнал жоқ кезде транзистор жабық болатындықтан оның шықпасындағы кернеу шамамен қорек көзінің кернеуіне жуық болады, яғни А=0 және В=0 болса ғана С=1. Егер кірменің біреуіне немесе екеуіне де кернеу берілсе, онда транзистор ашылады да шықпасында кернеу шамамен нөлге тең болады, яғни С=0, егер А=1, В=1 немесе А=0, В=0 немесе А=1, В=0 немесе А=0, В=1 болса.

«ЖӘНЕ—ЕМЕС» элементінің электрлік сұлбасы, күй кестесі және шартты белгісі 11.5-суретте келтірілген. Бұл тізбекте екі кірмеге де сигнал берілген жағдайда ғана шықпада кернеу болмайды, яғни С=0, егер А=1 және В=1 болса. Қалған күйлердің барлығында да транзисторлардың біреуі немесе екеуі де жабық болатындықтан шықпада қорек көзінің кернеуіне тең кернеу болады.

11.3-сурет. «НЕМЕСЕ» элементінің электрлік сұлбасы (а) мен күй кестесі (б) және шартты белгісі (в).

11.4-сурет. «НЕМЕСЕ-ЕМЕС» элементінің электірлік сұлбасы (а) мен күй кестесі (б) және шартты белгісі (в).

«НЕМЕСЕ-ЕМЕС» һәм «ЖӘНЕ—ЕМЕС» элементтерінен триггерлерді де құрастыруға болады (11.5-сурет). Бастапқыда триггердің Q шықпасы «1» деңгейде, ал шықпасы «0» деңгейде екен делік. Бүған R, S кірмелерінде «0» деңгей сәйкес келеді. Шынында да Э1 элементінің кірмелерінде «0» болғгандықтан шықпасында «1», ал Э2 элементінің R кірмесінде «1» те, S кірмесінде «0» болғандықтан шықпасында «0» болып тұр. Триггердің S кірмесінде «1» сигнал, ал R кірмесінде «0» сигнал бергеннен оның күйі өзгермейді.

Триггердің күйін өзгерту үшін S кірмесіне «0»сигнал, ал Rкірмесіне «1» сигнал беру керек. Бұл жағдайда оның Q шықпасында «0»сигнал да шықпасында «1» сигнал пайда болады.

«ЖӘНЕ—ЕМЕС» элементтерінен тұратын триггер де осы секілді жұмыс істейді. Бірақ «НЕМЕСЕ—ЕМЕС» элементтерінен тұратын триггердің кірмелеріне бір уақытта «1»сигнал, ал «ЖӘНЕ—ЕМЕС» элементтерінен тұратын триггердің кірмелеріне бір уақытта «0»сигналын беруге болмайды. Өйткені мұндай сигналдардан тізбектің триггерлік жұмыс күйі бұзылады.

11.5-сурет. «ЖӘНЕ-ЕМЕС» элементінің электрлік сұлбасы (а) мен күй кестесі (б) және шартты белгісі (в).

Бақылау сұрақтары:

1. Логикалық элементтер қайда қолданылады?

2. «ЖӘНЕ—ЕМЕС» элементтерінен тұратын триггер қалай жұмыс істейді?

3. Екілік сигналдарды түрлендіретін қарапайым логикалық операцияларды атаңыз.

4. «Логикалық қосу» операциясын жүзеге асырытын элементтің жұмыс принципін ашып айтыныз.

5. Электрондық элементпен жүзеге асырытын логикалық функцияны қалай көрсетуге болады?

Дата добавления: 2020-09-18 ; просмотров: 7220 ; ЗАКАЗАТЬ НАПИСАНИЕ РАБОТЫ

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: