Elder Impulse System – Екілік Options көрсеткіштері

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Элементті өшіру және кірістіру

►Массив элементтерін өшіру немесе жаңа элемент кірістіруді қалай орындауға болады?

Бір өлшемді массивтен элементтерді өшіру және кірістіру

Ойлан

♦ Элементтерді массивтен қалай өшіруге болады?

♦ Массивке жаңа элементтерді қалай кірістіруге болады?

Бірөлшемді массивтен элементтерді өшіру және кірістіру сияқты амалдардың орындалуымен танысасың. Ол үшін алдыңғы тақырыптардағы жауынгерлердің сапқа тұру мысалын қарастырайық. 1.1-суретте сапта тұрған 6-жауынгердің 4-сі саптан шығып кетсе, онда 5-ші тұрған жауынгер оның орнына, ал 6-жауынгер 5-нің орнына жылжып, сапты толтырады (1.2-сурет). Бір өлшемді массив элементтері өшірілгенде басқа элементтер дәл осылай ауысып, өшірілген элементтің орнына қарай жылжиды.

2.1-суретте сапта тұрған 6-жауынгердің соңына 7-жауынгер келіп қосылды (2.2–сурет). Ал егер жауынгер соңына емес, К орынға қосылу керек болса қалай болады? Ондай жағдайда соңынан тұрған N жауынгерден бастап К-жауынгердің өзі де бір қадам оңға жылжып, К орынды босату керек. Сапқа жаңа жауынгер қосылу қалай орындалса, бірөлшемді массивке де жаңа элемент кірістіру дәл солай жүзеге асады.

Комбинаторика, ықтималдық және статистика

бет 3/9
Дата 09.09.2020
өлшемі 2.02 Mb.
    Бұл бет үшін навигация:
  • IV -тақырып . Терулер Қайталанбайтын терулер. Ньютон Биномы
  • Статисти калық бақылау
  • Қайталанбалы терулер. Анықтама .
  • Сандарды қосылғыштарға жіктеу есебі.
  • V-тақырып. Ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары Ықтималдық нені оқытады Тәжірибе және оқиға
  • Табысқа жету мүмкіншілігі. Ықтималдықтар шкаласы
  • Ықтималдықтың классикалық анықтамасы
  • Ықтималдықтың статистикалық анықтамасы
  • 19. Ықтималдықты есептеуде комбинаторика формулаларын қолдану

Жіктеуге арналған есеп. Әр түрлі n затты неше әдіспен n 1 , n 2, …, n к элементтен тұратын 1, 2, …, к топтарға бөлуге болады деген мазмұндағы комбинаторикалық есептерді мына формула арқылы шығаруға болады.

(5)
3-мысал.№1, №2, №3, №4 нөмірлі 4 өнеркәсіп бөлімшесіне 10 маманды сәйкесінше 1, 2, 3, 4 мамандар баратындай неше әдіспен бөлуге болады?

Егер комбинациядағы элементтердің реті емес, тек оның құрамы қарастырылса, онда сөз теру жайлы болады.

Анықтама. Егер п элементті жиыннан m элементтен алынған таңдамалар бір бірінен ең болмағанда бір элементпен өзгешеленетін болса, онда мұндай таңдаманы п элементтен m бойынша алынған қайталанбайтын теру деп атайды.

Бұл символымен белгіленіп, төмендегі формула бойынша есептелінеді: = (6)

1-мысал. А, В, С, D төрт элементтен 2 элементті қайталанбайтын орналастырулар және терулер санын табу керек.

Шешуі. Орналастыру формуласы бойынша n=4, m=2, = = , яғни

мұнда элементтердің орналасу реті маңызды.

Ал дәл осы элементтер үшін, яғни n=4, m=2 жағдайда, (6) формула бойынша терудің санын табуға болады

АВ АС АD ВС ВD СD

мұнда элементтердің орналасу реті маңызды емес.

Теру санын есептеуде төмендегі қасиеттерді пайдалануға болады: 1. =1

Соңғы қасиет «рекурренттік формулалар» санына жатады. Егер n=6 деп алсақ, онда . Бұл қасиетті Паскаль үшбұрышы деп аталатын сандық таблица түрінде жазуға да болады. Оның төбесі және бүйір қабырғалары 1 санынан тұрады. Ал басқа кез-келген жолдың элементтері алдыңғы жолдың сол және оң жағында тұрған сандардың қосындысына тең болып, олардың арасына жазылады.

1 6 15 20 15 6 1

1 7 21 35 35 21 7 1

1 8 28 56 70 56 28 8 1

1 9 36 84 126 126 84 36 9 1
Сонымен n=6 үшін (6 жол) және m=3 , яғни 15=5+10.

Паскаль үшбұрышындағы сандар биномдық коэффиценттер деп аталады. Бұл коэффициенттер Ньютон биномының коэффи-центтеріне тең.

2-мысал. (а+в) 9 өрнегін Ньютон биномының формуласын пайдаланып жаз.

Мұнда Паскаль үшбұрышындағы 9-шы жолдың коэффиценттері қолданылады.

Статистикалық бақылауға арналған есеп. Әдетте қандай да бір бұйымның сапасын бақылау осы бұйымның белгілі бір бөлігін тексеру арқылы жүзеге асады. Егер тексерілген бөліктің көпшілігі жарамсыз болса, онда барлық бұйымды жарамсыз деп санайды. Ал егер тексерілген бөліктің көбі жарамды болса, онда барлық бұйым жарамды. Кей кезде бұйымдарды тексеру үшін бір бірден бұйымдар алынып тексеріледі де қайта қайтарылады, мұндай жағдайда бір бұйымның бірнеше рет тексерілуі мүмкін. n әртүрлі бұйымдардан m бұйым таңдау n m әдісімен таңдалады. Ал егер тексерілген бұйым қайта қайтарылмайтын болса, онда n әртүрлі бұйымдардан m бұйым таңдап алу саны

Бұйымның сапасын тексеру үшін оның қандай да бір бөлігін алғанда мұнда олардың орналасу реті маңызды емес. Мұндай жағдайда қайталанбайтын теру формуласын пайдаланамыз.

1-мысал. Жәшікте 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 цифрлары арқылы нөмірленген 10 бұйым бар. Кез келген үш бұйымды неше тәсілмен алуға болады?

Шешуі. Мұнда алынған бұйымдардың орналасу реті маңызды болмағандықтан теру формуласы бойынша

= тәсіл бар екенін көру қиын емес.

2-мысал. Жәшікте 10 деталь бар. Оның алтауы стандартты деталь. Жәшіктен құрамында екі стандартты деталь болатындай бес детальды неше әдіспен алуға болады?

Шешуі. Есептің шартынан N=10, n=6, к=2, m=5. n=6 стандарттық детальдан к=2 стандарттық детальды әдіспен алуға болады, ал қалған үш деталь стандартты болмау керек. N-n=10-6=4 стандартты емес детальдан m-k=3 стандартты емес детальды әдіспен алуға болады. Сонымен, жәшіктен 5 детальды алу және оның ішінде 3 стандартты емес деталь болатынын көбейту ережесі бойынша табамыз. = әдіс болады.

  1. Қайталанбалы терулер.

Анықтама. п элементтерден тұратын жиыннан к элементтер көлеміндегі таңдама өзінің көлемі бойынша емес, құрамы бойынша өзгешеленетін (кем дегенде бір элементімен) таңдаманы қайталанбалы терулер деп атайды.

Мұндай қайталанбалы терулер саны символымен белгіленеді және төмендегі формуламен есептеледі.

1-мысал. Гүлдер сататын дүкенде үш түрлі гүл бар. Әрқайсысында 5 гүлден болатын әр түрлі неше гүл шоғын алуға болады?

Шешуі. Гүл шоғындағы бір сортты гүлдердің түрлері қайта-ланып,гүлдердің орналасу реті ескерілмейтіндіктен, біз қайталанбалы терулер формуласын пайдаланамыз. Қарастырылып отырған жиын 3 элементтен тұрады, ал таңдама (гүл шоғы) 5 элементтен тұрады, яғни гүлдер шоғының саны – 3 элементтен 5-тен алынған терулер саны , яғни n=3, k=5 болады, (7) формула бойынша

әртүрлі гүлдер шоғын алуға болады.

              1. Сандарды қосылғыштарға жіктеу есебі. Қайталанбалы терулер санының формуласы арқылы мынадай есепті шығаруға болады: қосылғыштар ретін есепке ала отырып қанша әдіспен натурал n санын к натурал санының қосындысы түрінде жазуға болады?
              2. Қарастырылып отырған натурал n санын к натурал қосылғыштарға жіктеу сұрағы мынадай сұраққа эквивалентті: х12+…+хк=n теңдеудің неше оң шешімі болады?

әрбір (х1, х2,…,хк) шешім А = жиынындағы n элементтен құралған таңдама қайталанбалы теру болып табылады.

Мұндай таңдама санын (7) формула арқылы есептейміз.

Бір есепті шешкенде комбинаториканың бірнеше формуласын қолдануға тура келеді.

1-мысал. 1, 2, 3, 4, 5 цифрларынан цифрлар қайталанбайтын үш таңбалы сан құрастыру керек. Сол сандардың ішінде а) 2-ге еселі, б) 3-ке еселі қанша сан бар?

Шешуі. а) Осы цифрлардан құрылған сан екіге еселі болу үшінол 2-ге немесе 4-ке аяқталуы керек. 2-ге аяқталады делік. Онда алғашқы екі цифрды қалған 4 цифрдан тәсілімен табуға болады. Дәл осылай, егер үш таңбалы сан 4-ке аяқталатын болса, онда алдыңғы екі цифр тәсілмен алынады. Енді комбинаториканың қосу ережесі бойынша 2-ге еселі сандар =24 тең болады.

б) Егер санның цифрларының қосындысы үшке бөлінетін болса, онда санның өзі де үшке бөлінеді. . Бұл мынандай сандар 123, 124, 125, 134, 135, 145, 234, 235, 245, 345. Осы сандардың ішінде тек төрт санның цифрларының қосындысы үшке бөлінеді екен, бұлар 123, 234, 135, 345. 1, 2, 3 цифрларынан қайталанбайтын алмастырудың формуласы бойынша сан жазуға болады. Онда үшке еселі сандар саны

2-мысал. Кеште 12 қыз бала және 15ұл бала болды. Осылардан биге неше әдіспен 4 жұп алуға болады.

Шешуі. 4 кыз баланы әдіспен таңдап алуға болады. Ал ұл балалар әдіспен таңдаалады (мұнда таңдалу реті де ескеріледі). Сонымен биге =495×32750 = 16216200 әдіспен алуға болады.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

V-тақырып. Ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары

  1. Ықтималдық нені оқытады? Тәжірибе және оқиға

Ықтималдықтар теориясы тек кездейсоқ оқиғалар және олардың пайда болу мүмкіндіктерін қарастыратын математиканың бір бөлімі болып табылады. Сонымен қатар, ықтималдықтар теориясы қандай да бір оқиғаның шығуын алдын-ала анықтай алмайды, бірақ оның көмегімен көп рет қайталанған оқиғаның заңдылығын анықтауға болады. Оқиғалар 3 түрге бөлінеді: ақиқат, мүмкін емес және кездейсоқ.

Тәжірибе барысында міндетті түрде орындалатын оқиғаларды ақиқат оқиғалар деп атайды.

Тәжірибе кезінде пайда болмайтын оқиға мүмкін емес оқиға деп аталады.

Тәжірибе барысында орындалуы да, орындалмауы да мүмкін оқиға кездейсоқ деп аталады.

Оқиғалар латын алфавитінің бас әріптерімен А, В, С. арқылы белгіленеді.

Тәжірибе барысында екі оқиғаның бірі пайда болып, екіншісі пайда болмайтын оқиғалар үйлесімсіз деп аталады.

Тәжірибе кезінде мүмкін оқиғалардың әйтеуір біреуінің пайда болуы ақиқат болса, онда оқиғалар жалғыз мүмкіндікті оқиғалар деп аталады. Егер А, В, . М. оқиғалары жалғыз мүмкіндікті болса, онда олар толық топты құрайды. Егер жалғыз мүмкіндікті екі оқиға толық топты құраса, онда олар қарама-қарсы оқиғалар деп аталады. А оқиғасына қарама-қарсы оқиғаны деп белгіленеді.

«Тәжірибе» мен «оқиға» ұғымдарының айырмашылығын қарастырайық. Өмірде, тұрмыста, ғылымда жүргізілетін бақылаулар, сынақтар, экспери-менттерді тәжірибе деп атаймыз. Тәжірибенің нәтижесі оқиға болады.

1-мысал. Теңге бір рет лақтырылады. Бұл тәжірибе. Тәжірибенің нәтижесі оқиға болып есептеледі.

А оқиғасы – елтаңба жағының шығуы.

В оқиғасы – цифр жағының шығуы. Мұнда А және В үйлесімсіз (тоғыспайтын), қарама-қарсы оқиғалар және толық топ құрайды.

2-мысал. Жәшікте тек ақ шарлар бар. «жәшіктен ақ шар алу» – бұл ақиқат оқиға, ал «жәшіктен қара шар алу» – бұл мүмкін емес оқиға.

3-мысал. Жәшікте ақ, қара және қызыл шар бар. Бір шар алынады. Бұл тәжірибе болса, ал тәжірибенің нәтижесі мынадай оқиғалар болуы мүмкін.

А –ақ шар алынды.

В – қара шар алынды.

С – қызыл шар алынды.

Бұл оқиғалар үйлесімсіз оқиғалар және толық топ құрайды. Бірақ бұл оқиғалар қарама-қарсы оқиғалар бола алмайды. Қарама-қарсы оқиғаларда тек екі оқиға толық топ құрастырады. Ал біз қарастырып отырған жағдайда үш оқиға бар.

  1. Табысқа жету мүмкіншілігі. Ықтималдықтар шкаласы

Кездейсоқ оқиғаның орындалуы да мүмкін, орындалмауы да мүмкін. Оның орындалу мүмкіндігі әртүлі болады. Табысқа жету мүмкіншілігін оқиғаның орындалуы барысында оның жиілігі бойынша салыстырылады.

Анықтама. Мүмкіншіліктің (шанстың) мән-мағынасын бөлшек сан ретінде қарастыруға болады. Оның алымы – орындалған оқиғалар саны, ал бөлімі барлық жағдайлар санын көрсетеді.

1-мысал. Жәшікте 5 ақ шар және 10 қара шар бар. Бір шар алынады.

A – ақ шар алынды

B – қара шар алынды

C – қызыл шар алынды

D – ақ немесе қара шар алынды. Аталған оқиғалардың шығу мүмкіндіктерін тап.

Шешуі: Жәшікте барлығы 15 шар. Сонда оқиғаның болу мүмкіндіктері төмендегідей болады.

A – 15- тен 5 мүмкіндік, демек бөлшек түрінде

B – 15– тен 10 мүмкіндік, демек бөлшек түрінде

C – 15– тен 0 мүмкіндік, демек бөлшек түрінде

D – 15– тен 5+10=15 мүмкіндік, демек бөлшек түрінде

Мұнда А және В оқиғасы кездейсоқ. С – мүмкін емес оқиға, D – ақиқат оқиға. Көріп тұрғандай ақиқат оқиғаның мүмкіндігі 1– ге тең, мүмкін емес оқиғаның мүмкіндігі 0– ге тең, ал кездейсоқ оқиғалардың мүмкіншілігі 0 мен 1 аралығында орналасқан. Сонда ықтималдар шкаласында былай көрсетуге болады.

Мүмкін емес кездейсоқ ақиқат

0 1
2-мысал. 36 ойын картасының топтамасынан бір карта суырылып алынады. Оның келесі оқиғаларда орындалу мүмкіндігін анықтау немесе оны ықтималдар шкаласына орналастыру керек.

A – бұл карта тұз болады

B – бұл карта король болады

C – бұл карта қызыл түсті болады

D – бұл карта қарға болады

E – бұл карта алтылық болады

Шешуі. Оқиға үшін табысқа жету мүмкіншілігін анықтайық.

А – 36-дан 4 мүмкіндік, яғни

В – 36-дан 4 мүмкіндік, яғни
C – 36-дан 18 мүмкіндік, яғни

D – 36-дан 9 мүмкіндік, яғни

E – 36-дан 4 мүмкіндік, яғни

Онда ықтималдық көрсеткіште келесі реттілікпен олар солдан оңға қарай орналасқан: В, А және Е, D, С.

Мына мысалды қарастырайық. Жәшікте 6 стандартты және 4 стандартты емес зат бар. Жәшіктен бір зат алынған. Стандартты затты алу мүмкіндігі стандартты емес затты алуға қарағанда көп екені айқын. Бұл мүмкіндікті сипаттайтын сан ықтималдық деп аталады.

Анықтама. А оқиғасының ықтималдығы дегеніміз – осы оқиғаға қолайлы жағдайлар санының барлық жағдайлар санына қатынасы.

А оқиғасының ықтималдықтығы былай белгіленеді Р(А). Сонымен,

Кез – келген А оқиғасының ықтималдығы келесі шарттарға тәуелді:

2. егер А – мүмкін емес оқиға болса

3. егер А – ақиқат оқиға.

Сонымен жоғарыда келтірілген мысалда «бір детальді алу» оқиғасының орындалуының мүмкін саны 10– ға тең, яғни N=10. А –«Стандартты детальды алу» – оқиғасының орындалу саны 6- ға тең, яғни m=6. Онда А – оқиғасының ықтималдығы тең. Дәл сол сияқты В – «стандартты емес детальды алу»- оқиғасының ықтималдығы тең.

1-мысал. Үш теңгені лақтырғанда «елтаңба» шығу ықтималдығын табу керек: а) бір рет; б) екі рет; в) үш рет; г) ешқандай.

Шешуі: Үш теңгені лақтырғандағы барлық мүмкін оқиғалар саны 2×2×2=8. Бұл ЕЕЕ, ЕЕС, ЕСЕ, СЕЕ, ЕСС, СЕС, ССЕ, ССС.

а) А – “Елтаңба бір рет түсу” оқиғасының орындалу саны m=3, сонда .

б) Дәл осылай В – «елтаңба екі рет түсу» оқиғасының орындалу саны m=3, сонда .

в) С – «елтаңба үш рет түсу» оқиғасының орындалу саны m=1, сонда Р(С)= .

г) D – «елтаңбаның кем дегенде бір рет түсу» оқиғасының орындалу саны m=7, сонда Р(D)= . Мұнда ССС шығу оқиғасы қарастырылмайды.

Қандай да бір оқиғаның ықтималдығын анықтау үшін оның орындалу жиілігін санау керек.

Жүргізілген n экспериментте берілген оқиға қанша рет орындалғанын абсолюттік жиілік көрсетеді.

Эксперименттің қандай үлесінде оқиғаның орындалғанын салыстырмалы жиілік не жиілік көрсетеді, ол абсолюттік жиіліктің эксперимент санына қатынасы.

Оқиғаның орындалу жиілігі мен ықтималдығын ажырата білу керек. Ықтималдық туралы сөз болғанда n – барлық оқиғалар саны, m – қарастырып отырған оқиғаның орындалу саны. Ал жиілік жайлы айтылғанда, n – барлық жүргізілген тәжірибе саны, ал m – оқиғаның пайда болу саны.

1-мысал. Жәшіктегі 20 шардың 15 -і ақ түсті болсын, онда жәшіктен алынған шар ақ болу ықтималдығы = тең болады. Егер осындай 10 тәжірибе жүргізіліп ақ шар 7 рет шықса, онда ақ шардың шығу жиілігі тең болады.

Басқаша айтқанда оқиғаның жиілігі статистикалық ықтималдық деп аталады. Осы екі әр түрлі ұғымдардың тәуелділігі үлкен сандар заңы деп аталады. Мұнда кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы ретінде көптеп жүргізілген тәжірибенің салыстырмалы жиілігін алуға болады. Тәжірибе неғұрлым көп жүргізілсе жиілігі бойынша оқиғаның ықтималдығын соғұрлым нақты анықтауға болады.

2-мысал. Ойын сүйегі 50 рет лақтырылды. Эксперименттің нәтижелерін кестеге енгізейік. Абсолюттік және салыстырмалы жиіліктерді есептейік.

Құрылған кестені пайдаланып абсолюттік және салыстырмалы жиіліктердің қасиеттерін анықтау керек.

Шығу Абсолюттік жиілік Салыстырмалы жиілік
1 ұпай түсті 9 0,18
2 ұпай түсті 6 0,12
3 ұпай түсті 8 0,16
4 ұпай түсті 11 0,22
5 ұпай түсті 9 0,18
6 ұпай түсті 7 0,14
Эксперименттің барлық саны 50 1

1-қасиет. Абсолюттік жиіліктің қосындысы эксперимент санына тең.

2-қасиет. Салыстырмалы жиіліктің қосындысы 1-ге тең.

19. Ықтималдықты есептеуде комбинаторика формулаларын қолдану

Комбинаторика элементтерін пайдалану арқылы ықтималдықты табуға мысалдар қарастырайық.

1-мысал. Жәшікте 1, 2, 3, 4, 5 нөмірлі 5 шар бар. Жәшіктен бір шар алынады да оның нөмірі белгіленіп, қайта жәшікке қайтарылады. Содан кейін жәшіктен екінші шарды алып оның да нөмірін белгілеп қайта жәшікке салынады. Жәшіктен үшінші шар алынады. Алынған шарлардың нөмірлерінің әр түрлі болу ықтималдығын табу керек.

Шешуі. Шарлар жәшікке қайтадан салынатын болғандықтан олар қайталануы мүмкін. Сондықтан n= =5 3 =125. Алынған үш шар әр түрлі нөмірлі болып қайталанбайтын орналастыру формуласы бойынша есептеледі. m= . Сонымен Р(А) =

2-мысал. Жәшікте 1, 2, 3, 4 цифрларымен нөмірленген 4 шар бар. Жәшіктен бір-бірден барлық шарлар алынады. Шарладың нөмірлерінің өсу ретімен алыну ықтималдығы қандай?

Шешуі. Жәшіктен шарлардың бір-бірден алыну саны

n= P(4)=4!=1×2×3×4 =24 тең, тек осы 24 оқиғаның біреуі ғана есеп шартын қанағаттандырады. Демек Р (А) = .

3-мысал. 10 бұймнан тұратын тауарлар партиясы бар, оның ішінде 3 сапасыз тауар бар. Тауарды тексеру үшін 6 бұйым алынса, соның ішінде 2 бұйым сапасыз болу ықтималдығы қандай?

Шешуі. Есептің шартынан N=10, n=3, m=6, к=2. «N бұйымнан т бұйым алу» оқиғасының барлық мүмкін болатын саны – тең.

«алынған m элементтің ішінде сапасыз к элемент болатын» оқиғаны А арқылы белгілеп, оның мүмкін санын табайық. n бұйымнан к сапа-сыз бұйымды алу әдісімен табылады. Қалған m-k сапалы бұйым N-n сапалы бұйымнан алынады. Мұны әдісімен табуға болады. Сондықтан көбейту ережесі бойынша А оқиғаның орындалу саны . Ізделінді ықтималдық мына формула арқылы табылады

Дістемелік нұсқаулар 2 страница

Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн.

Биологияда, медицина мен психологияда қаншама түсініксіз жайлар бары таңқаларлық. әрине, адам миының жұмысын түсіндіру қиын: 15 миллиард жүйке жасушалары бар, олардың әрқайсысы мыңдаған, тіпті миллиондаған басқа жасушалармен байланысқан және жүйелі жұмыс атқарады. Адам гендерінде не жазылғанын оқу да оңай емес.

Адам үшін денсаулықты сақтап қалу – мақсат. Дәмді тамақтану – мақсат, әрекет жасау – мақсат. Мақсаттар көп, ал уақыт пен күш шектеулі. Таңдауға тура келеді. Мақсаттар бәсекеге түседі. Қажеттісі қайсы: өкпе рагінен өлмеу ме, не болмаса қыздардың алдында сигарет тартып кербездену ме? Әрине, өлмеу екені сөзсіз.

Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі – жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.

Екінші кемшілік – қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу – аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.

Үшінші кемшілік – қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің ауырулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе көргені үрейлендіреді.

Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп, рахаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, яғни қанағат алуды асыра сілтесе, оның көлемі тым көбейіп кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рахатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.

Денсаулық – ауруларға қарама қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі – бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі – сол мақсатқа “организмнің табиғи қорғаныс күштерін” жұмылдыру арқылы жету. әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды. Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді.

Мемлекеттік барлық құрылымдардың тікелей қатысуын талап ететін маңызды мәселенің бірі – салауатты өмір салты. Ол адамдардың өздері шеше алатын, өз қолдарынан келетін жұмыс. Ендеше, әр адамзат өз денсаулығына жауапты болып, оны әрі қарай нығайтып, шыңдағаны дұрыс. Ал қай адамның болсын өз өмірін бақытты етуге толық мүмкіндігі бар. Өмір қуанышын сезініп, мақсаттарға жету үшін саналы сезім, саралы ой қалыптастыруы қажет. Өз дене бітімінің дұрыс жетілуіне, өзін-өзі сергек сезінуге, ақыл ойын, сана сезімін тәрбиелеуге жағдайлар туғызуға міндетті.

Денсаулық сақтаудың бүкіл дүниежүзілік ұйымы денсаулықты жақсарту бағдарламасын жасауды 1978 жылдан бастап ұсынған. Бағдарлама жоспарлары жасалып, бірнеше жыл талданды. Ал денсаулық нығайту қозғалысын іс жүзіне асыруда мектептің атқаратын рөлі өте үлкен. Сол себепті 1994 жылы “Денсаулықты нығайту мектептерінің” негізін салып, жобасын жасады. Бұл мектептің жұмысы санитарлық-ағарту бағдарламалары және орта мектептің тәрбиелік іс шараларымен ұштасып жатуы керек. Алғаш рет жасалған жоба, Венгрия, Чехия, Словакия және Польшада сынақтан өтті. Одан соң Еуропалық комиссия, Еуропалық кеңес және денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының халықаралық келісімі бойынша аталған жобаны дамыту бекітілді және “Денсаулықты нығайту мектептерінің” еуроплық торабына мүше болуға жол ашылды. 1997 жылы оған 37 ел енді. Қазір көптеген елдер Еуропалық тораптың жобасын іс жүзінде орындауға кіріскен.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа “Қазақстан – 2030” жолдауына сәйкес біздің елде де адам денсаулығының ең маңызды, ең басты екендігі жарияланып, жаппай салауатты өмір сүруге жағдайлар жасалуда. Осы игілікті істің айғағы – денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта құру арқылы мектептегі адамдардың барлығын салауаттылыққа жеткізу жұмыстарының басталуы.

“Денсаулықты нығайту мектебінің бағдарламасының жобасын 1999-2000 оқу жылынан бастап сынақтан өткізуші мектептер саны көбейді. Сонымен мектепте денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мәселелер жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіле бастады.

Денсаулықты нығайту мектебінің мақсаты – денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін жағдайлар туғызу арқылы оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оған баулу. Сондай-ақ мектеп қызметкерлерінің өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру. Шешетін мәселелер:

– денсаулық бағдарламасы мәселелерін шешуге кірісу;

– мектептегі сынып бөлмелерін дұрыс бөлу, оқушының бос уақытын өткізуге арналған алаңдарды жөндеу, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру арқылы оқыту кезеңінде қоршаған орта саулығын сақтау;

– жекелеген адамдардың отбасында немесе жалпы қоғамда денсаулықты қорғауда жауапкершілігін туғызу;

– салауатты өмір салтын сүруге оқушылар мен қызметкерлеріне нақтылы жағдай және мүмкіндіктер жасау;

– барлық оқушыларға өз жаратылысының, психикасының, әлеуметтік жағдайының ең жоғары дәрежедегі мүмкіндіктерін көрсетуіне жағдай жасау;

– денсаулықты нығайту жолында және мектеп ұжымының денсаулығын қауіпсіздендіруде анық мақсат қоя білу;

– оқушылар мен мектеп мұғалімдерінің және оқушылардың өз арасында, сондай-ақ олардың үйімен, қоғамдастықтармен ара қатынасын нығайту;

– қолда бар ресурстарды денсаулықты нығайту жолында дұрыс қолдана білу;

– медициналық – санитарлық оқыту бағдарламасының жобасын дайындау;

– білім алуды және денсаулығына қатысты дұрыс шешім қабылдауға қажетті дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ету, қоршаған ортасын сақтауды үйрету;

– оқушылардың өз денсаулықтары туралы мәліметтер деңгейін арттыру және медициналық-санитарлық оқытуларды дұрыс жолға қою мақсатында мектептің медициналық-санитарлық жұмыстрына кеңінен жол ашу.

Жас жеткіншектердің денсаулығы күннен-күнге нашарлап, соңғы кезде ауру – сырқаулардың саны көбеюде. Бұған генетикалық – тұқым қуалаушылық аурулардың әрі қарай бағыт алуы, адамдардың денсаулық сақтау білімдерінің төмендігі, әсіресе, ақша табу жолында жанын аямай, демалуды ұмытып, өзіне – өзі көңіл бөлмейтіндіктері себеп. Міне, осындай түсінбеушілікті жойып, сана-сезімі жоғары, білікті, тез шешім қабылдайтын және әртүрлі жағдайдан өзін алып шыға алатын азамат даярлау мақсатында мектептерге “валеология – денсаулықты қалай сақтауға болады” бағдарламасы енгізілді.

Ал бұл жұмыстардың нәтижесі үнемі талқыланып, жинақталып отырады. Соның арқасында:

– оқушылардың денсаулық топтары анықталды, оқу үрдісінде әр балаға қалай көңіл бөлу керектігі ескертілді;

– жас жеткіншек қыз балаларды микроэлементтер, әсіресе Р.Р.-витаминдік жетіспеушілік анықталды.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын.

Педагогикалық салауаттанудың даму негіздеріне тоқталайық. 1980 жылы орыс ғалымы И.И.Брехман денсаулық жөніндегі жаңа ғылымның негізін жасау қажеттігін ұсына отырып, қолданысқа “валеология” терминін енгізді. “Валеология” (латын тілінен аударғанда valeo – денсаулық, “дені сау болу”, logos- ілім, қазақша салауаттану) – дені сау адамның денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым.

Әдетте адам денсаулығы жөнінде сөз қозғағанда, ол адам организмінің жай – күйін бақылап, оның саулығын сақтауды және оны нығайтуына жағдай жасайтын, ауруды сауықтыратын, ауру түрлерінің алдын алуды өз міндеті ретінде дәрігерлердің зерттеу нысаны деген түсінік туады.Бірақ валеолог – ғалымдар “салауаттануды адам денсаулығы және салауатты өмір жөніндегі ғылым” деп атап көрсете отырып, бұл медициналық емес, педагогикалық ғылым деп тұжырымдады. Солардың бірі – Л.Г.Татарникова өз зерттеуінде салауаттануды салауатты өмір сүру салтына деген профилактикалық сананы қалыптастыруға, әрбір тұлғаның денсаулығын және оның құндылықты көзқарасын дамытатын, тұрақты мінез-құлқын қалыптастыратын негізгі әлеуметтік институт – отбасының беделін қалпына келтіруге жетелейтін педагогикалық гуманистік білімнің маңызды бөлшектерінің бірі тұрғысынан қарастырды. В.П.Петленко салауаттануды адамның өз денсаулығын нығайтудағы өзіндік күш жігері мен жеке даралығының дамуына мүмкіндік жасайтын ғылым деп есептеді.

1997 жылға дейін ғылым аясында, салауаттанудың қандай ғылымдар жүйесіне жататын, оның жеке ғылым ретінде қарастырылу құқығының бары немесе жоқтығы жөнінде пікірталастар жүріп отырды. Р.Артоманов және В.В.Колбанов салауаттануды идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне сын айтады: “Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез келген ғылымның дамуына басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан салауаттануды жасауда қолданылған ғылыми тұжырымдаманың қалыптасуына үлес қосқан клиникалық медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың, биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы қатарлы ғалымдар мен практиктерінің рөлін ұмытқанымыз жөн болмас”.

Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И.И.Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың және басқа да ғылымдардың қосатын үлестерін “синтездеп”, денсаулыққа тіке жол салуы керек деген тұжырым айтады.

В.Д.Санькин және В.В.Зайцев салауаттануды физиологияға, гигиенаға, психологияға, педагогикаға, антропологияға, сондай-ақ адамның физикалық және психологиялық қабілеттіліктерін, олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани денсаулығын нығайту мақсатындағы оларды жетілдірудің тәсілдерін зерттейтін басқа да адам жөніндегі ғылымдарға негізделген, адам денсаулығы және дені сау адам жөніндегі кешенді ғылым деп түсінеді.

Салауаттану негізінен қазіргі таңда қалыптасу сатысында. Қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде салауаттану гигиенамен және саналогиямен жарыса дамыды деуге болады. Салауаттанудың даму және қалыптасу кезеңдерін зерттеген еңбектерге сүйене отырып, даму тарихына мына нұсқа бойынша шолу жүргізуге болады.

Салауаттанудың даму кезеңдері.

I кезең – классикалық кезең адам денсаулығының маңыздылығы, оны алдын ала сақтау қажеттілігі жөніндегі ой-пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Әбу Әли Ибн-Сина және тағы басқа).

II кезең – клиникалық медицина тәжірибелерінің қорытындысы – адам организмінің ауру түрлерінің, олардың себептері, емдеу жолдарының зерттелуі, сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.

III кезең – гигиеналық медицина тәжірибелерінің қорытындысы. Ауру түрлерінің алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты әлеуметтік, гигиенелық, психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау және нығайту іс-әрекеттері жүйесін жасау жөніндегі ғылыми түсініктер дамиды.

IV кезең – саналогия ілімінің дамуы. Организмнің ауру түрлеріне қарсы күресудегі мүмкіндіктері мен күресу тәсілдері анықталады.

V кезең – салауаттану – дені сау адамның денсаулығын сақтаудың, нығайтудың заңдылықтарын, тәсілдері мен тетіктерін зерттеу жөніндегі ғылым. Кезінде Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037ж.) өзінің “Дәрігерлік ғылым ережелері” еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту екенін атап көрсеткен болатын.

Алайда медицинада дені сау адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды емес, көп жағдайда ауруды емдеуге, сауықтыруға көңіл бөлінді.

XX ғасырда туындаған экологиялық қолайсыздық, тиімді өндірістік технологияның дамуы, жұмыссыздықтың көбеюі немесе әлеуметтік теңсіздік, тағы басқа нысандық факторлар адамның түрлі психикалық адамгершілік –рухани және тағы басқа күйлерінің тепе-теңдігінің бұзылуына себепші болды. Адамның өмір салтынан туындайтын осы себептерге байланысты қоғамда адам өлімі, психикалық күйзелістер, ауру түрлері жоғары көрсеткішке жетті.

Медицинаның әлеуметтік, гигиеналық, психологиялық, психопрофилактикалық бағыттарында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі өркениет дәуіріндегі адамдардың денсаулығының нашарлау себептерін анықтап, психогенді және психосоматикалық аурулардың (гипертония, қан тасуы, асқазан жарасы, жүрек ауруларының) алдын алуда адам организмінің түрлі аулуларға қарсы тұруының ішкі мүмкіндігін жетілдіру жағдайын зерттеу мәселесін алға қояды.

Осы бағытта С.М.Павленконың адам организмінің гоместаздық күйін сақтау және кездейсоқ тітіркендіргіштер әсерінен физиологиялық қызметінің бір түрінің (қанайналым, тынысалу, температураның қалыптылығы және тағы басқа) бұзылған жағдайында оны қалпына келтіру тетіктерінің заңдылығын зерттейтін – “санология” ілімі дамыды. Бірақ адам денсаулығын сақтауда, оны нығайтуда, ауру түрлерін алдын алуда санология ілімінің ғылыми негіз бола алатынын дәлелдей отырып, И.И.Брехман “салауаттану” ғылымының негізін ұсынған болатын. Ол “санология” ұғымының мазмұнын аша отырып, оның денсаулық жөніндегі ғылым емес, сауықтыру жөніндегі ілім екенін және келешекте ол жаңа ғылым – салауаттанудың маңызды салаларының бірі ретінде (клиникалық салауаттану) жаңа бағытта дамуы керектігі жөніндегі пікірін дәлелдеді.Г.А.Апанасенко салауаттанудың жеке қарастырылу құқығын сараптай отырып, гигиена мен медициналық салауаттануды жеке екі түрлі ғылым ретіндегі ерекшеліктерін көрсетеді. Олардың зерттеу нысандары мен пәндерінің, мақсаттарының әсер ету деңгейлерінің, практикалық маңыздылықтарын, әдіснамалық негіздерінің айырмашылықтарын ажыратып берді. Г.А.Кураевтың, С.К.Сергеевтің, Ю.В.Шленовтың анықтамалары бойынша салауаттану – сыртқы және ішкі ортаның өзгермелі факторларының әсер етуі жағдайында, адамның физикалық, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік мәдени дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін және денсаулығын сақтайтын организмнің гигиеналық және физиологиялық мүмкіндіктері жөніндегі ғылым. Салауаттану адам денсаулығын сақтауда әлеуметтік қажеттіліктен дамыған. Оның негізін организмдер жүйесінің динамикалық мүмкіндіктері және тұтас организм жөніндегі түсініктер құрайды. Салауаттанудың міндетіне адам организмнің жүйелерінің қызметін, оның жеке физиологиялық ерекшеліктерін ескере отыру негізінде сақтау және үйлестіру жатады.

А.А.Семенов салауаттанудың басқа ғылымдардың бір саласы ретінде қаралуының себебін, оның өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Ол ерекшеліктерге:

– салауаттанудың бірнеше ғылымдардың түйіскен жерінде пайда болуын;

– салауаттанудың денсаулықты сақтау және нығайту аясындағы кез-келген ғылымның жетістіктерін губка секілді өзіне сіңіру қасиеттерін жатқызады.

Б. Махамбетованың пікірінше, салауаттану – қоғамның денсаулық жағдайын игере алмауына, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін денсаулықтың сақталуына және нығаюына қолданбауынан дүниеге келіп отыр.

Е. Е. Лунина салауаттану жөніндегі ғылыми еңбектерді сараптай отырып, оны медициналық және педагогикаға жіктесе, Е. И. Вайнер салауаттануды қазіргі даму сатысында сараптай отырып, оның жалпы медициналық, педагогикалық, жас ерекшелігі, диференциалды, кәсіби, арнайы отбасылық, экологиялық, әлеуметтік бағыттарын ажыратады.

Салауаттанудың негізгі сатысы тұлғаның даму үрдісіндегі жеке денсаулығы мен денсаулық мәдениетін тәрбиелеуге қатысты. Сондықтан ғалымдар медициналық және педагогикалық салауаттану арасындағы стратегиялық және тактикалық айырмашылықтары негізінде түсіндіруге көбірек ден қояды. Н. Мырзаханұлының пікірі бойынша педагогикалық салауаттанудың зерттеу нысаны – дені сау адам, дені сау ұжым болса, медициналық салауаттануда болмысы – “үшінші жағдаяттағы” адамдар. Үшінші жағдаяттағы адамдар – бұл не ауру, не сау еместер.

“Салауаттану” ғылымының мазмұнына берілген түсініктемелерді талдай отырып, салауаттану – адам денсаулығын, орны сақтау мен нығайту жолдары жөніндегі ғылымаралық бағыт деп түсінеміз. Оның неізгі міндеті – салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәнін ашу мен оны қалыптастырудың барлық заңдылықтарын зерттеу. Т. Қ. Мұстафина сөзімен айтқанда, “салауаттану – денсаулықты басқыру ғылымы”. Салауаттану – медицина, экология, биология, әлеуметтану, педагогика, психология, физиология, гигиена ғылымдарының ортасынан шығатын денсаулықты қалай басқарудың заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін нұсқаушы ғылым.

Осылардың ең маңыздысы ретінде жас ұрпақты салауатты өмір салты рухында тәрбиелеудің нақты іс-шараларын ұйымдастыруды қосады. Сондықтан, денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту жолдарын нұсқау арқылы, жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу педагогикалық салауаттанудың міндетіне жүктеледі.

Е.Е.Лунина педагогикалық салауаттануды салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған білім беру үрдісінің субъектілерінің біріккен іс-әрекетінің жүйесі деп анықтайды.

Э.И.Вайнер “педагогикалық салауаттану дамуының түрлі жас ерекшелігі кезеңдеріндегі денсаулыққа және салауатты өмір салтына орнықты өмірлік мақсат тұрғысынан қарайтын адамды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейді” деп анықтама береді.

Педагогикалық салауаттану бағытында бүгінгі таңда көптеген ғалымдар мен зерттеушілер жұмыс жүргізуде, мысалы ТМД елдері бойынша:

– негізгі мектептер оқушылардың салауатты өмір салты ұғымдарын қалыптастыруы (А.П.Голобародка және тағы басқа);

– салауаттану бойынша білім бағдарламаларын жасау (Г.К. Зайцев, Н.Б.Колбанов, М.Г.Колесникова және тағы басқа);

– педагогикалық іс-әрекет стратегиясының салауаттанулық негізін анықтау (Н.Б.Закарович және тағы басқа);

– физикалық және рухани салауатты тұлғаны қалыптастырудың шарты ретінде мектепте салауаттанулық қызмет жүйесін ұйымдастыру мәселесі (Л.А.Каратаева және тағы басқа);

– мектепке дейінгі ересек балалардың салауаттанулық тәрбиесінің педагогикалық негізін анықтау (С.А.Корочкина және тағы басқа);

– қазіргі таңдағы мектеп оқушыларының салауаттанулық көзқарасын қалыптастыру (В.В.Кожанов және тағы басқа);

– сыныптарда биологияны оқытуда салауаттанулық біліктіліктері мен іскерліктерді қалыптастыру мүмкіндіктері (О.Колоиц және тағы басқа);

– жаңа типті білім беру мекемелерінде оқушылар тұлғасының салауаттанулық тәрбиесінің теориясы мен практикасы Н.Н.Волков және тағы басқа көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болды.

Салауатты өмір салтын үздіксіз қалыптастыру ұлттық білім беру жүйесі үлгісінің құрылымына сәйкес жүзеге асырылады. Осы негізде Қазақстандағы педагогикалық салауаттанудың бағыттарын анықтауға болады:

– балалар денсаулығын сауықтыру орталықтары және денсаулық мектептері;

– кешенді сауықтыру бағдарламалары;

– салауаттанулық білім беру бағдарламаларын, оқу әдістемелік кешендерін әзірлеу және оларды іс-тәжірибеге ендіру.

2.Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру

Қазіргі таңда оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру мен денсаулығын қалыптастыру өзекті жалпы педагогикалық проблема болып отыр.

Бәрімізге мәлім, бүгінгі таңдағы кең таралған түрі «мектеп ауруларының» басты себебі – авторитарлық – репродуктивтік тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі. Осы заманға мектеп жүйесі жас ерекшелігі физиологиясы мен психологиясының ғылыми негіздері мен гигиена, валеология талаптарына сай емес. Мысалы, 1-сыныпта мектепке үйрену және негізгі мектепке өтуде көпшілік балалар үшін ауыр және бұл жағдай олардың функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеп соғады. Нәтижесінде үйрену тәсілдерінің таусылуы, үнемі шаршап, қажудың пайда болуы оқушылардың ауруларын көбейтеді. Баланың сабақ кезінде бір орнында тапжылмай ұзақ отыруы, оның үнемі стресс жағдайында болуы баланың психикалық саулығына көптеген зиянын тигізеді.

Дата добавления: 2020-10-13 ; просмотров: 1530 ; ЗАКАЗАТЬ НАПИСАНИЕ РАБОТЫ

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: