ColouredWoodie – Екілік Options көрсеткіштері

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Графиктік әдістің негізгі түрлері

Статистикада графиктік әдіс төмендегі мәселерді шсшуде қолданылады: 1)статистикалық көрсеткіштерді салыстыру; 2) зерттелетін жиынтықтың құрамы мен құрылымын сиппаттау; 3) уақыт мерзіміне сәйкес құбылыстағы болған өзгерістердің өсіңкілігін бақылау; 4) құбылыстардың өзара байланыстылығын білу; 5) кеңістіктегі орналасуын және таратпалық дәрежесін анықтау үшін.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарына сай жэне кеңістіктін бағытына байланысты графикалық әдіс диаграмма және картограмма болып негізгі екі түрге бөлінеді. Сонымен қатар, сәтіне, міндетіне карай графиктік әдісте, картодиаграмма да қолданылады.

Графиктік әдістің ішіндегі ең жиі колданылатын және көп тараған түрі – диаграмма – (diagramma) – грек сөзі. Ол бейне, сурет, сызба деген мағынаны білдіреді.

Бұл – статистикалық сандық көрсеткіштердің қарымқатынас мөлшерін көрнекті түрде көрсететін графикалық сурет немесе геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнелетін сызық. Диаграмманы құру үшін жазықтықтар мен сызықтар, ал кейде геометриялық денелер пайдаланылады. Осыған сәйкес диаграммалар баганалы, сызықты, шаршылы. шеңберлі, секторлы және фигуралы болып бөлінеді (1 тіркеме).

Бағаналы диаграммада салыстырылып отырған әрбір бағана жеке зерзатты немесе уақыт мерзімдерін бейнелейді. Мұны кұрастыру кезінде әрбір бейнеленген көрсеткіштердің ені бірдей, ал биіктігі сандық мәліметтеріне байланысты әр түрлі, бірақ масштабтары біркелкі болуы кажет.

Құрылымды диаграмма статистикалық жинақтардың құрамын салыстыру үшін қолданылады. Оның көрсеткіштері жалпы жиынтықтың бөлшектерінің үлесін, яғни оның бірнеше бөлшектерге бөлінуін бейнелейді, және сандық көрсеткіштері нақты немесе процент түрінде беріледі.

Шаршылы диаграмманың бағаналы немесе жолды диаграммалардан айырмашылығы, мұнда бейнелеуге құбылыстың көлем мөлшері алынады. Ол үшін алдымен сандық көрсеткіштердің шаршы түбірден шығатын мәнін тауып алу қажет.

Шеңберлі диаграмма деп біркелкі берілген негізгі нақты шаманың өзара қарым-қатынасын шеңбер көлемі аркылы бейнелеуді айтамыз.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Секторлық диаграммада берілген мәліметтер шеңбер арқылы көрсетіледі, яғни құрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін бейнелейді. Мұнда сызылган шеңбердің 360 градусы 100 пайызға тең деп алынады.

Сызықтық диаграмма өсіңкілік қатарларды немесе өзара байланысты көрсеткіштерді көрнекті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады. Мұнда көрсетілген өсіңкілік қатардың көрсеткіштері үзіліссіз сызық түрінде бейнеленеді.[21]

3. Картограмма және картодиаграмма

Картограмма немесе статистикалық карта деп, кестеде көрсетілген керсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде әр түрлі белгілері арқылы жеке бейнелеуді, яғни экономикалық -географиялық бірліктері (ауыл, аудан. облыс, мемлекет) бойынша кұбылыстарды, процестерді, өзгерістерді түрлі-түсті бояулар арқылы контурлы картада көрсету жолдарын айтады.

Картограмма құрылыстық мәніне, қолданылуына қарай бедерлі және нүктелі болып екі түрге бөлінеді. Жиі қолданылатыны -бедерлі түрі, оны кейде белгілі бір фон үстіндегі бедер деп те атайды, керсеткіштердің мөлшері артқан сайын сызықтардың бояуы қоюлана түседі.

Нүктелі картограммада графиктік бейнелеу белгілері нүкте аркылы беріледі және әрбір түсірілген нүкте сол берілген көрсеткіштердің белгілі бір сандық бірлігі болып есептелінеді.

Картодиаграмма географиялық контурлы картага әр түрлі белгілер арқылы диаграммалар түсіру деген ұғымды білдіреді. Түсірілген бейнелеріне байланысты картодиаграмма бағаналы, тік бұрышты. шаршылы және шеңберлі болып төртке бөлінеді. Сандық көрсеткіштеріне байланысты көрсетілген түрлі белгілердің көлемдері өзгеріп отырады.[22]

Дата добавления: 2020-12-06 ; просмотров: 2419 . Нарушение авторских прав

Нердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері

Қамтылатын мәселелер:

-типтілік ұғымы жайлы жалпы түсініктер

– көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі;

– өнер және қоғамдық шындық;

– суреткердің қоғамдық өмірге қарым-қатынасы;

-типтік бейне ерекшеліктері

-типтілік және даралық

Суреткердің өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тану, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы типтендіру болып табылады.

Демек, типтендіру-мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формулаға» көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін оның өмірдегі жанды дерегіне қарап белгілейді. Жазушының тип жасау үстіндегі көңіл аударатыны-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-прототип. Суреткер бір типті бірнеше прототиптен жинақтап жасайды.

Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, тек оның өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп түсіну керек.

Мінез-адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.

…Нағыз суреткердің қолынан шыққан әрбір әдеби тип әрі әбден жинақталған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр.

«талантты жазушының әр образы-тип» дейді Белинксий.

Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізгі және шешуші тенденциясын байқауға болады. Мысал, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды қасиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына жинақтап, тұтастыра танытқан десек, осындай С.Мұқанов Асқар образы арқылы көрсетті, Ғ.Мұстафиннің мейрамы-адамдардың елімізді индустрияландыру кезіндегі елеулі ерекшеліктерін тұтастырылған тұлға болса, Ғ.Мүсіреповтің Қайрошы-адам рухының соғыс жылдарындағы лап еткен айрықша бір көрінісі секілді.

Бұлардың әрқайсысы әр тұстың типтік тұлғасы, өзгеге ұқсамайтын тек өздеріне ғана тән өзгеше мінез-құлық, іс-әрекет, болмыс-бітім бар. Десек те осыларда рухани ұқсастық, парасат тұтастығы бар. Бұл-адамдық рух тұтастығы, қоғамдық, даму толассыздығы.

Көркем әдебиеттегі жинақтау типке әкелсе, даралау-мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Демек, мінез—адамның ішкі бітімі болса, тип-сом тұлғасы.

Әдебиетте адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болса, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді.

Оқырман өзі оқыған белгілі бір көркем шығармадағы геройлардың мінезінбіліп, сөзін ести тұра оның сырт пішінін, кескін кейпін де көргісі келеді. Міне, осыдан барып портреттік тәсілдің қажеттілігі пайда болады.

Бейнелеу өнеріндегі портрет өзгермейді де қозғалмайды, қашан көрсең де бір қалыпта тұрады.

Ал сөз өнеріндегі портрет, керісінше, бір қалыпта тұрып қалмайтын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін. Сонымен, тпортрет дегеніміз-(франц. Рогtrait-бейнеленген)-кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің де үлкен мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әр түрлі жағдайда, күрес тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы, өзінің әрекет-қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттауға да көңіл бөледі. Жазушы негізгі қаһармандардың келбетін, бой-тұлғасын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп, әсерлі бейнелеуге мән береді. Мыс: «Абай жолы» романында Тоғжанның портреті былай суреттеледі: «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кететепін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшәт бөрік, білек толы неше білезіктері-баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабатын жетдеттей.

Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсына, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді. Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қояды».

Жазушы іс жүзінде кейіпкер мінезін әр түрлі тәсілмен жасайды. Соның бірі тура мінездеу. Мысалы: Ә.Нұршайықовтың «Қан мен терінде» Ақбаланың әкесі Сүйеуді былай суреттейді: «Сүйеу-ел ішіне сыйымсыз, тікбақай, тентек шал. Өз үйінде да жыландай ысқырып отырады… Бір ғажабы, осы қытымыр, қатал шал дегенде Еламанның жаны жоқ. Еламанға Сүйеу қарттың да ықыласы басқа. Күйеу баласын «балықшы» деп атап, оған айтқан бар сөзін әзілге шаптырып, осқырынып күліп отырады. Жақсы көріп, әлде шыныменен жек көріп, кекетіп отырғанын айту қиын». Бұл-тура мінездеу, Сүйеудің осы мінез-құлқы шығарманың өн-бойында бұлжымай, айрқша сипатта қалады.

Тағы бір тәсіл-жанама мінездеу. Мұнда жоғарыдағыдай төтеден сипаттау болмайды. Жазушы мінез-құлқын, әдет-ғұрпын анықтағысы келген жеке адамның немесе бір топ адамның өзі емес, соның қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы әлнігің өз құлқын не ғұрпын айқындайды. Мысалы: Ғ.Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінде» ең қадірлі қонақ қабылдайтын үлкен үйінің сиқын суреттеу арқылы Жаңбыршы аулындағы бір рудың мінезін аңғартады. Мұндай мінездеу жанама мінездеу деп аталады. Әдебиетте адамның көркем бейнесін суреттегенде, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді анық байқалатындай етіп көрсетеді. Бұған суреткер кейіпкерді сөйлету арқылы қол жеткізеді. Кейіпкер тілі арқылы оның психологиялық ерекшелігі, өзіндік бет-бейнесі ашылады. Оның сөйлеген сөзінен өзінің қандай екені байқалып тұрады.

Көркем бейнені жасауда психологиялық параллелизм тәсілі де жиі қолданылады. Мұнда адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беріледі, екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелейді. Екі түрлі ұғыды білдіретін тіл элементтері бір-біріне әсер етіп, тұтас поэтикалық бейне тудырады.

Көкала бұлт сөгіліп,

Күн жауады кей шақта

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта.

Жауған күнмен жаңғыртып,

Жер көгеріп, күш алар.

Аққан жасқа қаңғырып

Бас ауырып, іш жанар. (Абай)

Ақынның адамның көз жасы мен жаңбырды айта отырып ой түйген. Өлеңдегі егіз суреттемелердің әсері күшті.

Диалог-(грекше-dialogos)-әдеби шығармада екi кейiпкердiң, немесе бiрнеше түгелдей дерлiк диалогқа сөйлестiруге құралады.

Диалог кейіпкерді жай бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол сөйлесетін адамдардың қарым-қатынасының қалай шиеленісіп, қалай өзгеріп, өрістеп отыранытына сәйкес беріледі. Және бір кейіпкердің айтатын сөзі түрткі болып, келесі сөйлеуші жауап қайыра сөйлейді. Әрбір мағынасы жағынан тиянақты диалог кейіпкердің мінез-құлқын тағы да бір қырынан ашып көрсетіп, олардың қарым-қатынасының бұрынғы қалпынан өзгеріп, жаңа сатыға бір көтерілгенін танытады. Сөйлескен кейіпкерлердің сөздері шығармадағы тартыс-қақтығыстардың шиеленісіп-өрістеумен осылай тығыз ьайланысты болып келмесе, онда диалог ширақ, тартымды болмайды. Әсіресе кейіпкердің қиын, қысталаң жағдайда, қандай әрекет жасайтынын көрету үшін диалогтың, яғни олардың қайсысын қалай сөйлетудің мәні зор. Диалог арқылы кейіпкерлердің ішкі сыры аңғарылады. Яғни, әр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой-толғанысынан, сөйлеу өзгешелігінен жан дүнеисі айқын елес береді. Жазушының шеберлігі де оның әр кейіпкерді мінез-бітіміне, ой-өрісіне орай сөйлетуінен көрінеді. Сондықтан мағыналы диалог, кейіпкерлерді сөйлестіре білу шеберлігі әдеби шығармада халықтың тіл байлығын мол пайдаланып, орнымен қолданудың ұтымды тәсілдерінің бірі Б.Майлиннің «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңі сұрақ-жауап түріндегі диалогқа құрылған.

Осы шағын диалогтан қоғамдық өмірдің үлкен шындығын, әлеуметтік жағдайдың, адам тіршілігінің зор өзгерісін анық байқауға болады. Сонымен бірге өлеңдегі кейіпкердің әр кезеңдегі хал-ахуалын, жай-күйін, бай кезіндегі бұрынғы астамшылығы мен бүніггі жаңа өмір орнағанда басынан дәурені өткенін, яғни мүсәпір халін көреміз.

Монолог-(грекше-monologos, mono-,сөз logos-бір) драмалық шығармадағы, сондай-ақ басқа әдеби шығармадағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: кейіпкерді сөйлету тәсілі.

Монолог кейіпкердің өзімен-өзі сырласқандай, ойланып-толғанғандай болып айтатын сөзі. Басқа біреу ол сөзді естімейтіндей болса, жауап қайыру деген болмайды, бірыңғай бір кейіпкердің сөзі ғана беріледі. Монологтың мағыналылығы-сол адамның ішкі сырын, көңіл-күйін, психологиясын терең ашып көрсетуге өте ыңғайлы. Монологта кейіпкердің түйінді ой-тұжырымдары айтылып, оның тағдырына бай маңызды кезеңдегі жай-күйі, айқын аңғаылады. Мысалы: А.С.Пушкиннің «Борис Годунов» атты трагедиясындағы Годуновтың монологтары осындай.

Лирикалық шығармадағы монологтың тамаша үлгісі ретінде Абайдың «Болыс болдым, мінеки» атты өлеңін арнайы айтуға болады. Ал көркем қара сөзден М.О.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың монологтары ауыз толтырып айтарлықтай.

Адамның әлдебір күйініш-сүйінішін, кескін-кейпін, қимыл-әрекетін суреттеу оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, тіпті түрліше табиғат көріністерін суреттеу..-осылардың бәрі, сайып келгенде, әдебиеттегі адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін, яғни көркем бейнені жан-жақты сомдау үшін керек тәсілдер .

Бақылау сұрақтары:

1.Әдебиет туралы ғылымның ең негізгі мәселесі не?

2. Көркем әдебиеттің оқырманға әсер ету күші қандай және оның негізі не?

3. Әдебиеттегі деталь мәселесін қалай түсінесің?

4. Суреткердің адамның ішкі болмысын таныту жолдары қандай?

5. Жасалу жолдары мен тәсілдеріне қарай образ қандай түрлерге бөлінеді?

6.Тип және типтендіру дегеніміз не?

7.Әдебиетте адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері қандай?

8. Көркем бейненің оқырманға ықпалы жөнінде не айта аласың?

Дата добавления: 2020-01-29 ; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав

Элементті өшіру және кірістіру

►Массив элементтерін өшіру немесе жаңа элемент кірістіруді қалай орындауға болады?

Бір өлшемді массивтен элементтерді өшіру және кірістіру

Ойлан

♦ Элементтерді массивтен қалай өшіруге болады?

♦ Массивке жаңа элементтерді қалай кірістіруге болады?

Бірөлшемді массивтен элементтерді өшіру және кірістіру сияқты амалдардың орындалуымен танысасың. Ол үшін алдыңғы тақырыптардағы жауынгерлердің сапқа тұру мысалын қарастырайық. 1.1-суретте сапта тұрған 6-жауынгердің 4-сі саптан шығып кетсе, онда 5-ші тұрған жауынгер оның орнына, ал 6-жауынгер 5-нің орнына жылжып, сапты толтырады (1.2-сурет). Бір өлшемді массив элементтері өшірілгенде басқа элементтер дәл осылай ауысып, өшірілген элементтің орнына қарай жылжиды.

2.1-суретте сапта тұрған 6-жауынгердің соңына 7-жауынгер келіп қосылды (2.2–сурет). Ал егер жауынгер соңына емес, К орынға қосылу керек болса қалай болады? Ондай жағдайда соңынан тұрған N жауынгерден бастап К-жауынгердің өзі де бір қадам оңға жылжып, К орынды босату керек. Сапқа жаңа жауынгер қосылу қалай орындалса, бірөлшемді массивке де жаңа элемент кірістіру дәл солай жүзеге асады.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Читайте также:
  1. PS, TOP командаларымен процесстерді тексеру. Процестермен жұмыс істеуге арналған командалардың түрлері.
  2. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар.
  3. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  4. Азақ ақын-жазушыларынан қиял түрлерін (қайта жасау, творчестволық қиял, арман) көрсететін нақты мысалдар келтіріңіз.
  5. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
  6. Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
  7. Аржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
  8. Аржылық жоспарлаудың негізгі түрлері мен оның сипаты
  9. Асыл металдарды циандық ерітінділерден сорбциалық әдістермен бөліп алу, түрлері, қыскаша сипаттама беру.
  10. Аударманың түрлері