Алтын Шолу Копатель Бағдарламалық Қамтамасыз Ету Болып Табылады Scam Немесе Заңды Жасауға

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Contents

«Алтын Керуен» ЖШС – нің мысалында экономикалық және қаржылық жағдайы туралы

Аннотация
Кіріспе, үш бөлім, қорытындыдан тұратын дипломдық жұмыста алынған
тақырыптың өзектілігі, туризм дамуының әдістемелік және теориялық сұрақтары
сипатталған. Алтын Керуен ЖШС – нің мысалында экономикалық және қаржылық
жағдайы туралы талдау жүргізілген, туризмді дамыту үшін несиені тарту
қажеттілігі негізделген, Алтын Керуен ЖШС – нің экономикалық тиімділігін
жақсарту үшін әртүрлі автобустарды пайдалану ұсынысы келтірілген.

Аннотация
В дипломной работе состоящей из введения, трех глав, заключения
рассматриваются актуальность выбранной темы, методологические и
теоретические вопросы развития туризма, проведен анализ современного
состояния экономического и финансовых условий на примере ТОО Золотой
Караван, обоснована необходимость привлечения кредита для развития
туризма, даются предложения на использования разных видов автобусов по
улучшению экономической эффективности ТОО Золотой Караван.

Annotation
The diploma work consists of the introduction, three main
chapters and the conclusion. The actuality of the chosen theme,
methodological and theoretical matters of tourism development are
considered. The analysis of the modern economical state and financial
conditions on the example of JVC “Zolotoy Caravan” has been conducted. The
necessity of credit attraction for tourism development has been grounded.
Offers of using the different kinds of buses on improving the economical
effects of JVC “Zolotoy Caravan” are given.

Кіріспе 5
1. Туризм – қоғамдық өмірдің көп қырлы, көп аспектілі 7
көрінісі
1.1 Туристтік орталықтың қызмет ету мақсаты, мәні мен 7
бағыттары
1.2 Кәсіпорынның қызмет көрсету сервисінің атқарылуы мен 13
дамуын талдау
1.3 Туристтік орталықтың құрылымдық орналасуы, 18
міндеттерінің бөлінуі
1.4 Туризм дамуынын қазіргі жай-күйне талдау 22
1.5 Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу мен қолдау 29
жүйесiн дамыту
2. Алтын Керуен ЖШС-нің қызметінің экономикалық 34
көрсеткіштерін талдау
2.1 Алтын Керуен ЖШС-нің қызметінің құрылымы 34
2.2 Алтын Керуен ЖШС – нің көрсеткіштері 35
2.3 Алтын Керуен ЖШС пассивтер (міндеттер) құрылымы 37
2.4 Алтын Керуен ЖШС балансын талдау 39
2.5 Алтын Керуен ЖШС еңбекақы қорының талдауы 40
2.6 Алтын Керуен ЖШС қызмет көрсету көлемінің және 45
қауіпсіздік аймағының шығынсыздығының есебі
2.7 Алтын Керуен ЖШС капиталының рентабельділігін талдау49
3 Алтын Керуен ЖШС-нің жұмысын дамытуға арналған 52
шаралар
3.1. Қарыз капиталын пайдаланудың тиімділігін бағалау 52
3.2 Туристерді тасмалдауға автобусты сатып алу үшін 56
шешімді негіздеу
Қорытынды 59
Қолданылған әдебиетер тізімі 61
Қосымшалар 62

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан
халқына жолдауында халықтың әлуеметтік жағдайын жақсартатын, дамытатын
негізгі басым бағыттарды және мақсат пен міндеттерді айқындап
отырады.
Осындай маңызды тақырыптың бірі, ол ел ішіндегі және
сыртындағы Ұлттық туризмді дамыту болды.
Елбасының саясатына және өздерінің ұтқыр ойларына сүйене
отырып, Алтын Керуен туристік орталығы, 2008 жылы 11 мамырда ашылған,
Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін әр түрлі халықаралық жәрменкелерде
абыроймен танытып жүр. Шет елдік туристерге Қазақстан қыр-сыры толығымен
зерттелменген, жұмбақ және мыңдаған жылдарға созылған тарихы бар ғажайып ел
болып отыр. Біздің территориямызда тек мемлекеттің ғана емес, сондай-ақ
ЮНЕСКО және БҰҰ қорғауындағы жәдігерлер өте көп. Қазақстан қазіргі
инфрақұрлымның, соның ішінде туризмнің дамуына көп көңіл бөледі. Туризм
елдегі барлық аймақтардың экономикасына әсер етеді. Туризм аумағындағы
шаруашылық субъектілердің құрылуы және қызмет атқаруы жол көліктері, сауда,
мәдени, медициналық қызметтермен тығыз байланысты. Қазақстандағы туризмнің
дамуы Ұлы Жібек жолымен құрылған және дамыған.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен халықтардың тарихи және
мәдени ескерткіштері қайта жандануда. 2001 жылдың маусымында Қазақстан
Республикасындағы туристік қызмет туралы жаңа Заң қабылданды. Ол туристік
қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру негіздерін
анықтады.
Жамбыл облысының Қазақстандағы көне аудандардың бірі екені
бәріне аян. Өкінішке орай жерлестеріміз өлкеміздің бар сұлу табиғатан
біле бермейді, ал біздің басқаларға мақтанышпен көрсете алатын
жерлеріміз өте жеткілікті. Туризм әлемдік экономикада маңызды орындардың
біріне ие. Бүкіл әлемдік туристік Ұйымның мәліметтері бойынша ол жалпы
әлемдік жиынтық ұлттық өнімнің оныншы бөлігін құрайды. 1993 жылы Қазақстан
Республикасы әлемдік туристік Ұйымға мүше болды.
Қазақстандағы туризмнің дамуының тарихы Ұлы Жібек жолының
қалыптасуы мен дамуы, ол б.э.д. үшінші мыңжылдықтан бастау алады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап туристік қызметтің реттелуіне
негізі қаланды. Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында
туризмді болашағы бар сала ретінде анықтады.
Қазіргі уақытта 2003 – 2005 жылдарға туризімді дамыту
жөнінде республикалық бағдарламалардың жобасы дайындалды.
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік
бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау карсаңында» атты Қазақстан
халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222
қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25
тамыздағы № 822 қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына
(екінші кезең) сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29
желтоқсандағы № 1445 қаулысымен бекітілген Туризм саласын дамытудын 2003-
2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру кезеңінде халықаралық
туристік байланыстар біршама кеңейді, туристік саланың заңнамалык және
нормативтік құқықтық базасы жетілдірілді. Бұл ретте туристік саланы дамыту
жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17
шілдедегі № 712-1 қаулысымен бекітілген. Қазақстан Республикасының
индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2020 жылдарға арналған стратегиясын
іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарьшың
негізгі өлшемдерін есепке ала отырып іске асыруға басты назар аударылды.
Жеті кластерлік бастаманың ішінде туристік индустрияның
экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылуы оны дамытуға жаңа
серпін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы
белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанды орта Азиялық
өңірдегі туризм орталығына айналдыру. Мемлекеттік бағдарлама республикада
қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік
индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз
етілуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік
саясаттын стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен
іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы
саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік
әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық
шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін
қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени
әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнін туристік
қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды бірігуінің
табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінін капитал
сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді
салалардын бірі болып табылады.

1. Туризм – қоғамдық өмірдің көп қырлы, көп аспектілі көрінісі
1.1 Туристтік орталықтың қызмет ету мақсаты, мәні мен
бағыттары

Батыс елдерінің туризімімен салыстырғанда Қазақстандағы туризм
осы уақытқа дейін ұлттық экономика теориясының алғы шарттары болып отыр.
Достастық мемлекеттерде өкінішке орай туризм халық шаруашылығының толық
саласы ретінде танылмай отыр.
Туризм ұғымы көп жағдайда спортпен байланыстырылады, ал жеке
бір табыс әкелетін шаруашылдық көзі ретінде қарастырылмайды.
Туризм ең алдымен әлеуметтік – экономикалық құбылыс болып
табылады. Қазіргі батыстың экономика ғылымы туризмді күрделі әлеуметтік –
экономикалық жүйе, басқаша айтқанда туризм индустриясы ретінде
қарастырады.
Туризм кешенді құбылыс ретінде пәнаралық зерттеудің обьектісі
болды. Қазіргі уақытта жаңа ғылым – туризмологияны құрылу процесі жүруде.
Туризмдегі сұраныстық дамуына әсер ететін факторы.
Туристік сұраныс жалпы және әлеуметтік болып табылады. Ол
көптеген факторлар негізінде қалыптасады. Туристік нарықтағы сұраныстың
өзгеруіне әсер ететін маңызды және мазмұнды факторлар келесілер;
Жалпы экономикалық факторлар:
– жалпы тұтынудың материалды жағдайының деңгейі жұмыс және еркін
уақыттың қатынасы.
Әлеуметтік – демографиялық фактор:
– жасы, жынысы, мамандығы, білімі, әлеуметтік топ, жанұя жағдайы,
мүліктік жағдайы, жанұя құрамы, мекен жағдайы.
Мәдени және қоғамдық – психологиялық факторлары;
– рухани құндылық жүйесіндегі алғы шарттар, тұтыну психологиясы.
Тұлғалық мінез – құлық факторлары;
– жеке ерекшеліктері, өмір сүру салты, бос уақыттағы қызығушылықтары,
мақсаты, белгілері.
Осы факторлардың барлығы тұтынушыға әсер етеді, ол
нәтижесінде нарықтағы тұтынушының мінезін анықтайтын элемент болып
табылады. Факторлардың жиынтығы туристік қызметтегі тұтынушылардың
мінезінің қалыптасуын және пайда болуын анықтайды, ол келесі
көрсеткіштермен сипатталады:
– туризм географиясын таңдау артықшылығы, туристік қызмет
ұйымдастыруды таңдау және тағыда басқалар.
Тұтынушының мінез – құлқын анықтау үшін жалпы экономикалық
және әлеуметтік – демографиялық факторларға туристік сұраныстың құрылымын
кеңінен қарастыру қажет.
Туризм экономиканың саласы ретінде ең алдымен бос уақытты
ұйымдастыруды қарастырады, ол кемінде екі фоктордың дамуымен байланысты;
бос уақыт және оны ұйымдастыруға қажетті материалды қаражат.
Туризм индустриясының дамуына жалпы экономикалық, техникалық
және әлеуметтік жетістіктермен тікелей байланыстары бар. Дамыған елдерде
өмір деңгейінің өсуі жұмысшылардың демалыс уақытының ұзаруына әкеледі, ал
ол туристік саланың дамуына әсер етеді. Бос уақыттың жоғарлауы алдағы
кезеңде туризмнің дамуында маңызды фактор болып табылады.
Зерттеушілердің қорытындысы бойынша террористік фактор туризм
индустриясына зор ықпал жасайды. Мысалы, Джербтағы туристік демалыс
орталығындағы, Африкада орналасқан Мамбастағы жарылыстар.
Әлемдегі туристердің 60 % – ы шетел азаматтары өндірістігі
дамыған елдерге келуі. 2002 жылы әлемдік демалудың ұзақтығы 3,2 % – ға
жоғарлаған және ол 9,4 түн (10,4 күн) құрайды. Еуропада инфляциялық
процестермен бір қатар елдердің еуроға көшуіне байланысты шығындар деңгейі
10,6 % – ға өсті. Қызмет етуіне байланысты судағы, сауықтыру бағыттары
алғашқы орындарда тұр.
Туризмнің ұзақ мерзімді дамуын мамандар оптимистік түрде
сипаттайды. Болжамдарға қарағанда 2020 жылы әлемде 1 млрд. адамға жуық,
2020 жылы 1,5 млрд. адамға жуық әлемді шарлайды, ал туризмнен түсетін табыс
шамамен 2 трлн. долларды құрайды.
Әлемдегі елдердің 83 % – ы үшін туризм табыс әкелетін негізгі
бес көрсеткіштерінің бірі, ал 38 % елдер үшін негізгі табыс көзі болып
табылыды. Егер 1998 жылы туризм сферасында 115 млн. адамға жұмыс орны
болса, ал болжам бойынша 2020 жылы 550 млн. адамға жұмыс орны болады деп
күтілуде. Қазіргі уақытта туризм әртүрлі елдерде бірдей емес дамуда. Әдетте
жоғары дамыған елдерде туристік қызметтер жақсы дамыған. Батыс және
Солтүстік Еуропа, Солтүстік Америка және Жапония, Шығыс Еуропа, Парсы
шығанағы, Корей Республикасы, Сингапур және тағыда басқалар.
Туризм халық шаруашылығының саласы ретінде сұраныс пен
ұсыныстың нарықтық категориясына сәйкес келуі қажет.
Халықаралық туристік нарық қазіргі уақытта көптеген,
миллиардтаған айналым қаражаты бар механизм және қатал бәсекелестікке ие.
Сондықтан Қазақстан бәсекеге қабілетті туристік өнімді анықтаумен
шұғылдануы қажет.
Қазақстандық туристік өнімнің негізгі екі компонентін
анықтауға болады; Ұлы Жібек жолындағы мәдени туризм және сонымен байланысты
эко-туризм ( тау туризмі, аң және балық аулау ). Осы тұста келесі
аймақтарды көрсетуге болады: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс
Қазақстан, Ақмола облыстары.
Аймақтар бойынша келесідей бағыттар бар;
– Іле аймағы ( Алматы қаласы, Түрген ауылы, Есік қаласы, Талғар
қаласы, Қаскелен, Ұзынағаш, Қапшағай қалалары ).
– Солтүстік – Тяньшань ( Кеген ауылы, Нарынқұл ауылы, Жалаңаш
ауылы, Чунджа, Көлжат ).
– Жаркент – Талдықорған ( Жаркент қаласы, Көктал ауылы, Текелі,
Талдықорған қаласы, Жаркент – Арасан ).
– Балхаш.
– Солтүстік – Жоңғария ( Достық ауылы, Алакөл, Жарқұлақ, Көктұма,
Сарқанд, Арасан – Капал ).
– Жамбыл ( Тараз қаласы, Меркі ауылы, Мойынқұм ауданы ).
– Түркістан ( Түркістан қаласы, Отырар, Шауілдір, Баба – Ата ауылы,
Кентау, Шаян ауылдары ).
– Сайрам – Шымкент ( Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, Арыс қаласы,
Шардара қаласы, Сары – Ағаш, Ленгер қаласы ).
– Жоғарғы – Бұхтарма ( Берел ауылы, Марқакөл ).
– Маңғыстау ( Фетисово ауылы, Ақтау қаласы, Ерашев – Құрық ).
Орталық – Азиялық аймақтағы туризмнің ерекшелігін ескеру
қажет. Ұлы Жібек жолы және негізгі шетелдік туристердің негізгі жолы келесі
аймақтарды қамтиды; Қазақстан, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан.
Қазақстандық турөнім көрші елдердің өкілдерінен кейін
қалмауы қажет.
Қазақстан өзінің егемендігін алғанға дейін туризм басқа
салалар сияқты орталықтан қатаң реттеліп отырды. КСРО – дағы туристік
қызметтің негізгі аймақтары; Кавказ, Қрым, Балтық, Ресейдің тарихи жерлері,
Орталық Азия болды.
Қазақстанда туризмнің индустриясының дамымағанның бір себебі
онымен мемлекет деңгейінде мақсатты шұғылданбады. Туризмге кешенді
болжамдар, ұзақ мерзімді жоспарлау, аймақтық ұйымдастыру жүргізілмеді.
Сонымен қатар жергілікті органдар туризмді алдыңғы қатарлы сала ретінде
қарастырмады, бірақ туризмнен түсетін табыс жергілікті бюджетті құрайтын
еді.
Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін туристік қызметті
реттеуге және тарихи – мәдени мұралардың негізін қалады.
Бүкіл дамыған елдер негізгі туристік ағындарды тартуға
бағытталған, себебі туризм мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін толықтырады.
Сол үшін Қазақстан шетелдік ткристердің ағының ұлғайтуы қажет. Осы мақсатта
турмекемелер қызметтерін жаңа арнаға бұрулары қажет, ең алдымен , көлік,
қонақ жай, кадр мәселесімен байланысты болады.
Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық әуежолдары Германия,
Индия, Біріккен Араб Эмиратына, Түркия, Италия, Корей Мемлекеті,Венгрия,
Қытай, Тайланд елдеріне ұшуға мүмкіндік береді. Көптеген туристер шетелдік
тасымалдаушылардың қызметін пайдаланады, ал ол отандық тасымалдаушылардың
қызметін төмендетуге әкеледі.
Сонымен қатар әуе билеттерінің құны жоғары болуы,
Қазақстандағы турөнімдердің құнын жоғарлатты, нәтижесінде, оның халықаралық
нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Автокөлік мемлекетке жақын орналасқан аймақтарда қолданылады.
Оның дамуы жолдардың жағдайы мен туристік көлік құралдарындағы техникалық
қызмет көрсетуге байланысты болады. Республикадағы автобус парктері нашар
жағдайда, сондай – ақ қазіргі заманға сай келетін автокөліктер іс – жүзінде
жоқ.
Республикадағы негізгі темір жол тасымалдаушысы Қазақстан
темір жолы болып табылады. Қазақстанның темір жолдарынан Қырғыстан,
Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Түркменстан елдерінің тасымалдаушы
поездері өтеді. Алдағы кезеңде экологиялық таза туристік көлікті дамытуға
бас назар аудару қажет.
Туристік бизнесте негізгі шектеуші фактор болып туризм
индустриясындағы материалды базаның мүмкіншіліктерінің төмен болуы. Қазіргі
уақытта қонақ үйлердегі, турбазалардағы және басқада объектілердегі
сыйымдылық 35 % – ды құрайды.
Аудандардағы шетелдік туристерге сапасыз туристік өнімдердің
болуының басты себебі қажеттідеңгейде қонақ үйлердің болмауы, ал қолда бар
қонақ үйлер 80 % – ға тозған, ал қалған бөлігі тоқырауға жақын тұр.
Кадрмен қамтамасіз ету. Туризмді дамытудағы басты мәселелердің
бірі туристік кадрларды дайындау болып отыр. Кадрмен қамтамасіз ету 1992
жылдан бері қарастырылып жатсада, осы уақытқа дейін өзекті болып қалуда.
Көптеген жоғарғы оқу орындарында туристік жағдайды білетін оқытушы құрамның
деңгейі төмен болуы. Мамандарды дайындауда қажетті материалдар,
технологиялар және әдістемелер пайдаланылмайды. Сондықтан жоғарғы оқу
орынын бітірушілер туроператорлық қызметтерді толық орындай алмайды.
Көп жағдайда туризм спорт және денсаулықты нығайтумен
сипатталады, ал оны белгілі бір табыс әкелетін халық шаруашылығының саласы
ретінде қарастырады.
Қазіргі кезде табыстық экономика ғылымы туризмді күрделі
әлеуметтік – экономикалық жүйе ретінде қарастырады, онда көп салалы және
өндірістік кешен, басқаша айтқанда туризм индустриясы деп атайды.
Туризм кешенді құбылыс ретінде пәндер арасындағы зерттеу
обьектісі болды. Қазір жаңа ғылым – туризмологияның қалыптасу процесі жүріп
жатыр. Оның дамуына келесідей ғылымдар саласы ықпал етеді: география,
экономика, әлеуметтану, психология, медицина, құқық, қоғамдық және
техникалық ғылымдар.
Туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы
Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және ҚР азаматтық
кодексінен, Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы № 211-1
13.06.2001 жылғы Қазақстан Республикасы заңынан (ары қарай – заң ), ҚР –
ның басқалай нормативті құқықтық актілерінен тұрады.
Заңға сәйкес туризм – бұл жеке тұлғалардың ұзақтығы
жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, немесе келген мемлекетіне (орнына)
төлеусіз қызметке байланысты мақсатта қонған жағдайда, жиырма төрт сағаттан
кем уақытша келген саяхат. Туристік қызмет – бұл жеке және заңды
тұлғалардың туристік қызмет көрсету қызметі. Туристік қызмет мынадай болып
бөлінеді:
1. Турагенттік қызмет – бұл туристік өнімді ұсыну және өткеру
бойынша, сол қызмет түріне лицензиясы бар, жеке және заңды тұлғалардың
қызметі Турагенттік қызметті жүзеге асырушы азаматтар туристік агент болып
табылады.
Туроператорлық қызмет – бұл сол қызмет түріне
лицензиясы бар, өздерінің туристік өнімдерін турагенттер мен туристтерге
ұсынатын және өткеретін, қалыптастыра білетін заңды тұлғалардың қызметі.
Туроператорлық қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалар туроператорлар болып
табылады.
2. Туризм нұсқаушысы – туристтік маршруттардың жүру
жолдарын жетік меңгерген маманданған әрі тәжірибелі сәйкестігі бар кәсіби
дайындалған жеке тұлғалар.
3. Туризмнің ұйымдастырушылық түрлері халықаралық және ішкі
туризм болып танылады.
Халықаралық туризмге енетіндер:
Кіру туризмі – Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты
тұрмайтын азаматтардың Қазақстан Республикасы ішіндегі саяхаты.
Шығу туризмі – Қазақстан Республикасында тұратын
азаматтардың басқа мемлекетке саяхаты.
Ішкі туризм – Қазақстан Республикасы аумағында тұрғылықты
тұратын азаматтардың Қазақстан Республикасы ішіндегі саяхаты.
Қазақстан Республикасы аумағындағы кіру туризмін
ұйымдастыруға байланысты туристтік қызмет көрсету туристтік қызмет экспорты
болып табылады.
Басқа мемлекетке шығуға байланысты туристтік қызмет көрсету
туристтік қызмет импорты болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200
Лицензия туралы (толықтырулары және өзгертулерімен) заңына сәйкес
турагенттік, туроператорлық қызметтер, туризм нұсқаушыларының қызметі
лизензиялауға жатады. 2005 жылы 1 қаңтарға дейін туризм саласындағы
лицензиялау мемлекеттік өкілетті орган болып табылады Қазақстан
Республикасының туризм және спорт Агенттігімен жүзеге асырылады.
Агенствомент берілген лицензиялар заңды деп танылады. 2005
жылы 1 қаңтарынан бастап туризм саласындағы лицензиялау туризм саласындағы
облыстық, Астана, Алматы қалаларындағы атқарушы органдар жүзеге асырады.
2001 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1213
Қаулысымен туристтік қызметті лицензиялау ережелері бекітілген (ары қарай –
Ереже), онда туристтік қызмет жүргізу құқығының кәсіби талаптары, тәртібі,
беру шарттары, мемлекеттік лицензия есебі айқындалады. Лицензия туристтік
қызмет көрсетуге ең басты құқық беретін құжат болып табылады. Лицензия
алғаннан соң мәлімдеуші лицензия берілген сәттен бастап жеті айдың ішінде
туристтік қызмет көрсетуге сәйкестік сертификатын алуға міндетті, содан соң
оның көшірмесін лицензия берушіге тапсырады.
Қазақстан Республикасында Туроператорлар мен
турагенттердің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
туралы 2003 жылғы 31 жылтоқсандағы № 513 – 2 заңы іс жүзінде, онда
туроператор мен турагенттердің міндетті сақтандыру объектісі ретінде
мүліктік қызығушылығы табылады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық
заңдылығы бекіткен міндеттемемен байланысты, себебі туристтерге қызмет
көрсету мүліктік залал келтірсе оны өтеуі тиіс.
Туристтік кәсіпорындардың алған лицензиялары материалдық
емес активтердің құрамында көрсетіледі. Егер лицензиялардың пайдалану
мерзімі шектелген болса, олардың құны амортизацияланады (мерзімді
шығындарға бірте-біртеқосылады) сол пайдалану мерзімі бойы. Ал егер
лицензия уақыты шексіз болған жағдайда, онда амортизациялану мерзімі
кәсіпорынның оны пайдаланып пайда көре алатын уақытқа дейін созылады.
Материалдық емес активтер стандартына сәйкес пайдалану мерзімі шексіз
болған материалдық емес активтер әрбір есеп беру кезеңінде құнсыздануын
анықтау үшін тестілеуге тиіс.
Көп жағдайда туризм спорт және денсаулықты нығайтумен
сипатталады, ал оны белгілі бір табыс әкелетін халық шаруашылығының саласы
ретінде қарастырады.
Қазіргі кезде табыстық экономика ғылымы туризмді күрделі
әлеуметтік – экономикалық жүйе ретінде қарастырады, онда көп салалы және
өндірістік кешен, басқаша айтқанда туризм индустриясы деп атайды.
Туризм кешенді құбылыс ретінде пәндер арасындағы зерттеу
обьектісі болды. Қазір жаңа ғылым – туризмологияның қалыптасу процесі жүріп
жатыр. Оның дамуына келесідей ғылымдар саласы ықпал етеді: география,
экономика, әлеуметтану, психология, медицина, құқық, қоғамдық және
техникалық ғылымдар.
Елбасының саясатына және өздерінің ұтқыр ойларына сүйене
отырып, Алтын Керуен туристік орталығы, 2008 жылы 11 мамырда ашылған,
Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін әр түрлі халықаралық жәрменкелерде
абыроймен танытып жүр. Алтын Керуен туристік орталығы барлық туристік
бағыттарды ұсынуға және әр түрлі деңгейдегі экскурсияларды ұйымдастыруға
мүмкіндігі бар.
Жамбыл облысының Қазақстандағы көне аудандардың бірі екені
бәріне аян. Өкінішке орай жерлестеріміз өлкеміздің бар сұлу табиғатан
біле бермейді, ал біздің басқаларға мақтанышпен көрсете алатын
жерлеріміз өте жеткілікті.
Аталмыш олқылықты түзету мақсатында Тур фирма бірқатар
жобаларды дайындады. Ондағы мақсат, аталған проблемаға барынша көп адамды
тарту болып отыр. Жоба Тараз қаласының оқушылары (10-17 жас аралығында)
және балалар үйі мен мүгедек балалар арасында конкрус түрінде
таныстырылады. Конкрустың мақсаты балаларды өлкеміздің тарихи жерлерінде
болдыру, онымен таныстыру еді.Экскурсиядан кейін балалар алған әсерлері
туралы шығармалар мен суреттер салды. Үздік шығармалар бағалы
сыйлықтармен, мақтау грамоталармен марапатталды және де ел ордамыз –
Астанаға жолдамаға ие болды. Алтын Керуен туристік орталығы Қазақстанды
жер-жаһанға таныту үшін бүкіл күш-жігерін жұмылдырады.

1.2 Кәсіпорынның қызмет көрсету сервисінің атқарылуы мен
дамуын талдау
Қонақ үй шаруашылығы қызмет саласының маңызды құрамдас бөлігі
болып табылады, ол өзінше халыққа қызмет көрсетуге бағытталған қызмет
түрлерінің жиынтығын болып саналады. Бұл қызмет түрлерінің ерекше болып
табылатындығы сол, ол тұтынушыға ұсынылатын өнім, қызмет түрінде
көрсетіледі.
Қызмет – бұл тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру түріндегі
сол немесе басқалай пайдалы тиімділік нәтижесі болып табылатын іс-қимыл
немесе қызмет.
Міндетті белгілеуіне қарай қызметтер материалдық және
әлеуметті-мәдени болып бөлінеді.
Материалды қызмет — бұл қызметке мұқтаж тұтынушының
материалды-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыру бойынша қызмет.Ол қайта
құрылу (өзгеру, сақтау) бұйымның тұтынушылық қасиетін қайта құру (өзгеру,
сақтау) немесе азаматтардың тапсырысы бойынша жаңадан дайындау сонымен
бірге адамдар мен жүктердің орын алмастыру, тұтыну үшін жағдай жасайды.
Сондай-ақ, материалды қызметке жатқызылуы тиіс: тұрмыстық,
тұрғын-коммуналды, қоғамдық тамақтану, көліктік және басқалары.
Әлеуметтік-мәдени қызмет – бұл тұтынушының рухани және
интелектуалды қажеттілігін қанағаттандыру және қалыпты өмірлік қызметін
қолдау қызметі. Әлеуметтік – мәдени қызметке жататындар: медициналық,
мәдени қызметтер, туризм, білім беру.
Қызметтер, тауарлардан өзіне тән ерекше қасиеттерімен
ерекшеленеді: оны жинақтаудың мүмкін еместігімен, тасымалдау және сақтауға
болмайтындығымен, сапасының тұрақсыздығымен, орындаушының тікелей
байланыстығымен, материалды күйде болмауымен, өндіріс пен тұтыну процесінде
уақытпен сәйкес келуімен және басқалары. Осыдан қызмет саласындағы
кәсіпорын қызметі ерекшеленеді. Қызмет көрсетудегі территориялық шектеу,
жедел сұраныстан күшті тәуелдік, сапаны бақылаудағы күрделілік және
персоналдарды мұқият қабылдаудағы қажеттілік.
Шетелдік әдебиетте қонақжайлық индустриясы деген
түсінік қолданылады. Бұл термин қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының
екі елеулі ерекшеліктерін атап көрсетеді: клиентке жақсы тілектестік қарым-
қатынаста болу, пайда табуға бағытталған қызмет конақжайлылық индустриясы –
қонақтарды қабылдап алу мен қызмет көрсетуге байланысты қызмет нарығындағы
кәсіпкерлік қызмет. Бұл түсінік, қызмет саласына қарағанда, тартар ауқымды
болып табылады, және өзіне қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, демалыс
және ойын-сауық парктері, қонақ үйлер енеді.
В.И.Далдің сөздігі бойынша қонақ үй – бұл жолшыбай
тоқтайтын қызметшілері бар, келушілерге арналған жайлар тамақтандыратын
уақытша мекен-жай немесе үй. Қонақ үй шаруашылығы жайларға орналастыру
қызметін көрсетуге байланысты шаруашылық қызметпен түсіндіріледі. Клиенттер
талабының жоғалылуымен және қонақ үйлерге орналастыру қызметін көрсетуін
кешенді түрде ұлғайтуға ұмтылуы тамақтандыру және сусындар сату
қызметтерімен толықтырылды.
Шетелдік авторлар (М.Тотье және басқалары) қонақ үй
бизнесі өзінің қызметтері мен игіліктерін ұсынатын, халыққа материалдық
жағдай жасап, жайға орналастыру мен тамақтандыруды қамтамасыз ететін бір
тұтас қызмет ретінде айқындайды. Бұл автордың түсіндіруінше тұрғылықты
жерінен шетке саяхат жасау уақытында (маңызды істермен келу, бизнес, жеке
және жанұялық мүдде демалыс) талап етіледі.
Қонақ үй шаруашылығының дамуына әртүрлі факторлар әсер
етті: халықтың саяхат жасауға сұранысының өсуі туризмнің дамуы,
клиенттердің төлем кабілеттілігінің өсуі, бақталастық, пайда табуға ұмтылыс
және басқалар. Мұның барлығы қызмет етудің негізгі түрлеріне (орналастыру
мен тамақтандыру) алып келді, сонымен бірге жаңа қызмет түрлері қосылуда:
маңызды істер кездесуіне, емделуге, ойын-сауыққа қызмет көрсету. Мұндайда
қонақ үй шаруашылығы тек қана өзінің өндірістік қызметтерінен басқа халық
шаруашылығының басқа салаларының да қызметтерін көрсетеді.
Қонақ үй (қонақ жай кешені) – бұл ең алдымен кәсіпкерлік
қызмет үшін пайдаланатын, халықты өз жайларында орналастыратын (тұратын),
қажетті жиһаздар санымен жабдықталған қызмет көрсететін, кешенді жай, онда
бір немесе бірнеше қонақ жайлық қызмет көрсетіледі. Демек, қонақ жай
қызметінің мәні, қажетті жиһаздармен жабдықталған, сондай-ақ тұруға сәйкес
қызметтері бар, азаматтардың уақытша тұру қажеттілігін қамтамасыз ететін
жай болып табылады.
Қонақ жай индустриясы 20 ғасырда қалыптасты. Бұл
қызметтің болашағын карастыра отырып, А.Л.Лесникпен және А.В.Чернышевпен
келіспеуге болмайды, олар 21 ғасырдағы қонақжайлылық индустриясына әсер
етуші факторларды атап көрсетті. Бұл атап айтқанда, жаһандану, жаңа
технологиялар, консолидация,тік және көлбеу, сауда белгілерін қалыптастыру.
Көптеген басқа нарықтық факторлар бар, бұны жақын кезеңде
ескеруге қажет. Оған, мысалы, бүкіл дүниежүзілік брон жүйесін, бүкіл
дүниежүзілі ақпарат желісі, өзінің қалыптасу сатысындағы байланыс құралдары
мен басқалай нарықтық сегменттер Сонымен бірге, төмендегі келтірілген
факторлар негізгі бағыттарда көріне бастады.
Қонақ жай индустриясы әлемде бір сондай динамикалық дамуға
жатады, сондықтан мұнда өте жылдам өзгерістерді күтуге болады. Басқаша
сөзбен айтқанда, кез-келген уақытта сол немесе басқаша бағыттың пайда
болып, дамуы мүмкін.
Сонымен бірге ыңғайлы стратегия таңдау жеткіліксіз және оны
жүзеге асыру үшін қаражат табу проблемасы бар.
Қонақ жайлық бизнестің қазіргі кезеңдегі тәжірибесінде кез-
келген тиімді жаңалық компанияның ұзақ мерзімге артықшылығы болып қала
алмайды. Алғашқы болған оң нәтижелі қызметі, индустрияның қалаған
қатысушылары лезде көшіріп алады да (екінші толқын өндірушілермен) ,
алғашқы артықшылығын жойып жібереді.
Оң нәтижелі бекітіп ұстап қалу үшін, кешенді түрде бірнеше
стратегияны қолдану қажет, сонымен қатар оларды ситуацияның өзгеру шамасына
қарай өзгертіп отыру керек.
Қонақ жай шаруашылығындағы қызметтердің жоспары, есебі және
өзіндік құнның калькуляциялануы реттік факторлармен анықталады, бұны ішкі
және сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі факторларға жатқызуға болады:
– елдегі экономикалық ситуация;
– мемлекеттік салық саясаты;
– баға қалыптасу жүйесі;
– бақталастықтың болу немесе болмауы;
– инфляция;
– валюталық курс;
– басқа сала қызметтерінің құны;
– қонақ жайды пайдалану қызметінің ерекшеліктері және т.б.
Қонақ жай шаруашылығының пайдалану қызметінің негізгі
ерекшеліктеріне жатқызуға болады:
– қызметтің қатаң жергілікті өзгешелігі, негізгі қызмет
бойынша аяқталмаған өндірістің болмауы;
– оның қызметінің тұтынудан пайдалану қызметінің тұрақты тәуеклділігі;
– қызмет қажеттілігінің ай, күн, апта бойынша біркелкі болмауына
негізделген, пайдалану қызметінің бір келкі болмауы;
– ол пайдалану қызметін ұйымдастыруды едәуір қиындатады және өзіндік
құн мен басқа экономикалық көрсеткіштерде көрсетіледі;
– пайдалану орнының санымен өлшенетін (бірнеше пайдалану шығындары
әртүрлі натурал көрсеткіштерге пропорционалды тәуелділікте болады)
қызметтің соңғы нәтижесінде пайдалану шығындарының пропорционалды
тәуелділігінің болмауы;
– еңбекті ұйымдастырудан және пайдалану қызметінен уақытша тұрушылардың
қызметінің сапасына тікелей тәуелділік, бұл негізгі кұралдардың құнының
өсуінде көрсетіледі.
Қонақ жайдың шығындарына әсер етуші ішкі факторларды
экономикалық және ұйымдастырушылық деп бөлуге болады:
Экономикалық факторларға жатады:
– тозудың есептеу тәртібі;
– қонақ жайды пайдалану бағдарламасы;
– еңбек төлемінің қалыбы мен жүйесі;
– жұмыскерлерді сыйақы беру жүйесі;
– еңбек тиімділігі мен өнімділігі;
– қонақ жай өнімінің шамасы және т.б.
Ұйымдастыру факторларға жатады:
– қонақ жайдың типі мен дәрежесі;
– материалды-техникалық базаны дамыту:
– қонақ жай жүмыскерлерінің еңбегін ұйымдастыру;
– жарнамалық саяхат және т.б.
Қойған жайға, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға тән
өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері болады. Бәрінен бұрын , бұл мерзімде
сұраныс пен белгілі бір територияда ғана болуы, сондықтан қонақ жайға
сұраныстың төмендеуі өзінің қызметін басқа уақытта және басқа жерде
көрсетуге мүмкіндік болмай қалады. Демек, курортты қонақ жайлардың толық
жүктелінеді және жылына 3-4 ай ғана пайда табады, ол басқа уақытта олардың
мақсатты шығынды азайту болып табылады. Оларға қарама-қайшы ірі қалалардағы
қонақ жайларда жаз уақытында клиенттердің жетіспеушілігі байқалады, оларды
келтіру үшін бағаны 20-30% төмендетеді. Қазіргі кезеңде Ресейдегі қонақ
үйдің жүктелінуінің орташа коэффиценті 57,4% тең, ал дүние жүзіндегі атақты
қонақ жайларда 85% артуы сирек кездеседі, мысалы қонақ үйдің толу деңгейі
70 % құрайды, осы саладағы орташа деңгейден 9-дан ғана жоғары. Еуропада
толу коффициенті қонақ жайдың экономикалық кластарында 62,3 %, ал қонақ
жайдың люкс кластарында 68,9 % дейін ауытқиды. Беларусь республикасында
қонақ жайдың толу коэффициенті 45% -ті кұрайды.
Сұраныс ауытқушылығының қонақ жайдың шаруашылық
қызметінің нәтижесіне байланысты болу зор, өйткені пайдалану шығындарының
құрамында оның тұрақты бөлігі, ауыспалы бөлігіне қарағанда алдынғы орын
алады. Тұрақты шығындарға негізгі қорлардың тозуы, еңбекақының үлкен
бөлігі, едәуір пайдалану шығындары жатады. Қалыпты жұмыс кезінде соңғы
шығындар мөлшері тұрақты шығындардың 50-70% құрайды. Сондықтан пайдалану
шығындарындағы тұрақты шығындардың едәуір бөлігінің болуы, яғни толығудың
ұлғайуынан орын-күннің өзіндік құны кенеттен төмендейді. Экономикалық
тәжірибеде, егер толығу -10% -ке өссе , онда өзіндік құн 6-7% -ке
төмендейді.
Қонақ жай бизнесінің ерекшеліктеріне ұсыныстың өте
төменгі икемсіздігін жатқызуға болады. Бұл қонақ жай индустриясының жоғарғы
қор сыймдылығымен сиптталуына байланысты болады. Қорлар құрылымында
негізгілері; үйлер, құрал-саймандар, жиһаз басым болады. Сондықтан қонақ
жай бизнесінің инвестициясы баяу өтеледі, ал конъюктураның кенеттен өзгеру
жағдайында өзгерту мүмкіндігі өте шектеулі, яғни бұл бизнесті
инвестициялаудағы қорлардың көпшілік бөлігі, аз мамандандырылған құрылыс
пен құрылымдарға салынады, ал оларды басқа мақсатқа пайдалану қиынға
түседі.
Қызмет сапасын бақылау проблемасы келесі ерекшелік
болып табылады. Қонақ жай қызметі болмашы деп есептелінеді. Қызметтің
қажетті элементтері, персоналдардың сыпайылығы мен жайдарылығы, сондай-ақ
кепілдемелік норма ұғымын анықтау қиын. Сондықтан қызметтің сапасын
бақылау қонақ жай персоналдарының беталысын бақылау арқылы жүргізіледі.
Сонымен бірге, қонақ жайларда қызмет ету сапасына бөлім қызметтері әсер
етеді, бұлар оларға негізгі қызметтерін көрсетеді, мысалы, орналастыруды
тіркеу, алдын-ала төлем және т.б.
Қонақ жай шаруашылығы әртүрлі қызмет кешенін көрсетеді,
бұл осы қызмет саласының ерекше белгісі болып табылады. Қонақ жай қызметін
негізгіге (уақытша тұру үшін тұрғын жайлар беру) және қосымшаға
(тамақтандыру қызметі тұрмыстық байланыс, спорттық, медициналық, ойын-сауық
және т.б)
Қонақ жай шаруашылығында құрылымдық бөлімшелерінің
қонақтарды күтіп алуға және қызмет етуге ылғи да дайын болуы әкімшілік
қызметкерлерінің, есік алды күзетшілерінің, жүк тасымалдаушылардың, қонақ
бөлме қызметшілерінің және басқа жұмыскерлердің тәулік бойына бір мезгілде
болу қажеттілігін туындатады. Бұл персоналдар еңбегін пайдалану тиімділігін
едәуір мөлшерде кемітеді.
Қонақ жай шаруашылығы қызметі еңбек, материалды және
қаржылық қорларды пайдаланумен байланысты. Қорлар жұмсалынады және
шығындарға айналады. Шығындардың топтасуы қонақ жай шаруашылығының
материалды, еңбек және қаржы қорларын үнемдеу резервтерін айқындауға
мүмкіндік береді, қызметтің өзіндік құнын төмендету, рентабельділікті
ұлғайту, кәсіпорын үшін маңызды ие болады, яғни операциялық (өндірістік)
тетіктерінің әсерін анықтауға мүмкіндік береді және оның негізінде табысты
арттыруды жүзеге асырады. Шығындардың тұрақты және айнымалы деп топтастыру
кәсіпорын рентабельділігінің бастамасын есептеуге, қаржылық беріктігін,
қорын, кәсіпорынның экономикалық рентабельділігін анықтауға мүмкіндік
береді. Барлық шығындарды бірнеше топтарға бөлуге болады: өндіріс және
қызмет көрсету, негізгі және айналым қорларының кеңейтілген қайта өндіріс
шығындары, әлеуметтік шығындар.
Ақшалай түрде көрінетін өндіріс шығындары мен қызметтің
өткерілуі, өзіндік құнын құрайды. Олар түскен түсімнен әрбір цикл кезінде
толықтырылады. Қонақ үйдың нарыққа ұсынатын қызметтер саны. Оларды өндіруге
шығарған шығындар деңгейіне және бағасына байланысты болады, бұлар нарықта
сатылатын болады. Демек, өзіндік құнның экономикалық табиғатының мәні қонақ
жай шаруашылығы тиімділігінің маңызды шарты болып табылады, яғни қызметтің
өзіндік құны пайда мен рентабельділіктің шамасына тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар, нарықтық экономика жағдайында, қонақ үйлер өз бетінше
негізгі және қосымша қызметтерге тарифтер жасағанда, қонақ жай өніміне
негіз боп қалыптасатын бағаның өзіндік құнының мәні одан әрі артады.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

1.3 Туристтік орталықтың құрылымдық орналасуы,
міндеттерінің бөлінуі

Туризмді дамытудың негізін қалаушы шарттардың бірі оны
туристер үшін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету болып табылады. Туристердің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету Дүниежүзілік туристік ұйым Бас ассамблеясының
София қаласында (Болгария) 1985 жылы өткен VI сессиясында мақұлданған
Туризм хартиясында, Сантьяго қаласында (Чили) 1999 жылгы 1 қазанда
қабылданған этикалық туристік кодексте жарияланды.
Туристің қауіпсіздігі мемлекеттің саясатына,
туроператорлар мен турагенттердің турларды ұйымдастыру кезінде қабылдайтын
шараларына тікелей байланысты. Террорлық актілердің, індет пен техногендік
сипаттағы жағымсыз зардаптардьң өсіп отырған жағдайында қауіпсіздікті
қамтамасыу ету мәселесі өткір қойылып отыр.
Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналар
қажет:
– туристік кадрларды арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету
жөніндегі туроператорлар мен турагенттердің қызметінде қауіпсіздік
техникасы жөніндегі – нормалардың, ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге
асыру мәселесін пысықтау;
– туристік ортаны қорғау және күзету;
– қорғану және қауіпсіздік мәселелері бойынша халықты және туристтерді
ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
– ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестікке және адам саудасына, әйелдер мен
балаларды жұмыспен және жыныстық қатынаспен қанауға қарсы күрес жүргізу;
– Қазақстанға туристік және өзге де ағындарының кіріп кету, оның ішінде
туристің атын жамылған экстремистердің ыстық нүктелерге өтіп кету
мүмкіндігінің алдын-алу үшін бақылауды күшейту;
– облыстар мен Астана және Алматы қалаларында туристерге көмек ретінде
Оnlіnе режиміндегі телефондық ақпараттық қызмет кұру.
Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды аспектісі
Дүниежүзілік туристік ұйыммен (ЮНДТҰ) өзара іс-қимыл болып табылады.
Қазақстан ЮНДТҰ өткізетін іс-шараларға белсенді түрде қатысады . Туризмді
дамытудағы және әлемдік туристік қоғамдастық елдері арасында ынтымақтастық
орнатуда бұл ұйымның рөліне баға жетпейді және оның үстіне ЮНДТҰ Біріккен
Ұлттар Ұйымының арнаулы мекемесі болып аталған ұйымның өз кезегінде
әлемдегі туризмді белсенді алға жылжыту мен тұрақты дамыту жөніндегі
позициясын күшейтіп отырған кезде оның барлық мүшелері үшін маңызды.
Дүниежүзілік туристік ұйыммен ынтымақтастық шеңберінде
Қазақстанға 1997 жылы елдің туристік әлеуетін алдын-ала зерттеуде
техникалық көмек көрсетілді, ол Туристік саланы дамытудың 2003-2005
жылдарға арналған бағдарламасының негізі болды. Республикада «Экологиялық
туризм – ТМД, Қытай және Монголия елдерінің өтпелі экономикасы үшін тұрақты
даму құралы», «Әлемдік туризмнің даму үрдістері мен әдістемелері» атты
ЮНДТҰ-ның өңірлік семинарлары өткізілді.
Халықаралық туризмді дамытудағы басты бағыттар
халықаралық туристік байланыстарды кеңейту және туризм саласындағы
үкіметаралық келісімдерді іске асыру болып табылады.
Бұл ретте:
– туризм саласындағы бұрын жасалған үкіметаралық келісімдердің іске
асырылуын қамтамасыз ету;
– республикаға келетін негізгі туристік ағынға күш беріп отыратын
елдердегі Қазақстан Республикасы елшіліктерінің жанынан туристік өкілдіктер
ашу жөніндегі мәселені пысықтау;
– Қазақстанда ірі халықаралық форумдар, саммиттер, конференциялар мен
семинарлар өткізуге бастамашылық ету және өтуін қамтамасыз ету;
– Дүниежүзілік туристік ұйым Бас ассамблеясының XVIII сессиясын 2009
жылы Астана қаласында өткізу мәселесін пысықтау;
– іргелес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастық шеңберінде туристер
үшін бірлескен туристік бағдарлар ұйымдастыру және шекара, кеден
бақылауының оңайлатылған рәсімдерін енгізу жөнінде жұмыс жүргізу;
– трансшекаралық туристік бағдарларды дамыту жөнінде Орталық Азия
мемлекеттерімен, бірінші кезекте Қырғызстандағы Ыстықкөл өңірімен өңірлік
ынтымақтастықты дамыту;
– Дүниежүзілік туристік ұйымның Атқарушы Кеңесіне 2007 жылы
Қазақстанды шығару жөніндегі шараларды іске асыру кажет.
Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге
қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар кұру,
олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс-қимылдың республикалық шебер-
жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процесін жылдамдатуға
көмектеседі. Қазақстанда туристік кластерлер кұру мен оларды дамыту
шеңберінде қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында
белсенді де қатаң маркетингтік саясат жүргізу жоспарлануда.
Түрлі еуропалык және азиялық нарықтадағы ахуалды зерделеу
нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады:
– тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақстанның
әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып
қалып отыр;
– «Қазақстан» сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі
жоқ ;
– еуропалық та, азиялық та туристік нарықта салыстырмалы түрде
Қазақстанға келуге деген үлкен қызығушылық байқалады, мұның өзі нақты
болашақта шетелдік туристер ағынының ұлғаю мүмкіндігін көрсетті.
Халықаралық нарық үшін Қазақстанның негізгі туристік
өнімдері «Шексіз даладан қар басқан тау шыңдарына дейін» бағдары бойынша
саяхатқа шығуды көздейтін құрама турлар мен джипті пайдалана отырып, киіз
үйде немесе трейлерде тұратын далалық аңшылық екені айқындалды.
Қазақстанның халықаралық туристік нарықта табысты
айқындалуы үшін аталған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2007-2020 жылдары
үш басымдықты туристік нарық айқындалды:
1. Ресей, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея,
Түркия, Қытай.
2. Франция, Жапония.
3. АҚШ, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері.
Сөйтіп, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразиядағы жаңа әрі
тартымды туристік объект ретінде-алға ілгерілету стратегиясын әзірлеу
қажет.
Экономиканың өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын
калыптастыру мен туризмді дамытуды мемлекеттік кең ауқымды қолдау жөніндегі
міндеттер шеңберінде маңызды мән мынадай белсенді жобаларды іске асыруға
беріледі:
1) Алматы қаласын және Алматы облысын дамыту:
Дамудың бас жоспарлары мен туристік кластер кұру мен
дамытудың шебер-жоспарлары шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысында
туризм мен спорт инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау;
– Қапшағай қаласында Диснейленд-парк және Лас-Вегас үлгісі бойынша
туризм және ойын-сауық индустриясының құрылысын камтамасыз ету үшін
техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен жобалық-сметалық кұжаттама
(ЖСҚ) әзірлеу;
– ілеспелі қызмет көрсетулер саласын қалыптастыру мақсатында «Қорғас»
Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы» АҚ жанындағы инфрақұрылымды
одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау.
2) Астана каласын және Акмола облысын дамыту:
– Шучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ойын-сауық индустриясын қоса
алғанда, ілеспелі қызмет көрсетулер саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
– «Бурабай» ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризм инфрақұрылымын
дамыту;
– Ақмола облысы Аршалы ауданының Мартыновка ауылында (Астана қаласынан
30км қашықтықта) Пергауындар ауылы (Мысыр), «От-бос» кешені (Квебек,
Канада) тақылеттес сақтардың көшпелі тұрмысын, олардың өзіндік мәдениеті
мен дәстүрлерін әйгілеуге бағытталған «Шеберлер сарайы» деп аталатын көрме
орталығы бар «Шебер ауылы» этнографиялық кешенін салу.
3) Жібек жолы бойында туризмді дамыту:
Тек қана мәдени құндылықтары басымдық танытатын
Өзбекстанмен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелік артықшылығы Ұлы Жібек
жолының қазақстандық бөлігінін бірегей табиғат ландшафтарымен, эндемикалық
флора және фаунамен және көшпелілердің тарихи-мәдени мұрасымен әрі көне
қалалар халықтарының мәдениетімен үйлесім тапқан құрама турлар болып
келуінде;
Аталған жобаны іске асыру үшін мыналар жоспарланып отыр:
«Ұлы Жібек жолы меруерті» халықаралык туристік пойызын ұйымдастыру
жөніндегі жобаның бірінші кезеңін Алматы-Тараз-Шымкент-
Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Ры бачье-Алматы бағдары бойынша
2007-2008 жылдары жүзеге асыру;
– » Ұлы Жібек жолы меруерті» халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру
жөніндегі жобаның екінші кезеңін Алматы-Тегеран бағдары бойынша жүзеге
асыру жөнінде мемлекетаралық келіссөздер жүргізу және бағдарды Қытайдың
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялык округі арқылы 2008 жылдың аяғына қарай Пекин
қаласына дейін ұзартуды қамтитын үшінші кезеңін іске асыруға дайындау;
– «Қорғас» және «Достық» шекара пункттерінен Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласына дейін жол бойы инфрақұрылымының объектілерін көрсете
отырып жол картасын жасау;
– Түркістан қаласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының,
Дүниежүзілік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет
мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) өңірлік бағдарламасының «Ұлы
Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық және даму мақсатында әлеуетті нығайту»
халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде қонақ үйлер мен керуен-сарайлар
желісін салу және оларды дамыту;
Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық
қауымдастыққа қатысушы мемлекеттер үшін туристік визаларды өзара тану және
одан әрі бірыңғай туристік виза енгізу мәселелерін шешу жөніндегі
мемлекетаралық келіссөздер процесін, оның ішінде аталған ұйымдар қызметінің
шеңберінде жандандыру.
4) Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту:
Жобаны іске асыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:
– Каспий теңізі бойынша Ақтау – Астархань (Ресей) – Махачкала
(Дағыстан)- Баку (Әзірбайжан) – Энзели (Иран) – Түркменбаши (Түркменстан)

– Ақтау халықаралық круизін дайындау және оны ұйымдастыру үшін
жағдайлар жасау;
– жағажай туризмін дамыту және Ақтау қаласында туризм және ойын-сауық
индустриясын құру жөніндегі мәселені пысықтау мақсатында Кендірлі демалыс
аймағын жайластыру.
5) «Қазақстан – ғаламшардың бірінші ғарыш айлағы» жобасының
шеңберінде Байқоныр қаласында ғарыш туризмін дамыту үшін жағдайлар жасау.
Жобаны іске асыру 2008 жылдың соңына дейін жаңа
технологияларды (планетарийлер, мұражайлар, ұшуларды басқарудың шағын
орталықтары, кәдесыйлар сататын сауда орталығы және т.б. кұру) пайдалана
отырып Байқоңыр қаласының манында . жалғасы

Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 қарашада № 14422 болып тіркелді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2020 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша күші жойылсын.

3. Төлем жүйелерi департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

2020 жылғы 3 қазан

2020 жылғы 21 қыркүйек

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 31 тамыздағы
№ 207 қаулысымен
бекітілген

Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2020 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда, заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Осы Қағидаларда Азаматтық кодексте, Салық кодексінде және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңды көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғым пайдаланылады:

серпінді сәйкестендіру – клиенттік банктік шот ашуға арналған өтінішке қол қою және банктік қызмет көрсету шартына қол қою құқығын біржолғы кодты қолдану арқылы бір мағыналы екендігін растау мақсатымен клиенттің жеке басын анықтау рәсімі.

3. Банктік шоттар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді, осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, теңгемен және сол сияқты шетел валютасымен ашылады және жүргізіледі.

4. Корреспонденттік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 143350 тіркелген «Банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 2020 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен бекітілген банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларында айқындалған.

2-тарау. Банктік шоттар ашу

1-параграф. Жалпы ережелер

5. Банктiк шот клиент пен банк арасында банктік шот шарты және (немесе) банктік салым шарты (бұдан әрі – банктік қызмет көрсету шарты) жасалған кезде банк қағаз тасымалдауышта немесе электрондық түрде ұсынған банк белгілеген нысан бойынша клиенттің өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде ашылады.

Тұрғын үй төлемдерін есептеуге және «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Тұрғын үй қатынастары туралы заң) сәйкес мақсаттарға арналған төлемдерді жүзеге асыруға арналған банктік шот банк, тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылатын қызметкер – клиент және қызметкері тұрғын үй төлемдерін алушы мемлекеттік мекеме арасында «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысымен (бұдан әрі – № 1727 қағидалар) бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларына 10-қосымшаға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен (бұдан әрі – № 49 қағидалар) бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес тұрғын үй төлемдері туралы шарт жасаған кезде ашылады.

Клиент пен банк Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10610 тіркелген «Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасаған кезде «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заң) сәйкес білім беру жинақтау салымы үшін арналған банктік шот.

Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6. Тұрғын үй қатынастары туралы шартты және білім беру жинақтау салымы туралы шартты қоспағанда банктік қызмет көрсету шартына мыналар кіреді:

1) қосылу шартын қоспағанда клиенттің сәйкестендіру нөмірі;

2) қосылу шартын қоспағанда жеке сәйкестендіру коды;

3) клиенттік банктік шотында тұрған ақшаны басқару тәртібі;

4) банктің қызмет көрсету талаптары және оларға ақы төлеу тәртібі;

5) клиенттік банктік шотын жабу туралы өтініші негізінде банктік шотты жабу мерзімі.

7. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды.

8. Клиентке банктік шотты ашқан не клиент банкке өтініш жасаған кезде оны ашқаннан кейін банк клиентке еркін жазбаша нысанда немесе электрондық түрде растама береді, онда, банктік шоттың нөмірі банктік қызмет көрсету шартында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, банктік шоттың нөмірі көрсетіледі.

Клиент Ереженің 27, 27-1 және 28-тармақтарында көзделген тәртіппен ашылған ағымдағы шотты растау үшін банкке жүгінген жағдайда, банк есепке алу үшін осындай шот ашылатын төлемдердің атауын көрсете отырып, «арнайы шот» белгісін қосымша қояды.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2020 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

9. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына бақылау дәрежесі кіреді.

Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

10. Клиентке банктік шот ашуды банк «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) 5-бабына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылданғаннан кейін жүзеге асырады.

11. Клиент-жеке тұлға банктік шотты ашқан кезде, егер банк пен клиент арасындағы банктік қызмет көрсету шартында мұндай талаптар көзделмесе, кәсіпкерлік, нотариалдық қызметпен, адвокаттық қызметпен, атқару құжаттарын орындау бойынша қызметпен медиация тәртібімен дауларды реттеу бойынша қызметпен байланысты операциялардың банктік шот бойынша жүргізілмегені туралы мәліметтер көрсетілетін банктік шот ашу туралы өтініш ұсынады.

12. Клиент банкке электрондық түрде ұсынатын өтініште Қағидалардың 21-тармағында көзделген мәліметтерді қоса алғанда, КЖТҚҚ туралы заңға сәйкес клиенттерді (оның өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру үшін қажетті мәліметтер бар.

13. Өтінішті клиент банкке электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе серпінді сәйкестендіруді қолдана отырып электрондық түрде ұсынады.

14. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша банктік қызмет көрсету шартын банктің ішкі құжаттарында көзделген қауіпсіздік рәсімдерін қолдана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе динамикалық сәйкестендіруді пайдаланумен, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10212 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 521 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 235 қаулысымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда көзделген тиісті тексеруге қойылған талаптарды ескере отырып, электрондық түрде жасауға рұқсат беріледі.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2020 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

15. Банктік шотты банктік қызмет көрсету шарты негізінде ашу кезінде мынадай құжаттар клиенттің банктік шоттағы ақшаға иелік етуі мақсатында пайдаланылады:

1) Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері бар құжат;

2) Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасалған кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

Банктік шот бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін клиент банкке өтініш білдірген кезде, клиентке банктік шот қашықтан ашу тәсілімен ашылған жағдайларды қоспағанда, банктік қызмет көрсету шарты жасалғаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынуға жол беріледі.

Банктік шот клиентке қашықтан ашу тәсілімен ашылған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

16. Клиент бір банкте (оның филиалдары мен бөлімшелерінде) екінші және одан кейінгі банктік шоттарды ашқан жағдайда, банк клиенттің банктік шот ашу үшін көзделген құжаттарды (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін – бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсатын және клиент-жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда) мынадай жағдайлардың бірі болса:

1) егер клиент алғашқы банктік шотты ашқан банкте (банктің филиалында, бөлімшесінде) банктік шот ашатын болса;

2) егер клиентке алғашқы банктік шот ашылған банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) Қағидаларға сәйкес банктік шот ашу үшін қажетті құжаттардың толық топтамасының бар екені туралы растауы болса, қайтадан тапсыруын талап етпейді.

Клиентке банктік шот қашықтан ашу тәсілімен ашылған кезде Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаға қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы бір банкте (оның филиалдарында және бөлімшелерінде) екінші және одан кейінгі банктік шоттарды ашу клиенттің банктік шотты ашу үшін көзделген құжаттарды ұсынуынсыз жүзеге асырылады.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

17. Заңды тұлға – клиентке бір банкте (банктің филиалында, бөлімшесінде) қол қою үлгілері бар бір құжаттың негізінде банкте банктік шот ашу үшін қажетті басқа құжаттар болған, сондай-ақ мынадай талаптар орындалған жағдайда бірнеше банктік шотты ашуға жол беріледі:

1) банкте (банктің филиалында, бөлімшесінде) әрбір клиент бойынша электрондық түрде істі қалыптастыру жөніндегі қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – электрондық досье) және банкте (банктің филиалында, бөлімшесінде) банктік шоттың болуы туралы ақпарат болуға тиіс;

2) банктік шотты ашу кезінде клиенттің электрондық досьесінде өзгерістер болмауға тиіс.

Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

18. Клиенттің алғашқы банктік шоты ашылған банктің басқа филиалында (бөлімшесінде) құжаттардың толық топтамасының бар екенін, оның ішінде қолда бар құжаттарды электрондық түрде беру жолымен банктің (филиалдың, бөлімшенің) растау тәртібін банк дербес белгілейді.

19. Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігінің 1), 4), 6), 8) 11), 13) және 15) тармақшаларында көзделген талаптардың орындау мақсатында банк Салық кодексінің 24-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының үшінші бөлігіне сәйкес бюджетке салықтардың және төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жатқызылған, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) өз құзыретінің шегінде ұсынатын салық төлеушілер туралы ақпаратты пайдаланады.

Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

21. Банк клиент-жеке тұлғаға банктік шот ашу кезінде КЖТҚҚ туралы заңның 5-бабының 5-тармағына сәйкес банктік шот ашу кезінде клиент-жеке тұлға ұсынған мәліметтер негізінде клиент-жеке тұлғаға салықтық резиденттік белгілейді.

22. Қағидаларға сәйкес банктік шот ашу үшін клиент ұсынған құжаттар, егер оларды банкке клиент бұған дейін КЖТҚҚ туралы заңда көзделген клиентті (оның өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша шаралар шеңберінде ұсынса, клиент банкке қайтадан ұсынбайды.

23. Банктік шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе жеке-жеке не түпнұсқада клиенттер бойынша құжаттарды бөле отырып жалпы істе сақталады.

Көшірмелері клиент ісінде (жалпы істе) сақталатын жеке басты куәландыратын құжаттар, жарғылар, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісі не 2020 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі – Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс) сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісім, сауда тізілімінен үзінді-көшірмелер не ұқсас сипаттағы басқа да құжаттар (оқшауланған бөлімшелер үшін – ережелер), үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің жүзеге асырылу фактісін растайтын құжаттар, заңды тұлғалар-клиенттерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғалар-клиенттердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар және банкте операциялар жасау құқығына берілген сенімхаттар кірмейді.

Егер банктің (банк филиалының, бөлімшесінің) электрондық досье қалыптастыру мүмкіндігі болса, клиенттің құжаттарын, оның ішінде түпнұсқалар болып табылмайтын құжаттарын қағаз тасымалдағыштарда қосымша сақтамай-ақ электрондық түрде сақтауға жол беріледі.

Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

24. Клиенттің банктік шотын ашу кезінде банк мемлекеттік кірістер органдарына Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған тәртіпте, жағдайларда және мерзімде хабарлайды.

Қосылған құн салығы бойынша есеп айырысу қозғалысын есепке алуға арналған ағымдағы шотты (бұдан әрі – ҚҚС бақылау шоты) ашу кезінде банк мемлекеттік кірістер органдарына Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25-бабының 10-1-тармағында айқындалған тәртіпте ақпарат ұсынады.

Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т . қараңыз) қаулысымен.

25. Банк банктік шоттарды ашудан бас тартуды Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігінің 15) тармақшасында, КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабының 1-тармағында, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша, Қағидаларда көзделген құжаттар ұсынылмаған не клиент пен банк арасында мәміле жасалмаған жағдайларда жүзеге асырады.

Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Банктік шот шарты бойынша ағымдағы шоттар ашу

26. Ағымдағы шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғалары және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-жеке тұлғалары:

жеке басын куәландыратын құжат;

2) дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар:

жеке басын куәландыратын құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (жекеше нотариустар үшін) не электрондық лицензияның «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (адвокаттар үшін) не электрондық лицензияның «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі (жеке сот орындаушылары үшін) не электрондық лицензияның «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (кәсіби медиаторлар үшін);

3) Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалары және олардың филиалдары мен өкілдіктері, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғалары:

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес бюджетке салықтардың және төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның рұқсаты (мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін);

4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғалары:

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

сауда тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осындай сипаттағы, бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы бар және қажет болған жағдайда заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

5) шаруа (фермерлік) қожалықтары:

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, олардың филиалдары, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы сот не акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі;

Ұлттық Банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;

Ұлттық Банктің банк және өзге де операцияларды жүргізуге не сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;

7) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер:

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

дипломатиялық және консулдық өкілдіктің тіркелуін растау туралы нотаның көшірмесі.

Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

27. Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаларына мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер есептеу үшін олардың талап етуі бойынша ағымдағы шот ашылған кезде клиент банкке мыналарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) растайтын құжаттарымен қоса ағымдағы шоттың мақсаты бар өтініш.

27-1. Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар –алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушыларға олардың талап етуі бойынша алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотты ашу кезінде клиент банкке:

1) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушының жеке басын куәландыратын құжатты;

2) ағымдағы шоттың мақсаты қамтылған өтінішті;

3) алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісінің немесе Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісімнің көшірмесін ұсынады.

Ескерту. Қағида 27-1-тармақпен толықтырды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

28. Тұрғын үй төлемдерін есептеуге және Тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес мақсатқа төлемдерді жүзеге асыруға арналған ағымдағы шот ашу үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) ағымдағы шоттың мақсаты бар өтініш;

3) № 1727 қағидаларға 4-қосымшаға не № 49 қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы (банкке ұсыну үшін) анықтама және (немесе) № 1727 қағидаларға 6-қосымшаға не № 49 қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы (банкке ұсыну үшін) анықтама.

4) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

28-1. ҚҚС бақылау шотын ашу үшін клиент:

Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент банкке Қағидалардың 26-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынады;

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор банкке Қағидалардың 26-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынады.

Клиенттің осы банкте банктік шоты болған жағдайда және қосымша құн салығының сомасын аудару үшін осы банкте (филиалында және (немесе) өкілдігінде) ҚҚС бақылау шотын ашу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Ескерту. 2-параграф 28-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

28-2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке алу үшін дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға ағымдағы шот ашу кезінде клиент банкке Қағидалардың 26-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттарды, сондай-ақ ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартын және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын ұсынады.

Ескерту. Қағида 28-2-тармақпен толықтырды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

29. Өкіл-жеке тұлғаның (бұдан әрі – өкіл) белгілі бір үшінші тұлғаның (клиент-жеке тұлғаның) атына ағымдағы шотты ашуы үшін өкіл банкке мыналарды ұсынады:

1) клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;

2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;

3) Азаматтық кодекске сәйкес уәкілетті тұлғаға (ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдерге) сенімхатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ағымдағы шотты ашу және (немесе) ағымдағы шоттағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат.

Ағымдағы шотты ашу және (немесе) ағымдағы шоттағы ақшаға иелік ету құқығына нотариат куәландырған сенімхат ұсынылған жағдайда, клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға жол беріледі.

Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2020 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

29-1. Жеке немесе заңды тұлға эскроу-шот режимінде ағымдағы шотты ашу үшін жеке немесе заңды тұлғаға ағымдағы шот ашу үшін Қағидаларда көзделген құжаттарды, сондай-ақ ағымдағы шотты ашу құқығына сенім беруші ұсынған нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады.

Банк, эскроу-шот ашатын тұлға және атына эскроу-шот ашылатын тұлға арасындағы үш жақты шарт негізінде эскроу-шот режимінде ағымдағы шот ашуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сенімхатты ұсыну қажет етілмейді.

Ескерту. 2-параграф 29-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2020 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

29-2. Клиентке банктік шот қашықтан ашу тәсілімен ашылған кезде Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаға клиенттің жеке басын куәландыратын құжат ұсынбастан ағымдағы шотты ашуға жол беріледі.

Ескерту. 2-параграф 29-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-параграф. Банктік салым шарты бойынша жинақ шоттарын ашу

30. Банктiк салым шарты бойынша жинақ шотын ашқан кезде ақшаны (салымды) салымшының өз атына не белгiлi бiр үшiншi адамның атына салуға болады, олар бұдан былай банктiң клиенттерi болып табылады.

31. Банктiк салым шарты жасалғаннан кейiн банк салымшының талап етуiмен оған салынған салымды растайтын, банк клиентiнiң атына ресiмделген құжат (салым құжатын) бередi.

Салым құжаты банкте айқындалған талаптарда берiледi.

32. Жинақ шотын ашу үшін салымшы-клиент банкке мыналарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғалары және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-жеке тұлғалары:

жеке басын куәландыратын құжат;

2) дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар:

жеке басын куәландыратын құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

3) Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғалары және олардың филиалдары мен өкілдіктері, қызметін Қазақстан Республикасында филиал және өкілдік арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғалары:

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің (өзге ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғалары:

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

сауда тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осыған ұқсас сипаттағы, бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, белгіленген тәртіппен қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен расталған және қажет болған жағдайда заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

33. Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу үшін салымшы банкке мыналарды ұсынады:

салымшының жеке басын растайтын құжат;

жинақ шотын ашу және (немесе) жинақ шотындағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған адамдар-клиенттер

үшін – туу туралы куәлік;

2) заңды тұлға, оның филиалдары мен өкілдігі:

жинақ шотын ашу және (немесе) жинақ шотындағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2020 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

33-1. Жеке немесе заңды тұлға эскроу-шот режимінде жинақ шотын ашуы үшін жеке немесе заңды тұлғаға жинақ шотын ашу үшін Қағидаларда көзделген құжаттарды, сондай-ақ жинақ шотын ашу құқығына сенім беруші ұсынған нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады.

Банк, эскроу-шот ашатын тұлға және атына эскроу-шот ашылатын тұлға арасындағы үш жақты шарт негізінде эскроу-шот режимінде жинақ шотын ашуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сенімхатты ұсыну қажет етілмейді.

Ескерту. 3-параграф 33-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2020 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

34. Құрылтай құжаттарына сәйкес банктік шот ашуға уәкiлеттiгi бар заңды тұлға өкiлінің сенімхат ұсынуы талап етілмейді.

Азаматтық кодекске сәйкес банктік шот ашуға уәкiлеттiгi бар жеке тұлғаның (аты-анасының немесе өзге заңды өкiлдерiнiң) сенiмхат ұсынуы талап етілмейді.

35. Жинақтау жүйесі туралы заңға сәйкес білім беру жинақтау салымы туралы шарт негізінде жинақ шотын ашу кезінде клиент банкке мына құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) ағымдағы шоттың мақсаты бар өтініш.

35-1. Клиентке банктік шот қашықтан ашу тәсілімен ашылған кезде Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлғаға клиенттің жеке басын куәландыратын құжат ұсынбастан жинақ шотын ашуға жол беріледі.

Ескерту. 3-параграф 35-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-параграф. Жеке нотариус депозитке қабылдайтын ақшаны сақтау үшін банктік шот шарты бойынша жеке нотариусқа ағымдағы шоттар ашу

36. Азаматтық кодекстің 291-бабында көзделген жағдайларда борышкерден кредиторға (бұдан әрі – депонент) беру үшін жеке нотариус (бұдан әрі – нотариус) қабылдайтын ақшаны сақтау үшін банктік шот шарты негізінде банк нотариусқа ағымдағы шот (бұдан әрі – нотариустың депозиті) ашады.

37. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген банктік шот шартында осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мәліметтерді, сондай-ақ:

1) депонент-жеке тұлғаға қолма-қол ақша беру немесе нотариустың депозитінен депонент-жеке тұлғаның не заңды тұлғаның банктік шотына ақша аудару көзделетін нотариустың депозитінен ақша берудің талаптары мен тәртібі;

2) осы тараудың талаптарын сақтау шартымен банктің депонентке нотариустың депозитінен ақша беруі немесе аударуы, сондай-ақ депозитіне ақша енгізілген нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайларда аумақтық әділет органының және нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен айқындалған нотариус өкімін орындау көзделетін, нотариустың депозитіндегі ақшаға иелік ету тәртібі;

3) нотариустың депозитіне ақша енгізілген кезде нотариустың депозиті ашылған банкке борышкердің сыйақы төлеу тәртібі қамтылады.

38. Нотариустың депозитін ашу үшін нотариус банкке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

3) нотариат қызметімен айналысуға құқық беретін лицензияның көшірмесін не электрондық лицензияның «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры арқылы алынған көшірмесі;

4) тиісті нотариаттық округтің аумақтық нотариаттық палатасының нотариустың аумақтық нотариаттық палатаға мүшелігін растайтын анықтамасын ұсынады.

Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

39. Нотариустың депозитіне банкке ақша енгізуді борышкер қолма-қол ақшаны енгізу арқылы не қолма-қол ақшасыз тәртіппен, банкке нотариустың депозитке ақша енгізуге келісімі бар, нотариус қол қойған және нотариустың мөрімен куәландырылған банктің атына жазылған құжат (болған кезде) жүзеге асырады.

5-параграф. Уақытша жинақ шоттары

40. Жаңадан құрылатын заңды тұлға үшін, оның ішінде жаңадан құрылатын саяси партия үшін банк банктік салым шарты (шартты салым) негізінде уақытша жинақ шотын ашады).

41. Уақытша жинақ шоттары теңгемен ашылады.

42. Уақытша жинақ шоты бойынша жаңадан құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыруға не саяси партия құруды қаржыландыруға, оның ішінде құрылтай съезін (конференциясын) жүргізуді ұйымдастыруға және оларға банктiк салым шарты бойынша банк көрсететiн қызметке ақы төлеуге байланысты операциялар жасалады, бұл банк салымы шартында көрсетiлуi тиiс.

43. Уақытша жинақ шотын ашу үшiн клиент мыналарды ұсынады:

уақытша жинақ шотын ашу туралы өтiнiш;

құрылатын заңды тұлға құрылтайшыларының уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға уәкiлеттiк берiлген жеке тұлғаны тағайындау туралы хаттамасының көшiрмесi және клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжат;

Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес уақытша жинақ шотын жүргізуге байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

44. Мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн банк заңды тұлғаға осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен ағымдағы шот ашады.

45. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтпеген жағдайда банк уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға уәкілеттік берген жеке тұлғаның өтініші бойынша құрылтайшыларға не олардың бастамасы бойынша саяси партия құрылатын жеке тұлғаларға ақшаны қайтарады және уақытша жинақ шотын жабады.

3-тарау. Банктік шоттар жүргізу

1-параграф. Жалпы ережелер

46. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар банкке Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде жасалған, мөр бедерінің үлгісі қамтылған, қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар банкке Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде жасалған, қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап заңды тұлғалардың шығу елінің заңнамасына сәйкес мөрі жоқ, Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларына қолданылады.

Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

47. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi ұсынатын қол қою үлгiлерi бар құжаттарда бiрiншi қол қою құқығы басшыда және (немесе) ол уәкiлеттiк берген басқа адамдарда болады. Екiншi қол қою құқығы бас бухгалтерге және (немесе) басқа уәкiлеттi адамдарға берiледi.

Бұл өкiлеттiктер құрылтай құжаттары негiзiнде не тиiстi заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер басшыларының бұйрықтары не Азаматтық кодекстің 1-бөлімінің 5-тарауында көзделген құжаттар негiзiнде берiледi.

Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері үшін осы өкілеттіктер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9711 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және өкілеттіктері қағидаларының 2-тармағына сәйкес уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімі негізінде беріледі.

Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары үшін осы өкілеттіктер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9945 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 22 қазандағы № 190 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларының және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптардың 16-тармағына сәйкес Ұлттық Банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешімі негізінде беріледі.

Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

48. Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң штатында екiншi қол қою құқығын беруге болатын адам болмаса, банк құжатты тек бiрiншi қол қою үлгiсiмен қабылдайды, бұл туралы осы құжатқа тиiстi жазба жазылады.

49. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
50. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

51. Арнайы мақсаттарға («кадрлар бөлiмi», «пакет үшін» және басқа) арналған мөрлер бедерінің үлгiлерiн қабылдауға тыйым салынады.

52. Қол қою үлгілері бар құжаттың «Банктің белгісі» бағанында, Ұлттық Банкті қоспағанда, банктің уәкілетті тұлғасы бірінші не бірінші және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының деректерін және банк айқындаған өзге мәліметтерді көрсетеді.

Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

53. Қол қою үлгілері бар құжатқа енгізілген тұлғалар қолдарының түпнұсқалығын банктің уәкілетті тұлғасы осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қол қою үлгілері бар құжатта қол қою үлгілері бар тұлғалар жеке өзінің қатысуымен растайды.

Заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының және өкілдіктерінің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, шаруа (фермерлік) қожалықтарының банкке қол қою үлгілері бар, нотариат куәландырған құжатты ұсынуына жол беріледі.

Ұлттық Банкте банктік шоттарды ашқан кезде нотариат куәландырған, қол қою үлгілері бар құжат ұсынылады.

Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

54. Клиент қол қою құқығын басқа тұлғаға (тұлғаларға) уақытша берген жағдайда осы параграфта белгіленген тәртіппен тиісті қол қою үлгілері бар уақытша құжат ресімделеді.

55. Заңды тұлғаның атауы өзгерген, мөрi жоғалған немесе тозған жағдайда клиентке жаңа мөр дайындауға қажеттi мерзiм беруге жол беріледі. Мөрді дайындау кезеңінде банк және клиент төлем құжаттарын клиенттiң мөрiнсiз ресiмдеу тәртібін банктік қызмет көрсету шартына сәйкес белгiлейдi.

56. Клиент ұсынатын қол қою үлгiлерi бар құжаттардың қажеттi данасының санын банк айқындайды.

Оның бiр данасы банктiң операция жасайтын қызметкерiнде тұрақты түрде, екiншiсі – банк клиентiнiң iс қағаздарында болуы тиiс. Бұл норма клиенттің ісі банкте электрондық түрде қалыптастырылған және электрондық досье жүргізілетін жағдайларға қолданылмайды.

Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

57. Қол қою үлгiсiнiң не мөр бедері үлгісінің болмағанда бiреуi өзгерген жағдайда, банкке осы параграфта айқындалған тәртіппен ресімделген, қол қою үлгiлерi бар жаңа құжат ұсынылады.

Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

58. Әрбір уәкілетті тұлғаға жеке-жеке не бірнеше уәкілетті тұлғаға ресімделген құжаттардан тұратын қол қою үлгілері бар құжатты, клиенттің осындай құжаттарды қол қою үлгілері бар бір құжат ретінде қабылдау туралы жазбаша өтініші банкке ұсынылған жағдайда, ресімдеуге жол беріледі.

Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

59. Банктiк шоттар бойынша үзінді көшiрмелердi беруді банктер шартқа сәйкес жүргізеді. Банктің клиентке оның шоттары бойынша үзінді көшiрмелердi беру (жеткiзiп беру) қызметiн электрондық тәсiлмен немесе шартта көзделген болса, арнайы адам арқылы көрсетуіне рұқсат беріледі.

60. Клиенттерге басқа банк берген клиенттердің банктік шоттарын банк жүргізген кезде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 60-1, 61-2, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген жағдайларда банк көрсетілген банктік шоттарға жаңа жеке сәйкестендіру кодтарын белгілейді және Салық кодексінің 24-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасыеда айқындалған тәртіппен салық органдарына хабарлайды.

Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

61. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе банктік шотта тұрған ақшаға тыйым салу Азаматтық кодекстің 740-бабына, «Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылау туралы» 2020 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабына, 2020 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 161-бабына, 2020 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 156-бабына, Банктер және банк қызметі туралы заңның 51-бабына, КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабына, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2020 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабына, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабының 11-тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың клиенттің банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату тұру туралы шешім және (немесе) өкімдер немесе клиенттің банктік шотында тұрған ақшаға тыйым салу туралы акті негізінде жүзеге асырылады.

Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

62. Банкке клиенттің банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқта тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның шешімі және (немесе) өкімі келіп түскен кезде банк банктің және оның клиентінің деректемелері клиенттің банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқта тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның шешімінде және (немесе) өкімінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады, осыдан кейін клиенттің банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

63. Банк уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқта тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға төмендегі негіздердің біреуі бойынша кері қайтарады|:

1) банктің және оның клиентінің деректемелері Банктер және банк қызметі туралы заңның 60-1, 61-2, 61-11, және 61-12-баптарында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұрын қабылданған шешімдерде және (немесе) өкімдерінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайларды қоспағанда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) сәйкес банктің және оның клиентінің деректемелері уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімінде және (немесе) өкімінде көрсетілген деректемелерге сәйкес келмеген жағдайда;

2) егер мемлекеттік кіріс органының клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16533 тіркелген «Өкімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығына сәйкес келмейтін нысанда ресімделсе және ұсынылса;

3) клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұра туралы уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның шешімі және (немесе) өкімі «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шартқа сәйкес банктік шотқа, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, нотариустың депозиті талаптарымен енгізілген ақшаны, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жиналған тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтау зейнетақы қорларының ақшаларын есептеуге арналған клиенттің банктік шотына ұсынылған жағдайда орындамай тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға қайтарады.

Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Нотариустың депозитін жүргізу

64. Нотариустың депозитінен ақша беру Қағидаларда және (немесе) банктік шот шартында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады:

1) жеке тұлғаға – қолма-қол ақшамен не депоненттің банктік шотына ақша аудару арқылы;

2) заңды тұлғаға – ақшаны депозита нотариустың депозитінен депоненттің банктік шотына аудару арқылы.

65. Банк нотариустың депозитінен депонентке қолма-қол ақша беруді нотариустың өтініші негізінде жүзеге асырады, өтініште депонент-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), депонетке төлеуге жататын ақша сомасы, нотариустың депозитінің жеке сәйкестендіру коды жазылады.

66. Нотариустың депозитінен ақша аударуды банк депонентке нотариустың депонент-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе депонент-заңды тұлғаның атауы бар өтініші және банкке Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларда айқындалған тәртіппен ұсынылған оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады.

67. Нотариустың депозитінен ақша беру не аудару үшін депонент банкке нотариустың өтініш және мынадай құжаттар ұсынады:

1) борышкердің нотариус депозитіне ақша енгізуін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) нотариус депозитінен қолма-қол ақша берген кезде – осы депозитті ашқан нотариус нотариалды куәландыратын қолдың түпнұсқалылығы, депонент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін нотариустың депозитінен ақша алуға депоненттің құқығын растайтын құжаттың атауын және депонент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты көрсете отырып ақша беру туралы депоненттің өтініші;

3) нотариустың депозитінен ақша аударған кезде –депонент-жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не депонент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжат.

68. Нотариустың атына депозиттің талаптарымен енгізген тұлғаға ақшаны қайтаруды банк соттың заңды күшіне енген шешімі не борышкер-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні немесе борышкер-заңды тұлғаның атауы жазылған өтініш мыналар қоса беріледі:

1) нотариустің депозитіне борышкердің жарна салғаны туралы түбіртектің көшірмесі;

2) пайдасына ақша (депонент) енгізілген тұлғаның келісім туралы, олардың депозитке (борышкерге) енгізген тұлғаға ақшаны қайтаруға өтініш, нотариус нотариалды куәландыратын қолдың түпнұсқалылығы;

3) борышкерге ақша қайтару туралы оның өтініші, нотариус нотариалды куәландыратын қолдың түпнұсқалылығы.

69. Нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайларда, нотариустың депозитіне орналастырылған ақша аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімі негізінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімінде айқындалған басқа нотариустың депозитіне аударылады, нотариустың депозитін банк жабады.

70. Кредиторлар алдында борышкердің берешегін белгілейтін құжаттар, сондай-ақ борышкердің нотариустың депозитіне ақша енгізуін растайтын құжаттар аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімінде айқындалған нотариусқа беріледі.

71. Аумақтық әділет органының және нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен белгіленген нотариус ақшаны аудару үшін банкке төлем тапсырмасын ұсынады және аумақтық әділет органының және нотариаттық палатаның бірлескен шешімін қоса беріп отыр.

4-тарау. Банктік шоттарды жабу

72. Банктік шотты жабуды:

1) клиенттің өтініші негізінде, егер банктік қызмет көрсету шартында және (немесе) Банктер және банк қызметі туралы заңда, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі, «Оңалту және банкроттық туралы» 2020 жылғы 7 наурыздағы, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2020 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кез келген уақытта жүргізіледі;

2) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 29-бабында көзделген тәртіппен банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартқан не күші тоқтатылған жағдайда банк өздігінше жүзеге асырылады.

Ескерту. 72-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

73. Банктік шот жабылған кезде клиенттің банктік шотында қалған ақша клиентке беріледі не оның нұсқауы бойынша банктік қызмет көрсету шартына сәйкес басқа банктік шотқа аударылады.

74. Клиенттің банктік шотын жабу кезінде банк жеке сәйкестендіру кодын жояды.

Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабының 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот шарты жасалмаған кезде банк банктің ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде жеке сәйкестендіру кодын жояды.

Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2020 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

75. Клиенттің іс қағазында банктік шотты жабуға негіздеме көрсетіледі.

76. Банктік шотты мына болған жағдайда жабуға жол берілмейді:

1) бантік шоттың:

заңды-тұлға клиенттің таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына;

жеке және заңды тұлғаның шоттарында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;

клиенттің банктік шоты ашылған банктің таратылуына;

жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда, клиенттің банктік шоты ашылған банктің қайта ұйымдастырылуына;

Банктер және банк қызметі туралы заңда көзделген тәртіппен банктің ислам банкіне конвертация нысанында ерікті қайта ұйымдастырылуына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың банктік шотына қойылған орындалмаған талаптары, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері, сондай-ақ мыналарға байланысты банктік шот жабылған жағдайды қоспағанда клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға құқығы бар актілер;

2) банктік шоттың:

заңды-тұлға клиенттің таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына;

КЖТҚҚ туралы заңға және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес банктік шот жабылған жағдайда қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес клиент банкке ұсынған экспортты (импортты) көздейтін валюта шарты бойынша орындалмаған талаптар.

77. Клиенттің банктік шотын жабу кезінде банк Салық кодексінің 24-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасында айқындалған тәртіппен, жағдайларда және мерзімде мемлекеттік кірістер органдарына хабарлайды.

ҚҚС-тың бақылау шотын жабу кезінде банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 25-бабының 10-1-тармағында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарына ақпарат ұсынады.

Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т . қараңыз) қаулысымен.

78. Банк уақытша жинақ шотты осы тарауында белгіленген тәртiппен жабады.

79. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің банктік шотын жабу бюджеттің орындалуы жөніндегі орталық уәкілетті орган осы мемлекеттік мекемеге банктік шотын ашу үшін берілген рұқсатты қайтарып алған не осындай рұқсатты қолдану мерзімі аяқталған жағдайда жүргізіледі.

Клиенттердің банктік шоттарын
ашу, жүргізу және жабу
қағидаларына 1-қосымша

Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы

1. Банк клиентінің банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымының ұзындығы белгіленген жиырма дәрежеден тұратын болады

1) бірінші және екінші дәрежелер – Қазақстан Республикасының коды. Халықаралық код – KZ пайдаланылады;

2) үшінші және төртінші дәрежелер – банк клиентінің банктік шот номерінің шынайы болуын және оны банктің төлем және өзге де құжаттарында дұрыс көрсетілуін бақылауға, қамтамасыз етуге арналған бақылау дәрежесі;

3) бесінші, алтыншы және жетінші дәрежелер – банктің коды. Банктің кодын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындайды;

4) сегізден жиырмаға дейінгі дәрежелер – банк клиентінің банктік шотының банкішілік нөмірі, ол бір банктің ақпараттық (операциялық және өзге) жүйесінде айрықша болып табылады және клиенттің бір мәндегі сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Банктің клиентінің банктік шотының банкішілік нөмірі банктің қалауы бойынша пайдаланылады. Еркін белгілер нөлмен белгіленеді және нөмірдің алдында пайдаланылмаған сол дәрежелерге орналастырылады. Банктік шоттарға нөмір берілгенде цифрлық немесе латын әліпбиінің «І», «Q», «O» әріптерін қоспағанда, әріптік-цифрлық символдары қолданылады. Банк клиентінің банктік шотының банкішілік нөмірінде әріптік символдар болған кезде, бақылау дәрежесін есептеу осы қосымшада көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін пайдалана отырып жүргізіледі.

2. Банк клиентінің банктік шотының нөмірін көзбен көріп қабылдауды жеңілдету мақсатында төрт мәнді символдан тұратын аралары бөлінген банк клиентінің банктік шотының нөмірі қағазға жазылған төлемдік және өзге де құжаттарда мынадай түрде көрсетуге болады:

KZСС БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ.

3. Электронды түрде ресімделген төлемдік және өзге құжаттарда банк клиентінің банктік шотының нөмірі белгілердің үздіксіз ретімен көрсетіледі.

Әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесі

Клиенттердің банктік шоттарын ашу,
жүргізу және жабу қағидаларына
2-қосымша

Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі

1. Бақылау дәрежесін есептеу кезінде халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ISO-7064) пайдаланылады, ол санның 97-ге бөлінуін болжамдайды, бөлуден алынған қалдық 98-ден шегеріледі. Егер нәтиже бір мәнді сан болып табылатын болса, алдына бір нөл қосылады.

Банк клиентінің банктік шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234564567891 болып есептелсін.

Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесінің негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234564567891 2035 00.

Екінші қадам: жоғарыда көрсетілген сан 97-ге бөлінеді және бөлуден 43 қалдық шығады.

Үшінші қадам: 98-43=55.

Бақылау дәрежесі 55-ке тең.

Клиенттің банктік шот нөмірі KZ 55 123 1234564567891.

Клиенттің банктік шотының бақылау дәрежесі KZ СС 123 1234565678902 болып есептелсін.

Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдік код белгісі Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 1-қосымшаға көзделген әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау негізінде айырбасталады, екінші екі символ нөлмен белгіленеді. Нәтижесі: 123 1234565678902 2035 00.

Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді және тең бөлуден 90 қалдық шығады.

Үшінші қадам: 98-90=8.

Бақылау дәрежесі 8-ге тең, оның алдында «0» қосылады.

Клиенттің банктік шотының нөмірі KZ 08 123 1234565678902.

2. Бақылау разрядының дұрыстығын тексеру кезінде санды 97-ге бөлуден болатын қалдықты табуды болжайтын халықаралық стандарт (Modulus 97-10, ISO-7064) пайдаланылады.

Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесін қолдана отырып, банктік шоттың нөмірін 97 санына бөлуден болатын қалдық табылады. Банктік шоттың нөмірі дұрыс көрсетілген кезде қалдық 1 (бірге) тең болуы тиіс.

Клиенттің банктік шотындағы бақылау разрядын бақылап тексеру

KZ 55 1231 2345 6456 7891

Бірінші қадам: бірінші төрт символ банк клиентінің банктік шот нөмірінің аяғына ауыстырылады, елдің код белгісі Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды цифрлық символдарға айырбастау кестесінің негізінде айырбасталады:

1231 2345 6456 7891 2035 55.

Екінші қадам: жоғарыда алынған сан 97-ге бөлінеді. Нәтижесі –1231234564567891203555/97=12693139840906094882,010309278351.

Алынған саннан тұтас бөлік дөңгелектелмей бөлініп көрсетіледі 12693139840906094882.

Үшінші қадам: екінші қадамнан алынған сан 97-ге көбейтіледі, яғни біздің мысалымызда 12693139840906094882 * 97 = 1231234564567 891203554 аламыз.

Төртінші қадам: бірінші қадамнан алынған саннан үшінші қадамнан алынған сан шегерілді. Егер нәтиже 1 (бірге) тең болса, бақылау разряды дұрыс есептелген. Осы мысалда 1231234564567891203555-231234564567891203554=1 болады. Бақылау разряды 55 дұрыс.

Клиенттердің банктік шоттарын
ашу, жүргізу және жабу
қағидаларына 3-қосымша
Нысан

Қол қою үлгілері бар құжат
Документ с образцами подписей

Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктің клиенті
Клиент банка

_____________________________
Атауы
_____________________________
наименование

Банктің белгілеулері
Отметки банка

Банк клиентінің орналасқан жері Местонахождение
клиента банка

Банк (банктің филиалы, бөлімшесі)
Банк (филиал, подразделение банка)

_____________________________
Атауы
_____________________________
наименование

Банктің орналасқан жері (банктің филиалы, бөлімшесі)
Местонахождение банка (филиал, подразделение банка)

Банктік шоттың түрі
Вид банковского счета

Клиенттің сәйкестендіру коды Идентификационный код клиента

Осы құжатта көрсетілген қол қою және мөр бедері үлгілеріне сәйкес қол қою және мөр бедері клиенттің келісімін талап ететін банктік шот бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде міндетті
Подписи и оттиск печати в соответствии с их образцами, указанными в настоящем документе, обязательны при осуществлении всех операций по банковскому счету, требующих согласия клиента

Аты-жөні (ол бар болса)
Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Қол қою үлгісі
Образец подписи

Мөр бедері үлгісі
Образец оттиска печати

Бірінші қол
Первая подпись

Екінші қол
Вторая подпись

Үлгілердің түпнұсқалығын растайтын тұлғаның аты-жөні (ол бар болса)
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, подтверждающего подлинность образцов

Үлгілерді растау күні
Дата удостоверения образцов

Үлгілердің, мөрдің түпнұсқалылығын растайтын тұлғаның қолы
Подпись лица, подтверждающего подлинность образцов, печать

Клиенттердің банктік шоттарын
ашу, жүргізу және жабу
қағидаларына 4-қосымша
Нысан

Қол қою үлгілері бар құжат
Документ с образцами подписей

Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Банктің клиенті
Клиент банка

________________________
Атауы
________________________
Наименование

Банктің белгілеулері
Отметки банка

Банк клиентінің орналасқан жері
Местонахождение клиента банка

Банк (банктің филиалы, бөлімшесі)
Банк (филиал, подразделение банка)

_________________________
Атауы
_________________________
Наименование

Банктің орналасқан жері (банктің филиалы, бөлімшесі)
Местонахождение банка (филиал, подразделение банка)

Банктік шоттың түрі
Вид банковского счета

Клиенттің сәйкестендіру коды Идентификационный код клиента

Клиенттің келісімін талап ететін банктік шот бойынша барлық операцияларды жүзеге асырған кезде осы құжатта көрсетілген қол қою үлгілеріне сәйкес қол қою міндетті
Подписи в соответствии с их образцами, указанными в настоящем документе, обязательны при осуществлении всех операций по банковскому счету, требующих согласия клиента

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Қол қою үлгісі
Образец подписи

Бірінші қол
Первая подпись

Екінші қол
Вторая подпись

Үлгілердің түпнұсқалығын растайтын тұлғаның Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, подтверждающего подлинность образцов

Үлгілерді растау күні
Дата удостоверения образцов

Үлгілердің, түпнұсқалылығын растайтын тұлғаның қолы
Подпись лица, подтверждающего подлинность образцов

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 31 тамыздағы
№ 207 қаулысына
қосымша

Күші жойылған деп саналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы

№ 266 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы № 40-41 жарияланған).

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы № 382 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы № 40-41 жарияланған).

3. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есеп шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы № 90 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінің № 137-138 (23348) жарияланған).

4. «Банктiк депозиттiк сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 140 қаулысының 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2343 тіркелген).

5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда «Заң газеті» газетінің № 42-43 (849) жарияланған).

6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 2 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4534 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда «Заң газеті» газетінің № 25 (1054) жарияланған).

7. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 76 Қаулысына қосымша болып табылатын өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4880 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте «Заң газеті» газетінің № 135 (1164) жарияланған).

8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 қазандағы № 123 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5128 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 25 (1251) жарияланған).

9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 23 маусымдағы № 49 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5272 тіркелген, 2008 жылғы 26 тамызда «Заң газеті» газетінің № 129 (1355) жарияланған).

10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2009 жылғы 9 шілдедегі № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5754 тіркелген, 2009 жылғы 4 қыркүйекте «Заң газеті» газетінінің № 134 (1557) жарияланған).

11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы № 85 Қаулысының қосымшасы болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулылары тізбесінің 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5806 тіркелген, 2009 жылғы 30 қазанда «Заң газеті» газетінің № 165 (1589) жарияланған).

12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 91 Қаулысына қосымша болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5852 тіркелген, 2009 жылғы 4 желтоқсанда «Заң газеті» газетінің № 186 (1609) жарияланған).

13. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2020 жылғы 20 тамыздағы № 76 Қаулысына қосымша болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, 2020 жылғы 21 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінің № 435 (26278) жарияланған).

14. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру және банк шоттарын ашу және жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 25 наурыздағы № 24 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6946 тіркелген, 2020 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінің № 224-225 (26623) жарияланған).

15. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 65 Қаулысына 1-қосымша болып табылатын өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7122 тіркелген, 2020 жылғы 15 қыркүйекте «Заң газеті» газетінің № 133 (1949) жарияланған).

16. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 132 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7333 тіркелген, 2020 жылғы 14 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінің № 152-156 (27229) жарияланған).

17. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 108 Қаулысына 1-қосымша болып табылатын нормативтік сәйкестендіру нөмірлері мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7625 тіркелген, 2020 жылғы 23 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінің № 540-545 (27618) жарияланған).

18. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 266 Қаулысына 1-қосымша болып табылатын банктік шоттар ашу, жүргізу және жабу, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2 және 4-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7992 тіркелген, 2020 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінің № 802-806 (27877) жарияланған).

19. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 26 сәуірдегі № 110 Қаулысымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2020 жылғы 6 тамызда «Заң газеті» газетінің № 115 (2316) жарияланған).

20. «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2020 жылғы 26 сәуірдегі № 117 Қаулысына қосымша болып табылатын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8513 тіркелген, 2020 жылғы 23 шілдеде «Заң газеті» газетінің № 107 (2308) жарияланған).

21. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 62 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9600 тіркелген, 2020 жылғы 12 тамызда «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

22. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 16 шілдедегі № 150 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша, өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9715 тіркелген, 2020 жылғы 3 қазанда «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

23. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 27 тамыздағы

№ 168 Қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 9796 тіркелген, 2020 жылғы 12 қарашада «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

24. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 22 қазандағы № 200 Қаулысына 1-қосымша болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9943 тіркелген, 2020 жылғы 30 желтоқсанда «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

25. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 28 Қаулысына қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10715 тіркелген, 2020 жылғы 6 мамырда «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

26. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 8 мамырдағы № 72 Қаулысына қосымша болып табылатын төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11163 тіркелген, 2020 жылғы 2 маусымда «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

27. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 32 Қаулысына қосымша болып табылатын төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13304 тіркелген, 2020 жылғы 14 наурызда «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 шілдедегі № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қазанда № 15846 болып тіркелді.

  • Мәтін
  • Ресми жарияланым
  • Ақпарат
  • Өзгерістер тарихы
  • Сілтемелер

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2020 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

Ақпарат және коммуникациялар министрі

________________ Д. Абаев

2020 жылғы 28 тамыз

Инвестициялар және даму министрі

________________ Ж. Қасымбек

2020 жылғы 4 қыркүйек

Ұлттық экономика министрі

________________ Т. Сүлейменов

2020 жылғы 6 қыркүйек

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 4 шілдедегі
№ 285 бұйрығына
1-қосымша

«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.01.2020 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.09.2020 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын бере отырып, жазбаша келісу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жер учаскесінің орналасқан орны бойынша көрсетіледі;

2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Занның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан орны бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге бір данада мыналарды ұсынады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуге арналған өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет етіледі);

3) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация жұмыскері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – өтініштің қабылданған күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу мерзімі мен орны көрсетілген талон беріледі;

Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға (не оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) беру жеке куәлігін көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің Мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2020 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған болуы.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің
және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және
(немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не орталық мемлекеттік орган басшысының атына жұмыс күндері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почтамен, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе орталық мемлекеттік органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, орталық мемлекеттік органның кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) растайды. Шағымға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

Қолма-қол, сол сияқты почтамен келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) растайды.

1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде, шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, орталық мемлекеттік органның немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен, портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, орталық мемлекеттік органның немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы
көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар

13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары» – «Жергілікті атқарушы органдар» кіші бөлімінде;

3) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2020 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Бүлінген жерлерді қалпына
келтіру жобасын келісу және
беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан
Кімге:______________________
басшысына
мемлекеттік органның атауы
Кімнен:
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған
____________________________
жағдайда) не заңды тұлғаның
толық атауы
____________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес сәйкестендіру
нөмірі
_______________________
____________________________
____________________________
жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің жеке
____________________________
басын куәландыратын құжаттың
деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
тұрғылықты
____________________________
мекенжайы (заңды тұлғалар
үшін) не тіркелген
____________________________
мекенжайы (жеке тұлғалар
үшін)

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуге өтініш

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуші – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның толық атауы

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы-ның атауы

Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты және алаңы, гектар

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы даналарының саны

Жергілікті атқарушы органның шешімі, нөмірі және күні

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: