Choppy Market Indicator Filter – Екілік Options көрсеткіштері

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Элементті өшіру және кірістіру

►Массив элементтерін өшіру немесе жаңа элемент кірістіруді қалай орындауға болады?

Бір өлшемді массивтен элементтерді өшіру және кірістіру

Ойлан

♦ Элементтерді массивтен қалай өшіруге болады?

♦ Массивке жаңа элементтерді қалай кірістіруге болады?

Бірөлшемді массивтен элементтерді өшіру және кірістіру сияқты амалдардың орындалуымен танысасың. Ол үшін алдыңғы тақырыптардағы жауынгерлердің сапқа тұру мысалын қарастырайық. 1.1-суретте сапта тұрған 6-жауынгердің 4-сі саптан шығып кетсе, онда 5-ші тұрған жауынгер оның орнына, ал 6-жауынгер 5-нің орнына жылжып, сапты толтырады (1.2-сурет). Бір өлшемді массив элементтері өшірілгенде басқа элементтер дәл осылай ауысып, өшірілген элементтің орнына қарай жылжиды.

2.1-суретте сапта тұрған 6-жауынгердің соңына 7-жауынгер келіп қосылды (2.2–сурет). Ал егер жауынгер соңына емес, К орынға қосылу керек болса қалай болады? Ондай жағдайда соңынан тұрған N жауынгерден бастап К-жауынгердің өзі де бір қадам оңға жылжып, К орынды босату керек. Сапқа жаңа жауынгер қосылу қалай орындалса, бірөлшемді массивке де жаңа элемент кірістіру дәл солай жүзеге асады.

Тітіркендіргіш дәрілер

Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады. Сонымен қатар, зақымдалған мүшені немесе тінді иннервациялайтын орайлас жүйкеге орталық жүйке жүйесі арқылы алаңдатумен, ауыру сезімін басады. Олар сонымен, теріге жергілікті әсер көрсетеді, ол биологиялық белсенді заттардың – гистаминнің, брадикининнің және серотониннің бөлінуіне әкеледі. Бұл топқа жататын негізгі тітіркендіргіш дәрілер: қыша қағаз, скипидар, ментол, аммиак ерітіндісі, терпентиннің тазаланған майы жатады.

Қыша қағазы(Charta sinapis)– қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша қоспасының ұнтағы, ол мирозин және синигрин гликозид ферменттерінен тұрады. Әсер етуші заттардың ықпалынан ыдырап – өткір иісі бар, шырышты қабатты және теріні қатты тітіркендіретін қыша майының эфирі. Емдік ықпалы терінің жүйке ұштарын тітіркендіру салдарынан рефлекторлы реакциялар пайда болады.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Қабынуға қарсы дәрілер ретінде ( алаңдатушы) тыныс жолдарының аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т.б. аурулар кезінде қолданылады. 4-5 қыша қақазды күніне 1 рет. Эфирлі қышы майын 2% спирттік ерітінді түрінде жергілікті тітіркендіруші және алаңдатушы заттар ретінде қолданады.

Кері көрсеткіштері.Тері зақымдануларында, іріңді ауруларда, нейродермитте, сулы экземада, псориазда.

Терпентиннің тазаланған майы(Oluеm Terebinthinaе rectificatum) скипидар – эфирлік май. Бұл кәдімгі қарағай бүршігін айдаудан алған өнім, тері арқылы өтіп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді, ауыруды басатын (алаңдатушы) және антисептикалық әсер көрсетеді. «Финалгон», «Капсикам» майларының құрамына кіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бұл заттардың екі мақсатта қолданады: біріншіден, жарақаттанған жердегі ауырсынуды басу үшін, яғни көңілді басқаға аудару, екіншіден, патологиялық үрдіс кезінде ішкі денедегі трофиканы жақсарту үшін. Невралгия, радикулит, миалгия, аяқ-қол қақсағанда, миозитте, полиартриттерге, сонымен қатар бумен дем алу үшін ірінді бронхитте, бронхоэктазияда қолданылады.

Кері көрсеткіштері.Бауыр мен бүйрек паренхимасының зақымданулары кезінде.

Шығарылу түрі.20 % жағынды 15 және 25 г банкада және 15, 25 және 50 г тубаларда және 10, 30 және 50 мл флакондағы майлы ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Oleum Terebinthinae rectificati

Chloroformi aa 15 ml

Methylsalicylatis 10 ml

D.S. Буын тұсына жағу үшін.

Ментол(Mentholum) жалбыз майынан алатын (бұрыш жалбызының жапырағында) – салқындатқыш рецепторларды тітіркендіреді, аздап жансыздандырады, рефлекторлы жолмен қан тамырларының қысымын өзгертеді. Бұл қасиетін жүрек-қан тамырларын кеңейтетіндігінен байқауға болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Невралгия, миалгия артралгия кездерінде 2% спирттік ерітіндісі немесе 10% майлы жүзгіні ұсынылады; қышымалы дерматозды емдеуде 1% ланолинді-вазелин май немесе 0,5% спирттік ерітінді қолданылады. Жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында (тұмау, фарингит, ларингит, трахеит) бумен дем алу немесе интраназальды тамшы түрінде береді. «Валидол» құрамына кіреді, сондықтан стенокардияда қолданылады. Сонымен қатар, ментол көптеген сыртқа қолданылатын алаңдатушы дәрілердің құрамына кіреді (броментол, меновазин, кафомен, эфкамон).

Кері көрсеткіштері. Жас балалардың мұрнына жағуға, өңешіне бумен дем алуға болмайды. Өйткені тынысы нашарлап, демі тоқтап қалуы мүмкін.

Шығарылу түрі.1% вазилин майындағы ерітінді (тамшы); 1 және 2% флакондағы спиртті және майлы (ментол майы) ерітінді 10, 20, 25 және 30 мл және флакон-тамшыда 10 мл; ментол каламы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Mentholi spirituosae 5%-5 ml

D.S. 1-2 тамшыдан тілдің астына.

Rp.: Olеum. Mentholi 2% – 10 ml

D.S. 5-10 тамшыдан мұрынға тамызу үшін.

Аммиак ерітіндісі(SоІ. Ammonii caustici) мүсәтір спирті. Өткір иісі бар, ұшқыш сұйықтық. Тыныс алғанда жоғары тыныс жолдарының сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіріп, тыныстың орталығына қоздырушы әсер береді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел жәрдем ретінде естен танған кезде тынысты қоздыру үшін, мақтаға тамызып мұрынға 1 сек. иіскетеді. Кейде құстыру үшін 5-10 тамшысын 100 мл суға қосып береді. Жәндік шаққанда сыртқа дәріленген дәкені басу ретінде қолданады.

Кері көрсеткіштері.Дерматитте, экземада және тері ауруларында.

Жанама әсерлері.Жоғары шоғырымда тынысты рефлекторлы тоқтатуы мүмкін және өңеш пен асқазанның күйіктерін туғызады.

Шығарылу түрі.10% ерітінді 10, 40 және 100 мл флаконда және 1 мл ампулада.

Рецепт үлгісі. Rp.: SоІ. Ammonii cаustici 1 ml

D.t.d. N. 10 in amp.

S. Есін жиғызу үшін иіскетеді.

Дата публикования: 2020-11-19 ; Прочитано: 698 | Нарушение авторского права страницы

Ақпаратты өлшеу бірліктері

Ақпараттың бір өлшем бірлігін келесі өлшем бірлікке қалай ауыстыруға болады?

Ақпараттың көлемі

Ойлан

  • Ақпарат адам өмірінде қандай маңызды рөл атқарады?
  • Күнделікті өмірде жиі қолданатын қандай шамаларды білесіңдер (масса, уақыт, ұзындық, т.б)?
  • Оларды қандай өлшем бірліктермен өлшейміз?
  • Ақпаратты не үшін өлшейміз?

Жаңа білім

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны есепке алып, өлшемін анықтау керек. Ақпаратты сақтау мен тасымалдауда оның өлшемін білу өте маңызды. Біз мәтінді жазу үшін әріптерді, музыка жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Компьютер – электрондық есептеуіш мәшине. Оның «миы» әріп, музыка немесе сандарды тікелей қабылдамайды және ақпаратты электр сигналдары арқылы қабылдайды. Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері – сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары – бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Компьютер «миында» ақпаратты өңдеу үшін әрбір белгіні сигнал түріне аудару керек. Сигналдың жоқ болуы 0 және бар болуы 1 санымен белгіленеді. «Нөл» немесе «бір» сигналы бит деп аталады. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдайды. Бит – ағылшын тіліндегі «binary digit» ақпараттың екілік бірлігі дегенді білдіреді. Ақпаратты осы 0 немесе 1 көмегімен кодтау, оларды сақтау мен жеткізу компьютер жұмысын мейлінше жеңілдетеді.
Бит – ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі. Ақпараттың екілік бірлігімен жұмыс істеу жүйесінің қарапайымдылығы осы жүйенің есептеу техникасының кең таралуына себеп болады. Ақпаратты өлшеудің келесі өлшем бірлігі байт деп аталады. Мұндағы 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын секілді кез келген белгі.
​Мысалы, Ақпарат сөзі 7 байтты құрайды.
Хабардың ақпараттық көлемі деп хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылатын символдар санын айтады.
Хабардың ақпараттық көлемі – бит немесе байт ұзындығымен өлшенеді.

1 бит = 0 немесе 1 сигналы
​1 байт = 8 бит
​1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
​1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб
​1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб
​1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

Қазіргі кезде компьютердің ақпаратты өңдеу қабілетінің артуымен ақпарат көлемін өлшеудің бірліктері де қолданысқа енді.
​Мысалы:
1 Петабайт (Пб) = 1024 Тб
​1 Эксабайт (Эб)= 1024 Пб
өлшемдері де қолданыла бастады.​
​1 зеттабайт = 1024 Эб​
​1 йоттабайт = 1024 Зб

Компьютерге көлемді ақпаратты сақтап, тасымалдау үшін 2.1-суретте көрсетілген құрылғылар қолданылады.
​Ақпаратты пайдаланудың өнімділігін арттыру үшін оны алысқа тасымалдаудың мәні зор. Заманауи технологиялар көлемді ақпаратты ғаламтор желісі арқылы тасымалдауға жол ашты.
Бод – байланыс арналарының ақпарат жеткізу жылдамдығының өлшем бірлігі, ол бір секундта жөнелтілетін сигналдық элементтер мөлшерімен анықталады.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: