Ақшалай сақтандыру жалпы, сақтандыру деген scam немесе заңды жасауға

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Сақтандыру және оның түрлері

Сақтандыру:

  • Экономикада өте маңызды орын алады.ең маңыздысы ол адам өмірің неше түрлі жағдайдағы қауіпсіздігін қорғайды.
  • Экономикалық қарым-қатынастың түрлі адаммен өндірістік процес арасында қалыптасады.
  • Жеке тұлға мен заңды тұлғаның шеккен зияны мен шығынды қайта қалыптастыруға мүмкіндік береді, шеккен зиянды қайта қалпына келтіріу,сақтандыру қорындағы қаржы қаражаттарымен қайтарады.

Қарапайым тілмен айтқанда сақтандыру-халықтың жеке және шаруашылықтық мүліктік мүдделерін табиғи апаттан немесе басқада белгісіз төтенше салдардан болатын шығындардан арнайы мақсатты қор құру арқылы сақтандыру. Оның негізгі қайнар көзі сақтандырушылардың сақтандыруға төлеген төлемі.

Сақтандырудың қызметтері:

  • Сақтандыру қызметінде қаржы және несиені байланысиратын жағы бар,экономикада бұл қызымет өзіне лайықты міндетін атқарады.жалпы қызыметте мыналарды атап айтуға болады
  • ақша қаражаттарындағы мамандандырылған сақтандыру қорларын қалыптастыру.
  • шеккен зияны мен шығыны бар азаматтарды жеке материялдық қамтамасыз ету.
  • Қаржы саласындағы бөлу қызметін атқарады:
  • Тәуекелдік қызметі
  • Ескертіу қызмті
  • Бақылау қызметі
  • жинақтау қызметі
  • Сақтандыру ұйымдарының топтастырлуы:

Сақтандыруды топтастыру өз алдына ғылыми жұйе құрады.бұл олардың атқаратын қызыметтер мен салаларна байланысты.

Ұйымдастырудың тұрлеріне байланысты сақтандырудың түрлері былай бөлінеді:

  1. Мемлекеттік сақтандыру
  2. Акционерлік сақтандыру
  3. Өзара сақтандыру
  4. 4. Кооперативтік сақтандыру
  5. 5. Медициналық сақтандыру

Сақтандыру объектісі

Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірген зияны үшін, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі болып, қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша туындаған міндеттемелеріне байланысты жұмыс берушінің мүліктік мүддесі табылады.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Сақтандырудағы жалпы ережелер:

Жұмыс берушінің жұмысшылар алдындағы жауапкершілігін сақтандыруға байланысты :

  • Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірілген зияны үшін, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болып табылады.
  • Сақтандыру аумағы болып Қазақстан Республикасының барлық аумағы саналады.
  • Қамту мерзімі – қызметтік міндеттерін орындау мерзімі, қызметтік іссапарда болу мерзімі; Сақтанушының көлігінде жұмысқа бару және жұмыстан қайту жолында екі сағаттық аралығында; техникалық үзіліс және тамақтану үзілісі; жұмыс уақтысында қоғамдық көлікте немесе жаяу жүру бағытында, егер еңбектік міндеттерін атқару жол жүрумен байланысты болса; жұмыс уақтысында қызметтік немесе жеке көлікте, егер оны қызмет мақсатымен басқаруға әкімшіліктің өкімі болса

Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

  • Сақтандырушы міндетті:
  • Сақтанушыны жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының ережелерімен таныстыруға, және жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын оның құқтары мен міндеттерін түсіндіруге;
  • сақтандыру жағдайы басталғанда, осы сақтандыру Шартына және жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру Ережесіне сәйкес, сақтандыру төлемін атқаруға;
  • өз қызметі нәтижесінде Cақтанушы және Пайда алушы туралы алған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;

Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

  • Сақтанушының сақтандыру жағдайының залалдарын азайту бойынша шеккен шығындарын өтеуге;
  • осы сақтандыру Шартына сәйкес, аннуитеттік сақтандыру ұйымына ақша аударуды жүзеге асыруға;

осы Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қамтылған өзге де іс -әрекеттер жасауға.

  • сақтандыру төлемін атқарудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, Пайда алушыға уәжді себептері көрсетілген жазбаша ұйғарымын жолдауға;

1.қазақстандағы сақтандыру түрлері:

  • Бүгінде қазақстанда сақтандырудың екі түрі бар
  • Міндетті
  • Ерікті
  • Міндетті-заңмен бекітілген және оның талабын орындауға барлық адам міндетті,яғни адамдардың белгілі әрекетпен айналыспауға қойылатын заң жүзіндегі талап.
  • Ерікті –адамдардың жеке өмірі және шаруашылық жағдайындағы мүліктік мүдделерін әр түрлі жағдайлардан қорғауға деген қажеттіліктен туындайды.

Ерікті сақтандыру:

  • Мүліктік және жеке деп екіге бөлінеді.
  • Жеке сақтандыру-азаматтың өмірін,денсаулығын,еңбекке қабылеттігін және жеке басына байланысты өзге де әр түрлі жағдайлардан қорғауға деген қажеттіліктен туады.
  • Жазатайым оқиғалардан
  • Ауырудан
  • Өмірде белгілі оқиғалардың басталуына байланысты
  • Өмірді сақтандыру

Көп елдерде ерікті сақтандыру сыйақысы сақтандыру компаниясының сыйақысының 50-80% ұстаса,қазақстанда небәрі 2% ғана. Ол жан басына шаққанда 4$ құраса, дамыған елдерде айталық АҚШ-та-1661$, Жапонияда-2528$. Ұлыбританияда-2725$, Швецарияда-3291$.

Мүліктік сақтандыру:

  • Мүлікті сақтандыру және жауапкершілікі сақтандыру.
  • Мүліті сақтандыру –заңды және жеке тұлғалардың жылжымаитын мүліктерін,көліктерін,малын,ұй мүліктерін.ауылшаруашылық өнімдерін,қондырғыларын,шикізат және т.б.ларды сақтандыруда туындайтын қатынас.
  • Жауапкершілікті сақтандыру-бұл көлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру,жүмыс беріушінің жүмысшылар алдындағы жауапкершіліктерін сақтандыру ,кәсіпорындардың 3-түлғаға тигізетін залалдарын сақтандыру және т.бзаңды және жеке түлғалардың заң жүзінде туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыруға байанысты қатыныс.

Сақтандыру компаниялары:

  • Қазіргі кезде қазақстанда жеке сақтандырудың бір бөлігі -өмірді сақтандыру. Қазақстанда сақтандыру саласын дамытудың басым бағыттарының бірі, бұл салада қызмет ететін 4 компания бар.

Мемлекеттік меншіктегі «аниуитеттік компания» және жеке меншік:

  • «БТА өмірді сақтандыру»АҚ
  • «Валют транзит-life»АҚ
  • «Халық life»АҚ
  • «Номад Иншуранс» АҚ

Терминдер:

  • Сақтандыру сомасы – Сақтандырушының Шарт бойынша өз міндеттерін атқарған көлеміндегі Шартпен белгіленген ақшалай сомасы. Сақтандыру сомасы Сақтандырушының жауапкершілік шегі болып табылады. Кез келген жағдайда, сақтандыру төлем мөлшерінің шегі (жауапкершілік шегі) әрбір сақтандыру жағдайы бойынша Шартпен белгіленген сақтандыру сомасынан аспайды.
  • Сақтандыру (сақтандыруды қорғау) – Сақтандырушының міндеттемесі, тиісті тұлғаға сақтандыруды қорғау кезінде болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін, Шарт тәртіптеріне сәйкес жүзеге асыру.
  • Сақтандыруды қорғау мерзімі – сақтандыру жағдайы туындаған кезде, Сақтандырушының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелері пайда болған мерзімі.
  • Суброгация -subrogation — келтірілген залалға жауапты тұлғаға Сақтанушының талап қою құқының сақтандыру төлемін атқарған Сақтандырушыға ауысуы. Шағымдану құқына, талаптануға және одан басқаға қатысты жағдайларда бір тұлғаны басқамен ауыстыру.
  • Зиянды өндірістік факторы — өндірістік фактор, оның қызметкерге тигізген әсері ауруға немесе еңбекке жарамдығын төмендетуге апаруы мүмкін;
  • Сақтанушы – Сақтандырушымен сақтандыру Шартына отырған тұлға;
  • Сақтандырушы — сақтандыруды жүзеге асыратын тұлға, атап айтқанда, сақтандыру жағдайы туындаған кезде, Шартта белгіленген тәртіп бойынша сақтандыру төлемдерін атқаруға міндетті;
  • Пайда алушы – сақтандыру төлемдерін алушы тұлға; Шарт ережелеріне сәйкес, сақтандыру төлемдерін алушы болып Сақтанушы табылады.
  • Сақтандыру сыйақысы — Сақтанушының Сақтандырушыға, сақтандыру жағдайы туындаған кезде, соңғының Шарт тәртібіне сәйкес сақтандыру төлемдерін атқару міндеттемелерін өзіне алғандығы үшін, төлеуге міндеттелген Шартта көрсетілген сомасы;
  • Сақтандыру жағдайы – Шартта көзделген төлемдерді атқаруға себеп туғызушы оқиға.

Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы

1 Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы

1.1 Сақтандыру құқықтық қатынастардың түсінігі және жалпы сипаттамасы. 7
1.2 Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..19
1.3 Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың қағидаларының жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..33
1.4 Қазіргі құқық жүйесінде сақтандыру қызметі туралы нормалардың алатын орны және рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37

2 Сақтандыру субъектілерінің құқықтық қатынастарының түрлері

2.1 Қайта сақтандырудың түсінігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
2.2 Қайта сақтандырудың түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 51
2.3 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..61
2.4 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..72

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі және бастаған реформаларды тереңдетуге бағытталып қабылданған стартегиялық құжаттар елдің ішкі қорын және өзінің инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды салаларының бірі болып қазіргі күнде сақтандыру табылады.
Біздің елімізде көптеген онжылдықтар бойы сақтандыру мемлекеттік монополия негізінде дамыды, және сақтандыру мәселелері бір күшті орталықтандырылған ұйымның (КСРО Мемсақтандыру) қызметінің жағдайларына қатысты дамыды. Сондықтан, көпжылдық мемлекеттік монополия және жоспарлы экономикадан кейін, тәуелсіздік алған соң, Қазақстанның алдында экономиканың негізгі салаларын дамытумен қатар халықтың мүдделерен, меншіктің барлық нысандарының ұйымдасуын, және мемлекеттің мүдделерін қорғайтын ұлттық сақтандыру нарығын дамыту қажеттілігі пайда болды.
Ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғашқы кезеңі Қазақстанның жеке өзіндік мемлекет ретінде қалыптасуының қиын жағдайларында болды. Осы жылдар ішінде сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүзеге асыру саласында тәжірибе жинады.
Қазіргі кезде сақтандыру нарығын дамыту қоғам мен мемлекеттің алдына қойылған міндеттерінің бірі болып табылады.
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігінің алдына жаңа міндеттер қойды: мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек.
«Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, ҚБА және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек». Осы міндетті шешуде сақтандыру құқығы да өз орнын алатыны байқалады.
Бірақ қоғам, көптеген кәсіпорындардың (ұйымдар, мекемелер) басқарушылары, жеке кәсіпкерлер, және де әртүрлі билік пен басқару органдарының өкілдері сақтандыру немесе оның жеке түрлерінің рөлін, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен маңызын қажетті деңгейде бағаламайды. Нәтижесінде нарық жағдайында сақтандыруды дамыту ойына күмән тудыртады, ал сақтандыру көптеген дамыған нарықтық мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік өмірінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Экономиканы нарыққа бағыттау, Республиканың саяси және экономикалық тәуелсіздігі, халықаралық қатынастардың дамуы сақтандырудың

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы. – 2020. – 14 желтоқсан.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2020 жыл 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
3. Худяков А.И. Страховое право Республики Казахстан.-Алматы, 2008г.с.456
4. Гвозденко А.А. Основы страхования. – М., 1998г.с. 23-27.
5. Худяков А.И. Страховое право РК. – Алматы, 1997г.с.245
6. Смирнова М.Б. Страховое право. – М., 2005г.с.107
7. Шахов В.В. Страхование. – М., 1999г.312 с.
8. Серебровский В.И. Избранные труды по наследственному и страховому праву. – М., 1999г. 434 с.
9. Государственная программа развития страхования в Республике Казахстан на 2000-2002 годы // Казахстанская правда.-2000, декабря-5.
10. Жайлин Г.А. Гражданское право РК. Часть особенная. Алматы, 2001г. 426 с.
11. Шиминова М.Я. Государственное страхование в СССР.–М., 1997г. – с.25-29
12. Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М., 2008г. 640 с.
13. Агеев Ш.Р., Васильев Н.М., Катырин С.Н. Страхование: теория, практика и зарубежный опыт. – М., 1998г. 350 с.
14. Идельсон В.Р. Страховое дело. – М., – 1997г.219 с.
15. Крутик А.Б., Никитина Т.В. Организация страхового дела. – СПб.: «Бизнес-пресса», 1999г.17 с.
16. Басаков М.И. Страховое дело в вопросах и ответах. – Ростов-на-Дону, 1999г. 270 с.
17. Гвозденко А.А. Финансово-экономические методы страхования. – М.: «Финансы и статистика». – 1998г. -с.7-9.
18. Шахов В.В. Страхование. Учебник для вузов. – М.: «Юнити», 1997г.450 с.
19. Фогельсон Ю. Введение в страховое право. – М., 1999.г 352 c.
20. Брагинский М.И. Договор страхования. – М., 2000г. 525 c.
21. Қазақстан Республикасы. 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы // Егемен Қазақстан. – 2000, желтоқсан-22. – №322-323.
22. Фогельсон Ю.Б. Комментарий к страховому законодательству. – М.: Юристъ, 1999г. 284 с.
23. Қазақстан Республикасы. 1 шілде 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлім // Егемен Қазақстан. – 1999, шілде-17. – №150-157.
24. Кагазов О.К. Страховое право и страховая деятельность Республики Казахстан: учеб. пособие. – Тараз, 2004г. 255 с.
25. Тлебаева Г.М. Правовое регулирование экологического страхования в Республике Казахстан: дис.канд. юрид. наук. – Тараз, 2008г. 142 с.
26. Степина В.В., Гусейнова А.А., Семигина Г.Ю. и др. Новая философская энциклопедия: в 4-х т. – М.: Мысль, 2001г. 460 с.
27. Турбина К.Е. Современное понимание имущественных интересов как объекта страхования // Финансы. – 2000г. – № 1. с. 25-28.
28. Қазақстан Республикасы. 2006 жылғы 5 шiлдедегi Өзара сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы // Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы. – 2006г. -№14.
29. Қазақстан Республикасы. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi заңы // Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы. – 2003. – №14.
30. Қазақстан Республикасы. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi заңы // Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы. – 2003. – №14.
31. Қазақстан Республикасы. Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы заңы // Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы. – 2005. – №23.
32. Абрамов В.Ю. Проблемы гражданско – правового регулирования страховой деятельности в Российской Федерации: автореф. докт. юрид. наук. – М., 2009г. 57 с.
33. Гущина Н.А. Система права и система законодательства: соотношение и некоторые перспективы развития // Правоведение. – 2003г. – № 5. с. 198 – 204.
34. Марченко М.Н. Общая теория государства и права. Академический курс в двух томах. – М., 2000г. – Т.2. 656 с.
35. Сапарғалиев Г. Конституционное право Республики Казахстан: учебник. – Алматы: Жетi жаргы, 1998г. 336 с.
36. Матузов Н.И., Малько А.В. Теория государства и права: курс лекций. – М., 1997г. 688 с.
37. Булгакова Д.А. Теория государства и права: учебно-методическое пособие. – Алматы, 1999г. 84 с.
38. Лазарева В.В. Общая теория права и государства. – М., 1996г. 432 с.
39. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: учебное пособие. – Алматы, 2003г. 432 с.
40. Шиминова М.Я. Основы страхового права России. – М., 1993г. 350 с.
41. Белых В.С. Теория хозяйственного права в условиях становления и развития рыночных отношений в России // Государство и право.- 1995г. – №11. 57с.
42. Төлеуғалиев Ғ. ҚР азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу орындарына арналған акд. Курс. 1 том. – Алматы: Жетi жарғы, 2000ж. 511 б.
43. Жанайдаров И.У. Развитие гражданского законодательства в Гражданском кодексе Республики Казахстан // Развитие гражданского законодательства (состояние и перспективы его развития): научно-практической конференции. – Астана, 1999г. 35 с.
44. Гражданское право: учебник / ответ. ред. проф. Е.А. Суханов. -2-е изд., перераб. и доп.: В 2 т. – М.: Издательство БЕК, 1998г. – Т. 1.816 с.
45. Сулейменов М.К. Гражданское право в системе права // Материалы междунар. науч.-практ. конф. (в рамках ежегодных цивилистических чтений), (Алматы, 17–18 мая 2007 г.). – 2007г.552 с.
46. Почуйкин В.В. Уступка права требования: основные проблемы применения в современном гражданском праве России. – М.: Статут, 2005г. 203 с.
47. Диденко А.Г. Перемена лиц в обязательстве // Гражданское право. Общая часть: Курс лекций / под ред. д-ра юрид. наук, проф. А.Г. Диденко. – Алматы: Нурпресс, 2006г.722 с.
48. Диденко А.Г. Уступка права требования. Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. – Алматы: ЮРИСТ, 2004г. Вып. 19. 30–39 с.
49. Крашенинников Е.А. Допустимость уступки права требования // Хозяйство и право. – 2000г. – № 8.с.78–85
50. Новоселова Л.А. Сделки уступки права (требования) в коммерческой практике. Факторинг. – М.: Статут, 2004г.494 с.
51. Гражданское право: учеб. – Изд. 4-е, пер. и доп. / под ред. А.П. Сергеева и Ю.К. Толстого. – М.: Проспект, 2000г. 624 с.
52. Байбак В.В. Обязательственное требование как объект гражданского оборота. – М.: Статут, 2005г.222 с.
53. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право // Общие положения. – М.: Статут, 2000г. – Кн. 1. 848 с.
54. Гражданское право: учеб. для вузов (акад. курс) / отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы: Изд-во КазГЮА, 2000г. с.160–164.
55. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга третья: Договоры о выполнении работ и оказании услуг. – М.: Статус, 2002г. 650с.
56. Абрамов В.Ю., Дедиков С.В. Судебно-практический комментарий к страховому законодательству. – М., 2004г.180 с.
57. Найманбаев С.М. Сақтандыру құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007г.448 б.
58. Мазурина Т.Ю. Сущность и значение страхования. – М., 1998г. 111с.
59. Мухамеджанов Б.А. Қайта сақтандырудың кейбір мәселелері // Фемида. – 2006г. – № 8.- 15-19б.
60. Петров Д.А. Страховое право. – М., 2000г.349 с.

1 Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы

1.1 Сақтандыру құқықтық қатынастардың түсінігі және жалпы сипаттамасы. 7
1.2 Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың объектілері мен
субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . ..
. . . . . . . . . . . . . 19
1.3 Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың қағидаларының
жүйесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
. . . . . . . . . . . . . .33
1.4 Қазіргі құқық жүйесінде сақтандыру қызметі туралы нормалардың алатын
орны және
рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
. . . . . . . . . 37

2 Сақтандыру субъектілерінің құқықтық қатынастарының түрлері

2.1 Қайта сақтандырудың
түсінігі . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
. . 43
2.2 Қайта сақтандырудың
түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
. . 51
2.3 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің
құқыктық
негіздері . . . . . . .. . . . . . . . . . . ..
. . . . . . . . . 61
2.4 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық
негіздері . . . . . . .. . . . . . . . . . . ..
. . . . . . . . . . . . . ..66

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
. 72

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі
және бастаған реформаларды тереңдетуге бағытталып қабылданған стартегиялық
құжаттар елдің ішкі қорын және өзінің инвестициялық мүмкіндіктерін
пайдалануды көздейді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму үшін
маңызды салаларының бірі болып қазіргі күнде сақтандыру табылады.
Біздің елімізде көптеген онжылдықтар бойы сақтандыру мемлекеттік
монополия негізінде дамыды, және сақтандыру мәселелері бір күшті
орталықтандырылған ұйымның (КСРО Мемсақтандыру) қызметінің жағдайларына
қатысты дамыды. Сондықтан, көпжылдық мемлекеттік монополия және жоспарлы
экономикадан кейін, тәуелсіздік алған соң, Қазақстанның алдында
экономиканың негізгі салаларын дамытумен қатар халықтың мүдделерен,
меншіктің барлық нысандарының ұйымдасуын, және мемлекеттің мүдделерін
қорғайтын ұлттық сақтандыру нарығын дамыту қажеттілігі пайда болды.
Ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғашқы кезеңі Қазақстанның
жеке өзіндік мемлекет ретінде қалыптасуының қиын жағдайларында болды. Осы
жылдар ішінде сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүзеге асыру
саласында тәжірибе жинады.
Қазіргі кезде сақтандыру нарығын дамыту қоғам мен мемлекеттің алдына
қойылған міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігінің алдына жаңа
міндеттер қойды: мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі
де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық
рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек.
Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да
жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, ҚБА және Ұлттық
банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек. Осы
міндетті шешуде сақтандыру құқығы да өз орнын алатыны байқалады.
Бірақ қоғам, көптеген кәсіпорындардың (ұйымдар, мекемелер)
басқарушылары, жеке кәсіпкерлер, және де әртүрлі билік пен басқару
органдарының өкілдері сақтандыру немесе оның жеке түрлерінің рөлін, сонымен
қатар сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен
маңызын қажетті деңгейде бағаламайды. Нәтижесінде нарық жағдайында
сақтандыруды дамыту ойына күмән тудыртады, ал сақтандыру көптеген дамыған
нарықтық мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік өмірінің негізгі
құрамдас бөлігі болып табылады.
Экономиканы нарыққа бағыттау, Республиканың саяси және экономикалық
тәуелсіздігі, халықаралық қатынастардың дамуы сақтандырудың орны, рөлі мен
сипатына жаңа көзқараспен қарауды мәжбүрледі. 1992-1995 жж. елдің
сақтандыру нарығындағы ретсіздіктен кейін кейінгі жылдары сақтандыруды
дамыту қажеттілігі туындады. Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
пікірінше, сақтандыру бизнесі арнайы реттеуді талап етпейтін қызмет туралы
ойдан арылу қажет. Сақтандыру ұйымдары-банктер, брокерлік компаниялар және
зейнетақыны басқару ұйымдары сияқты қаржылық делдалдар және солар сияқты
мемлекеттік реттеу объектісі болулары тиіс [1].
Сондықтан, стратегиялық мақсаттарды белгілеген кезде, біз азаматтан
бастап мемлекеттің мүдделерімен аяқтап өміріміздің барлық жағдайын
қамтитындай барлық қол жетімді шараларды қолдана отырып әртүрлі келеңсіз
жағдайлардан бір уақытта сақтандырылуымыз қажет. Яғни, объективті
заңдылықтары бар нарықтың билігі кезінде тәуекел орын алады, демек
сақтандыру құқығының қажеттілігі туындайды.
Сақтандырудың өзекті мәселелері нақтырақ Қазақстан Республикасының
президенті Н.Ә. Назарбаевтың VI Қазақстан қаржыгерлер конгресінде сөйлеген
сөзінде айтылған (Астана қ., 15 қараша 2006 жыл). Ол, қаржылық сектор
құрылған күш, кәсіптілік және батылдылық төмендемеу керек. Құрылғандарға
сүйене отырып, біз ары қарай стратегиялық мақсатымызға жылжуымыз қажет-
Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіруі деп
атап өтті.
Ол, отандық қаржы секторының дамытудың негізгі міндеттерінің бірі
ретінде сақтандыру нарығын кеңейтуді көрсетеді. Сақтандыру нарығы үлкен
әлеуетке ие халықтың сақтандыру ұйымдарына деген сенімін, сонымен қатар
сақтандыру қатынастарының субъектілерінің сақтандыру мәдениетін арттыру
қажет. Міндетті сақтандыру жүйесі жетілдіруді талап етеді. Халықтың
әлеуметтік қорғану құралы ретінде өмірді сақтандыруды дамыту қажет [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2020 жыл 17
қаңтардағы Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты
Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында да ауыл өндірушілерінің
қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру және
міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн деп атап
өткен болатын [2].
Көріп отырғанымыздай, сақтандыру мәселелері өзектілігін жоғалтпайды.
Бүгінде сақтандыру пайда табу мақсатында капиталы мен өз күшін салатын
негізгі сала ретінде кәсіпкерлерді қызықтырады. Екінші жағынан, сақтандыру
халықтың әртүрлі топтарын қызықтырады-әртүрлі апаттардан, болжауға
келмейтін қоғамдық құбылыстардан болатын зиянның орнын толтыруға, өз
коммерциялық қызметінің сәтсіздіктері, коммерция бойынша контрагенттік
міндеттемелерді орындамау, банктердің дәрменсіздігі кезінде салымдарды
жоғалтпауға кепіл беретін жүйе ретінде әртүрлі тауар өндірушілер,
тұтынушылар, шаруаларды да қызықтырады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сақтандыру құқығы ғылымындағы
ғалымдарымыздың ғылыми ізденістегі жеткен жетістігін бағалай отырып,
сонымен бірге оның нарықтық жолындағы көптеген теориялық мәселелері
айтарлықтай зерттеліп, шешімін таппағандықтан сақтандыру құқығы әлі де
ғылыми зерттеу жұмыстарының табандылықпен жүргізіле беруін талап
ететіндігін мойындауымыз қажет.
Қазақстандық ғалым-заңгерлердің сақтандыру қызметі субъектілерінің
құқықтық қатынастарындағы шарттарының құқықтық негіздері әртүрлі қырларынан
ашуға негіз болған көптеген құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен
сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының түсінігі,
объектілері мен субъектілері, қағидалары, қайта сақтандырудың түсінігі мен
түрлеріне байланысты Ю.Г. Басин, В.А. Белов, В.В. Байбак, Бремер,
М.И.Брагинский, Д.А. Братусь, М. Винавер, Е.Б. Осипов, И.А.Покровский, Б.В.
Покровский, В.В. Почуйкин, Ф. Релельсбергер, В. Ровный, Ф.К. Савиньи, М.К.
Сулейменов, Н.Г. Сарсенов, М.К. Сулейменов, Е.А. Суханов, В.И. Сенчищев,
Н.Г. Сарсенов және т.б. атап айтуға болады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Жұмыс нәтижесінде жасалған
теориялық қорытындылар мен тұжырымдар осы мәселеге қатысты ғылыми
зерттеулерді жүргізуге, сонымен қатар нарық жағдайында қалыптасып келе
жатқан сақтандыру жүйесін реттеп, әрі қарай жетілдіруге әсер етеді. Зерттеу
барысында сақтандыру қызметін реттейтін заңдарына талдама жасап алынған
ұсыныстар мен тұжырымдар студенттердің біліктілігін көтеру курстары
шеңберінде қолданылып, құқық саласындағы мамандар мен ғалымдарға кезекті
құнды мәліметтер алуына көмек береді.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі бөлім, сегіз бөлімшеден тұратын,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы

1.1 Сақтандыру құқықтық қатынастардың түсінігі және жалпы сипаттамасы

Сақтандыру деген сөз «сақтан» не үрей деген сөзден шыққан.
А.И.Худяковтың пікірінше, сақтандыру термині үрей деген сөзден пайда
болды. Кез келген саналы адам өзінің тіршілік жағдайлары мен шарттарының
нашарлауынан қорқады (өмір жағдайының, өндіріс шарттарының және т.б.) және
өзінің келешектегі қамын ойлай барынша өзін қауіпсіздендіруге ұмтылады
(сақтандырады) [3].
Сонымен қатар, сақтандыру деген сөз (сақтандыру, сақтандырылу) қандай
болмасын істе кейде сүйеу мағынасында қолданылады, қай кезде де сәттіліктің
кепілдіктері және т.б. Қазіргі уақытта осы терминді барлық жеке және заңды
тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау құралы ретіндегі мағынада жиірек
қолданылады.
Сақтандырудың алғашқы түрлері ерте заманда пайда болды. Қазіргі
уақыттағы қайнар көздерге сүйенсек, сақтандыру сипаты бар келісімдер құл
иеленушілік қоғамда да кездескен. Бұл келісімдер жылжымайтын мүлікке,
саудаға, қарыз шарттарына, сонымен қатар теңізде кеме жүзуде кездеседі.
Келісімдердің ең басты мәні болып, теңіз кемелері және теңіз жүктерін
тасуға байланысты мүмкін болатын зиянның тәуекелін осы келісімдерге мүдделі
тұлғалар арасындағы бөлу. Сақтандырудың ең ертедегі ережелерінің бірі
Талмуд кітаптарыда баяндалған. Егер бір малшының малы жоғалып кетсе,
Талмуд басқа малшыларға жоғалған малдың орнына тек мал беруге бұйрық берді,
бірақ не болса да ақша емес. Сол кезде негізгі қағидалар қаланған болатын:
сақтандыру-тәуекелден сақтану, ол еш жағдайда байытуға қызмет ете алмайды.
Сақтандыру пайда бола бастаған кезінде, бастапқы түрлерінің негізінде
өзара міндеттемелермен қамтамасыз етілетін өзара ұжымдық көмек болды [4].
Төңкеріске дейінгі азаматтық құқық оқулықтарында сақтандыру шарты
ретінде бір тұлға-сақтандырушы басқа тұлғадан-сақтанушы өз тәукеліне
мүлікті қабылдайды, яғни жазатайым оқиғадан мүлік жойылған жағдайда төлеуге
міндеттенуіне байланысты шарт ретінде анықтама берген.
Экономиканың дамуымен мүліктік мүдделердің артуынан сақтандыру
ұйымдарының саны өсті, олардың шаруашылықтың басқада салаларына салымдары
және айналымдағы капиталы өсті. XVIII ғ. 60-жылдары басында Батыста 100
түрілі мүліктік және жеке сақтандырудың түрлері болды. Сақтандыру дамып
экономиканың қажеттіліктеріне толық жауап берді және адамның барлық қызмет
саласында сақтандыру жылдам тарады. Сақтандырудың түрлері мен әдістері
уақыт қажеттілігіне қарай өзгеріп отырды. Мысалы, 1706 ж. өмірді
сақтандыратын бірінші қоғам құрылған болатын, ал XVII-XIX ғғ. сақтандыру
қызметтерінің жаңа түрлері пайда болды, оларға малдарды сақтандыру, бұзу
арқылы ұрлықтан, қаржылық шығындардан, жазатайым оқиғалардан және
сақтандырудың басқа түрлері.
Ресей империясының құрамына кірген Қазақстан аумағында сақтандыру
жеткілікті деңгейде дамыған жоқ. Жергілікті қазақ халқының өмір салты мен
шаруашылығы (көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы), экономиканың
және өндіріс күштерінің төмен деңгейде дамуы сақтандыруды кең тарауына
жағдай жасамады. Егер сақтандыру келісім-шарттары жасалса да, ол тек қана
Ресеймен шекараға шектесті ірі қалаларда (Орынборда, Оралда, Атырауда және
т.б.) және жер шаруашылығымен айналысатын аймақтарында жасалды.
Қазақстан халқының күнделікті өмірінде және экономикасына сақтандырудың
нақты енуі төңкерістен кейінгі кезеңде орын алды.
Кең мағынада сақтандыру кез келген нәрсенің жағымсыз садарынан
қорғануды білдіреді. Осы мағынада сақтандыру адамның өзімен пайда болды
және табиғаттың, сонымен қатар барлық тірі жанның ажырамас бөлігі ретінде
пайда болды. Сақтандырудың алғышарттары болмыс, адамдардың арасындағы қарым-
қатынастар негіздерінде қаланған. Адам өмірі мен денсаулығы, оған тиесілі
мүліктің тағдыры бұлтартпас оқиғаларға тәуелді болады. Соңғылардың
салдарына адамның қызметімен байланысты материалдық объектілер ұшырайды.
Осы арада сақтандырудың жаңа түрі пайда болды өзін-өзі сақтандыру
немесе дербес сақтандыру олардың мәні адам ойда болмаған жағдайлар мен
оқиғалардың өндірістегі кідірістің алдын алу үшін материалдық және ақша
қаражаттары құралдардың қорларын құратындығында. А.И. Худяковтың пікірінше,
өзін-өзі сақтандыру деп тұлғаның өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін
дербес шаралар қабылдайтындығын түсінеміз. Осы сақтандыруда тұлға өзін өзі
сақтандырушы болып табылады. Аталған сақтандыру белгілі бір зардаптың,
қандай болмасын зиянды оқиғаның нәтижесінде (келтірілген зардаптың орнын
толтыру мақсатында) жағымсыз салдарын жою үшін қажет арнайы
(сақтандырушы) табиғи және ақшалай қорларды жинауды білдіреді.
Сонымен қатар әр түрлі өзара сақтандырулар пайда болды, яғни қандай
да болмасын қасіреттен бірнеше адамдар тобының бірін біріне көмек көрсету
туралы келісімдері, өзара жәрдем кассасын құру арқылы. Осылай сақтандырудың
екінші түрі пайда болды, оны қазіргі уақытта өзін сақтандыру деп атайды.
Ағылшын тілінде сақтандыру термині сенімділік деген сөзден
туындаған, қандай да бір нәрсенің тағдырдына байланысты ұайымдамау сияқты
түсіндіруге де болады, біреуден көмек алатынына үміттенуі. Сонымен,
күнделікті тәжірибеде сақтандыру ісінде тәуекел ұғымы әр түрлі
құбылыстардың белгілеуі үшін қолданылады, оған: сақтандыру оқиғасының
туындауының мүмкіндігі, сақтандырудың объектісі мен сақтандырушының
жауаптылығы [5].
Бұл фактіге М.Б. Смирнова назар аударады: сақтандыру қысқаша
тұжырымдамасы келесідей түсінктерімен қызықтырады. Барлық европалық
тілдерде сақтандыру термині қамтамасыз ету мағынасын білдіреді (неміс
тілінде Versicherung және Assekuranz; француз тілінде assurance; ағылшынша
assurance және insurance; итальян тілінде assicurazione; испан тілінде
seguridad және т.б.). Кейбір латын түбірін қолданбайтын тілдерде де орын
алады (securus), мысалы, поляк тілінде – ubezpieszenie.
Демек, бізге айқыны, бірнеше ғасыр бойы сақтандыру жүйе ретінде, ең
алдымен тәуекелдің әртүрінен халықтың мүліктік мүдделерін қорғауды
қамтамасыз етеді. Бұдан, сақтандыру тәуекелдердің превенциясы бойынша ең
басты институты болып табылады [6].
Сақтандыру инвестициялық әлеуетті жоғарлатады және ұлттың жай күйі мен
байлығы арттыруға мүмкіндік береді [7].
Сақтандыру қазіргі таңда өмірдің әр түрлі аясында жиі кездесетін, түрлі
жағдайлардың жағымсыз салдарынан азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін
қорғаудың бір тәсілі. А.В. Серебровскидің айтуы бойынша: Тәуекелді барынша
азайту шаруашылық қызметтің иесі-адамның болашаққа сенімділікпен қарауына
мүмкіндік береді. Осылайша сақтандыру моральдық мағынаға ие: ол адамның
белсенділігін арттырады [8].
Адамдар өздерінің жылжитын және жылжымайтын мүліктерін өрттен, селден,
опат болуынан барынша сақтауға тырысады. Кәсіпкерліктің дамуы бизнес
бойынша серіктердің сенімсіздігі, нарықтың өзгеруі, контрагенттердің
дәрменсіздігі және т.б. жағдайлардың нәтижесінде зардаптардың пайда болу
тәуекелінің дәрежесінің артуына әкелді. Бұл өз кезегінде сақтандырудың
дамуына себебін тигізді. Уақыт өте осы қажеттіліктер азаймайды, керісінше
азаматтардың мүліктік жағдайының өсуіне байланысты өзектілігі артады.
Бірте-бірте сақтандыру кәсіби айналысатын адамдар мен ұйымдарды бөле
отырып, қоғамдық өндірісте қызмет етудің арнайы саласына айналды. Осыдан
келе сақтандыру қызметін құқықтық реттеу қажеттілігі пайда болды.
Сақтандыруды дамыту мемлекеттік бағдарламасында заманауи және тұрақты
ұлттық сақтандыру нарығын құру көрсетілген. Бұндай сақтандыру нарығы
мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүдделерін
қорғайтын құрал болуы керек. Сонымен қатар, тиімді сақтандыру жүйесін құру
мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болу керек [9].
Бағдарламаға сәйкес, сақтандыру саласы адамның өмірінің барлық жақтарын
қамтиды, өндіріс және әлеуметтік-экономикалық қызметі. Сақтандырудың
дәстүрлі-өтем ақылығынан басқа да қызметі көрсетілген. Қазіргі таңда
сақтандыру жинақтаушы-сақтаушы қызметін жүзеге асырады.
Сақтандырудың маңыздылығын көрсететін бірнеше факторлар бар. Ол
мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен мөлшеріне тәуелсіз қоғам
мен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қорғауға қосымша мүмкіндік береді. Табиғи
және техногенді апаттар салдарын жою ауыртпалығы мемлекеттік бюджетке
түседі және ол өз шегінде объективті шектеулі болады. Сонымен қатар,
сақтандыру тетігін қолдану кәсіпкерлік қызметтің дамуын жетелдетуге,
пайдаланылатын өндіріс технологияларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтандыру жүйесі республиканың экономикасының сенімді және тұрақты
дамуына, халықтың әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың және шаруашылық
субъектілердің мүліктерін сақтандыруды жоғарылатуға жағдай жасау керек.
Сақтандыру сұрақтары, медициналық сақтандыруды қоса алғанда әлеуметтік
қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты. Қазіргі заманға сай
сақтандыру индустриясы мемлекетке келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік
береді:
1. Табиғи-техногенногенді сипаттағы апаттардан келген шығындардың
орнын толтыру жағынан мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты барынша азайту;
2. Сақтандыру арқылы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін шешу
(жинақталған зейнетақыны, жұмыссыздық бойынша, еңбекке жарамдылығын
жоғалтуымен немесе асыраушысының қайтыс болуына байланысты жәрдемақыларды
төлеу, дәрігерлік шығындарды төлеу), нарықтық экономика қағидаларына
сәйкес;
3. Халықтың және ұйымдардың жинақталған қаражатын ұлттық экономикаға
ұзақ мерзім негізінде тарту [10].
Мемлекет тағы да бұрын болған ауқымды әлеуметтік кепілдік жүйесін
толыққанды қамтамасыз етуге дәрменсіз болды. Бұл ауыртпалық сақтандыруға
жүктелді. Сонымен қатар, кейбір мамандықтардың тәуекел дәрежесінің
жоғарлауы байқалды, құқық қорғау органдары ұйымдасқан (кәсіптік)
қылмыстылықпен бетпе-бет келді, техногенді апаттардың саны өсті. Нарықтың
шарттарына сәйкес адамның өміріне және денсаулығына келтірілген зардаптың
орнын толтыруына қандай да болмасын кепілдіктің болуы маңызды. Қауіптілігі
жоғары қайнар көздер, соның ішінде көлік құралдары және т.б. келтірілген
зардаптың орнын толтыру өзекті мәселелердің қатарына кірді.
Сақтандыру ісіндегі тәуекелді кезеңдері болып сақтандыру оқиғасының
орын алуы мен осы сақтандыру жағдайы нәтижесінде зардаптың пайда болу
тәуекелі табылады. Осындай тәуекелдерге сақтандыру құрылымы есептелген:
сақтандыру оқиғасының болуы да болмауы да мүмкін, сақтандыру оқиғасы болса
да зардартар болуы не болмауы мүмкін. Сақтандыру сүйенетін тәуекел санаты,
зиянның және оның нақты болуы мүмкіндігі жағдайында сақтандыру жағдайының
болжамаған оқиғасының орын алуын білдіреді.
Демек, сақтандыру құрылымы барлық жағдайларда тізбектелген болуы керек:
сақтандыру оқиғасы-себепті байланыс-зиян.
Сақтандырудың терең тарихи тамыры болғанымен, осы уақытқа дейін осы
ұғымның нақты ғылыми анықтамасы болған жоқ және сақтандырудың табиғаты мен
шекаралары айқын болмаған. Сақтандыру-күрделі, тұрақты дамитын құбылыс
ретінде негізделеді.
Сақтандыру ұғымы көп қырлы болып келеді және әртүрлі жағдайларда
әртүрлі мағынаға ие болады. Сақтандыру теориясында сақтандыру түсінігіне
байланысты даулар туындайды: олар сақтандыруды тәсіл, нысан, әдіс,
реттеуші, шаралардың немесе құқықтық қатынастардың жиынтығы ретінде [11].
Орыс тілінде сақтандыру сөзі әртүрлі мағыналарға ие болады. Ең кең
мағынасында сақтандыру сөзі бір нәрсенің жағымсыз зардаптан қорғануы
ретінде түсіндіріледі. Салыстырмалы мағынада сақтандыру, Ожеговтің орыс
тілі сөздігіне сәйкес, белгілі жағымсыз, қаламаған бір нәсседен қорғауды
білдіреді. Арнайы мағынада-сақтандыру: зиян орын алғанда ақшалай төлемді
төлейтін арнайы мекемеге мерзімді жарналарды енгізу жолымен мүмкін зияннан
сақтануды қамтамасыз ету [12].
Кеңестік уақытта сақтандыру шаралардың жүйесі арқылы анықталды. Үлкен
кеңестік энциклопедиясында сақтандыру болып табиғи апаттар, жазымдар және
өзге де оқиғалар нәтижесінде төленетін ақшалай төлемдер зиянды толтыратын
ақшалай (сақтандыру) қорларын құруға байланысты шарарлар жүйесі.
Осы анықтамаға ұқсас, сақтандыру саласындағы мемлекеттердің
монополиясын көрсететін, бірақ сақтандыру қорын құру үшін негізгі құрал
ретінде ақшаға нақты нұсқаумен, 1984 жылы Заңи Энциклопедия сөздігінде:
мемлекеттік сақтандыру-табиғат апат күштерінен, жазатайым оқиғалармен
немесе басқа жағдайлардың болуынан материалдық зиян, сонымен қатар басқа
ақша төлемдерін төлеуін мамандандырылған мемлекеттік сақтандыру ұйымдары
қаражат алатын қатысушылардың жарналарынан құрылған арнайы ақшалай
(сақтандыру) қорын құруға байланысты шаралардың жиынтығы.
Кейбір авторлардың еңбектерінде бұл екі анықтама біріктірілген және
онда сақтандыру қорын құрудың ақшалай және мүліктік тәсілдері көрсетілген.
К.А. Граве және Л.А. Лунц пікірлері бойынша сақтандыру-материалдық және
(немесе) ақшалай құралдар ресурстарын қалыптастыру бойынша шаралардың
жиынтығы, олардың есебінен қоғамдық шаруашылықта табиғи апаттар мен
жазатайым оқиғалар орын алғанда шығынның орнын толтыру мен зиянды жою
жүзеге асырылады. Осы анықтама сақтандыруды кең мағынада қарастырады. Тар
мағынада сақтандыру, олардың пікірі бойынша, жеке ұйымдар, жеке тұлғалар
немесе заңды тұлғалармен жасалынған жарналар есебінен құрылған, арнайы
ұйымдардың басқаруында болатын сақтандыру қорын құруды білдіреді.
Бір топ авторлар сақтандыруды әдіс ретінде қарастырады. Ф.В. Коньшиннің
пікірі бойынша: сақтандыру табиғи апаттар мен кездейсоқ жағдайлардан,
сондай-ақ сақтандырылғандардың еңбекке қабілеттілік пен өміріне байланысты
жағдайлардың орын алуына байланысты зиян үшін сәйкес төлемдер сомасын
төлеуде халық шаруашылығында сақтандыру төлемдерін өтеу үшін
орталықтандырылған сақтандыру қорын құрудағы әдістердің бірі болып
табылады.
А.П. Плешков атап көрсеткендей: Кеңестік сақтандыру арнайы сақтандыру
қорының және оны шығындаудың жеке және заңды тұлғалардың (колхоздардың,
басқа да кооперативті және қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың) алдын ала
ақшалай төлемдер есебінен қалыптастыру әдісі болып табылады, бір жағынан
сақтанушыға табиғи апаттардан және кездейсоқ жағдайлардан келтірілген
мүліктік зиянды өтеу үшін, ал бір жағынан азаматтардың (сақтандырылған мен
оның жанұясы) өмірінде белгілі бір оқиғалардың орын алған кезде ақшалай
сомаларын төленуін қалыптастыру әдісі болып табылады.
КСРО уақытында қалыптасқан анықтама бойынша орталықтанған сипаттамада
және сақтандыру қызметінде мемлекеттің монополиялық сипатта екенін ашық
көрсеткен. Мұнда сақтандыру келісім-шарттық түрде болғаны туралы мәлімдеме
жоқ.
Кейіннен, сақтандыру анықтамасында келісім-шарттық қатынас көріне
бастады. Страхование: теория, практика и зарубежный опыт атты оқулық
авторлар ұжымының пікірлері бойынша, сақтандыру жеке және заңды тұлғалардың
арасындағы ерекше экономикалық келісімдік қатынас болып табылады, бір
жағынан сақтандыру қызметін ұсынуға арнайы ұйымдастырылған құрылым болады
[13]. Кейбір ғалымдар сақтандыру ұғымын сақтандыру шартымен
теңдестіреді. Мысалы, В.Р. Идельсон пікірі бойынша: сақтандыру бір
контрагент (сақтанушы) белгілі бір сыйақысын төлеу барысында басқа
контрагенттің (сақтандырушы) келісімде көрсетілген жағдайлардың орын алуы
кезінде мүліктік зиянды (сақтандыру сомасын немесе оның бөлігін алу құқығын
иемдену) өтеу құқығын иемденетін сауда-саттық келісім болып табылады [14].
Сақтандыру туралы түсінік оның қатынастар жүйесі ретінде немесе жеке
қатынас ретінде түсіндіреді. Сонымен қатар, мынандай көзқарас бар, ол
бойынша сақтандыру негізі-қандай да бір ақша (сақтандыру) қорының
қалыптасуы және мүмкін болатын залалды өтеу бойынша оның уақыты мен
кеңістігі бойынша бөлінуі [15]. Алайда, А.И. Худяков дұрыс байқағандай,
сақтандыру ұғымын қорлар мен резервтердің құрылуымен байланысты кез келген
қызмет ауқымын қамтып шексіздікке дейін кеңейтпеу керек.
Сақтандыру-бұл тек табиғи апаттар мен өндірістік жарақат немесе басқа
да кездейсоқ жағдайлардың орын алуы кезінде келтірілген зияндарды өтеуге
арналған арнайы ақша қорларын (мемлекеттік немесе жеке) құру ғана емес.
Сақтандыру (экономикалық санат ретінде)-бұл ең біріншіден, экономикалық
қатынас, мұнда субъект ретінде сақтанушы мен сақтандырушы болады,
сақтандырушы сақтандыру сыйақысы төлемі түрінде сақтандырылған тұлғаның
сақтандыру қорғанысын материалданған сақтандыру төлемімен қамтамасыз етеді.
Сақтандыру қатынасы жоқ болса, сақтандырудың өзі де болмайды.
Қоғамдық қатынас ретінде сақтандыруды түсіну кең мағынадағы ұғымынан
сақтандыру ұғымын шектеуге (сақтандыру тар мағынаға) әкеледі, ал кең
мағынадағы сақтандыруға біздің зерттеу пәні болып табылмайтын әлеуметтік
сақтандыру сияқты сақтандыру түрін жатқызамыз. Әлеуметтік сақтандыру жария
және көбіне міндетті сипатта, қоғамдық мүдделерді көздеп және келісімсіз
нысанда жүзеге асады.
Экономист ғалымдар сақтандыруды экономикалық қатынастар жүйесі ретінде
түсіндіреді. М.И. Басаков сақтандырудың экономикалық сипатын көрсетеді:
сақтандыру-сақтанушының есебінен арнайы құралдар қорын құру және
сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандырылғанның материалды немесе
басқа да зияндарын өтеу үшін осы құралдарын қолдануды қамтитын
экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады [16]. А.А. Гвозденко, А.А.
Веретенов, Н.Н. Кузьминов және тағы басқалары сақтандыруды қандай да бір
құқықтық элементтері бар екенін есепке ала отырып, сақтандыру қатысушылары
арасында зияндарды бөлу негізі болып табылатын тек экономикалық санат деп
есептейді [17]. В.В. Шахов сақтандыруды екі тұрғыда мағынасын ашады: жалпы
және экономикалық мағынада. Соған сәйкес, біріншіден: сақтандыру-жеке
немесе заңды тұлғалар шеккен зияндарды көп тұлғалар арасында бөлу арқылы
зиянды өтеу әдісі болып табылады, екіншіден: бұл азаматтарға олардың
өмірінде әртүрлі жағдайлар орын алғанда жәрдемдесу үшін арнайы құрылған қор
бойынша экономикалық қатынастар жүйесі [18]. Заңгер ғалымдар сақтандырудың
анықтамасын кейде сақтандырудың экономикалық табиғатын жоққа шығарып заң
категориясы ретінде қарастырады.
Ю. Фогельсон бойынша: Сақтандыру-бұл сыртқы жағымсыз факторлардың
әсерінен ақшалай сомасын төлеу арқылы адамдар мен ұйым мүдделерін қорғау
нысаны [19]. М.И. Брагинский сақтандыру мәнін жауапкершіліктің бөлінуі
ұғымы арқылы нақты ашты [20].
Көрсетілген пікірталасты А.И. Худяков аяқтады, ол өзінің зерттеуінде
мынаны атап көрсетті: Осыған байланысты сақтандыру құқықтық мағынасында
әрқашан аз немесе көп деңгейде экономикалық санатқа тән сақтандыру
белгілеріне негізделеді. Бұл құқықтық мағынадағы сақтандырудың анықтамасы
сақтандыру заңдылығы берген түсіндірмесін қоданумен көрініс алады. Ал
сақтандыру заңнамасы экономикалық санаттағы сақтандыруға сай келуі тиіс.
Егер де заңнама экономика талаптарына жауап бермесе, ертелі ме кеш пе
сәйкессіздік анықталып,сақтандыру қызметінің сапасына әсер етеді және
заңнамаға сәйкесінше түзетулер енгізуді талап етіледі.
Сонымен қатар, сол уақыттан бері мемлекет қабылданған құқықтық нормалар
арқылы сақтандыру қатынасын реттеуді жүргізе бастады, бұл реттеу
сақтандырудың объективті сипаттамасының элементі болып, сақтандыруды
жүзеге асыруда өз ізін қалдырды. Бұл сақтандыруды экономикалық мағынада
өзі қолданатын құқықтық шындыққа тәуелді етеді.
Сондықтан, сақтандыру экономикалық мағынада әрқашан қандай да бір
деңгейде сақтандырудың құқықтық мағынасымен байланысты болады және
керісінше. Осыдан шығатыны, қазіргі таңда сақтандырудың экономикалық және
құқықтық мағыналарының әртүрлі түсініктердің болуы тәжірибе немесе
теория жүзінде айқандалған деуге болмайды.
Құқықтық мағынадағы сақтандырудың анықтамасы 2000 жылдың 18
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы
Заңының 4-бабында көрсетілген: Сақтандыру өз алдына жеке немесе заңды
тұлғалардың заңды мүліктік мүдделерін келісімде көрсетілген сақтандыру
жағдайларының орын алған кездегі сақтандыру ұйымдарының өз актив
шоттарынан сақтандыру төлемі арқылы қорғау бойынша қатынастар кешені болып
табылады [21].
Бұл анықтаманың А.И. Худяков өзінің зерттеуінде назар аударған өзіндік
оң және теріс жақтарын байқаған. Оның пікірінше, берілген анықтама
көптеген қателіктерге толы. Біріншіден, сақтандыру қатынастардың кешені
ретінде анықталады. Екіншіден, қарастырылып отырған анықтама сақтандыруды
жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауға әкеледі. Үшіншіден,
бұл ең бастысы, осы анықтамадан шығатыны-сақтандыру жағдайы болмағанда
сақтандырудың жүзеге асу мүмкіндігі. Төртіншіден, берілген анықтама
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген сақтандыру
жағдайы орын алғанда ғана сақтандыру төлемін алу негізі көрсетілген
сақтандыру келісім-шарты анықтамасына қайшы келеді.
Біз, А.И. Худяковтың пікірімен толықтай келісеміз, тек бір жағдайдан
басқа. Біз сақтандырудың заңнамалық анықтамасына әділ сын деп келесіні
есептейміз: әрине, сақтандыру тек жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктік
мүдделерін қорғауға ғана бағытталмаған. Біздің жағдайымызда ауыл
шаруашылығы саласындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерінің, мемлекеттің
мүдделері бар. Сонымен қатар, жеке немесе заңды тұлғаларға жатпайтын шаруа
және фермерлік шаруашылығының заңды мүдделері назардан тыс қалмауы тыс.
Және де анықтамада келісім-шартпен белгіленген басқа да абстрактілі
жағдайлар емес, тек сақтандыру жағдайлары көрсетілуі тиіс.
Анықтамада тек сақтандыру жағдайларын ғана көрсету керек, алайда
сақтандыру жағдайы ұғымын анықтау қажет. Сонымен, осы анықтама мен
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген сақтандыру
жағдайы орын алғанда ғана сақтандыру төлемін алу негізі көрсетілген
сақтандыру шарты анықтамасына қайшы келмейтін болады (АК,803б.1т.).
Біздің келіспейтініміз-сақтандырудың қатынастар кешені ретінде қарала
алмайтығында. Біздің пікірімізше, сақтандыру нақты бір қатынас ретінде де
және қатынастар кешені ретінде де қарастырыла алады. Мәселен, біз Қазақстан
Республикасына байланысты сақтандыру туралы айтқанда түгелдей қатынастар
кешені туралы айтамыз. Ең дұрысы жеке нақты қатынастарды сақтандыру
демей, сақтандыру қатынастары дегеніміз жөн.
Сонымен қатар, қаралып отырған анықтаманың кемшілігі ретінде тек
мүліктік мүдделердің қорғалуының ғана көрсетілуі. Субъектілердің мүліктік
емес мүдделері де қорғалуға жатуы тиіс. Ю.Б. Фогельсон Ресей Федерациясының
Ресей Федерациясындағы сақтантандыру ісін ұйымдастыру туралы Заңында
бекітілген сақтандыру анықтамасын талқылай келе тек мүліктік мүдде
сипаттамасы туралы талаптардан басқа, ол кейбір деңгейде анохронизм болып
табылады, дегенмен де сақтандырудың қазіргі көріністеріне толық жауап
береді. Мүліктік мүдде-бұл тұлғаның затқа деген мүліктік құқығына
байланысты мүдде. Қазіргі заңнама жүйелері азаматтардың құқықтық
объектілеріне материалды емес игіліктерді де жатқызады- денсаулығы, өмірі
және т.б. Сақтандыру қорғанысы осы игіліктерге байланысты мүдделерге де
қолданылады [22].
Сонымен сақтандыруды келесі мағыналарда түсінуге болады:
а) жеке нақты қатынас ретінде (сақтандыру қатынасы);
б) қатынастардың кешені ретінде;
в) құқықтық институт ретінде;
г) белгілі бір қызмет түрі ретінде.
А.И. Худяков сақтандыруды жеке қатынас ретінде қарастырады: сақтандыру
өз алдына заңнамада немесе келісім-шартта қарастырылған сақтандыру жағдайы
орын алған кезде сақтандырушымен сақтандырылған тұлғаға сақтандыру
қорғанысы ретінде материалды тұрғыда сақтандыру сыйақысын төлеу және басқа
да төлемдер төлеу бойынша сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы қатынастар
болып табылады .
Ю.Б. Фогельсонмен сақтандыру қатынастарына тән белгілерін көрсетті:
а) белгілі бір жағдайлардың орын алғандағы ақша сомасын төлеу;
б) осы жағдайлардың орын алуының кездейсоқтығы;
в) қатынастың бір қатысушысының мүдделерінің болуы (мүліктік немесе
мүліктік емес), оның қорғанысы көрсетілген ақша сомасының төленуімен
қамтамасыз етіледі;
г) қорғаныс қызметін ұсынудағы қызметтің ақылылығы;
д) арнайы қалыптасқан ақша қорының болуы, осылардың есебінен қорғаныс
қамтамасыз етіледі .
Сақтандыруды қатынастар жүйесі ретінде келесідей қалыптастыруға болады:
бұл жеке немесе заңды тұлғалардың, шаруа және фермерлік шаруашылықтары мен
әкімшілік-аумақтық бірліктердің, мемлекеттің заңды мүдделерін (мүліктік
және мүліктік емес) сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру жағдайының
орын алуы кезінде сақтандыру ұйымдарының өз қаражаты есебінен сақтандыру
төлемін төлеу арқылы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қатынастардың кешені.

Құқықтық институт ретіндегі сақтандыру ұғымы жеке немесе заңды
тұлғалардың, шаруа және фермерлік шаруашылықтары мен әкімшілік-аумақтық
бірліктердің, мемлекеттің заңды мүдделерін (мүліктік және мүліктік емес)
сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру жағдайының орын алуы кезінде
сақтандыру ұйымдарының өз қаражаты есебінен сақтандыру төлемін төлеу арқылы
қорғалуын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді.
Белгілі бір қызмет түрі ретінде сақтандыру мағынасының анықтамасы 2000
жылдың 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі
туралы Заңының 4-бабында көрсетілген: Сақтандыру қызметі- Қазақстан
Республикасының екі жақты сақтандыру туралы заңнамалық актіге сәйкес
лицензиясыз не Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сай
уәкілетті органның лицензия негізінде сақтандыру келісім-шартын жасау және
орындаумен байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі .
Бұл анықтама да А.И. Худяков тарапынан сынға алынды: Біріншіден, қайта
сақтандыру сақтандыру келісім-шартының бір түрі болып табылады. Екіншіден,
сақтандыру келісім-шартының орындалуына байланысты қызмет осы анықтамада
айтылғандай уәкілетті органнның лицензиясы негізінде емес, келісім-
шарттың шарттарына сәйкес жүзеге асады. Үшіншіден, сақтандыру қызметі
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады деп көрсету
тым артық. Қандай да бір қызмет болмасын сәйкес заңнаманың талаптары
негізінде жүзеге асады. Сондықтан да, сақтандыру қызметін сақтандыру шартын
жасау мен орындау бойынша сақтандыру ұйымдарының қызметі ретінде анықтау
оңай және дұрыс.
Біз көрсетілген кемшіліктермен келісеміз, алайда А.И. Худяков берген
анықтама сақтандыру қызметін тар мағынада қарастырады, яғни сақтандыру
ұйымдарының қызметі ретінде ғана. Бір жағынан бұл дұрыс. Оның атауында
көрсетілгендей сақтандыру қызметі сақтандырумен үздіксіз байланыста,
сақтандыру бойынша қызмет болып табылады. Сақтандыру қызметі термині
мазмұнындағы іс-әрекеттер жүйелі түрде жүзеге асады деп айтылғандықтан
оның мүмкін болатын субъектілер қатарынан сақтандыру міндеттемесінде қатысу
кәсіби қызметі болып табылмайтын сақтанушыны, пайда алушыны және
сақтандырылған тұлғаны алып тастау керек.
Кейбір авторлардың пікірі бойынша сақтандыру қызметі сақтандыру шартын
жасау мен орындау бойынша сақтандыру ұйымдарының қызметі ретінде ғана
шектелмейді. Мәселен, Ю.Б. Фогельсон бойынша, сақтандыру қызметі екі
құрамадас бөліктен тұрады:
а) сақтандыру келісім-шартын жасау және орындау;
б) сақтандыру қорының құралдарын басқару-сақтандыру төлемдерін
сақтандырушы қамтамасыз ету үшін қалыптасқан арнайы ақша қорларын басқару.
Сақтандыру қызметінің мазмұны бұл мағынада сақтандыру
міндеттеммесіндегі сақтандырушының қызметтері шегінен шығады және жария
құқығы (мысалы, сақтандыру қорларының қалыптасуы мен орналастыру бойынша)
саласымен реттелетін іс-әрекеттерді өзіне қосады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары экономикалық тұрғыда өз алдына
капиталдардың қоғамдық қайта бөлуін білдіреді, ал бұл қызметке мемлекет
арнайы қадағалауды жүзеге асырады.
Сондықтан да, сақтандыру қызметін тар және кең мағынада қарастыруға
болады. Тар мағынада оны сақтандыру ісі ретінде белгілеуге болады
(мәселен, Ресей Федерациясының Ресей Федерациясындағы сақтантандыру ісін
ұйымдастыру туралы Заңымен осындай термин айналымға енген), және
сақтандыру келісім-шартын жасау мен орындау бойынша сақтандыру ұйымдарының
қызметі ретінде қарастырады.
Кең мағынада сақтандыру келісім-шартын жасау мен орындаумен, сақтандыру
қорының құралдарын басқарумен және сақтандыру қадағалауын ұйымдастырумен
байланысты барлық қызмет түрін ұғынуға болады.
Сақтандыру қызметі саласындағы қатынастың ұғымын сипаттай келе, біз
келесідей анықтама ұсына аламыз:
Сақтандыру қатынасы бұл келісім-шартта немесе заңнамада қарастырылған
сақтандыру жағдайы орын алған кезде сақтандырылған тауар өндірушілерге
мүліктік және мүліктік емес мүдделерін қорғау ретінде сақтандырушымен
өндірілген сақтандыру сыйақысын төлеу және басқа да төлемдер төлеу бойынша
сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Сақтанушы-сақтандырушыға сақтандыру қорғанысын алу мақсатында
сақтандыру төлемін төлейтін тұлға.
Сақтандырушы-сақтандырылған тұлғаға сақтанушыдан сақтандыру төлемі
есебі негізінде сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ететін тұлға.
Сақтандырылған-оның мүддесі сақтандыру объектісі болатын тұлға. Біздің
жағдайымызда сақтандырылғандар болып ауыл шаруашылық тауар өндірушілер
табылады. Сақтанушы мен сақтандырылған бір адам ретінде орын алуы мүмкін,
алмауы да мүмкін (егер сақтанушы басқа бір тұлғаның мүддесін сақтандырса).
Сақтандыру төлемі-жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру
жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі сақтандыру
сомасы мөлшерінде сақтандырушымен сақтанушыға (пайда алушыға) төленетін
ақша сомасы. Сөйтіп, сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлетін
ақшалай сомасы болып келеді.
Сақтандыру жағдайы-сақтандыру шарты сақтандыру төлемін қарастыратын
жағдай. Сақтандыру жағдайы табиғи әсер, техногенді сипат және нақта адам
әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар,
сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және
ықтималдық белгілерін иемдену керек.
Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт тараптарымен өз
бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың болмай қоймайтындыққа жақын
болмауы қажет, егер соңғысы орын алса ол жағдай кездейсоқтық болмайды.
Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау
сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын жағдайларға қолданылмайды.
Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып
келген кезде) және шарттармен (сақтандыру ерікті болып келген кезде)
анықталады.
Сақтандыру объектісі сақтандыру қорғанысына (яғни, сақтандыру неге
бағытталған) жататын сақтандырылғанның мүдессі болып табылады.
Сақтандыру пәні-сақтандыру объектісі болып табылатын материалды
құндылықтар, сондай-ақ жеке мүліктік емес құқықтар.
Сақтандыру құқықтық қатынастар-азаматтық құқықтық қатынастардың бір
түрі болғандықтан оларға жалпы және арнайы белгілері тән болады. Оларды
құқықпен реттелетін қатынастар ретінде атауға болатын жалпы белгілер
ретінде келесілерді жатқызуға блады:
– сақтандыру құқықтық қатынас жігерлі сипатта болады;
– ол салыстырмалы қатынас болып табылады, оған әрқашан нақты тараптар
қатысады;
– заңи және фактілік іс-әрекет сақтандыру құқықтық қатынастың объектісі
болап табылады;
– субъективті азаматтық құқықтардың және заңи міндеттемелердің болуы.

Ғылыми және оқу әдебиеттерінде азаматтық құқықтық қатынастардың басқа
да жалпы белгілері көрсетілген.
Сақтандыру құқықтық қатынастардың ерекшелігі кез келген құқықтық
қатынастардың (субъективті құрам, объект және мазмұны) дәстүрлі элементтер
призмасы арқылы көрінеді.
Алайда осы ( жалпы ) қасиетпен қатар сақтандыру құқығы мен сақтандыру
бизнесінің теориясы мен тәжірибесі сақтандыру құқықтық қатынастары үшін
сақтандыру мүддесі, сақтандыру жағдайы, сақтандыру тәуекелі,
сақтандыру төлемі және т.б. секілді негізгі элементтерді өңдіріп шығарды.

Айта кететін жайт, сақтандыру құқықтық қатынастардың анықтамасы аса
сирек кездеседі. В.И. Серебровский сақтандыру құқықтық қатынастарға
келесідей анықтама берді: құқықтық қатынастарға байланысты бір тарап
(сақтандырушы) белгілі бір мерзім ағымында белгілі бір оқиғаның (сақтандыру
жағдайы) басталуынан осы тұлғаның мүлкіне не өміріне байланысты туындайтын
зардаптарға тәуекел ету міндетті болып табылады, ал осы оқиға орын алған
жағдайда өзге тарапқа (сақтанушыға) сақтандыру төлемін (сақтандыру сомасын)
төлейді.
Өзге тарап (сақтанушы) сақтандырушыға белгілі бір көлемде жарна
(сақтандыру сыйақысы) төлеуге міндетті.
В.С. Белых, И.В. Кривошеев сақтандыру міндеттемесінде бір кемшілігі
бар: сақтандыру құқықтық қатынастардың сақтандырушы жауапкершілігімен
байланысты кейбір теңдестірулерге жол беріледі деп есептейді. Сақтандыру
міндеттемесінің сипаттамасында бірінші орында сақтандырушының қандайда
болмасын зардаптар үшін тәуекел ету міндеті тұрады.
Көрсетілген теңдестіру сақтанушы жауапкершілігімен байланысты
сақтандыру құқықтық қатынастары сақтандыру міндеттемесінің өз бетінше
дербес екендігіне күмән тудырады.
Осы авторлардың пікірінше, сақтандыру құқықтық қатынастарды азматтық-
құқықтық міндеттеме ретінде анықтауға болады, ол бойынша сақтандырушы
(борышкер) тиімсіз зардаптардың сақтандыру тәуекеліне сәйкес сақтанушының
(сақтандырылған тұлға) оған (кредиторға) сақтандыру төлемін немесе
сақтануды қамсыздандыруын (сақтандыру сомасын) төлеу арқылы сақтандыру
мүддесін жүзеге асыру тиіс, ал сақтанушы сақтандырушының міндеттерінің
орындалуын талап етуге құқылы.

1.2 Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың объектілері
мен субъектілері

Объект ұғымын субъектінің (тұлғаның) кез келген қызметі (тәжірибелік не
танымдық) бағытталған құбылыс немесе зат ретінде түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасынының сақтандыру заңдылығына сәйкес, мүліктік
және жеке сақтандыру объектісі азаматтардың, заңды тұлғалардың, шаруа және
фермерлік шаруашылықтардың жеке мүліктік емес мүдделерімен тығыз байланысты
кез келген мүліктік мүдделер болуы мумкін.
18 желтоқсан 2000 жылғы ҚР Сақтандыру қызметі туралы Заңында
сақтандыру объектісі ұғымы көрсетілмеген. Жалпы талқылау 1999 жылдың 1
шілдесінен ҚР-ның Азаматтың кодексінің 807-бабында көрсетілген [23]. Онда
азаматтардың және заңды тұлғалардың кез келген мүліктік мүдделері мүліктік
және жеке сақтандыру объектілері болуы мүмкін екені айтылған, соның ішінде:
1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында
белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде
белгілі бір оқиғалардың басталуына;
2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың
салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;
3) мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне;
4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу
салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік
мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.
Берілген анықтамада кемшілік жоқ емес, мұнда тек сақтандыру объектілері
атап көрсетілген, бірақ жалпы теориялық ұғым берілмеген. Сонымен қатар,
мұнда азаматтардың және заңды тұлғалардың тағы да тек мүліктік мүдделері
көрсетілген және олармен тығыз байланысты жеке мүліктік емес мүдделер
көрсетілмеген. Барлық субъектілер қамтылмаған-шаруа және фермерлік
шаруашылық шетте қалған.
Жалпы сақтандыру құқығының мәселелерінің бірі сақтандыру объектісінің
анықтамасын беру мәселесі болып табылады.
А.И. Худяков бойынша сақтандыру объектісі-өзіндік көрінісіндегі көп
қыры бар күрделі санат болып табылады.
Сақтандыру объектісі өзіндік субъективтік көрінісінде-өзіндік
материалдық жағдайына (өзіндік бар болу шарттары туралы) немесе өзге
тұлғаның материалдық жағдайына сақтандыру арқылы ұйымдасқан қамқорлық
жасау.
Сақтандыру объектісінің өзіндік материалды көрінісі-сақтандыру
сомасымен және сақтандыру затымен айқындалатын сақтанушының
(сақтандырылғанның) оның бар болу жағдайын көрсететін мүліктік мүддесі.
Сақтандыру объектісі өзіндік экономикалық көрінісінде-бұл сақтандыру
сомасымен және сақтандыру затымен анықталған сақтанушының (сақтандырылған
тұлға) қорғану жағдайы бойынша сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы
қатынас.
Экономика саласындағы ғалымдарың көзқарасы бойынша, мүлікті
сақтандырудың жіктелуі ерекшелігі өзара иерархиялық байланысы жоқ
қауіптерді ажырату болып табылады:
– өрттен мүлікті сақтандыру;
– ауылшаруашылық егістерін құрғақшылық пен басқа да табиғат апаттарынан
сақтандыру;
– жануарларды жаппай қырылудан және еріксіз союдан сақтандыру;
– көлік құралдарын апаттан, алын қашудан және т.б. қауіптерден сақтандыру.
Сақтандыру объектісінің құндылығы болып сақтандыру сомасы табылады.
Сақтандыру объектісі өзіндік құқықтық көрінісінде-сақтандырушы заң
немесе келісім шарт бойынша сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтандыру
қорғанысын қамтамасыз етуіне қатысты сақтандыру сомасы мен сақтандыру
затымен анықталатын сақтанушының бар болуы шарттары.
Көптеген авторлардың сақтандыру объектісін нақты анықтай алмауы
таңқаларлық жайт емес, бұған сақтандыру объектісі көріністерінің көп
аспектілі болуы себін тигізеді. О.К. Кагазов бойынша сақтандыру құқығының
объектілері мыналар:
1. сақтандыру мүддесі;
2. сақтандыру төлемі;
3. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
4. сақтандыру жағдайы;
5. сақтандыру сыйақысы;
6. сақтандыру соммасы [24].
Біздің көзқарасымыз бойынша, мұнда сақтандыру қатынастарының барлық
мүмкін элементтері жүйесіз (орын) қосылуы орын алады. Мәселен, мұнда
сақтандыру сомасын көрсету қажет емес еді, өйткені ол сақтандыру
объектісінің құндылығы болып табылады, ал ол өз кезегінде сақтандыру
мүддесі ретінде көрініс табады.
Сонымен қатар, Г.М. Тлебаеваның көзқарасымен келісе алмаймыз: жалпы О.
Кағазов пікірін мойындау керек, бірақ кәсіпкерлік тәуекелді сақтауды
сақтаңдырудың негізгі түріне жатқызу керек, ал экологиялық келісім-шарттың
немесе кез келген сақтандыру келісім-шарттың мазмұны мен шарттары, келісім-
шарт өз алдына аз мәнді емес сақтандыру объектісі болып табылады [25].
Келісім-шарт өздігінен қалайша сақтандыру объектісі бола алады?
Дұрысы біздің көзқарасымыз бойынша, сақтандыру құқығының кемеңгері А.И.
Худяков берген анықтама: сақтандыру объектісі (кең мағынада) сақтанушының
бар болу материалды жағдайларының сақтандыру сомасымен және сақтандыру
затымен айқындалатын ретінде анықтауға болады, сонымен қатар оның жан
дүниесінің тыныштығын қорғалуы сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру
төлемін сақтандырушының төлеуі негізінде орын алады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, осы анықтамалардың сапалы ерекшелік болып
сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) жан дүниесінің көрсетуі, сонымен бұл
анықтама тек мүліктік мүддені ғана емес, жеке мүліктік емес мүдделерді
қамтиды.
Заңнамада мүдде ұғымының заңды анықтамасының болмауына байланысты
проблема бар. Бұл ғалымдар арасында осы ұғымның мазмұнына ортақ
көзқарастарының болмауына байланысты. Ол мәселе азаматтық-құқықтық
аясындағы сақтандыру қатынастарында ерекше орын алады, себебі заң шығарушы
мүдде терминін көп қолданады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің сақтандыруға арналған
баптардың мазмұндарында сақтанушының мүддесі туралы сөз болуын, соның
ішінде сақтандыру келісім-шартына отыру мүдделілігі туралы, және де
азаматтардың және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделері туралы сөз болатыны
туралы байқауға болады.
Дегенмен де мүдде санатының анықтамасы жоғарыда айтылғандай заңнамада
жоқ. Қазақстан Республикасының Азамамттық кодексінің 809-бабының 2-5
тармақтарында заң шығарушымен мүліктік сақтандыру келісімі бойынша
сақтандырылуы мүмкін мүліктік мүдде ұғымдары берілуі мүмкін.
Осы нормаларға сәикес мүліктік сақтандыру келісім-шарт бойынша
сақтандырылуы мүмкін мүліктік мүдде ұғымына мүліктің жоғалуы (жойылуы),
жетіспеуі немесе бүлінуі, зиян келтірудің салдарынан туындайтын
міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелі және кәсіпкерлік тәуекелдерді
жатқызуға болады.
Азаматтық құқық бойынша әдебиеттерде мүдде және мүліктік мүдде
санаттарының мағынасын дәл айқындайтын анықтамалар жоқ.
Көптеген заңгерлер шаруашылық субъектілердің-азаматтар мен заңды
тұлғалардың мүліктік мүддесі ұғымынан мынаны түсінеді мүлікті қолдану,
бұйрық ету, иемденуіне байланысты тұлғалардың мүдделері, сонымен қатар,
әртүрлі табыс көздеріне байланысты мүліктік мүдде.
Көріп тұрғанымыздай, берілген анықтаманың мазмұнында белгісіз бір
термин келесі бір термин келесі бір белгісіз терминмен мәнін ашады, онда
тек мүліктік сөзінің ұғымының мәні ашылған да, ал мүдде мазмұнын
түсіндірілгені келтірілмеген. Яғни, мүліктік мүдде санатының мазмұнын
толық көлемде ашу мүмкін емес.
Осы аталған мәселемен айналысатын барлық зеттеушілер делік, мүдде
терминін әртүрлі түсіндіріп отырып, адамдардың мүдделерін олардың
қажеттіліктерімен тығыз байланыстыра отырады.
Қажеттілік термині материалды қажеттіліктер мен тұлғаның әлеуметтік
топтардың, қоғамның рухани сұраныстары. Адамдардың қажеттілік жүйесіне, ең
алдымен, заттай қажеттіліктері (материалды және рухани) тамақ өнімдері,
киім-кешекке, кітаптарға және т.б. қажеттіліктер, ол әлеуметтік
қажеттіліктер- еңбекте, білім беруде, денсаулық сақтауда.
Қазіргі таңда философия, әлеуметтану, психология, экономика, заң
саласындағы көптеген зерттеушілер мүдде мен қажеттіліктер бір-бірінен тығыз
байланысты, бірақ өзіндік табиғаты бойынша әртүрлі қоғамдық құбылыс екенін
мойындады. А.Т. Ханипов дұрыс атап көрсеткендей, қажеттіліктер мен
мүдделер әлеуметтік субъект ерекшелігімен бір-бірімен оқшауланбаған, олар
белгілі бір диалектикалық бірлікте екені сөзсіз. Қажеттілік мүдде көзінің
бірі ретінде қызметтің ішкі түрткі күші орын алады, оның қорытындысы
негізінде қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған мүдденің бөлінбес
жағы болып табылады.
Алайда осы фактілердің анықтамасынан осы екі ұғым арасында маңызды
айырмашылығы жоқ деп қорытындылауға болмайды. Оларды бір-бірімен
оқшаулауға, біріне-бірін қарсы қоюға және теңдестіруге де болмайды.
Жаңа философиялық энциклопедия еңбегінің авторларының пікірінше,
мүдде-бұл адамдардың әртүрлі объектілерге белсенді бағытталуы, оларды
меңгеруі игілік . жалғасы

Сақтандыру қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы.

  • Мәтін
  • Ресми жарияланым
  • Ақпарат
  • Өзгерістер тарихы
  • Сілтемелер

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы
2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi
5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру
5-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы

2-тарау. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi
7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны
8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру
9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

3-тарау. САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫ
10-бап. Сақтандыру рыногының қатысушылары
10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері
10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің ішкі құжаттары
10-3-бап. Актуарийлер бірлестігі
11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi
11-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың жалпы шарттары
12-бап. Өмірді сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың ерекшелiктерi
13-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу
15-бап. Шекарааралық сақтандыру (қайта сақтандыру)
15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу
15-2-бап. Сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасқан кезде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
16-бап. Сақтанушыларға ақпарат беру бойынша сақтандыру ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға, сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

4-тарау. САҚТАНДЫРУ ДЕЛДАЛДЫҒЫ
16-1-бап. Сақтандыру брокерін құру
16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына қойылатын талаптар
16-3-бап. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталын қалыптастыру\
17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған қойылатын талаптар
18-бап. Сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметi және оған қойылатын талаптар
18-1-бап. Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдарға, сондай-ақ олардың есебін жүргізу және оқыту тәртібіне қойылатын талаптар
18-2-бап. Сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері

5-тарау. АКТУАРИЙЛІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АУДИТ
19-бап. Актуарийлiк қызмет
20-бап. Аудит

6-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ
21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi
23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы
24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары
25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
25-1-бап. Субординарлық борыш
26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы
26-1-бап. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту негіздері
27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру
28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi

29-бап . Алып тасталды – ҚР 25.11.2020 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеу
31-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
31-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар ету
32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуы
33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу
34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын қосымша талаптар
36-бап. Алынып тасталды

6-1-тарау. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құрудың және олардың қызметінің ерекшеліктері
36-1-бап. Исламдық сақтандыру қағидаттары
36-2-бап. Исламдық сақтандыру қоры
36-3-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақысы
36-4-бап. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі
36-5-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын талаптар
36-6-бап. Исламдық сақтандыру шартын исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес емес деп танудың салдарлары
36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар

7-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ
37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиялау
37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру
38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту
39-бап. Алынып тасталды
40-бап. Актуарийлік қызметті лицензиялау

8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау
41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi
42-бап. Уәкiлеттi орган
43-бап. Уәкілетті органның құзыреті
44-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру
44-1-бап. Уәкілетті органның халықаралық шарттар және құпия ақпарат алмасуды көздейтін өзге де шарттар шеңберінде ақпаратты ашуы

9-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН РЕТТЕУ
45-бап. Алынып тасталды
46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер
46-1-бап. Алып тасталды – ҚР 02.07.2020 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
47-бап. Сақтандыру резервтерi
48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет
49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау
50-бап. Бағалы қағаздармен және вексельдермен мәмiлелер жасау
51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау
52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызметке қатысуы
52-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
52-2-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
52-3-бап. Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау

10-тарау. Қадағалап ден қою шаралары, санкциялар және өзге де ықпал ету шаралары
53-бап. Ерте ден қою шаралары
53-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары
53-2-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
53-4-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
53-5-бап. Санкциялар
54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
54-1-бап. Консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру
55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру
55-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау
55-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілік
55-3-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды жүргізу туралы шешім
55-4-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде басқару ерекшеліктері. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері
55-5-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылау
55-6-бап. Консервациялауды тоқтату
56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айырудың зардаптары
57-бап. Алынып тасталды – ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.
58-бап. Алынып тасталды – ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.
59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
60-бап. Актуарийдi лицензиясынан айыру
61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу

11-тарау. ҚАЙТА ҚҰРУ
62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта ұйымдастырылуы
63-бап. Өз еркiмен қайта құрылуға рұқсат беруден бас тарту
64-бап. Алынып тасталды

12-тарау. ТАРАТУ
65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негiздерi
66-бап. Өз еркiмен және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетi
67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылу ерекшелiктерi
68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту
69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату ерекшелiктерi
69-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру портфелін беру
70-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы
71-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану
72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектiлiгi
73-бап. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi

13-тарау. ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР
74-бап. Қаржылық және өзге де есеп беру
74-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және сақтандыру холдингтерінің есептілігі
75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы
75-1-бап. Шығындылық коэффициенті
76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері және сақтандыру холдингі қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау
77-бап. Құжаттарды сақтау тәртiбi және мерзiмi
78-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым жасау

14-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет
79-бап. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның құрылу тәртібі мен негізгі функциялары
80-бап. Дерекқор
81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін ақпарат
82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың міндетті талаптары
84-бап. Ұйымға тіркелу
85-бап. Алып тасталды – ҚР 27.04.2020 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15-тарау. Сақтандыру омбудсманы
86-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі, қызмет қағидаттары, оны сайлау тәртібі және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату
87-бап. Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі және оның құзыреті
88-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар
89-бап. Сақтандыру омбудсманының құқықтары мен міндеттері
90-бап. Сақтандыру омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі
91-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі
92-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: