Ақшалай Сақтандыру Жалпы, Сақтандыру Деген Бинарлық Робот

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Contents

Сақтандыру және оның түрлері

Сақтандыру:

  • Экономикада өте маңызды орын алады.ең маңыздысы ол адам өмірің неше түрлі жағдайдағы қауіпсіздігін қорғайды.
  • Экономикалық қарым-қатынастың түрлі адаммен өндірістік процес арасында қалыптасады.
  • Жеке тұлға мен заңды тұлғаның шеккен зияны мен шығынды қайта қалыптастыруға мүмкіндік береді, шеккен зиянды қайта қалпына келтіріу,сақтандыру қорындағы қаржы қаражаттарымен қайтарады.

Қарапайым тілмен айтқанда сақтандыру-халықтың жеке және шаруашылықтық мүліктік мүдделерін табиғи апаттан немесе басқада белгісіз төтенше салдардан болатын шығындардан арнайы мақсатты қор құру арқылы сақтандыру. Оның негізгі қайнар көзі сақтандырушылардың сақтандыруға төлеген төлемі.

Сақтандырудың қызметтері:

  • Сақтандыру қызметінде қаржы және несиені байланысиратын жағы бар,экономикада бұл қызымет өзіне лайықты міндетін атқарады.жалпы қызыметте мыналарды атап айтуға болады
  • ақша қаражаттарындағы мамандандырылған сақтандыру қорларын қалыптастыру.
  • шеккен зияны мен шығыны бар азаматтарды жеке материялдық қамтамасыз ету.
  • Қаржы саласындағы бөлу қызметін атқарады:
  • Тәуекелдік қызметі
  • Ескертіу қызмті
  • Бақылау қызметі
  • жинақтау қызметі
  • Сақтандыру ұйымдарының топтастырлуы:

Сақтандыруды топтастыру өз алдына ғылыми жұйе құрады.бұл олардың атқаратын қызыметтер мен салаларна байланысты.

Ұйымдастырудың тұрлеріне байланысты сақтандырудың түрлері былай бөлінеді:

  1. Мемлекеттік сақтандыру
  2. Акционерлік сақтандыру
  3. Өзара сақтандыру
  4. 4. Кооперативтік сақтандыру
  5. 5. Медициналық сақтандыру

Сақтандыру объектісі

Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірген зияны үшін, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі болып, қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша туындаған міндеттемелеріне байланысты жұмыс берушінің мүліктік мүддесі табылады.

Сақтандырудағы жалпы ережелер:

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Жұмыс берушінің жұмысшылар алдындағы жауапкершілігін сақтандыруға байланысты :

  • Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында оның өміріне және денсаулығына келтірілген зияны үшін, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болып табылады.
  • Сақтандыру аумағы болып Қазақстан Республикасының барлық аумағы саналады.
  • Қамту мерзімі – қызметтік міндеттерін орындау мерзімі, қызметтік іссапарда болу мерзімі; Сақтанушының көлігінде жұмысқа бару және жұмыстан қайту жолында екі сағаттық аралығында; техникалық үзіліс және тамақтану үзілісі; жұмыс уақтысында қоғамдық көлікте немесе жаяу жүру бағытында, егер еңбектік міндеттерін атқару жол жүрумен байланысты болса; жұмыс уақтысында қызметтік немесе жеке көлікте, егер оны қызмет мақсатымен басқаруға әкімшіліктің өкімі болса

Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

  • Сақтандырушы міндетті:
  • Сақтанушыны жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының ережелерімен таныстыруға, және жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын оның құқтары мен міндеттерін түсіндіруге;
  • сақтандыру жағдайы басталғанда, осы сақтандыру Шартына және жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру Ережесіне сәйкес, сақтандыру төлемін атқаруға;
  • өз қызметі нәтижесінде Cақтанушы және Пайда алушы туралы алған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;

Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

  • Сақтанушының сақтандыру жағдайының залалдарын азайту бойынша шеккен шығындарын өтеуге;
  • осы сақтандыру Шартына сәйкес, аннуитеттік сақтандыру ұйымына ақша аударуды жүзеге асыруға;

осы Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қамтылған өзге де іс -әрекеттер жасауға.

  • сақтандыру төлемін атқарудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, Пайда алушыға уәжді себептері көрсетілген жазбаша ұйғарымын жолдауға;

1.қазақстандағы сақтандыру түрлері:

  • Бүгінде қазақстанда сақтандырудың екі түрі бар
  • Міндетті
  • Ерікті
  • Міндетті-заңмен бекітілген және оның талабын орындауға барлық адам міндетті,яғни адамдардың белгілі әрекетпен айналыспауға қойылатын заң жүзіндегі талап.
  • Ерікті –адамдардың жеке өмірі және шаруашылық жағдайындағы мүліктік мүдделерін әр түрлі жағдайлардан қорғауға деген қажеттіліктен туындайды.

Ерікті сақтандыру:

  • Мүліктік және жеке деп екіге бөлінеді.
  • Жеке сақтандыру-азаматтың өмірін,денсаулығын,еңбекке қабылеттігін және жеке басына байланысты өзге де әр түрлі жағдайлардан қорғауға деген қажеттіліктен туады.
  • Жазатайым оқиғалардан
  • Ауырудан
  • Өмірде белгілі оқиғалардың басталуына байланысты
  • Өмірді сақтандыру

Көп елдерде ерікті сақтандыру сыйақысы сақтандыру компаниясының сыйақысының 50-80% ұстаса,қазақстанда небәрі 2% ғана. Ол жан басына шаққанда 4$ құраса, дамыған елдерде айталық АҚШ-та-1661$, Жапонияда-2528$. Ұлыбританияда-2725$, Швецарияда-3291$.

Мүліктік сақтандыру:

  • Мүлікті сақтандыру және жауапкершілікі сақтандыру.
  • Мүліті сақтандыру –заңды және жеке тұлғалардың жылжымаитын мүліктерін,көліктерін,малын,ұй мүліктерін.ауылшаруашылық өнімдерін,қондырғыларын,шикізат және т.б.ларды сақтандыруда туындайтын қатынас.
  • Жауапкершілікті сақтандыру-бұл көлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру,жүмыс беріушінің жүмысшылар алдындағы жауапкершіліктерін сақтандыру ,кәсіпорындардың 3-түлғаға тигізетін залалдарын сақтандыру және т.бзаңды және жеке түлғалардың заң жүзінде туындайтын азаматтық құқықтық жауапкершіліктерін сақтандыруға байанысты қатыныс.

Сақтандыру компаниялары:

  • Қазіргі кезде қазақстанда жеке сақтандырудың бір бөлігі -өмірді сақтандыру. Қазақстанда сақтандыру саласын дамытудың басым бағыттарының бірі, бұл салада қызмет ететін 4 компания бар.

Мемлекеттік меншіктегі «аниуитеттік компания» және жеке меншік:

  • «БТА өмірді сақтандыру»АҚ
  • «Валют транзит-life»АҚ
  • «Халық life»АҚ
  • «Номад Иншуранс» АҚ

Терминдер:

  • Сақтандыру сомасы – Сақтандырушының Шарт бойынша өз міндеттерін атқарған көлеміндегі Шартпен белгіленген ақшалай сомасы. Сақтандыру сомасы Сақтандырушының жауапкершілік шегі болып табылады. Кез келген жағдайда, сақтандыру төлем мөлшерінің шегі (жауапкершілік шегі) әрбір сақтандыру жағдайы бойынша Шартпен белгіленген сақтандыру сомасынан аспайды.
  • Сақтандыру (сақтандыруды қорғау) – Сақтандырушының міндеттемесі, тиісті тұлғаға сақтандыруды қорғау кезінде болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін, Шарт тәртіптеріне сәйкес жүзеге асыру.
  • Сақтандыруды қорғау мерзімі – сақтандыру жағдайы туындаған кезде, Сақтандырушының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелері пайда болған мерзімі.
  • Суброгация -subrogation — келтірілген залалға жауапты тұлғаға Сақтанушының талап қою құқының сақтандыру төлемін атқарған Сақтандырушыға ауысуы. Шағымдану құқына, талаптануға және одан басқаға қатысты жағдайларда бір тұлғаны басқамен ауыстыру.
  • Зиянды өндірістік факторы — өндірістік фактор, оның қызметкерге тигізген әсері ауруға немесе еңбекке жарамдығын төмендетуге апаруы мүмкін;
  • Сақтанушы – Сақтандырушымен сақтандыру Шартына отырған тұлға;
  • Сақтандырушы — сақтандыруды жүзеге асыратын тұлға, атап айтқанда, сақтандыру жағдайы туындаған кезде, Шартта белгіленген тәртіп бойынша сақтандыру төлемдерін атқаруға міндетті;
  • Пайда алушы – сақтандыру төлемдерін алушы тұлға; Шарт ережелеріне сәйкес, сақтандыру төлемдерін алушы болып Сақтанушы табылады.
  • Сақтандыру сыйақысы — Сақтанушының Сақтандырушыға, сақтандыру жағдайы туындаған кезде, соңғының Шарт тәртібіне сәйкес сақтандыру төлемдерін атқару міндеттемелерін өзіне алғандығы үшін, төлеуге міндеттелген Шартта көрсетілген сомасы;
  • Сақтандыру жағдайы – Шартта көзделген төлемдерді атқаруға себеп туғызушы оқиға.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 1 наурыздағы N 25 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6164 болып енгізілді.

  • Мәтін
  • Ресми жарияланым
  • Ақпарат
  • Өзгерістер тарихы
  • Сілтемелер

РҚАО-ның ескертуі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 3-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.

3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2020 жылғы 1 наурыздағы
№ 25 қаулысымен бекітілді

Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына
қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының
қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және
сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті
жүзеге асыруына өкілеттіктері

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Осы Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1 және 18-баптарына сәйкес, сақтандыру шарттарын жасау және орындау кезінде, оның ішінде сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) сақтандыру оқиғасы – нәтижесінде сақтандыру объектісіне немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген және кейіннен сақтандыру жағдайы болып танылуы мүмкін оқиға;

2) тапсырма шарты – тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт, оған сәйкес бір тарап (сақтандыру агенті) осы Талаптарда көзделген өкілеттіктері шегінде сыйақы үшін басқа тараптың (сақтандыру ұйымының) атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жасауға міндеттенеді.

Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа 2020.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

3. Сақтандыру ұйымының сақтанушымен сақтандыру шартын жасау процесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) сақтандыру ережелерімен танысу және сақтандыру шартының мынадай талаптары жөнінде шынайы және толық ақпарат беру:

сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сомаларының мөлшері;

сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімі;

сақтандыру шартының күшіне ену мерзімі;

сақтандыру оқиғалары, оның ішінде сақтандыру жағдайларының түрлерін және сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлау тәртібін сипаттау;

сақтанушының құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының құқықтары мен міндеттері;

шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі;

сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату салдары;

жеңілдік берілетін тұлғалардың тізбесі көрсетілген жеңілдіктердің болуы;

сақтандыру түріне тән өзге де маңызды талаптар;

2) егер сақтандыру шарты қосылу шарты нысанында жасалса, ерікті сақтандыру түрлері бойынша сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып, сақтандыру ережелерінің көшірмелерін ұсыну;

3) сақтандыру шартын жасасуға қажетті ақпарат пен құжаттарды (құжаттардың көшірмелерін) алу;

4) сақтандыру шартын жасасуға негіз болатын (сақтандыру ережелерінде немесе міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде талаптар болған кезде), оның ішінде сақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыру және оның сақтандыру ережелерінің көшірмелерін алуы туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті толтыру;

5) мүліктік сақтандыру объектісін қарау және (немесе) бағалау (жеке сақтандыру объектісін медициналық куәландыру), оның ішінде оларды жүргізу үшін мамандарды тарта отырып қарау және (немесе) бағалау. Сақтандыру объектісін қарау кезінде сақтандырушының ішкі құжаттарында көзделген нысан бойынша тиісті акт жасалады;

6) сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптарын анықтау;

7) сақтандыру ұйымының ішкі ережелерінде белгіленген мерзімде тәуекел дәрежесін бағалау үшін сақтандыру объектісіне қатысты сақтанушы хабарлаған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді жүзеге асыру арқылы міндетті сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру шарттарын жасасу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

8) сақтандыру объектісі және сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандыру тарифін анықтау;

9) сақтандыру сомасын келісу және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;

фискальді чекті ала отырып, сақтандырушының кассасына төлеуі;

сақтандырушының банктік шотына аударым жасауы;

сақтандыру сыйлықақыларын төлеу туралы растайтын құжатын ала отырып сақтандыру агентіне, жеке тұлғасына;

фискальдi чектi ала отырып сақтандыру агентiне, заңды тұлғасына;

11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сақтандыру полисін беру немесе жекелеген сақтандыру шартын жасасу;

РҚАО-ның ескертпесі!
12) тармақша 01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.

12) сақтандыру ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз етуінде осы Талаптардың 1-қосымшасында көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы ақпаратты көрсету.

Сақтандыру ұйымы аталған ақпаратты алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.

Сақтанушымен сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады. Сақтандыру ұйымы тапсыру шарттары жасалған сақтандыру агенттерінің клиентті тиісті тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2020.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.05.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

4. Сақтандыру шартына өзгерістер енгізу мынадай рәсімдерден құралады:

1) сақтанушыдан еркін нысанда немесе сақтандыру ережелерінде белгіленген нысанда жасалған, сақтандыру шартында қамтылған талаптардың немесе мәліметтердің өзгеру себептері міндетті түрде көрсетілген сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қабылдау;

2) қосымша келісім жасасу және оған тараптардың қол қоюы арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізу.

Сақтандырушының бір жақты тәртіпте әзірлеген (қосылу шарты) типтік талаптарына (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жасасатын сақтандыру шарты онда көрсетілген талаптар мен мәліметтер өзгерген кезде өзінің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатады.

5. Сақтандыру ұйымы әрбір жасасқан сақтандыру шартына қатысты сақтандыру ісін қалыптастырады, оның мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2020 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген) көзделеді.

5-1. Сақтандыру ұйымы жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын оны жасаған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізіліміне енгізеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізілімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) сақтанушы туралы мәліметтер:

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғаның);

атауы (заңды тұлғаның);

сақтандыру шартының нөмірі;

сақтандыру шарты жасалған күн;

сақтандыру шартының күшіне енгізілген және қолданысы аяқталған күн;

жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның);

бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның);

2) сақтандырылған адам туралы мәліметтер:

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғаның);

атауы (заңды тұлғаның);

сақтандыру шартының нөмірі;

сақтандыру шарты жасалған күн;

сақтандыру шартының күшіне енгізілген және қолданысы аяқталған күн;

жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның);

бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның);

3) қайта сақтандырушы туралы мәліметтер:

қайта сақтандырушының атауы;

қайта сақтандыру шартының нөмірі;

қайта сақтандыру түрі;

қайта сақтандыру шартын жасаған күні;

сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;

қайта сақтандырушы резиденттiгiнiң мәртебесi;

Ескерту. Талаптар 5-1 тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

6. Сақтандыру ұйымының сақтандыру шартының орындалу барысын ұйымдастыруы мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы хабарлаған кезде егер де аталған міндет сақтандыру шартында немесе міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіде көзделсе, сақтандыру ұйымының жауапты қызметкері сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы мәліметтерді шығындарды есепке алу журналына тіркейді;

2) міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіде не өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы жазбаша нысандағы өтінішті қабылдайды.

Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өтініш пайда алушы туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғаның);

сақтандыру төлемдерін алу тәртібі – қолма-қол ақшамен не банктік шотына аударым жасау арқылы;

банк деректемелері (қажет болған жағдайда).

Өтініште осы тармақшада көрсетілген мәліметтерден бөлек міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіде не сақтандыру ұйымының ішкі ережелерінде көзделген өзге де мәліметтер қамтылуы мүмкін;

3) өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру төлемдерін алуға ұсынған құжаттарының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілердің не сақтандыру шартының (сақтандыру ережесінің) талаптарына сәйкес келуін, оның ішінде құжаттардың толық пакетінің болуын тексеру;

4) сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) төлеу бойынша сақтанушының дебиторлық берешегінің болуын тексеру;

5) міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде немесе сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) осы құқық көзделген жағдайда, бүлінген мүлікті қарау;

6) сақтандыру оқиғасының басталу себептері мен мән-жайын анықтау, сондай-ақ өтініш беруші ұсынған құжаттардың және де өтініш берушіден алынған, сақтандыру оқиғасын анықтауда мәні бар шынайы мәліметтердің негізінде сақтандыру оқиғасы мен сақтандыру жағдайы арасындағы себепті байланысты растау;

7) міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде немесе сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) белгіленген тәртіпте және мерзімдерде бүлінген (жойылған) мүлікке бағалау жүргізуді ұйымдастыру және бағалау жүргізу;

8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру не оны жүзеге асырудан міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде не сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) көзделген негіздемелер бойынша толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім қабылдау;

9) бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен бірге сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде не сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша нысанда жіберу;

10) міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде не сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімдерде сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішке сәйкес банк шотына аударым жасау арқылы жүзеге асыру;

11) сақтанушыға (сақтандырылушыға) немесе өзге де тұлғаға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында олар жұмсаған шығыстарды өтеу, егер осы шығыстар қажет болған немесе сақтандыру ұйымының нұсқауларын орындау үшін жұмсалған жағдайда өтеу.

Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7. Жеке немесе заңды тұлға шарт жасасу үшін сақтандыру ұйымына заңда және (немесе) сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында көзделген құжаттармен қоса өтініш ұсынады.

7-1. Сақтандыру ұйымы жеке тұлға клиентпен жинақтаушы сақтандыру шартын жасаған кезде осындай клиент ұсынған мәліметтер негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.

Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 16.07.2020 N 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

8. Сақтандыру агентімен шарт жасасқаннан кейін сақтандыру ұйымы:

1) сақтандыру агенті туралы ақпаратты сақтандыру агенттерінің тізіліміне осы Талаптардың 2-қосымшасында көзделген нысанға сәйкес жүргізілуін сақтандыру ұйымының жауапты қызметкері жүзеге асыратын электронды нысанда кіргізеді;

2) сақтандыру агентін оқытуды, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимылдар мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады.

Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 30.05.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

8-1. Сақтандыру агенттерінің тізілімі тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың бесiнші жұмыс күнінен кешiктiрмей, берілетін деректердің құпиялылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдағышта қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылуы тиіс.

Сақтандыру агенттерінің тізіліміне сақтандыру ұйымының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезде – оның орнындағы адам) қол қояды, мөрмен куәландырылады және сақтандыру ұйымында қағаз тасымалдағышта сақталады. Уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру ұйымы сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағышта есептілікті ұсынады.

Ескерту: Талаптар 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа 2020.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

9. Сақтандыру агенті қызметінің талаптары мен өкілеттігі осы Талаптарды ескере отырып, тапсырма шартта белгіленеді.

Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа 2020.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

9-1. Сақтандыру агентінің Заңның 18-2-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері бар.

Ескерту: Талаптар 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

10. Сақтандыру агенті өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін сақтандыру ұйымы оған мынадай ақпарат пен құжаттарды ұсынады:

1) сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистерінің) бланкілері не нысандары, олардың шеңберінде сақтандыру агенті шартта белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес сақтандыру шарттарын жасау құқығына ие болады;

2) сақтандыру ережелерінің көшірмелері;

3) сақтандырудың міндетті және (немесе) ерікті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиялардың көшірмесі;

4) сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру тарифтері туралы ақпарат;

5) сақтанушының танысуына қажетті өзге де құжаттар мен ақпарат.

11. Сақтандыру ұйымы осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес сақтандыру полистерінің бланкілерін есепке алу журналын жүргізеді.

12. Заңды тұлғалар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру брокерлерінде және сақтандыру агенттерінде, жеке тұлғалар – актуарийлердегі және сақтандыру агенттеріндегі құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2020 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6932 тіркелген) бекітілген Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің құжаттарды сақтау ережесіне сәйкес айқындалады.

Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

13. Сақтандыру ұйымы қызметінің талаптары өзгерген жағдайда не сақтандыру агентінің қызметіне, ерікті сақтандыру түрлері жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібіне әсер ететін Қазақстан Республикасының заңнамалары өзгерген кезде сақтандыру ұйымы бұл туралы сақтандыру агентіне қажетті құжаттарды қоса бере отырып, электронды тәсілмен не телефон және (немесе) өзге байланыс түрлері арқылы екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Сақтандыру агентінің электронды хабарламаны алғаны расталмаған жағдайда не онымен байланыс (телефон және өзге) болмаған кезде сақтандыру ұйымы оған осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпаратты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тапсырыс хатымен жібереді. Адресаттың (сақтандыру агентінің) болмауы туралы белгімен тапсырыс хаты қайтып келген кезде сақтандыру ұйымы оның орналасқан жерін белгілеу шараларын жүзеге асырады.

14. Сақтандыру агентінің қызметі туралы есепті ол сақтандыру ұйымына осы Талаптардың 4-қосымшасында көзделген нысанға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, мынадай кезеңділікпен ұсынады:

күн сайын – астанада және республикалық маңызы бар қалаларда делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін;

апта сайын – басқа да елді мекендерде делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін.

15. Сақтандыру агенті алған сақтандыру сыйлықақыларын толық көлемде сақтандырушының кассасына не оның банктік шотына мынадай кезеңділікпен тапсыруы тиіс:

күн сайын – астанада және республикалық маңызы бар қалаларда делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін;

апта сайын – басқа да елді мекендерде делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін.

16. Сақтандыру агентіне комиссиялық сыйақы төлеуді сақтандыру ұйымы:

сақтандыру ұйымының сақтанушыдан алынған сақтандыру сыйлықақыларын немесе жарнасын төлегеннен кейін ғана жүзеге асырады;

сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін белгіленген кезеңділікпен қолма-қол емес нысанда жүзеге асырады.

Міндетті сақтандыру түрлері бойынша комиссиялық сыйақының мөлшері Заңда белгіленеді, ал ерікті сақтандыру түрлері бойынша комиссиялық сыйақының мөлшері шартта белгіленеді.

17. Сақтандыру агентінің өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1) сақтандыру шартын жасасу үшін әлеуетті сақтанушыларды іздестіру;

2) сақтанушыларға сақтандыру ұйымы туралы ақпаратты ұсыну;

3) сақтанушыларға сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, олардың қызығушылығын туғызатын сақтандыру түрлері бойынша кеңес беру, сақтанушыларға сақтандыру шартын әртүрлі талаптармен жасасу мүмкіндігін түсіндіру және сақтандыру бойынша өзге де консультациялық қызметтер көрсету;

4) сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) жасасуға қажетті құжаттарды әзірлеу немесе ресімдеу;

5) сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шартына қол қою;

6) сақтанушыларға кезекті сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігі туралы хабарламаларды жіберу;

7) жасалған сақтандыру шарттары бойынша кезекті сақтандыру жарналарының төленуіне бақылау жасау.

18. Сақтандырушы өзіне берілген өкілеттіктері шегінде сақтандыру агенті қызметінің мынадай талаптарын айқындайды:

1) сақтандырушының бір жақты тәртіпте әзірлеген (қосылу шарты) үлгі талаптарына (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген «Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін ресімдеуге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптар туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2020 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысына сәйкес ресімделетін сақтандыру полисін беруі арқылы сақтандыру шартын жасасу;

2) сақтандыру шартын жасасуға арналған барлық ақпаратты (сақтандыру тарифтерін, франшиза мөлшерін, қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін, сақтанушы үшін көрсетілетін қосымша қызметтердің спектрін) бере отырып, жекелеген сақтандыру шартын жасасу;

3) сақтандыру түрлерін (сыныптарын) анықтау, оның шеңберінде сақтандыру агенті сақтандыру шарттарын жасау құқығына ие болады;

4) жекелеген сақтандыру шарты және жиынтық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қолма-қол нысанда қабылдауға лимиттер белгілеу.

Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)); 30.05.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

19. Тапсырма Шартында сақтандырушы айқындайтын шектеулер, оның ішінде сақтандыру агентінің сақтандыру сыйлықақыларын қолма-қол нысанда қабылдауы, сақтандыру түрлерін (сыныптарын) анықтау бойынша шектеулер болуы мүмкін.

Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа 2020.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

20. Тапсырма Шартында мынадай мәліметтер болу тиіс:

1) тапсырма шартының нөмірі;

2) сақтандыру ұйымының атауы, оның атынан сақтандыру агенті делдалдық қызметін жүзеге асырады;

3) сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген күні және органы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, заңды мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін);

сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, заңды мекен-жайы, банк деректемелері (заңды тұлғалар үшін), телефондардың байланыс нөмірлері;

4) тапсырма шартының мәні (тапсырма шарты бойынша сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсетулерін Заңға сәйкес сақтандыру ұйымының тапсырмасы бойынша);

5) сақтандыру объектісін көрсету;

6) Заң талаптарын ескере отырып сақтандыру агентінің өкілеттігі;

7) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

8) тараптардың жауапкершілігі;

9) Заң талаптарын ескере отырып комиссиялық сыйақыларының мөлшері;

10) қосымша талаптары;

11) тапсырма шартының қолданылу аумағы;

12) тапсырма шартының қолданылу мерзімі;

13) тапсырма шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

14) тапсырма шартын бұзу және тоқтату тәртібі;

15) тараптардың деректемелері;

16) тапсырма шартын жасасу күні, орны.

Ескерту. Талаптар 20-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

21. Осы Талаптардың 5 және 6-қосымшаларында көзделген сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы. Сақтандыру ұйымы өз қарауынша сақтандыру агенттерінің оқу бағдарламасын делдалдық қызметі мәселелеріне қатысты қосымша пәндерімен толықтырады.

Ескерту: Талаптар 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

22. Уәкілетті орган белгілеген сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы бойынша оқыту үшін сақтандыру шартын жасау бойынша және сақтандыру ұйымының (бұдан әрі – өтініш беруші) тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын өтініш беруші сақтандыру ұйымға еркін нысанда өтініш береді.

Ескерту: Талаптар 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

23. Өтініш берушілердің оқуы аяқталғаннан кейін сақтандыру ұйымы сақтандыру агенттерін оқытуға барынша аз бағдарламасын білуге емтихан өткізеді. Емтихан сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы негізінде сақтандыру ұйымы дайындаған мәселелері бойынша тестілеу нысанда өткізіледі.

Ескерту: Талаптар 23-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

24. Емтихан өткізу үшін мәселелер тізбесін сақтандыру ұйымының бірінші басшысы, ол болмаған кезінде оның орынбасары бекітеді.

Ескерту: Талаптар 24-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

25. Өтініш беруші емтихан аяқталғаннан кейін тесттің нәтижелерімен танысады.

Емтихан нәтижесі оқудың барынша аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруды растайтын куәлікте көрсетілу тиіс.

Ескерту: Талаптар 25-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

26. Емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші тестілеу рәсімін аяқтағаннан кейін сақтандыру ұйымына шағымдану мүмкін.

Шағымды сақтандыру ұйымының Аппеляциялық комиссиясы қарайды.

Ескерту: Талаптар 26-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

27. Емтиханнан өткеннен кейін сақтандыру ұйымы өтініш берушіге осы Талаптардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша емтиханның жиынтық нәтижелерін көрсете отырып сақтандыру агенттерін барынша аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруын растайтын куәлік береді.

Ескерту: Талаптар 27-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2020.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру
қызметін жүзеге асыруына
қойылатын талаптарға, оның ішінде
сақтандыру нарығының қатысушыларымен
өзара қарым-қатынастары жөніндегі
талаптарға және сақтандыру агентінің
сақтандыру нарығында делдалдық
қызметті жүзеге асыруына
өкілеттіктеріне 1-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы сақтандыру
ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз
етуінде көрсетілу үшін қажетті ақпараттардың барынша аз тізбесі

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Сақтандыру шартын сәйкестендіргіш 1

2. Сақтандыру шартын өзгерту сәйкестендіргіші

4. Сақтандырылушы 2

5. Сақтанушының экономикалық қызметінің түрі

6. Бухгалтерлік есептегі тиісті операциялардың күні

7. Бухгалтерлік есептегі операциялардың түрі

8. Бухгалтерлік есептегі операциялардың сомасы

9. Сақтандыру сыныбы

10. Сақтандыру объектілерінің саны

11. Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала

12. Сақтандыру шартының нөмірі

13. Сақтандыру шартын жасау күні

14. Сақтандыру шартын қолданудың басталу күні

15. Сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні

16. Сақтандыру сомаларының мөлшері

17. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

18. Сақтандыру делдалы 2

19. Комиссиялық сыйақының мөлшері

20. Қайта сақтандыру шартын сәйкестендіргіш

21. Қайта сақтандырушының атауы

22. Қайта сақтандыру шартының нөмірі

23. Қайта сақтандырушы резиденттігінің мәртебесі

24. Қайта сақтандырушының рейтингілік бағасы

25. Рейтингілік агенттік

26. Қайта сақтандыру шартын қолданудың басталу күні

27. Қайта сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні

28. Қайта сақтандыруға берілген жауапкершілік көлемі

29. Сақтандыру шарты бойынша жауапкершілікті өздігінен ұстап қалу мөлшері

30. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері

31. Сақтандыру сыйлықақыларын өздігінен ұстап қалу мөлшері

32. Қайта сақтандырушыдан алынатын комиссия мөлшері

33. Цедентке (қайта сақтанушыға) берілетін комиссия мөлшері

34. Шығынды жариялаушы 2

35. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаларды сәйкестендіргіш

36. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаның күні

37. Жарияланған шығынды сәйкестендіргіш

38. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиға туралы сақтандырушыға хабарлау күні

39. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін сақтандырушының растау күні, яғни сақтандырушының шығынды жарияланған шығын ретінде тануы

40. Сақтандыру төлемдерін алушы 2

41. Сақтандыру шартының талаптарына сәйкес барлық шегерімдерді ескере отырып, жарияланған шығынның мөлшері

42. Шығындарды реттеуге жұмсаған сақтандырушы шығыстарының сомасы

43. Қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес қайта сақтандырушыға қатысты жарияланған шығынның мөлшері

44. Қайта сақтандырушыға (қайта сақтандырушыларға) қатысты шығындарды шегергендегі жарияланған шығынның таза сомасы

45. Сақтандыру төлемдерін немесе сақтандыру төлемдерінен бас тартуды сәйкестендіргіш

46. Сақтандыру төлемдерінің немесе сақтандыру төлемдерінен бас тарту күні

47. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері

48. Кері талап бойынша төленген ақыны сәйкестендіргіш

49. Кері талапты төлеу күні

50. Кері талап бойынша төленген ақының мөлшері

1 теңдесі жоқ белгі

2 жеке тұлға үшін:

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы;

жеке сәйкестендіру нөмірі;

экономика секторының коды;

резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті) белгісі;

заңды тұлға үшін:

экономика секторының коды;

резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті) белгісі.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру
қызметін жүзеге асыруына
қойылатын талаптарға,
оның ішінде сақтандыру нарығының
қатысушыларымен өзара қарым-
қатынастары жөніндегі талаптарға
және сақтандыру агентінің
делдалдық қызметті жүзеге
асыруына өкілеттіктеріне
2-қосымша

Сақтандыру агенттерінің тізілімі

Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.02.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

_______________________________________________________

(сақтандыру ұйымының атауы)

Сақтандыру агентінің атауы (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)

Сақтандыру агентінің нақты адресі (нақты тұрғылықты орны)

Сақтандыру агентінің заңды адресі (тұрақты тұратын орны – тіркелімі) немесе заңды тұлғаның тұрғылықты орны

Сақтандыру агентінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының немесе куәлігінің нөмірі мен күні немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні

Сақтандыру агентінің байланыс телефонының нөмірі

Сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, бар болса)

Шарттың нөмірі мен күні

Сақтандыру агентінде заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ екендігін растайтын құжаттың күні мен нөмірі (жеке тұлға үшін)

Сақтандыру агенті туралы мәліметтерді тізілімге енгізу үшін жауапты тұлға

Сақтандыру агентін тізілімнен алып тастау күні

Сақтандыру агентін тізілімнен алып тастау себептері

Қазақстан Республикасының Конституциясы сақтандыру құқығы

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы сақтандыру құқығының негізгі қайнар көзі ретінде
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі сақтандыру құқығының қайнар көзі ретінде
3. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы Сақтандыру құқығының қайнар көзі ретінде

Ж О С П А Р:
Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы сақтандыру құқығының негізгі
қайнар көзі ретінде
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі сақтандыру құқығының
қайнар көзі ретінде
3. Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы Заңы Сақтандыру
құқығының қайнар көзі ретінде

Кіріспе
Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар өзге де
заңнамалық актілер сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметі аясында туындайтын
қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысатын нормативтік құқықтық актілер,
былайша айтқанда ҚР Заңдары болып табылады. Бұл жерде сақтандыру заңнамасы
тек сақтандыру саласын және сақтандыру катынастарын тікелей әрі жан-жақты
реттеу максатында қабылданған сақтандыру туралы арнайы заңдардың жүйесін
білдіреді. Сақтандыруға қатысы бар заңнамалық актілерге ҚР басқа құқық
салалары ауқымындағы қоғамдық қатынастарды регламенттеуге әрі реттеуге
арналғанымен құрамында сақтандыру құқығының нормалары бар кодекстер, заңдар
жатады.
Алайда, заңнама ұғымының, заң жүзінде нактылы ашып көрсетілмеуі
айтарлыктай проблема туындатып отыр. Мәселен, Нормативтік құқықтық актілер
туралы ҚР Заңының 1-бабы 2) тармақшасында Заңдар — белгіленген тәртіппен
қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы, ал 1) тармақшасында
нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган
немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған, құқықтық нормаларды
белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тақтататын немесе тақтата
тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат деген айқындама
берілген. Демек, бұл ретте заңнама кодекстерден, Заңдардан, лауазымды
тұлғалардың — министрлер мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының, ҚР
Үкіметінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің және т.б. органдардың нормативтік
қаулыларынан, нормативтік құқықтық бұйрықтарынан, нормативтік құқықтық
қаулыларынан б.а. заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден де тұрады
деп айтуға болады.[1]

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Сақтандыру құқығының негізгі
қайнар көзі ретінде

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалык референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағын өзінің жоғары заңи күшімен тікелей қамтитын
нормативтік құқықтық акті болып табылады. Қазақстан Республикасы
Конституциясының ережелері адамның және азаматтың өміріне, денсаулығына,
мүліктеріне, еңбек ету бостандығына, меншік субъектілері мен объектілеріне,
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, мүлікті кез келген кәсіпкерлік қызмет
ауқымында пайдалануға, әлеуметтік камсыздандыруға, коршаған ортаны қорғауға
катысты сақтандыру құқығының жалпы принциптерін белгілеуге, сақтандыру
саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарын айкындауға, сондай-ак
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сақтандыру
қызметінін конституциялық негіздерін құруға және сақтандыру туралы Заңдарды
қабылдауға байланысты мән-жайларды белгілі бір дәрежеде регламенттейді.
Осы орайда сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің конституциялық негізін
құруға ат салысатын Қазақстан Республикасы Конституциясының мынадай
баптарында:
1) 1-бап, 1-тармағы: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат
казынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2) 4-бап, 2-тармағы: Конституцияның ең жоғары Заңдык күші бар және
Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
3) 6-бап, 2-тармағы: Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар
коғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері,
меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды
қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
4) 12-бап, 3-тармағы: Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай
құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады; 5-тар-мағы: Адамның және
азаматтың өз кұқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық
имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
5) 13-бап, 1-тармағы: Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы
бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, кажетті корғанысты қоса
алғанда, заңға кайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы; 2-
тармағы: Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот аркылы корғалуына
құқығы бар.
6) 15-бап, 1-тармағы: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
7) 24-бап, 1-тармағы: Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп
түрін еркін тандауына құқығы бар. ; 2-тармағы: Әркімнін кауіпсіздік пен
тазалык талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір
кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ак жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға
құқығы бар.
8) 26-бап, 4-тармағы:Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін
кез келген Заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.
9) 28-бап: 1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген,
науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де
Заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне,
әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. 2. Ерікті әлеуметтік
сақтандыру, әлеуметтік камсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және
қайырымдылык көтермеленіп отырады.
10) 29-бап, 1-тармағы: Қазақстан Республикасы азаматта-рының денсаулығын
сактауға құқығы бар.
11)31-бап: 1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулы-ғына қолайлы
айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. 2. Адамдардың өмірі мен
денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды
адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады деп айтылған.
Бұл ретте аталған конституциялық нормалардың тікелей сақтандыру
құқықтық бағытты ережелері 6-баптың 2-тармағында, 13-баптың 1-тармағында,
24-баптың 2-тармағында, 28-бабында, 31-бабында көрініс тапканын байқаймыз.
Ал қалған баптар құқық саласы ретіндегі сақтандыру құқығының жалпы
принциптерін белгілеуге мүмкіндік беріп отыр.[2]

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Сақтандыру құқығының
қайнар көзі ретінде

Бүгінгі танда құрылымдық бөлімдерінде сақтандыру -құкыктык нормалары
бар және сақтандыруға қатысы бар өзге де заңнамалык актілер ретінде ҚР
Азаматтық кодексін, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылыктуралы кодексін, ҚРСалық
кодексі, Қ Р Орман кодексін, сондай-ақ Қаржы рыногы мен каржылық ұйымдарды
мемлекеттік реттеу және кадағалау туралы, Сауда максатында теңізде жүзу
туралы, Мұнай туралы, ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы,
Лицензиялау туралы ҚР Заңдарын атап көрсетуге болады.
ҚР азаматтық Заңдары тауар-акша катынастарын және катысушыларының өзара
теңдігіне негізделген өзге де мүліктік катынастарды, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке катынастарды реттеуге ат
салысады. Азаматтық Заңдармен реттелетін осындай катынастардың катысушылары
азаматтар, Заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ак әкімшілік-аумақтык бірліктер
болып табылады.
Бұл ретте осы Кодекстін Сақтандыру деп аталатын 40-та-рауында
сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметі мән-жайларын мұқият камтыған мынадай
баптар орын алған:
803-6 а п. Сақтандыру шарты.
1. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлыкақысын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру
сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемін толеуге міндеттенеді.
2. Сақтандыру сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
804-6 а п. АК реттелетін сақтандыру катынастары.
Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы катынас-тар, сондай-ақ олардын
сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесі кезінде туындайтын
сақтандырылғандармен және пайда алушылармен катынастары АК реттеледі.
805-6 а п. Сақтандыру нысандары.
1. Сақтандыру нысандары:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
2) сақтандыру объектісі бойынша — жеке және мүліктік;
3) сақтандыру толемін жүзеге асыру негіздері бойынша жи-нақтаушы және
жинақтаушы емес болып табылады.
2. Сақтандыру қызметін лицензиялау мақсатында заң актілерінде өзгеше
жіктеу көзделуі мүмкін.
806-6 а п. Міндетті және ерікті сақтандыру.
1. Міндетті сақтандыру — заң актілері талаптарына орай жүзе-ге асырылатын
сақтандыру.
2. Міндетті сақтандырудын түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен
белгіленеді.
3. Өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін аза-матқа Заң
актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды.
Міндетті сақтандыру сақтанушынын есебінен жүзеге асы-рылады.
4. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың осы түрін реттейтін
заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға
міндетті.
5. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға
лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жаса-лады. Мұндай шартты жасасу
жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
6. Ерікті сақтандыру — тараптардың еркін біддіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тарап-тардың келісімі
бойынша белгіленеді.
807-6 а п. Сақтандыру объектісі.
1. Азаматтардың және Заңды тұлғалардың, соның ішінде:
1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында
белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде
белгілі бір оқиғалардың басталуына;
2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан
азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;
3) мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне;
4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан
келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланыс-ты кез келген мүліктік мүдделері
мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.
Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру объектісі сақтандырудьщ
осы түрін реттейтін заң актілерімен айқындалады.
2. Сақтанушының құқыкка қайшы мүліктік мүдделері сақтандыруға жатпайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектісі болатын
сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.
809-6 а п. Жеке және мүліктік сақтандыру.
1. Азаматтын өмірін, денсаулығын, еңбекке кабілеттілігін және жеке басына
байланысты өзге де мүліктік мүдделерін сақтандыру жеке сақтандыруға жатады.
Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ак шартта аталған
басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкін.
2. Мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру мүліктік
сақтандыруға жатады.
3. Мүлікті сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы) тәуекелі,
жетіспеуі немесе бұлінуі және АК 115-бабында көзделген өзге де мүліктік
игіліктер мен құқыктар сақтандырылады.
4. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
5. Азаматтық-құқықтық жауаптылыкты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудін салдарынан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандырады.
813-6 а п. Сақтанушы.
1. Сақтанушы — сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.
3. Сақтанушы сақтандырудың ерікті де, міндетті де нысандары бойынша
сақтандырушыны тандап алуға ерікті.
814-6 а п. Сақтандырушы.
Сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда
болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда
алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде
сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға.
Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру кызметін жүзеге асыру
құқығына лицензиясы бар Заңды тұлға не ҚР өзара сақтандыру туралы
заңнамалық актісіне сәйкес езара сақтандыру қоғамы ғана сақтандыру шы бола
алады.
817-6 а п. Сақтандыру жағдайы.
1. Сақтандыру жағдайы – басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін
жүзеге асыруды көздейтін оқиға.
2. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлері міндетті
сақтандыру туралы заң актілерімен, ал өз еркімен сақтандыру бойынша —
тараптардың келісімімен белгіленеді.
3. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды
қоспағанда, сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын окиға, оның
басталуының ыктимал және кездейсок белгілеріне ие болуы тиіс.
4. Сақтандыру жағдайынын басталғандығын, сондай-ак ол келтірген зияндарды
дәлелдеу сақтанушының міндетіне жатады.
826-6 а п. Сақтандыру шартының мазмүны
1. Сақтандыру шартында мыналар болуы тиіс:
1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері;
2) сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және түрған жері немесе оның атауы,
орналасқан жері және банктік рекви-зиттері;
3) сақтандыру объектісін көрсету;
4) сақтандыру жағдайын көрсету;
5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудыңтәртібі мен
мерзімдері;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен
мерзімдері;
7) шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі;
8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам
мен пайда алушы туралы көрсету;
9) шарттың номері, сериясы;
10) шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;
11) сатып алу сомасынтөлеудің шарты және оның мөлшері.
2. Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
2-1. Франшиза — сақтандырушыны сақтандыру талаптарын-да көзделген, белгілі
бір мөлшерден аспайтын заладды өтеуден босату. Франшиза шартты
(шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады. Шартты франшиза кезінде
сақтандырушы франшиЗаңың белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден
босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толык
өтеуге тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген
сома шегеріле отырып өтеледі. Франшиза сақтандыру сомасына катысты процент
бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді.
3. Егер сақтандыру шартында заң актілерінде көзделгендермен
салыстырғандасақтанушыныңжағдайын нашарлататындай талаптар болса, осы заң
актісімен белгіленген ережелер қолданылады.
4. Егер қайта сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, қайта сақтандырушының
қайта сақтандыру шарты бойынша жауаптылық кезеңі сақтандырушының сақтандыру
шарты бойынша міндеттемесі қайта сақтандыруға берілген сақтандыру шарты
бойынша жауаптылык кезеңіне сәйкес келуге тиіс.
5. Сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардыңтолык болмағаны үшін
сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы
салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтанушының
пайдасына шешіледі. Осы тармақтың талаптары қайта сақтандыру шарттарына
қолданылмайды.
827-6 а п. Сақтандыру шартынын қолданылуы
1. Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлыкақы-сын телеген кезден
бастап, ал оны бөліп-бөліп төлеу кезінде, егер шартта немесе міндетті
сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бірінші сақтандыру
жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті
болады.
2. Сақтандыру шарты, егер шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң
актілерінде өзгеше көзделмесе, алғашқы басталған сақтандыру жағдайы бойынша
сақтандыру төлемі жүзе-ге асырылған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.
3. Сақтандырып корғаудың кодцанылу мерзімі, егер шартта немесе міндетті
сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу
мерзіміне дәл келеді.
828-6 а п. Сақтандырушының міндеттері
1. Сақтандырушы:
1) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе
заңактілерінде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру
төлемін жүргізуге;
1-1) сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыруға;
2) сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезінде олардың залалдарды азайту үшін
жүмсаған шығындарын өтеуге;
3) сақтандыру құпиясын камтамасыз етуге міндетті.
2. Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заң актілерінде, сондай-ак
сақтандыру шартында сақтандырушының басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
830-6 а п. Сақтандыру құпиясы
1. Сақтандыру құпиясына сақтандыру сомасының, сатып алу сомасының
мөлшерлері туралы және төленген сақтандыру сый-лықақылары, сақтандыру
(қайта сақтандыру) шартының сақтанушының, сақтандырылған адамның немесе
пайда алушының жеке басына қатысты өзге де талаптары туралы мәліметтер
жатады. Таратылу процесіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы мәліметтер сақтандыру құпиясына
жатпайды.
1-1. Міндетті сақтандыру туралы заңнамалык актілерде сақтандыру кұпиясын
қүрайтын мәліметтерді жария етудін езге де талаптары мен тәртібі көзделуі
мүмкін.
2. Сақтандыру рыногының кәсіби катысушыларының, сак-тандыру агентінін өз
кәсіби қызметінің нәтижесінде алған сақтандыру құпиясын кұрайтын
мәліметтерді, кәсіби сақтандыру рыногының басқа катысушысына не сақтандыру
агентіне қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе қосарлас сақтандыру
жөніндегі катынастарға байланысты акпаратберу жағдайларын, сондай-ак осы
баптың 4,5 және 6-тармақтарында кезделген жағдайларды коспағанда, жария
етуге құқығы жоқ.
3. Өздерінің қызмет міндеттерін жүзеге асыруына байланысты сақтандыру
құпиясы бар мәліметтерді алған лауазымды адам-дар, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының қызметкерлері, сақтандыру брокерлері, сақтандыру
агенттері және басқа да адамдар оларды жария еткені үшін ҚР заң актілерінде
көзделген тәртіппен жауап береді.
4. Сақтандыру құпиясын үшінші адамға сақтанушының (сақтандырылған адамның,
пайда алушының) жазбаша келісімі негізінде ашуға болады.
5. Сақтандыру құпиясы бар мәліметтер:
1) сақтанушының (пайда алушынын) өкіліне — нотариатта куәландырылған
сенімхат негізінде;
2) анықтау және алдын ала тергеу органына — оның өндірісіндегі қылмыстык
істер бойынша;
3) сотқа — сот ұйғарымы негізінде оның өндірісіндегі істер бойынша;
4) прокурорга – оның құзыреті шегінде өзінің қарауындағы материалдар
бойынша тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
5) уәкілетті мемлекеттік органга — сақтандыру қызметін қадағалауды жүзеге
асыруға байланысты мәселелер бойынша;
6) Қ Р міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес өзге де түлгаларга
беріледі.
6. Сақтандыру құпиясы бар мәліметтер сақтанушы, сақтандырылған адам, пайда
алушы қайтыс болған соң:
1) мурагерлерге;
2) соттарга және нотариустарга — соттың үйғарымы, қаулысы немесе
нотариустың мөрі басылған жазбаша сауалы негізінде олардьщ ондірісіндегі
мүрагерлік істер . жалғасы

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: