Аңғаратын опциялар – бұл істеп тұр ма

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Мектептің құлауын күтіп отыр ма?

Төбесінен құм саулап, қабырғалары қисайып тұр. Шіріген еденнің иісі баттастыра жағылып жатқан бояуға да бой берер емес. Есіктер жабылмайды. Тіреу қойылған төбе опырылып құлауға шақ қалған. Ежелгі балықшы ауылы Жолнұсқау мектебінің бүгінгі ахуалы осындай. Әлдеқашан апаттық жағдайдағы білім ордасы деп анықталып, шешімі шығарылған бұл мектепке он күннен соң 51 бала білім алуға барғалы отыр. Бала отырғызбақ түгілі, мал қамауға қауіпті бұл жерде оқушыларқалай, қайтіп оқымақ?
Ауылдың беткеұстар деген жалғыз ғимаратының мүшкіл күйін көріп өзіміз жыларман болдық. Жолнұсқауға 50 бала оқитындай шағын бір мектеп салуға қаражат таппай, құлық танытпай отырғандардың қылығына қайран қалдық. Бұл ауылдың балаларына заманауи технология, заманға сай кең сарай ғимарат емес, қарапайым ғана қауіпсіз мектеп керек. Мектептің апаттық жағдайын көріп тұрып, асыр салып жүгіріп, спортпен айналыспақ түгілі, жәй жүріп өтудің өзі қиын, тар дәліз бен тар бөлмелер туралы, спорт залдың жоқтығы туралы әңгіме айтудың өзі артық бұл жерде.

Спорт залдың жоқтығынан оқушылар денешынықтыру сабақтарын доп ойнап, жүгіріп, секіріп емес, партада отырып өткізеді екен. Екі күннің бірінде жел соғып тұратын жағалаудағы ауылда балалардың сыртта спортпен айналысуына үнемі мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан олар құлағалы тұрған мектептің бөлмесінде үндемей отыруға мәжбүр.
Ауыл қариясы Дәлелхан Сәкенов Жолнұсқау негізгі орта мектебі оқушыларының апаттық жағдайдағы мектепте оқып жатқаны бір емес, бірнеше жылдан бері облыстағы, аудандағы басшы-қосшылардың қаперіне кіріп-шықпай отырғанын қынжыла айтты.
Мектепке жылдағыдай биыл да ағымдық жөндеу жүргізіліп, сырты әктеліп, іші боялып, сырланып, жамап-жасқалып жатыр. Жаңбырда жалп-жалп түсетін төбе сылағы, күн сайын қақ айрылып жатқан қабырғалар жыл сайын жөндеуге бірнеше жүз мыңдап бөлінетін ол қаражаттың бәрін де желге ұшырып жатыр. Биыл да мектепті ағымдық жөндеуге 300 мың теңге бөлініпті.Сынып бөлмелерінің есіктері жабылмай ашық тұр, жерге шөгіп кеткен қабырғалар есікті де қисайтып, қақыратып еденмен бірге майыстырып жіберіпті.
Жолнұсқау мектебін1970 жылы ауыл балықшылары өз қолдарымен салған екен. Іргетасын ілдемелеп тас қалап тұрғызыпты. Саманнан салынған мектеп 1971 жылдан бері пайдаланылып келеді.
-Өзіміз сыртынан әшекейлеп іргетастың нобайын жасап қойғанымыз болмаса, мектептің іргетасы мүлде жоқ. Жылдан-жылға отырып келеді. Осыдан 20-25 жыл бұрын тозып, жөндеуге жарамсыз болып қалған мектепті 2020 жылы Өскеменнен комиссия келіп тексеріп, апатты жағдайда деген шешім шығарды. Жолнұсқауға мектеп салуға жобалық-сметалық құжат бір емес, екі рет жасалынғанымен, экономикалық жағынан негізсіз делініп, мектеп салуға қарастырылған қаражат көлемі көп делініп, ауданда жасалған жоба облыстан өтпей қалып, мектеп сол күйі салынбай қалды. Мектепте төрт сынып бөлмесі бар, оқушылар екі ауысымда оқып жатыр. Биылғы жаңа оқу жылын да шарасыздан осы құлағалы тұрған мектептен бастағалы отырмыз, -дейді мектептің жағдайы балалардың денсаулығына зиянын тигізіп, өміріне қауіп төндіріп отырғанын айтқан Жолнұқсау негізгі орта мектебінің директоры Болат Игибаев.
Өткен жылы апаттық жағдайдағы мектепті жауып, Жолнұсқау тұрғындарының балалары жақын жердегі ауылға апарып оқытылсын деген де сөз шыққан екен. Жақын жердегі ауыл Ақсуатқа дейін 20 шақырым. Сол Ақсуатқа апаратын күре жолға дейін жол жоқ. Күре жолға жеткізетін 19шақырым жолмен жазда ғана жүруге болады. Күзде, көктемде сары балшығы шыққан жолмен көлікті қойып, атпен жүру мүмкін болмай қалады. Қыста ауыл жұрты тәуекелге барып, округ орталығы — Ақсуатқа мұздың үстімен қатынайтын көрінеді. Аудан басшылары Жолнұсқаудан күре жолға дейінгі аралыққа қиыршық тас төгіп, тегістеп, қалпына келтіреміз деп уәде еткеніне де талай жылдың жүзі болған. 60 отбасы мекен етіп отырған балықшылар ауылының мәдениет үйі де «мәдениет үйі» деп айтуға келмейтін күйде тұр.
Жолнұсқауға 50 бала оқитындай шағын мектеп салуға қаражат табылмай отыр дегенге кім сенеді? Мектеп басшысы айтқандай мектеп құрылысы жобасының шығыны көп болса ол жобаны қайтадан жасап, жүзеге асыруға осы уақытқа дейін не кедергі болып отыр? Мәселе салғырттықтың салдарында болып тұрғаны көрініп тұр.Бұл- құрылыс, бюджет, білім саласындағылардың шалағай шаруаларының жемісі.
Мектеп салуға бюджеттік тапсырыс берілгенімен, жобасы жасалынғанымен, облыстан мақұлданған жоқ деген Күршім аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серік Жақсыбаев апаттық жағдайдағы Жолнұсқау негізгі орта мектебінің бақылауда ұсталынып тұрғанын жеткізді. Қалай бақылап отыр?
Сауалға жауап қайтарудан жалтаратын, өз міндеттерін ұғынып, орындай алмайтын, жауапкершіліктен қашатын шенеуніктер алда-жалда төбе опырылып түсіп, қабырға құлап, біреу мерт болғанда барып қимылдайтын шығар.

Аңғаратын опциялар – бұл істеп тұр ма?

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысына Ақтөбеде қалыптасқан экологиялық ахуалдың шешімін табу жөнінде тапсырма берді.

Бұл туралы Президент twitter-дегі парақшасында «Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидро­ло­гиялық жұмыстардың дұрыс ойлас­тырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған минист­рлік­тің басшысына алғашқы тапсыр­ма», деп жазған-ды. Бұдан бұрын Ақ­төбедегі жағымсыз иіс туралы ел Пре­зи­­дентінің аталған өңірге іс­сапары ке­зін­де де айтылған. Мем­лекет басшысы жағымсыз иіс, Елек, Жайық өзендерінің ластануы, кәріз суын тазалау нысандарын салу жұ­мысын Үкімет пен әкімдікке тап­сырған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында министр Мағзұм Мырзағалиев бастаған жұмыс тобы Ақтөбе су қоймасы мен Қарғалы, Елек өзендерінің жағдайымен таныс­ты. Сондай-ақ жергілікті жобалаушылармен, мамандармен жүзбе-жүз кездесіп, зейнеттегі эко­лог­тардың пікірін тыңдады. Ми­нистр­дің жұмыс сапарынан соң Ақтөбедегі өзен арнасын кеңей­ту жұмыстары тоқтатыл­ды. М.Мыр­зағалиев өз сөзінде құрамы­на қала бел­­сенділері мен сарапшылары, әкім­дік өкілдері енетін жұ­мыс тобы жағ­дайды жіті зерде­лей­тінін, әзірге мә­селенің шешімі табыл­ғанша кеңейту жұмыстары тоқтатылатынын жеткізді. Министр облыс әкімімен сөйлесіп, бұл жерде шамамен 65 мың тұрғын тұратынын, сондықтан кез келген қауіптің алдын алу маңызды екенін, ал арнаны кеңейту жұмыстары қандай бағытта жалғасатыны қарастырылып жат­қанын атап өтті.

Әлбетте, Ақтөбедегі экология­лық ахуалға тоқталғанда, Алға қала­сын­дағы химия зауытының қалдығы, кәріз суы қондырғысынан шыққан жағым­сыз иіс, өзен су­лары­ның тартылуы және Көкжиде су қоры мәселелері алдымыздан шы­ғады. Әрине, химиялық зауы­т­тың қалдығын залалсыздандыру жұмысы бірнеше жыл бойы көте­ріліп келеді. Мүлікті түгендеу ке­зін­де 17 нысанның иесі бар екені анықталды. Олардың кейбірі мүлікті жалға алып отыр. Жекенің қолында барлығы 7 жер телімі тіркелген. Ескі өндірістік қалдық жинақтағышында 15 миллион тонна, жаңасында 11 миллион тонна қалдық бар. Ал Алға химиялық зауытында 730 мың тоннадан астам өндірістік, химиялық қал­дық қордаланған. Зауыт орнын за­лал­сыздандыруға 7 миллиард тең­ге қажет. Осы туралы әзірленген жоба­лық-сметалық құжат Энергетика ми­нистр­лігінде қаралды. Химиялық зауыт­тың орнына Алға индустриялық ай­ма­ғы салынады деп те жоспарланды. Алайда арада жылдар өткенімен, химия­лық зауыттың мәселесі сол күйі қалып отыр.

Былтыр ақтөбелік еріктілердің ша­ғымы күшейіп, арнайы топ жер­гілікті әкімдікпен жұмыс істеді. Бұл ретте экологтар ауа ластануының себеп­терін нақты атап отыр. «Біріншіден, кәріз суы. Тіпті ыдыс жууға арналған сұ­йық­тықтар да аса зиянды, иіс шығару­ды күшейтеді. Екіншіден, спирт зауы­тынан қалған қалдықтар. Өткен жылдан бері «Экополис» компани­ясымен жұмыс атқарылуда. Нәтижесінде 30 па­­йызы залалсыздандырылды», дейді об­лыстық экология департаменті бас­шы­сының орынбасары Ерболат Қожықов.

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:

Оның айтуынша, Ақтөбе қаласы тұрғындарының қолқасын қапқан иісті толық жою үшін кәріз құбырын тазалау құрылғысын қайта жөндеуге 16 миллиард теңге қажет. «Күнделікті мониторинг жүргізіледі. Таяуда рұқсат етілген шекті концентрация 12-ге жетті. Мұндай иіс таңда немесе түнде болады. Кейде нормадан аспайды. Негізі 12-ге жетсе, адамдарға зия­ны бар, тыныс алу нашарлайды», деді Е.Қожықов. Үшіншіден, аталған экологиялық мәселелер қатарына өзен арнасын кеңейту кезінде судың тартылуы қосылды. Бау-бақша сусыз қалып, еріктілер өз күштерімен демалыс күндері бұлақ көздерін ашумен шұғылдана бастады.

«2020 жылдары су қойма­сына аз су жиналды. Ал су тасқыны болған 2020 жылы қоймада 168 миллион текше метр су болып, тағы 68 миллион текше метр жиналды. Су қоймасы толып қалған соң 266 миллион текше метр су жіберілді. Мұнда барлығы бес шлюз бар. Оның біреуін ашып, күніне 200-600 текше метрін жіберіп отырдық. Ақтөбе қаласына келетін судың 69 пайызы бақылауда, яғни, су қоймаларымен басқарылады. Қалған жеті кішкентай өзен көктем кезінде қадағалаусыз қалып, тасқынға себеп болып тұр», дейді «Қарсушар» РМК облыстық филиалының директоры Әділжан Ализақ.

Ал зейнеткер геолог Петр Котик өзендердің арнасын тазарту жобасын көре алмай отырғанын, бұлақ көздерінің жабылуы жергілікті тұрғындардың сусыз қалуына апаратынын айтады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Қарғалы, Жаман Қарғалы, Сазды, Бұтақ, Елек, Тамды, Песчанка өзендерінің арнасын төрт компания кеңейтіп жатыр. Бәрінің де бұл салада тәжірибесі бар. Республикалық бюджеттен 6,7 миллиард теңге бөлінген. Қазір тазарту әрі қарай жалғаса ма деген мәселе бар. Егер жалғасса, талдарды кесу де жалғасады. Ағаш кесу және бұлақ көздерін жапты деген ой наразылық тудырып жатыр.

Осы орайда өзен жағасында тұратын тұрғындар өзеннің тасымайтынына қуанса, табиғат жанашырлары жағалаудағы талдарды сақтап қалуды қолдайды. Қазіргі кезде техникалық негіздеме бойынша өзеннің ені 15 метрден 50 метрге дейін кеңейтілуде.

Кеңейту жобасының авторы Еркін Тәжіғалиевтің айтуынша, өзен арнасын тазарту технологиясы дұрыс. Алайда оған тұрғындар күмәнмен қарап отыр. «Кеше құрғақ болды, бүгін су жіберіп, өзен ағып жатыр. Біз жобаға қарсы емеспіз, бірақ технологиясын дұрыс сақтамай отыр. Саз бар, жағаны бекіткен құмы талапқа сай келмейді», дейді Ольга Евтушенко. Министрмен кездесуде эколог Александр Мандрыкин Көкжиде су кен орнын сақтап қалуды да сұрады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлығын бақылап отыр. Сон­дықтан арнайы комиссия құрылып, Ақтөбеге келді. Мұнда жоспарланған және жоспарланбаған, табиғат жанашырлары айтқан нысандар қаралды», деді министр М.Мырзағалиев. Ал­дағы екі аптада жұмыс тобы мүше­лері Ақтөбе экологиясын және 8 өзеннің жағасын бекіту мен кеңейту жұмыстарын қарамақ.

Аңғаратын опциялар – бұл істеп тұр ма?

«Рамазан айы – адамдар үшін тура жол көрсететін, жақсылық-жамандықты айыратын дәлел түрінде Құран түсірілген ай». (Бақара, 185). Ия, Рамазан – Құран айы. Құран түсірілген ай. Оқыған әр әрпіне 10 сауаптан жазылатын бұл қасиетті кітапты иісі мұсылман түпнұсқадан оқығысы келетіні анық. Әсіресе жасаған жақсы амалдың сауабы жеті жүз есеге дейін еселенетін рамазан айында Құран оқуды мейлінше әдетке айналдырғысы келетіндердің қарасы көп-ақ.

Алайда қалыптасып қалған кейбір стереотиптер онсыз да мойыны жар бермей жүрген жұрттың бойына орынсыз үрей салып жататыны бар. Сондай қасаң түсініктерге аздап шолу жасап Құранды тәжуидпен көркем оқысам деп жүргендерге кеңестер жиынтығын ұсынсақ деп едік. Арапша оқу қиын емес. «Арап тілі Қытай тілінен кейінгі ең қиын тіл» деген әңгіме бар ел арасында. Интернеттегі меңгерілуі ауыр тілдердің рейтингін түзгендер де растайды мұны.

Алайда бұл қиындықтың толығымен тілді меңгеруге қатысты екенін ұмытпауымыз керек. Себебі бұл тізім арапша оқуды ғана емес арап тілінің сан қатпарлы ситаксис, морфологиясын һәм бір-бірін түсінбейтіндей дәрежедегі диалектілерді де ескеріп түзілген. Ал арапша оқуды үйрену анау айтқандай аса қиын емес. Тек қана үш түрлі формадағы әріптер алғашқыда сәл таңсық болуы мүмкін, дегенмен бұл үш түрлі форма түбі бір формадан шығып жатқан нәрсе. Бір-біріне ұқсас. Сіз ойлағандай «иероглиф» емес. Тіліңіз келеді. Кириллицамен сүре жаттағандардың «арапшадан оқымадыңыз ба» дегенге «тілім келмейді» дейтіні бар. Арапша оқуды бастамай жатып өз тіліңізге ерте диагноз бермеңіз. Себебі мамандардың айтуынша «акцент» патология емес. Кәдуілгі жаман әдеттерден қол үзгендей жоюға болатын шартты рефлекс. Оның үстіне қ, һ, ә, ң, ғ, дейтін әріптері бізге арап тілін акцентсіз оқу өте оңай нәрсе десек те болады.

Ұстаз табыңыз. Құран оқуды үйрететін әліпбидің қазір түрі көп. Әліпбиді шығарушылар кітаптың шәкіртке неғұрлым түсінікті әрі жылдам үйренілуін мақсат тұтуда, әрине. Бір қарағанда өзіңіз-ақ үйреніп кетуге болатындай көрінсе де ұстаз тауып әр сабақты тапсырып тұру керек.

Себебі әр әріптің дұрыс дыбысталуы тек теориямен меңгіріле салатын нәрсе емес. Бір әріпті қате үйреніп алып оны ертең дұрыстау екі есе қиындық тудыруы мүмкін. Әуендетуге асықпаңыз. Көпшіліктің Құранды әуендетіп оқуға тырысатыны рас. Десе де әуеннен бұрын қатесіз, дұрыс оқуды басты назарда ұстау керек.

Тәжуидті толық меңгермей әуенмен оқу тәжуидті әуеннің ығына жығып жататыны бар. Мысалы созылмайтын жерді әуенге сай келіп тұрғаны үшін созып жіберетін жағдайлар кездесіп жатады. Бұл – қате. Сондай-ақ Құранды енді үйреніп жүрген кезде әуенмен оқитын қарилардан гөрі жай, анық, оқитын қариларды тыңдаған дұрысырақ.

Мысалы бізге ұстазымыз «тәжуидтің атасы» атанып кеткен атақты Хусари қариді тыңдауға кеңес беретін. Үздіксіздіктен қол үзбеңіз. Өзіңізге берілген тапсырманы күнде тапсырыңыз. Үш күнде Құранға түсіреміз дегенді естіген шығарсыз. Бұл ешқандай да абсурд дүние емес. Жалпы бұл стильді тарқатып жазу бөлек мақалаға жүк. Десе де басты кілтипаны осы үздіксіздік. Жеті күн жүріп жеті сабақты жиып тапсырғаннан гөрі күніне бір-бір сабақтан тапсыруыңыз анағұрлым пайдалы болмақ. Рас, нәтиже бір. Десе де тасты тескен судың күші емес, үздіксіз тамуы екенін есіңізге түсіріңіз.

Қорыта айтқанда, жиі сылтау қалатын кешегі Кеңестің құрсауынан босап, тәуелсіз ел болғанымызға міне ширек ғасыр болыпты. Мешіттеріміздің саны ғана көбейіп жатқан жоқ, білікті мамандармен де толығып жатыр. Демек қазір Құран үйренемін деушілерге бар жағдай бар. Тек ниет болса болғаны.

Исатай Батыр

«Нұр Мүбарак» университетінің 3-курс студент

Екілік опциялар брокерлерінің рейтингі 2020:
Ақшаны қайда салу керек?
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: